Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Биология

Ұлттың саны аландатуда
[ · Скачать удаленно () · Скриншот ] 2018-11-27, 8:08 PM
ҰЛТТЫҢ САНЫ АЛАНДАТУДА

Амангелді Дияр Нажжатұлы
«Жас дарын» мамандандырылған мектебі, 8 Д сынып оқушысы
Ғылыми жетекшісі Итемгенов Бахтыбек Упышович
Павлодар қаласы

Бала – келешек өмірдің тірегі. Мұрагері жоқ отбасының болашағы да жоқ, халқы саны аз «Мәңгіліе елдің» болашағы да қауіпті. «Адам өзі мың жасамайды, ұрпағымен мың жасайды» дейді дана халқымыз. «Балалы үй – Базар, баласыз үй қу мазар» дейтін де мақал бар. Бүкіл тарихи ғұмырын ат үстінде өткізіп неше рет өліп, неше рет тірілген көшпелілер ұрпақ мәселесіне айырықша мән берген. Ақылды да көрікті әрі тәртіпті балаларды тәрбиелеу үшін ата-бабамыз қолдан келгеннің бәрін істеумен болды [2, 1 б]. Қазақтар саны - Отан тарихының, әсіресе оның тарихи демография саласының ең бір өзекті проблемасы болып табылады. Оның өзектілігі егеменді Қазақстан Республикасының мемлекеттік, ұлттық, саяси-әлеуметтік тағдырына тікелей байланысты. Себебі Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мемлекетке өз атын берген қазақ ұлтының өсіп-өнуі мен дамуына байланысты, мемлекеттің ең зор байлығы – халқы, оның әлеуметтік – демографиялық дамуы – мемлекеттің, ұлттың, этностың, негізі болып табылады
Егеменді ел болып, іргемізді бүіндеп отырған кезде ұзақ жылдар бойы отаршылдық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта жанданып, даму үстінде болды. Соның бір жарқын көрінісі ұлттық демографиялық мінез-құлқымызда орын алып отырған келелі өзгерістерден айқын байқалады.
Республикамыздың географиялық картасына көз салсақ екі бірдей құрлықтың территориясында орналасқанын байқаймыз. Алып Евразия суперконтинентінің кіндік ортасы Қазақстанда жатқандықтан және республика жер көлемінің 400 мың шаршы шақырымы, яғни 15%-і (Швеция мемлекетінің жерімен тең) Европада орналасқандықтан өзімізді Европалық және Евразиялық мемлекет деп есептеуге болады.
Саны жағынан қатты әлсіреген қазақ халқының өз жерінде азшылықта қалуынан кереғар, күңгірт көріністер туындайтын болса оның өзінен саны басым халықтармен іргелес жатуы қосымша қиыншылықтарға алып келеді. Шығысымызда халқының саны қазақтан 100 еседен астам милиардтан астам Қытай мемлекеті орналасқанын естен шығармауымыз керек. «Қара қытай қаптаса – ақыр заман болады» деп бабаларымыз бұдан 500 жыл бұрын өз ұрпағын ерекше ескерткен. Солтүстігімізде Қазақстан 15 еседен артық «ормандай көп орыс» жайғасқан. «Орыспен дос болсаң – айбалтаң жаныңда болсын» деп бұдан 300 жыл бұрын айтқан екен отаршылдық өктемдіктен әбден мезі болған момын қазақ бабамыз [6, 3 б]. .Мен,осы тақырыпты зерттеуге алғанда, бір бақылағаным, статистика мәліметтері ұлтымыздың санына байланысты, тым жиі өзгеріп отырғаны.Сыртқы қауіптың көп болуы, саяси тұрақсыздық, табиғи және жасанды жұт деген факторлар «қазақ» ұлтының өмір сүріуін үлкен проблемаға айналдырған екен. Әр түрлі статистикалық мәліметтерді пайдаланып, мен ұлтымыздың саны соңғы 550 жылда қалай және неліктен өзгергенін, бүгінгі күнде, яғни 2016 жылдың наурыз айына дейін «Қазақ» деген ұлттың өсу немесе кему динамикасына бақылау жасаймын.


Қазақ халқы санының әр түрлі тарихи кезеңдердегі өсіп кеміген күрделі динамикасы

жылдар Жалпы саны Орташа жылдық кемуі (-), өсуі (+), қарқыны (%-есептегенде)
1465ж.
1723ж.
1725ж.
1845ж.
1900ж.
1916ж.
1921ж.
1931ж.
1933ж.
1941ж.
1945ж.
1950ж.
1960ж.
1970ж.
1980ж.
1990ж.
2000ж.
2015ж.
2040ж.
2090ж.
2165ж.
2300ж.
2500ж. 1млн. 100 мың
3 млн. 330мың
2 млн. 222мың
3 млн. 600мың
5 млн. 000мың
5 млн. 650мың
4 млн. 800мың
5 млн. 450мың
3 млн. 400мың
3 млн. 750мың
3 млн. 150мың
3 млн. 460мың
4 млн. 470мың
6 млн. 280мың
7 млн. 990мың
10 млн.000мың
12 млн.300мың
15 млн.000мың
18 млн.500мың
23 млн.000мың
26 млн.500мың
30 млн.000мың
33 млн.000мың -
+0,8 %
-16,8 %
+0,5 %
+0,7 %
+0,8 %
-3,0 %
+1,3 %
-12,5 %
+1,3 %
-4,0 %
+2,0 %
+3,0 %
+4,0 %
+2,7 %
+2,5 %
+2,3 %
+1,5 %
+0,9 %
+0,5 %
+0,2 %
+0,10 %
+0,05 %
№1 кесте
Бұл кезеңде қазақ халқының алғашқы ұлттық мемлекеттегі қазақ хандығы құрылып, орнықты Алаш ұлысы қазақ ұлты болып қайта қалыптаса бастады. Ұлттық ынтымақтықтың нәтижесінде сол тарихи кезеңде қазақтар саны жағынан тез өсіп, өзінің ата-мекенін толық игеріп үлгерді. Ортақ ұлттық тіршілігіміз – халықтық демографиялық өмірбаянымыздың жемісті де жеңісті өсу қарқыны басталды. Алда тосып тұрған жауапкершілік пен отаршылдық сияқты әртүрлі тарихи қиыншылықтар мен сан қилы әлеуметтік апаттарға қарамай, осы өткен 525 жылдың ішінде біздің санамыз 10 есеге жуық өсе алған [3,13б]. Біздің жыл санауымызға дейін, яғни осыдан 2000 жыл бұрын қазақ халқының құрамына енген түркі тілдес ру-тайпалар саны 200 мың адамға жеткен. Қазақ халқы сәтті өсіп келе жатқан кезінде алғаш рет қатты жауапкершілікке ұшырар «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарына тап болды. Осы екі жылдың қияметті кезең халқымыздың тірнектеп 258 жыл бойы жинаған санының жартысын жоқ етіп, оны демографиялық деңгейі жағынан 128 жылға төмен түсіріп тастапты екен.
1725 жылдан бастап 191 жылға созылған (1916ж.) екінші сәтті демографиялық қайта өсу кезеңіміз басталды. Осы кезеңде, яғни 1916 жылға дейін қазақтың саны 2,5 еседен астам қайтадан өсті. Ақтабан шұбырындының шығыны 100 жылда әрең тоқтады.
1916 жылдың ортасынан бастап қазақ үшін баяу болса да, бірқалыпты демографиялық даму үрдісі аяқталып, жаңаша «отыз жыл (1916-1945ж.) ойран» басталды. Дәл осы жылы қазақ халқы сан жағынан өзінің ең биік тарихи шыңына көтеріліп үлгерді.
(1931-1933ж.) ашаршылық және Ұлы Отан соғысы, жалпы алғанда барлығы 13 жылға созылған қасіретті демографиялық апаттар халқымыздың санын 3,5 млн. олқыландырып кетті. 1916 жылдың деңгейіне қазақтар 50 жылдан соң, тек 1966жылы ғана көтеріле алды.
1946-1960 жылдар аралығында халқымыздың өсу қарқыны 1,5-2,0 %-тен 4 %-ке дейін үдей түссе, 1960жылдан 1988 жылға дейін бір деңгейде сақталып қалды.
«Демографиялық қайта жаңғыру» деген 1970-2000 жылдардағы отыз жылдық кезең бізге несімен құнды? 1990 жылдың ортасында әлемдегі барша қазақтың қасиетті жеті нөлі бар 10.000.000 млн. адамға жетті.
2000 жылы яғни ХХІ ғасырда туған халқымыз едәуір есейіп, салмақты санға ие бола алды. Алдын ала жасалған жорамалдарға қарасақ 2025 жылы халқымыздың саны 15.000.000 млн. адамға жеткен. Осы жылдары Қазақстандағы халық санының 3/2 қазақтардың өздері құрайтын болады деп жорамалданған [6,8 б].
Халқымыздың саны 2000 жылы 15.000.000 млн. адамға жетті, ал енді 1-ші кестеде көргендей, халқымыздың саны осындай қарқынмен көбейсе 2030 жылы 20.000.000 млн. жетеміз деген үміт бар. 2015 жылғы статистика комитетінің ресми мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан Республикасының жалпы халқы саны 17 417 673 адам, соның ішінде қазақтар 11 497 349 адамды құрайды, яғни 66 пайыз. Сонын ішінде, біздің өлке бойынша жалпы халық саны 755 778 мың адам, қазақтар 380 176 мың адам, яғни 50,3 пайыз, ал менің ата-анам туған жерінде, Баянауыл ауданында 27 443 мың адам, соның ішінде қазақтар 24 516 мың адам, яғни 89,3 пайызды көрсетті. Өте қызықты мәлімет [3 ,8 б].
Халықнама деген қашанда ұзақ әңгіме. Оны Қазақстанның қазіргі халықнамалық ахуалын қысқаша талдап көрейін:
1. Қазақстанның демографиялық ахуалы қиын ба? Бұл ең басты сұрақ. Елдің демографиялық жағдайы нашар деп бірнеше түрлі жағдайда айтады:
А) Елдегі халық саны жыл сайын азайып келе жатқан жағдайда: Қазақстан халқы жыл сайын артып келеді (жылына 200 мың адамға көбейеді, яғни бес жыл сайын 1 млн адам қосылып отырады), мысалы 2030 жылы Қазақстан халқы 20 млн-ға, ал 2050 жылы 25 млн-ға (қазір 15,5 млн) жуықтайды. Бұл - оң көрсеткіш.
Ә) Елдегі жергілікті халықтың пайыздық өлшемі азайып бара жатқан жағдайда: бұл өлшемге келсек, Қазақстанда қазақтардың пайыздық өлшемі жыл сайын артып келеді. 2020 жылы Қазақтар Республика халқының 70 пайызынан асса, 2040 жылы қазақтар Республика халқының 80 пайызына жететін болады (қазір 60 пайыз). Бұл да - оң көрсеткіш.
Б) Қазақстан халқын тез көбейіп келе жатыр деп айтуға келмейді. Бұл да оң көрсеткіш дейік, дегенмен өсім бұдан жоғары болуы керек еді. Сондықтан Қазақстан: біріншіден, елдегі табиғи өсімді қолдауы керек; екіншіден, оралмандарға бөлінетін квотаны арттыра беруі қажет. Үшіншіден көшіп жатқан өзге ұлт өкілдерін жібермеу күш салып, қайта көшіп келіп жатқандарда қолдауы тиіс. Қазір Қазақстан экономикасының жыл сайынғы орташа өсімі 9 пайыз болса, халықтың өсімі 2 пайыз болып отыр.
В) Елдегі халықтың орналасу тығыздығы әр аймақта, әр шекараның маңында әркелкі болған жағдайда: Оңтүстікте халық тығыздау, басқа аймақтарда сиректеу екені болмаса, Қазақстанда бұл көрсеткіш барынша біркелкі. Бұл - оң нәтиже. Алайда халық солтүстік облыстарға қарай жылжуы керек еді, осыны ескергенде, Астананы көшіру демографиялық тұрғыдан оң шешім болды.
Г) Елдегі халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы тым төмен болғанда және халықтың орта жасы тым кәрі болғанда. Қазақстандағы адамның орташа өмір ұзақтығы өте төмен (әлемде 122 орын). Бұл - оң нәтиже емес. Алайда таяу болашақта әл-ауқаты жақсаруға байланысты арта береді деген үміт бар. Халықтың орта жасы шамамен 23 жаста. Бұл - оң нәтиже. Қазақ - еліктегіш халық. Бұл оның осы жастығынан [5,10б]. .
2. Қазақстанның демографиясындағы оң көрсеткіштерге тоқталған едік, енді теріс (қауіпті) көрсеткіштерді анықтайық:
А) Халықтың демографиялық жағдайы қиын деп айтады, егерде сол халықтың көп пайыздық мөлшері өз ана тілін білмейтін болса және қолдайтын мемлекеті жоқ болса. Себебі тілі жоғалған халық өзі де жоғалады. Қазір Қазақстанның өз мемлекеті бар. Қазақ тілі Заң жүзінде қолдау тауып отыр делік. Алайда Қазақстандағы қазақтың 30 пайызы (3 млн-ға жуық адам) өз ана тілін білмейді. 250 жылдан аса уақыт отаршылдықта болған халық үшін түсінуге болатын көрсеткіштер болғанымен, бұл әрине оң нәтиже емес. Соңғы 15 жылда бұл жағдай ептеп түзеліп келеді деп есептейік. Сонда да қазақ тілін меңгерушілер санының көңіл-көншітерлік жағдайда емес екені ең көкейкесті және қиын күйінде қалып отыр.
Б) Демографиялық жағдай қиын деп айтылады, егер сол халықтың көп бөлігі шет елдерге бытырап кеткен болса және олар басқа халықтарға сіңіп азайып бара жатқан болса. Қазақстанда 9 млн қазақ тұрады, шетелдерде шамамен 4,3 млн қазақ тұрады. Бұдан шығатын қорытынды - елдегі қазақтың тең жартысындайы өзінің тарихи Отанынан шетелдерде тұрады. Бұл - оң көрсеткіш емес. Жер шарына тарыдай шашырап кетуіміздің және шекара бөлгенде арғы жақта қалып, көрші ауылдағылардың бірі шетелдік болып шыға келуіміздің де тарихи себептері бар. Алайда әлемде тек өз қандастарын арнайы квотамен жинап отырған жалғыз-ақ ел бар (жасанды мемлекет - Израильді қоспағанда): Ол - Қазақстан. [6,7 б].
Халық бұрын пайда бола ма, әлде ұлттың мемлекеті бұрын пайда бола ма. «Әрине, халық, ұлт қой» дейді қисынды ойлар бірауыздан. Халық пен Ұлт қалыптасады, сосын олардың мемлекеті орнайды, не ойландыратыны бар екен. Алайда Тарих атамыз олай емес болуы да мүмкін екенін, тарихтың жолы мың бұралаң қым қиғаш екенін көрсетеді. Бір ақиқат бар: мемлекет пайда болғанда оның құрайтын халқы аспаннан түспейді ғой. Сонымен, халқымыздың саны көбейсін және болашақ ұрпақ дені сау, көңілі сергек, ақыл-ойы ұшқыр болсын десек ана мен бала денсаулығын нығайту, неке беріктігін сақтау, жас отауларға әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасау, жұмыспен қамту, рухани байыту сияқты шараларды кешенді жүзеге асыру міндеттері тұрғанын айтқан орынды деп есептейміз. Бұл – елім, жерім, халқым деген ғалым, саясаткер, қоғамтанушылардың ортақ тұжырымы. Біз де бұл ұсыныс, пікірлерге толығымен қосыламыз. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» – дегендей, азаймай, азып-тозбау үшін ұрпақтарымызды өсіріп, отбасымызды нығайтайық, іргеміз берік, шаңырағымыз шалқақ болып, түтініміз түзу ұша бергей! [6,1 б].

Әдебиеттер тізімі:

1. Әбсаттаров Р.Б. Әлеуметтану. Алматы. 2003
2. Википедия. Қазақтар.
3. Қазақстан Республикасының статистика комитеті
4. Қазақстан және оның аймақтары. № 5 – 2000 жыл. Алматы. 2000.
5. Қазақстан өңірлері бойынша халықтың экономикалық белсенділігі. 1995- 2004. Алматы. 2005
6. Қазақ қайтсе көбейеді? Алматы. 2006
7. http://countrymeters.info/ru/Kazakhstan
Категория: Биология | Добавил: gulmiraesmakaeva | Теги: ғылымижоба
Просмотров: 9 | Загрузок: 2 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2018-12-14, 11:07 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [187]
Педагогика [318]
Математика [848]
Физика [271]
История [375]
Классному руководителю [552]
Русский язык и литература [751]
Физическая культура [236]
Английский язык [447]
Искусство [199]
Родительский совет [19]
Биология [349]
Информатика [394]
Начальная школа [1997]
Мой Казахстан [255]
Технология [146]
Самопознание [187]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [177]
Дошколенок [545]
География [140]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [628]
Химия [46]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • /li>
  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс стихи Казахстан математика урок праздник познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень семья и школа игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Астана Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура Великая Отечественная Война игры КВН занятие детский сад физкультура коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru