Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Биология

Омыртқалы жануарлардың қан айналым жүйесі
2014-04-08, 6:42 AM
ШҚО «Курчатов қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

Пән: биология
Пән мұғалімі: Османова Мендигуль Темирхановна

Сабақтың тақырыбы: Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесі
Сабақтың мақсаты: Қан, қанның қызметі және қанның ағзаны аралап жүріп өтетін жылы – жүрек – қантамырлары жүйесі туралы білімін жүйелеп, омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің күрделенуімен, оның белсенді тіршілік ету қамқормен байланыстылығын түсіндіріп меңгеру; сурет – сызбанұсқамен жұмыс істеу білігін жетілдіріп, салыстыру тәсілін дамыту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Омыртқалы жануарлардың қанайналым жүйесінің құрылысы туралы түсінік беруді қамтамасыз ету.
Дамытушылық: Оқулықпен, салыстырмалы кестелер мен, сызбанұсқалармен жұмыс істей білу біліктігін дамытуға көмектесу
Тәрбиелілік: Жануарлардың жоғары сатысымен, олардың ағзасында өтіп жатқан түрлі физиологиялық құбылыстарымен таныстыра отырып, оларға ерекше ықыласпен қарауға шақыру. Оқушылар топтық жұмыс арқылы адамгершілікке, өздеріне және бір-біріне талап қоя білуге, достық қарым қатынас орната білуге тәрбиеленеді.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты игеру
Сабақтың әдісі: кестемен жұмыс, суреттермен жұмыс, ауызша, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, жекелей жұмыс
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй жұмысын сұрау кезені
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезені
4. Бекіту
5. Қорытынды
6. Рефлексия

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі 1 мин
Сәлемдесу
Оқушыларды сабақтың мақсатымен, міндеттерімен, жоспарымен, барысымен таныстыру
Сабаққа назарын аудару
II.Үй жұмысын сұрау кезені 10 мин
1. Қан дегегіміз –
2. Ұлпаның түрі –
3. Қанның түрлері –
4. Қан плазмасының құрамы...
5. Қанның жасушалары...
• Эритроциттер –
• Лейкоциттер –
• Тромбоциттер –
6. Қанайналым –
7. Қанайналым жүйесінің құрылысы мен қызметі
8. Фагоцит –
9. Антидене –
10. Иммунитет -

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезені
1.Кіріспе
 Жүрек
 Қан тамырлар
 Артерия
 Вена
 Капилляр
2. Балықтың қанайналым жүйесі (мұғалімнің іс-әрекеті) 5-7 мин
Мұғалімнің түсіндіргенің тыңдау, сызбаны кестеге көшіру. Анықтамаларды жазу. (оқушылардың іс-әрекеті)
3. Оқушылардың өзіндік жүмысы. Топтық жұмыс. 10 мин
Оқушыларға тапсырма:
А топ – мәтінді оқып кестенін 2-ші бағаның толтыру.
В топ - мәтінді оқып кестенін 3-ші бағаның толтыру.
С топ - мәтінді оқып кестенін 4-ші бағаның толтыру.
4. Әр топтың өз жұмыстары туралы есептері. 5-8 мин
IV. Бекіту
 Тест 5 мин
 Тексеру 2 мин
Мұғалім: Қазір тест бойынша өз-өздерінді тексеріп өздерінді бағалайсындар.
Дұрыс жауаптары:
I Нұсқа
II Нұсқа
III Нұсқа
IV Нұсқа

1 Д С А В
2 Е С А С
3 С Д В А
4 С А Д А
5 А С А В

5 дұрыс жауапқа – «5»
4 дұрыс жауапқа – «4»
3 дұрыс жауапқа – «3»
2 дұрыс жауапқа – «2»
V. Қорытынды
Сонымен,
Үйге тапсырма беру: §42-43, дәптердегі кесте

VI. Рефлексия. Сонымен сабағымыздың барысына оралып қойылған міндеттерімізді есімізге түсірейік. Сол міндеттерді орындап, жете алдық па? Жоспарымыздың әр жолына етістік жазындар.
Мысалы:
Игердік -
Үйрендік-
Ризамыз-
Қарастырдық-
Менін ойымша біз бүгін жақсы жұмыс жасадық. Сабаққа белсене қатысқандарына рахмет.
Тест
I Нұсқа
1. Жүрегі 2 құлақшадан, бір қарыншадан тұрады:
А) Сүйекті балықтар
В) Шеміршекті балықтар
С) Құстар
Д) Қосмекенділер
Е) Сүтқоректілер
2. Жорғалаушылардың кіші қанайналым шеңбері басталады:
А) оң жақ қарыншадан
В) сол жақ қарыншадан
С) оң жақ құлақшадан
Д) сол жақ құлақшадан
Е) қарыншадан
3. Вена және артерия қаны араласпайды.
А) Сүйекті балықтар
В) Жорғалаушылар
С) Құстар
Д) Қосмекенділер
Е) Шеміршекті балықтар
4. Жылықанды жануар:
А) Сүйекті балықтар
В) Жорғалаушылар
С) Құстар
Д) Қосмекенділер
Е) Шеміршекті балықтар
5. Қанайналым жүйесі біршеңберлі
А) Балықтар
В) Жорғалаушылар
С) Құстар
Д) Қосмекенділер
Е) Сүтқоректілер
II. Нұсқа
1. Жүрегі 2 құлақшадан, 2 қарыншадан тұрады:
А) Сүйекті балықтар
В) Шеміршекті балықтар
С) Құстар
Д) Қосмекенділер
Е) Жорғалаушылар
2. Сүтқоретілердың үлкен қанайналым шеңбері басталады:
А) оң жақ қарыншадан
В) сол жақ құлақшадан
С) сол жақ қарыншадан
Д) оң жақ құлақшадан
Е) қарыншадан
3. Денесіне аралас қан тарайды
А) Балықтар
В) Жорғалаушылар
С) Құстар
Д) Қосмекенділер
Е) Сүтқоректілер
4. Жүректің оң жақ бөлігіне түсетін қан:
А) оттекке қанықпаған вена қаны
В) оттекке қаныққан вена қаны
С) оттекке қанықпаған артерия қаны
Д) оттекке қаныққан артерия қаны
Е) аралас қан
5. Жылықанды жануар:
А) Сүйекті балықтар
В) Жорғалаушылар
С) Сүтқоректілер
Д) Қосмекенділер
Е) Шеміршекті балықтар
III. Нұсқа
1.Жүрегі бір қарыншадан және бір құлақшадан тұрады:
А) Балықтар
В) Жорғалаушылар
С) Құстар
Д) Қосмекенділер
Е) Сүтқоректілер
2. Құстардың кіші қанайналым шеңбері аяқталады:
А) сол жақ құлақшада
В) оң жақ қарыншада
С) оң жақ құлақшада
Д) сол жақ қарыншада
Е) қарыншада
3. Барлық мүшелерге артерия қаны мол аралас қан тарайды.
А) Балықтар
В) Жорғалаушылар
С) Құстар
Д) Қосмекенділер
Е) Сүтқоректілер
4. Жүректің сол жақ бөлігіне түсетін қан:
А) оттекке қанықпаған вена қаны
В) оттекке қаныққан вена қаны
С) оттекке қанықпаған артерия қаны
Д) оттекке қаныққан артерия қаны
Е) аралас қан
5. Қанның өкпе мен теріге баратын, одан жүрекке қайта келетін тармағы:
а) кіші қанайналым шеңбері ә)үлкен қанайналым шеңбері
IV. Нұсқа
1.Жүрегі үш бөлімді, қарыншада жартылай перде бар
А) Балықтар
В) Жорғалаушылар
С) Құстар
Д) Қосмекенділер
Е) Сүтқоректілер
2. Жорғалаушылардың үлкен қанайналым шеңбері аяқталады:
А) сол жақ құлақшада
В) оң жақ қарыншада
С) оң жақ құлақшада
Д) сол жақ қарыншада
Е) қарыншада
3. Жүрегінде үнемі вена қаны ағады:
А) Балықтар
В) Жорғалаушылар
С) Құстар
Д) Қосмекенділер
Е) Сүтқоректілер
4. Түсі қызыл - қоңыр, көмірқышқыл газына қаныққан қан:
а) вена қаны ә) артерия қаны
5. Құстардың кіші қанайналым шеңбері басталады:
А) сол жақ құлақшада
В) оң жақ қарыншада
С) оң жақ құлақшада
Д) сол жақ қарыншада
Е) қарыншада



Балықтар:
Жүрегі екі куысты, бір қарынша және бір құлақша
Қанайналым жүйесі біршеңберлі
Қанның жолы:
Жүрек қарыншасы (вена қаны)
құрсақ қолқасы
желбезек (газ алмасу, артерия қаны)
желбезек тамырлары
арқа қолқасы
артерия қан тамырлар
қылтамырлар
мүшелері (газ алмасу , вена қаны)
вена қантамыры
қарынша.

Ерекшелігі:
Жүректе үнемі вена қаны
ағады.
Қосмекенділер: Жүрегі үш бөлімді, екі құлақша, бір қарынша.
Қанайналым жүйесі екішеңберлі.
Қанның жолы:
1.Қарынша (аралас қан)
артерия қан
тамырлары
қылтамырлар
мүшелері (газ алмасу , вена қаны)
вена қантамыры
оң жақ құлақша – үлкен қанайналым шеңбері
2. Қарынша (вена қаны)
өкпе артериясы
өкпе мен тері (газ алмасу, артерия қаны)
өкпе венасы
сол жақ құлақша -
кіші қанайналым шеңбері.
Ерекшелігі:
1.Денесіне аралас қан тарайды
2.Өкпеге – вена қаны
3.Басқа – артерия қаны
Жорғалаушылар:
Жүрегі үш бөлімді, екі құлақша, бір қарынша (қарыншада жартылай перде бар)
Қанайналым жүйесі екішеңберлі.
Қанның жолы:
1.Қарынша (артерия қаны)
артерия қан тамырлары
қылтамырлар
мүшелері (газ алмасу , вена қаны)
вена қантамыры
оң жақ құлақша - үлкен қанайналым шеңбері.
2. Қарынша (вена қаны)
өкпе артериясы
өкпе (газ алмасу, артерия қаны)
өкпе венасы
сол жақ құлақша - кіші қанайналым шеңбері.
Ерекшелігі:
1.Жүрек қарыншасы жартылай пердемен екі бөлімге бөлінеді.
2. Барлық мүшелерге артерия қаны мол аралас қан тарайды.
3. Өкпеге – вена қаны
3.Басқа – артерия қаны
Құстар, сүтқоретілер:
Жүрегі төрт бөлімнен тұрады, екі құлақша, екі қарынша.
Қанайналым жүйесі екішеңберлі.
Қанның жолы:
1.Сол жақ қарынша (артерия қаны)
қолқа артерия қан тамырлары
қылтамырлар бас, аяқ, ішкі мүшелері (газ алмасу , вена қаны) вена қантамыры
оң жақ құлақша - үлкен қанайналым шеңбері.
2. Оң жақ қарынша (вена қаны) өкпе артериясы өкпе (газ алмасу, артерия қаны) өкпе венасы сол жақ құлақша - кіші қанайналым шеңбері.

Ерекшелігі:
1. Жүрек қарыншасының пердесі оны толық екі бөлімге бөледі.
2. Вена және артерия қаны араласпайды.
Категория: Биология | Добавил: Мендигул
Просмотров: 3252 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 1.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 10:18 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru