Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Биология

Негізгі халық шаруашылық дақылдары-бидай мен картоптың пайда болу тарихы
2014-04-21, 4:02 PM
«№30 ЖОББМ»КММ

6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Негізгі халық шаруашылық дақылдары-бидай мен картоптың пайда болу тарихы

6 сынып

Химия-биология пәнінің мұғалімі:Э.Ә.Қажекенова

Семей қаласы,2014ж.
Сабақтың тақырыбы: Негізгі халық шаруашылық дақылдары-бидай мен картоптың пайда болу тарихы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Негізгі халық шаруашылық дақылдары-бидай мен картоптың пайда болу тарихы, құрамындағы заттар және маңызы туралы түсінік беру
Дамытушылық: Бидайдың, картоптың Қазақстанда және өзіміздің аймақта егілетін іріктемелерін білу
Тәрбиелілік: Нанды қадірлеу керектігін ұғындыру
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Пайдаланылатын көрнекіліктер: Бидайдың және картоптың суреттері, тірек-сызбалар, интерактивті тақта
Пайдаланылатын әдебиеттер: Биология, Қызықты ботаника, Биологияны оқыту әдістемесі
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1. Үйге берілген кестені тексеру
Астық тұқымдас өсімдіктер
Азықтық өсімдіктер Малазықтық өсімдіктер Құрылыс материалдары, қағаз өндіру шикізаты болатын өсімдіктер Сыпырғыш дайындауға қажетті өсімдік Зиянды өсімдік


2. Деңгейлік тапсырмалар
І 10 10 10
ІІ 20 20 20
ІІІ 30 30 30
І-1: Астық тұқымдастар қандай класқа жатады?
І-2: Астық тұқымдастардың тамыр жүйесі қандай?
І-3: Қазақстанда астық тұқымдастардың қанша түрі өседі?

ІІ-1: Тағам ретінде пайдаланылатын астық тұқымдастарды ата?
ІІ-2: Сүректі астық тұқымдастарды ата және олар қайда қолданылады?
ІІ-3: Қарабас, бидайық, атқонақ, бетеге, тарғақ, арпабас т.б. астық тұқымдастардың маңызы неде?
ІІІ-1: Астық тұқымдастардың сабағының құрылысын түсіндір?
ІІІ-2: Астық тұқымдастардың жапырағы қалай орналасқан?
ІІІ-3: Астық тұқымдастардың гүлінің құрылысын түсіндір?

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру
Бидай ертеден келе жатқан мәдени өсімдіктердің бірі. Археологиялық құжаттарға қарағанда біздің заманымыздан Y-YI мың жылдарда Ашхабад, Ереван, Еуропаның оңтүстік бөлігінен қазбадан бидай дәні табылған. Бидай 10 мың жылдам астам уақыттан бері өсіріліп келеді.
Бидай дәні-аса құнарлы да қуатты азық, оның құрамында адам ағзасы үшін қажетті ақуыздар мен көмірсулар, В, РР және Е дәрумендері, минералды тұздар және басқа да қажетті заттар болады. 100 г бидай нанында 9 г ақуыз, 0,5 г май, 1 г қант, 40 г крахмал бар. Бидай дәнінен әр түрлі ұн, жарма, кеспе, крахмал, спирт, т.б. дайындайды. Сабағы мал төсенішіне пайдаланылады.
Бидайдың пайдалануы:
1. Тағамдық өнім
2. Мал азығы мен құс жемі
3. Дәрумендер
4. Крахмал, спирт, май алынатын шикізаттар
5. Бидай сабаны қағаз, қатырма қағаз, орағыш материал, мал қорасына төсеніш заттар алынатын шикізат
Қазақстанның көптеген жерінде жұмсақ және қатты бидайдың күздік пен жаздық іріктемелері өсіріледі. Жаздық бидайдың тұқымы 12-140 жылыда қаулап өседі. Оны ерте көктемде себеді. Астық бір жазда пісіп, түсім береді. Жаздық бидай түптену және сабақтану кезеңінде суды көп тілейді, әрі топырақ талғайды. Қара, қызыл қоңыр, құнарлы саздақ топырақта жақсы өседі. Күздік бидайды күзде себеді. Ол сепкеннен кейін біраз уақыт өткен соң кешікпей көктеп шығады. Көбінде 2-3 жапырақ пайда болған кезде бидай түптене бастайды, содан соң қар астында қалдырылады. Көктемде қайтадан өсе бастайды да , жанама өркендер шығып, тамырларының саны артады, сөйтіп өсімдіктің сабақтары тез өсіп, жаздың соңында мол түсім береді. Жұмсақ бидай климат жағдайы қатаң аумақтарда, Қазақстанның Орталық, Шығыс аудандарында өседі. Қатты бидай топырақ талғайды және жылу сүйеді. Сондықтан Қазақстанның Оңтүстік облыстарында егіледі. Бидайдан мол түсім алу үшін өсімдік тіршілігінің барлық жақтарына бір мезгілде ықпал ететін агротехникалық шаралардың тұтас жиынтығын қолдану қажет. Жерді терең айдау, ауыспалы егісті мезгілінде дұрыс жасау. Сондай-ақ топырақты жақсы өңдеп, сапалы іріктеме тұқымды себу, тұқымды дер кезінде себу және тұқым себу мөлшерін дұрыстап алу, қар тоқтату, егісті көктемде тырмалау, қатар аралықтарын қопсыту, органикалық, минералды тыңайтқыштарды қажетті мөлшерде енгізу, арамшөптерді жою, т.б. шараларды қолдану мол түсім алудың кепілі болып саналады.
Қазақстанда бидайдың 6 түрі өсіріледі: еділдік, польшалық, көжелік, жұмсақ, қатты, көбең бидайлар.
Картоп-аса маңызды азық-түліктік және техникалық өсімдіктердің бірі. Картоптың шыққан жері-Оңтүстік Американың таулы өлкелері. Еуропаға 1553 жылы испандықтар әкелген. Ресейге картоп Еуропадан I Петр уақытында әкелінді. Ұлы Отан соғысы кезінде картоп миллиондаған адамдардың негізгі тағамдық азығы ретінде пайдаланылды. Картоптың құрамында негізінен су мен құрғақ заттар болады. Құрғақ заттарда көмірсу, ақуыз, май, дәрумендер, органикалық қышқылдар, минералдар сақталады. Фотосинтез әрекетінің нәтижесіндепайда болатын қанттан крахмал түзіледі. Картоптан спирт, крахмал, сірне алынады.Картоп түйнектері малға азық. Картопты көктемде отырғызады. Картоп 8-100 жылылықта өнеді. Жаңадан шығарылған картоп іріктемелерінің саны 100-ден асады. Биологиялық ерекшеліктерін, экологиялық жағдайларын ескеріп іріктемелерін таңдап ала білсе аса өнімді болады.
IY. Сабақты бекіту сұрақтары:
1. Бидай қай уақыттан бері өсіріліп келеді?
2. Бидайдан қандай азық-түлік алынады?
3. Бидайдың құрамында қандай заттар бар?
4. Бидайдан мол түсім алу үшін не істеу қажет?
5. Картопты өсіру тарихынан не білесіңдер?
6. Картоптың халық шаруашылығындағы маңызы қандай?
Y. Үйге тапсырма:
1. Негізгі халық шаруашылық дақылдары-бидай мен картоптың пайда болу тарихы
2. Нанды қадірлеу туралы халық арасында көп таралған мақал-мәтелдер жинастыру
Категория: Биология | Добавил: кажекенова
Просмотров: 8109 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.3/17
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 5:35 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru