Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Биология

Кремний және оның қосылыстары
2014-05-02, 9:09 AM
Семей қаласының «№30 ЖОББМ» КММ-нің
химия-биология пәндерінің мұғалімі
Кажекенова Эльмира Асимхановна

Сыныбы: 10 «Ә»
Сабақтың тақырыбы: Кремний және оның қосылыстары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға кремний және оның қосылыстары туралы толық мағлұмат беріп, білімдерін арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың жан – жақты ойлауын, түйсігін, сөйлеу қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін тіршілік тынысымен байланыстыра отырып, әсемдікті сүюге, табиғат сыйын бағалауға және өздігінен ізденуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа ақпарат беру.
Сабақтың түрі: Аралас.
Көрнекіліктер: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Өткен тақырыпты қайталау
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
4. Жаңа сабақты бекіту
5. Қорытынды
6. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
2. Өткен тақырыпты қайталау:
1. Көміртектің электрондық формуласы. (1s22s22p2)
2.Көміртектің қандай аллотропиялық түр өзгерістері бар? (Алмаз, графит,карбин)
3. Көміртектің валенттік электрондар саны нешеге тең? (4)
4. Көміртектің кристалдық торы қандай? (Атомдық)
5. Адсорбция дегеніміз не? (Өз бетінде газ және басқа еріген заттарды сіңіру құбылысы)
6. Алмаз токты қалай өткізеді? (Токты өткізбейді, ол оқшауланған)
7. Алмаздың кристалдық торының пішіні қандай? (Тетраэдр пішіндес)
8. Графиттен алмаз алуға бола ма? (Жоғары температурамен қысымда жасанды алуға болады)
9. Көміртектің металмен қосылысы қалай аталады? (Карбид)
10. Көміртек сутекпен әрекеттескенде қандай қасиет көрсетеді? (Тотықтыртырғыш)
11. Көміртектің адсорбциялық қасиетінің адам ағзасына қандай әсері бар? (Адам ағзасын улы газбен еріген заттардан тазартады)
3. Жаңа сабақты түсіндіру:
Периодтық жүйедегі орны.
Кремний периодтық жүйеде ІІІ период ІVА топшада орналасқан р-элементі.
1s22s22p63s23p2

Табиғатта таралуы: Ол жер қыртысының 27,6% - н құрайды. Табиғи кремнийдің едәуір бөлігі құм немесе кварц түрінде кездесетін кремнезем деп аталатын кремний (ІV) оксиді болып табылады. Өте таза кристалл күйдегі кремний оксиді тау хрусталі деп аталатын минерал түрінде кездеседі.
Алынуы:
Өнеркәсіпте кремнийдің электр пештерінде SiО2 кокспен тотықсыздандырып алады:
SiО2+С→Si+СО↑
Зертханада тотықтырғыштар ретінде Mg және Al қолданады:
SiО2 + 2Mg→ Si + 2MgО
3 SiО2 + 4Al → 3Si + 2Al2О3
Таза кремнийді тертрахлоридін мырыш буымен тотықсыздандырып алады:
SiСl4 + 2Zn → Si + 2ZnCl2
Физикалық қасиеттері: Кристалдық кремний – болаттай жылтыры бар, қара сұр түсті зат. Кремнийдің құрылымы алмаз құрылымына ұқсас. Кремнийді жартылай өткізгіш ретінде қолданады.
Химиялық қасиеттері:
Кремний кәдімгі жағдайда едәуір енжер. Ол тікелей тек фтромен әрекетеседі:
Si + 2Ғ2→ SiҒ4 кремний фториді
Қышқылдар кремнийге әсер етпейді(НҒ + НNO3 қоспасы ғана)
3Si + 4HNO3 + 18HF → 3H2SiF6 + 4NO + 8H2O
Сілтілік металдардың гидроксидтерінде еріп, силикат және сутек түзеді:
Si + 2NaOH + 2H2O→Na2SiO3 + H2↑
Жоғары температурада электр пешінде құм мен кокс қоспасынан кремний карбиді SiС карборунд алынады:
SiО2 + 2С → SiС + СО2
Кремний карбидінен қайрайтын тастар және өңдейтін дөңгелектер жасайды.
Металдардың кремниймен қосылысы силицидтер деп аталады:
Si + 2Mg → Mg2Si
Mg2Si + 4НСl → 2MgCl2 + SiH4↑ силан
Силан – жағымсыз иісі бар улы газ, ауада өздігінен тұтанады:
SiH4 + О2→ SiО2 + 2Н2О
Ұсақталған кремнийді оттекте қыздырғанда SiО2 түзеді:
Si + О2→ SiО2
Жоғары температурада кремний көптеген металдарды олардың оксидтерінен тотықсыздандырады.
Кремний (ІV) оксиді қатты, қиын балқитын зат. Табиғатта екі түрі кең таралған: кристалдық кремнезем және аморфтық кремнезем.
Кремний (ІV) оксиді қышқылдық оксидтергі жатады. Ол тек балқытқыш қышқылмен әрекеттеседі:
SiО2 + 4HF → SiF4↑ + 2Н2О
Кремний (ІV) оксиді суда ерімейді және онымен әрекеттеспейді. Сондықтан кремний қышқылы калий немесе натрий силикатының ерітіндісіне қышқылмен әсер етіп, жанама жолмен алады:
Na2SiO3 + 2HCl → H2SiO3↓+ 2NaCl
2Na+ + SiO32- + 2H+ + 2Cl-→ H2SiO3↓+ 2Na+ + 2Cl-
2H+ + SiO32-→ H2SiO3↓
қоймалжың масса және каллоидтық ерітінді түрінде алынады.
H2SiO3 қыздырғанда жеңіл ыдырайды:
H2SiO3→ SiО2 + Н2О
H2SiO3 – метакремний қышқылы
H4SiO4 – ортокремний қышқылы
H2Si2O5 – диметакремний қышқылы
Метакремний қышқылы көмір қышқылынан әлсіз:
Na2SiO3 + Н2О + СО2→ Na2СO3 + H2SiO3↓
Қолданылуы:
1. Күн батареясы, фотоэлементтер
2. Электроника
3. Қыш бұйымдар алу
4. Терезе шынысы
5. Жартылай өткізгіш және электронды техника
6. Отқа және қышқылға төзімді болат алу
7. Оптикалық өнеркәсіпте
8. Қыш материалдардан оқшаулағыш жасау
4. Жаңа сабақты бекіту:
Тақырып соңындағы №3,4 есептер:
№3
Si + О2→ SiО2
SiО2 + 2С → Si + 2СО↑
Si + 2NaOH + H2O → Na2SiO3 +2H2↑
Si + Mg → Mg2Si
Mg2Si + 4HCl→ 2MgCl + SiH4↑
SiH4 + O2 → SiО2 +2H2O
SiО2 + CaO→ CaSiO3
№4 Берілгені:
m(шыны)=100кг
т/к: m(Na2CO3)=?
m(CaCO3)=?
m(SiО2)=?

Шешуі:
Na2CO3 + CaCO3 +6 SiО2→ Na2O•СаО•6 SiО2 + 2СО2↑
Категория: Биология | Добавил: кажекенова
Просмотров: 1101 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 12:08 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru