Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Биология

Разработка урока по биологии
2014-11-01, 11:13 AM
Абжекеева Анар Зейнелғабиденқызы.
Павлодар қаласы.ЖОБМ№15
Биология пәнінің мұғалімі.
Ашық сабақ
Тақырыбы: Сабақтың түрлері, құрылысы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сабақтың қызметін түсіндіру, сабақтың түрлерімен таныстырып, олардың қандай өсімдіктерде болатынын, өзара айырмашылықтарын баяндау;сабақтың ішкі құрылысына тоқталу;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін, ой-өрістерін дамыту; мәтінмен өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойын дұрыс, еркін жеткізуге, ізденуге, ұжымшылдыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: Жаңа білімді қалыптастыру.
Сабақ түрі: Ашық сабақ
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, салыстыру, мәтінмен өздігінен жұмыс істеу.
Көрнекіліктер: плакат, кеппешөп, үлестірмелі дидактикалық материалдар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру: Сәлемдесу; сыныпты түгендеу; сыныпты сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Үйге берілген тақырыптың мазмұнын сұрау. Үйге берілген жазбаша жұмыстың орындалу сапасын өзара тексеру. Биологиялық диктант.

1.Бүршіктің сыртын қалың, тығыз .... қаптайды.
2. Жапырақты бүршік тек .... ғана орналасады. 3. Кез келген өркен ... дамиды. 4. Бастама сабақтың ұшы .... бітеді.
5. Бүршіктер ұзақ уақыт .... болады. 6. Бальзамды терек бүршіктерінің қабыршақтары өзінен ..... бөлінетіндіктен өте жабысқақ, жылтыр, өткір иісті. 7. Бұйыққан бүршіктер ..... т.б. бұталарда болады, бірнеше жылға дейін өсу қабілетін жоймайды. 8. Егер бүршік өркеннің ең ұшына орналасса оны .... ..... дейді. 9. Әр түрлі себептермен бұйыққан бүршіктер қурап қалса ағаштар зақымдалған жерлерін қалпына келтіру үшін ........ ................. дамиды.
10. Бүршіктің ішкі жағында тығыз, ақшылсары түсті ............... болады. 11. Өркеннің негізгі орталық тірек бөлімі ......... .
12. Сабақтың ..... өсетін жуандау жерін буын деп атайды.
13. Егер бүршік жапырақ қолтығында орналасса, ол ..... деп аталады. 14. ...... гүл шығарып, жеміс береді.
15.Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақты ..... дейді. 1. Сабақ
2.Жанама бүршік
3. Қабыршақтар
4. Гүлшанақ
5. Ұшқат, сары қараған, ырғай
6. Қосалқы бүршіктер
7. Бастама сабақ
8. Өркен
9.Тыныштық күйде
10. Төбе бүршік
11. Жапырақ
12. Бүршіктен
13. Бальзам
14. Ұзарған өркенде 15. Өсу нүктесімен

Жауабы: 1 (3); 2 (14); 3 (12); 4 (15); 5 (9); 6 (13); 7 (5); 8 (10); 9 (6);
10 (7); 11 (1); 12 (11); 13 (2); 14 (4); 15 (8).

ІІІ. Жаңа білімді игеру:
• Эвристикалық әңгіме;
• Проблемалық мәселелер;
• Кесте және құрылымдық сызбанұсқа бойынша түсіндіру;
• Түсіндіру барысында ағаш кесінділерін пайдалану;
• Сабақ түрлеріне мысал ретінде өсімдік кеппешөптерін көрнекілеу;
• Жаңа терминдерді жазып алу;
• Үлестірмелі дидактикалық материалдармен жұмыс.

Жаңа тақырыпты игеру мақсатында оқушыларға мына сұрақтар қойылады.
- Сабақ дегеніміз не?
- Сабақ қандай қызмет атқарады?
- Сабақтың қандай түрлерін білесіңдер; мысал келтіріңдер.
Сабақ - өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек.
Сабақтың қызметі

Сабаққа бүршік, жапырақ қоректік зат/р сабақ органикалық зат/р
гүл, жеміс бекінеді; арқылы қозғалады; қорға жиналады;
көбеюге қатысады.

Сабақтың түрлері

Тік жатаған шырмалғыш өрмелегіш қысқарған

Мұғалім сабақтың түрлерін түсіндіру барысында оқушыларға кеппешөптер көрсетіледі.

Сабақтың ішкі құрылысы:
Қабық камбий сүрек өзек
өң тоз тін

өң (ішке күн сәулесін өткізеді);
Қабық тоз (ішке оттегін өткізеді);
Тін (беріктік, мықтылық қасиет береді).

Сабақтың құрылысын түсіндіру барысында ағаштың көлденең кесіндісінен сабақтың қабаттары көрсетіледі.
Қабық – сабақтың ең сыртқы қабаты. Ол өсімдікті сыртқы ортаның түрлі қолайсыз жағдайларынан қорғайды.
Камбий – қабықтан кейін орналасатын қабат. Жасушалары ұдайы бөлінеді, нәтижесінде ағаш өседі.
Сүрек – бұл қабатта ағаштың жасын айыруға болатын жылдық қабаттар түзіледі.
Өзек – сабақтың орталық бөлімі. Жас өркенде бұл қабатта органикалық заттар қорға жиналады. Ол заттар өзек сәулелері арқылы сабақтың басқа қабаттарына жеткізіледі

ІV.Алғашқы пысықтау: Жаңа терминдермен жұмыс.

V. Сабақты бекіту:

1) Сабақтың ішкі құрылысын құрайтын қабаттардың құрылысы мен атқаратын қызметін берілген түсініктемеден анықтап, түсініктеме тұсындағы рет санын сәйкес орнына жазу керек.

Қабық Сүрек Камбий Өзек



1.Ұзын жіңішке жасушалараы қосылып түтікше құрайды, одан су мен суда еріген минералды тұздардың ерітінділері жер үсті мүшелеріне қозғалады.
2.Жасымықшалары ішке қарай оттегін өткізіп, сыртқа көмірқышқыл газын шығарып тыныс алу қызметін атқарады. 3.Ағаш сабағын көлденең кескенде белгілі тәртіппен шеңберленіп жатқан жылдық сақинасы немесе маусымдық қабаты айқын көрінеді. 4.Жасушалары кірпіш тәрізді қаланып жыл сайын бөлініп жас жасушалар түзеді. 5.Жас өркенде жасушалары тірі болғандықтан қабықшасы жұқа болып, органикалық заттар қорға жиналады. 6.Тірі жасушалардан тұратын сүзгілі түтіктердің бойымен органикалық заттардың ерітіндісі төмен қарай жылжып басқа мүшелеріне өтеді. 7.Жасушалары түтік-талшық шоқтарының арасында кездесетіндіктен өзек сәулелерін құрайды. 8. Қалың қабықшалы беріктік қасиет беретін жасушалар қосылып түтік-талшық шоқтарын түзеді.
9.Кендір, мақта, зығыр-талшықтарынан түрлі бұйымдар тоқылады. 10.Жасушалар үздіксіз бөліну арқылы ағаш сабағы жуандап өседі. 11.Өлі жасушалардан тұратын тін талшықтары сабаққа беріктік қасиет береді. 12.Пішіндері мен мөлшері әр түрлі жасушалар тобы ағаш сабағының едәуір бөлігін алып жатады. 13.Ағаштың жасын айыруға болатын жылдық қабаттар немесе шеңберлер түзіледі.

2) Тест.
1.Сабақтың органикалық заттар қорға жиналатын қабаты:
А) сүрек; Б) өзек;
С) тін талшығы; Д) камбий.
2.Су мен онда еріген минералды тұздар қозғалатын сабақтың қабаты:
А) қабық; Б) тоз;
С) тін; Д) сүрек.
3.Ішке күн сәулесін өткізетін қабат:
А) тоз; Б) тін;
С) сүрек; Д) өң.
4.Ішке оттегін өткізетін қабат:
А) өзек; Б) сүрек;
С) тоз; Д) камбий.
5.Қысқарған сабақты өсімдік:
А) пияз; Б) асбұршақ;
С) қияр; Д) бидай.
6.Жатаған сабақты өсімдікті көрсет:
А) бақбақ; Б) терек;
С) қауын; Д) шырмауық.
7.Қоректік заттар қозғалатын өсімдік мүшесі:
А) тамыр; Б) жапырақ;
С) гүл; Д) сабақ.
8.Тік сабақты өсімдік:
А) жолжелкен; Б) қарағай;
С) құлпынай; Д) орамжапырақ.
9.Өсімдікке беріктік, мықтылық қасиет беретін қабықтың бөлімі:
А) тін; Б) тоз;
С) сүрек; Д) өң.
10.Қабықтан кейін орналасатын қабат:
А) сүрек; Б) камбий;
С) өзек; Д) тоз.

Рефлексия: Бүінгі сабақта нені білдіңдер? Сонымен, Сабақ дегеніміз не?
Ол қандай қызмет атқарады? Оның қандай түрлері бар?
Сабақ қандай қабаттардан тұрады? Қабық неше қабаттан тұрады?

Бағалау: Оқушылардың жұмыстарын бағалау

Үй тапсырмасы: Сабақтың түрлері, құрылысы оқу. Тақырыптың соңында берілген кестені толтыру
Категория: Биология | Добавил: anar81
Просмотров: 2294 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 6:08 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru