Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Биология

Жылыжай
[ · Скачать удаленно () ] 2014-12-02, 10:56 PM
Кіріспе..................................................................................................................
І тарау. Теориялық бөлім.

1.1 Жылыжай мен парниктің құрылысы мен түрлері......................................
1.2 Жылыжайда қолданылатын механизмдер...................................................
1.3 Жылыжайдағы микроклимат........................................................................
1.4 Жылыжайда өсірілетін көкөністердің түрлері мен биологиялық ерекшіліктері........................................................................................................
1.5 Көкөністі пленкалы жабық жерде өсіру......................................................
1.6 Көкөніс өсірудің жасанды әдісі.....................................................................
ІІ-тарау.Тәжірибелік бөлім
2.1. Өсімдіктердің сыртқы пішішініне қарап қажетті элеметтермен қамтамасыз етілуін анықтау.
Қорытынды .......................................................................................................... Пайдаланған әдебиеттер ....................................................................... ...............
Қосымшалар............................................................................................................

Кіріспе
Тамақтанудың ғылыми негізіне сүйенсек, адам көкөністі жыл бойына бірқалыпты пайдалануы керек. Бүл мәселенің шешімі көкөністі ашық және жабық жайда өсіруді тиімді жүзеге асырғанда ғана мүмкін болмақ. Ол үшін жабық жайда өсіруді тиімді жүзеге асырғанда ғана көкөніс өндірісін үлғайту қажет.
Көкөністің жаңа піскен өнім алудың негізгі көзі оны маусымнан тыс мезгілде қысқы жылыжайларда өсіру болып табылады. Маусымнаң тыс уақытта өсірілетін қызанақ өндірісін ұлғайту оның өнімділігін арттыру арқылы мүмкін болады. Көкөніс өнімін молайтудағы ең маңызды мәселе - көкөністің сортын немесе буданын дұрыс таңдай білу. Қысқы-көктемгі уақытга қысқы жылыжайларда көкөністін ерте және орташа мерзімде пісетін сорттары мен будан¬дарын өсіру қажет.
Көкөністердің өнімін арттыру үшін ең алдымен бұл өсімдіктердің әрбір сортының биологиялық даму ерекшелігін, егістік жердегі топырақтың механикалық құрамын, оған қолданылатын органикалық, минералдық тыңайтқыштардың түрі мен мөлшерін, қолданылатын кезін, агротехникалық шараларды жақсы білу керек.
Жұмыстың мақсаты. Жасанды ортада (жылыжайларда) өсімдіктерді өсіру биотехнологиясын зерттеу
Жұмыстың міндеттері.
• Қазаақстанда жылыжайда көкөніс өнімдерін өсірудің қазіргі жағдайын анықтау.
• Көкөністерді жылыжайларда өсіру технологияларын анықтау.
Көкейкестілігі: Елімізде ерте пісетін көкөніс түрлері өте аз. Ал теріскей өңірлерде, кейбір жекелеген жылыжайларда ғана болмаса, ондай көкөніс түрлері өсірілмейді десе де болады. Сондықтан жылыжайлар құрылысын көбейту керек .Шет елдерден көкөніс сатып алу мемлекетіміздің экономикасына тұрақтандыруға мүмкіндік бермеуде,сондықтан өз елімізде көкөніс өсіретін жылыжайлар көбейту керек.
1.Жылыжай мен парниктің құрылысы мен түрлері
Жылыжай (теплица) жылу сүйетін жидек және көкөніс дақылдарын өсіруге арналады. Жылыжайда тәулік бойына температура мен ылғалдылықтың ауытқуы шамалы болатан белгілі бір микроклимат сақталады. Мұндай жағдайды жылыту мен желдетуді дұрыс ұйымдастырғанда ғана жасауға болады. Жылыжай күн сәулесімен биологиялық (биологиялық отынның жылуы есебінен) және техникалық жолмен (ыстық су, бу, электр т. б.) жылытылады. Ол табиғи жолмен де (форточка немесе фрамуга арқылы) немесе қолдан да желдетілін тұруы мүмкін. Қандай мақсатқа арналғанына, пайдалану мерзіміне, жылыту түріне, қолданылған кұрылыс материалына байланысты жылыжайдың конструкциясы түрліше болуы ықтимал. Жылыжайды бір еңісті, екі кеңістікті, блокты деп бөледі. Көбінесе екі егісті жылыжайлар салынады, оның жарық түсетін жазықтығы шығысқа және батысқа қарап тұруы тиіс. Жабын ретінде әйнек немесе синтетикалық плен¬ка (міндетті түрде полиэтилен) пайдаланылады. Жылыжай дақылдарын тікелей топыраққа отырғызады немесе үлдіректерде (стел¬лаж) өсіреді. Жылыжайды беті тегіс немесе аздап оңтүстікке қарай егіс учаскелерге орналастырған жөн. Ыза суы жер бетінен 0,8 метрден бетінде жатқан жерлер оған жарамайды. Жылыжайларды тез өсетін бұталар мен немесе ағаштармен яки қоршаумен жел өтінен қалқалап қояды.
Көкөніс өсіретін әуесқойларға ауа тұйық айналым жасайтын арқылы жылыжай салу ұсынылады. Мұндай жылыжайда электр желдеткіш (қуаты 25-30 Вт) орнатады, ол жылыжайдағы ауаны тартып алады да, оны топыраққа көметін жүргізілген құбырларға береді. Содан соң ауа қайтадан жылыжайға келеді. Желдеткіш пен топыраққа көмілген құбырлардың жер бетіне шығатын басы жылыжайдың бір шетінде ортақ каналмен біріктірілген, ал екінші шетінде құбырлар кішкене шұңқырга тіреледі (1-сурет). Мұндай айналым кезінде күн көзіне жылынған ауа топыраққа салынған құбырлар арқылы өткенде топырақты жылытады да, өзі салқындап (салыстырмалы ылғалдылығы 100 процент болып) жылыжайға енеді. Тұйық айналым жасағандықтан, күндіз жылыжайдағы ауа оптималды болып төмендейді де, онымен бір мезгілде топырақтың температурасы артады. Түнде кері процесс жүреді; топыраққа жиналған жылу жылыжайдың ауасын жылытады және салыстырмалы ылғалдылық төмендейді. Мұндай жылыжайдың құрылысы 2-суретте көрсетілген. Қаңқасын көлденең қимасы 3X5 см (немесе 4X6) рейкалардан жасауға болады. Ағаш штапиктермен бекітілген полиэтилен пленкамен жабылады. Төмен температураның әсерінен өсімдіктерді қорғау үшін жылыжайдың ірге кемерін диаметрі кемінде 18-22 см бөренеден жасайды. Бөренелерді кірпішпен немесе қалындығы 20-30 см тұтас бетонмен алмастыруға болады. Топыраққа көметін құбырларды (асбест немесе металл, диаметрі 10-20 см) сазбен жауып (оның қалыңдығы 20 см), үстіне қалыңдығын 29-25 см етіп құнарлы топырақ жайып тастайды. Іргетастың тіреу бағандарын топыраққа 50-70 см енгізеді. Жылыжайдағы жүйектерді топырақ төгіп (ені 100-125 см, биіктігі 40-45 см) жасаған жақсы. Топырағы құмақ, ыза суының тереңдігі 1,5 метрден астам болатын учаскелерде топырақ төкпей-ақ олардың арасынан тереңдігін 40—50 см етіп қазылған өтпе жасауға болады. Бұл жағдайда жылыжайдың айналасынан қар мен жаңбыр суы ағатын жыра қазып қою керек. Жылыжайдың солтүстік маңдайы тұрғын үйге жалғасып жатады. мұның өзі жылыжай мен тұрғын үйді бір пешпен қосымша жылытуға мүмкіндік береді. Жылыжайға кіретін есікке полиэтилен пленка керіп тастау қажет.
Желдеткіш тәулік бойы жұмыс істеген маусымда (мамыр-тамыз) жұмсалатын электр энергиясының шамасы 80-90 кВт-сағат бо¬лады.
Көкөніс, жеміс-жидек, гүл, көшеттер өсіретін, сондай-ақ, жылу сүйгіш тропиктік және субтропиктік өсімдіктерді өсіріп, оны көбейтетін, әйнекпен немесе жарық өткізетін материалмен жабылған арнайы құрылыс. Жылыжайда жыл бойы көкөніс дақылдарын өсіріп, өнімімен халықты қамтамасыз етуге болады. Онда өсімдіктерге аса қажетті су, қоректік зат, жарық, жылу, газ режимі сақталады. Жылыжайды ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен будандарын аз уақытта шығару үшін де пайдаланады. Ашық егіспен салыстырғанда Жылыжайда өнімділік бірнеше есе артық (1 га-дан 700 -800 т-ға дейін өнім алынады). Мыс, 1 м2 жерден 20 -25 кг қияр, 12 -15 кг қызанақ (помидор) алынады. Жылыжай құрылымына және пайдалану мақсатына байланысты бірнеше топқа бөлінеді: Мақсатына қарай көкөністік жылыжай, көшеттік жылыжай, гүлбақтық жылыжай, өсіру технологиясы бойынша: сөресіз жылыжай, гидротонды жылыжай, фитотронды жылыжай, қозықүйрық өсіретін жылыжай, пайдалану мерзіміне қарай көктемдік жылыжай (пленка жабынды), қысқы жылыжай (әйнекті) болып бөлінеді; ал сыртқы пішініне қарай: бір иінді, екі иінді, көп иінді (блокталған), доға тәрізді және полигональді жылыжайлар бо¬лады. Күн сәулесімен, биологиялық (биоотын) және техникалық (су, бу, электр) жылумен жылытылатын жылыжайлар болып бөлінеді. Қазіргі кезде жылыжайды зауыттарда жасалған дайын бөлшектерден құрастырады. Бұл құрылыс жұмысын жеңілдетіп, еңбек шығынын азайтады.

1-сурет. Жылыжайдың жылыту жүйесіндегі топыраққа күннің жылуын жинайтын желдеткіштер мен құбырлардың және жалғастырғыш каналдың орналасу схемасы: 1- топырақ; асты құбырлары; 2- жалғастыргыш канал; 3- желдеткіш.
Астау түріндегі жылыжай.
Мұның жобасын «Росгипро¬сельстрой № 174-60» жасаған. Жалпы көлемі 600 шар¬шы метр, ұзыңдығы 48 метр. Дені металдан, рамалары ағаштан жасалады. Астаудың ірге тасы бетоннан, бөлімдері темір бетонды плиткалардан жасалады. Қыздырылатын топырақ қабатының 60 сантиметр тереңдігіне темір труба көміліп, жылыту жүйесі тартылады. Сонымен қатар мұндай жылыжай күн көзімен де жыли береді. Сөйтіп бұл ерте көктемде пайдалануға аса тиімді жылыжай¬лар қатарына жатады.


2-сурет. Жылыжайдың құрылысы (көлемі см бойынша): 1-агаш каркас; 2-цоколь; З-топырақ асты құбырлар; 4- есіктері; 5- электрлі желдеткіш; 6-топырақ жиегінің шеті; 7-кірпіш (немесе басңа) пеш; 8- іргетастың тіреулері.

1.2 Жылыжайда қолданылатын механизмдер
Жылыжай мен парникте атқарылатын жұмыстарды қолмен істегеннен гөрі, механизмді қолдансақ жұмыс тез тынып, өнім бірнеше есе арзан түсетіні баршаға түсінікті. Айталық, тұқым себілетін жерге көң, шымтезек және минералдық тыңайтқыштар төгу үшін Д-444 маркалы бульдозерді, ал оларды араластыру үшін Э-153 А маркалы экскаваторды, көтеріпараластыруға СПУ-40М жүк тиегішті және майдалап, бір қалыпты араластыруға ТП-5-ЗОВ-ны қолдану ыңғайлы келеді. Парникті тазалауға ПШ-0,4-ті қолданамыз. Сол сияқты өсімдікті әр түрлі аурулар мен зиянды насекомнан қорғау үшін де бірнеше түрлі механизмді қолданамыз. Топырақты стенилдеуге GTA3P-BCXB маркалы құралдарды пайдаланумен қатар, дезинфекциялауға АГ-УД-2 маркалы аэрозолды генераторды пайдаланамыз. Өсімдік көктеп шықпай тұрғанда және көктеп шыққасын улы химиялық заттарды ОЗГ-120 маркалы құралмен бүркіп пайдалану керек. Жылыжайда топырақ ішіндегі зиянды құрт-құмырысқаны жою үшін фумигацияны бүркеміз де оны 0,5х0,5 бүріккішімен топырақтың 18-20 сантиметр тереңдігіне сіңіре араластырып тасталады. Жылыжайның ішіне түтіндетуге темекі. жапырағын жағуға болады. 3-4 грамм темекі 200-300 текше метр жерді түтіндетуге жетеді.
Алматы облысынң Мичурин атындағы колхозда фуми¬гация ерітіндісін жылыжай мен гидрофонда бүркіп пайдалану нәтижесінде бұзаубас личинкалар мен жабысқақтар дер кезінде жойылып, қызанақ мен қиярдың өнімділігі жақсартылды. Пленкалы жерде негізінен трактор мен тіркемелі машина пайдаланылады.
Негізгі жұмыстың бірсыпырасы күзде және көктемде орындалады. Күзде егістік жер бапталып, тыңайтқыш беріледі. Тыңайтқыш пен көң егістік жерге көң шашқыш пен трактор арқылы шашылады және қайырмасыз плугпен 20-25 сантиметр тереңдікте жыртылып, бір сәтте тырмаланады.
Мұнан кейін егістік жер қар астында қыстап шығады да, көктемгі баптау жұмыстары басталады. Көктемде егістік жердегі қарды бульдозермен тазалап, белгілі бір қалыпқа келгесін, топырақтың үстіңгі беті культиватормен дискілі тырмамен майдаланып босатылады. Қияр және қызанақ егілетін жерге борозда тартылып, арнаулы машиналармен (РПТМ-2, ОА, ПБУ-2) көң мен минералдық тыңайтқыш шашылады. [3].
Егістік жер толық дайындалғасын РПШ-4 машинасы мен көшет отырғызылады. Көпшілік жағдайда егістік жердің көлемі машинаның оралып қайтуына келмейтіи өте шағын болса көшеттер қолмен отырғызылады. Өсіп шыққан өсімдіктерді күтіп-баптау жұмыстарьшда көпшілік жағдайда қол құралдарын пайдаланамыз. Ондай құралдар: маркерь, әр түрлі қопсытқыштар, тырма, тапауыш, ара, күрек, кетпен-шот, қол культиваторы. Парник пен жылыжайлар үшін қандай құрал, қандай механизм болмасын рет-ретімен және дер кезінде қолданылғаны жөн. [5].

1.3. Жылыжайдағы микроклимат
Өсімдік егілетін жердің температурасы белгілі дәрежеде тұрақты болуы керек. Өсімдік тіршілігіне керекті жағдай, ашық егістікке қарағанда, жабық жерде бір қалыпты болса ол өсімдіктің дұрыс дамуын қамтамасыз етеді. Парник пен жылыжай ішіндегі жылу бір қалыпты болумен бірге топырақ ылғалдылығы 60-70 процент мөлшерінде сақталуы керек.Жылыжай ішінде микроклимат жасауда күннің радиация сәулелері маңызды орын алады. Әсіресе күннің жарық, жылу сәулелері өсімдік үшін аса пайдалы. Өсімдік жарық сәулелер арқылы ассимиляция жолымен көмір қышқылын қабылдайды, ал жылу арқылы өсімдіктің топырақ ішіндегі, сондай-ақ жер бетіндегі мүшелері жақсы дамиды. Көкөніс өсімдіктерінің жарықты талап етулеріие қарай, үш топқа бөлінетіндігін көрсеткен болатын. Олар көшеттің фазалық даму кезінде (8-10 сағат ішінде) 3-4 мың л. к. жарықты талап ететіндерді бірінші, 500-2000 л. к. жарықты (5-6 сағат ішінде) талап ететіндерді екіиші, ал жарықты мүлде керек етпейтіндерді үшінші топқа жатқызған. Күн немесе злектр жарықтарын көбірек та¬лап ететіндерге тұқымынан себілген қызанақ, қияр, гүлді капуста, сәбіз, үрме бұршақ, кабачки, патисон, қауын, қызылша, пияз, салат т. б. жатады. Алайда бұл осы аталған өсімдіктердің бәріне бірдей тән нәрсе емес. Мәселен, қызанақ жемістері пайда болған кезде ол жарықты бұрынғыдан 0,5 есе кем керек етсе, қияр бүрынғыдан 0,7 есе көбірек керек етеді. [2].
Желтоқсан, қаңтар айларының кезінде жылыжай ішіндегі жарықтың көп, не аз болуы жылыжайны жапқан әйнекке, пленкаға байланысты болады. Дегенмен жылыжай іші неғұрлым жарық болғаны жақсы.
Электр жарығымен көшет өсіру. Жылыжай ішіндегі көшеттер жер бетіне өніп шыққасын оған қосымша электр жарығын берсе оның жемісі мерзімінен 10-15 күн бұрын пайда болады. Жалпы жер бетіне өніп шыққаннан кейін қияр 20-25 күнде,қызанақ 36-48 күнде түйнектей бастайды. Бір тәулік ішінде өсімдікке электр жарығы 12-16 сағат беріп тұрылады.
Қолдан берілген жарық өсімдікке таңертең немесе кешке қарай жақсы әсер етеді. Қолдан жарық беруге доға тәрізді сынап (люминесцентті) айналы лампаларды пайдалануға болады.
Лампалар, рамалардың аралығына (бір шаршы мегр жерге 8-8 лампадан) өсімдіктен 8-10 сантиметр қашығырақ қойылады.
Доға тәрізді сынап айналы лампа (ДРЛ) ультракүлгін сәуле береді. Оның қуаты 250-1000 вт. Ескеретін бір жай - жарық өсімдіктің үстіне тегіс түсетіндей болуы керек. [5].
Б. С. Мошковтың анықтауы бойынша айналы лампаның бір шаршы метр жерге түсіретін жарық қуаты 4,8 квт. Мұндай жарық берілген жағдайда қияр 10-12 күн, қызанақ 20-25 күн бұрын жеміс береді. Агрофизикалық институттың (АФИ) зерттеулеріне қарағанда электр жарығын өсімдіктің өніп-өсу дәуірінде тек қияр мен помидорға ғана беріп қоймай, басқа да көкөніс өсімдіктеріне пайдалануға болатындығы [6].

1.4 Жылыжайда өсірілетін көкөністердің түрлері мен биологиялық ерекшіліктері
а). Пияздың биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері.
Пияз өсіру шаруашылығы б.ғ.б. 6000 жыл бұрын Ежелгі Египетте басталған еді.
Пияз – кең тараған, екі-үш жылдық өсімдік. Пияздың төменгі бөлігінде жалпақтау келген сабақ-түбіртек (түрі өзгерген жапырақтар) орналасады. Түбіртектің бір немесе бірнеше өсу нүктелерінен ұрық ұяларынан пияз басы, жапырағы және гүл пайда болады. Ұрық ұяларының санына байланысты аз ұрықты немесе көп ұрықты пияздарды ажыратады. Ұрықтың жабық шырынды қабықшалары түтік тәрізді жапырақ алақандарының көбейген бөлігі-ашық шырынды қабықшалармен қоршалған. Пияз басының сыртын қырғақ қабықшалар жауып тұрады. (сыртқы кепкен жапырақтардың алақаны).
Басты пияздың жапырақтары жасыл, түтік тәріздес өзексіз. Тамаққа пияздың басы мен жапырақтары пайдаланылады. Дәмі өткір, жартылай өткір немесе тәтті болады.
Тамыр системасы нашар дамыған.
Жемісі құрғақшылықта төзімді болып келетін пиязшық. Шырынды қабықтарда пияздың энергиялық қоры – көмірсулар жиналады.
Еккен тұқымнан пиязшықтың өсіп-даму пияздық жапырақтарының саласына және өсуіне тікелей байланысты. Ұзақ күн мен жоғары температурада пиязшықтың дамуы тез болады. Осындай кезде пиязшықтың өсуін реттеп отыратын моносахаридтер, дисахаридтер айналу биохимиялық процестер үздіксіз жүріп отырады. Пиязшықтардың дамуы 30-40 күннен кейін басталады.
Пияз – суыққа төзімді өсімдік. Оның тұқымдары 3-50С температурада өсе береді. Жапырақтардың өсу фазасында 1-20С температура, ал пиязшықтың дамуына 3-40С температура жеткілікті. Пияздың ау оптимальды температурасы 19±70С. Егер жиналған пияз сақталынатын же4р 0-180С температура болса, онда одан жапырақтары мен мұтшалары өсіп, пияз жарамсыз болады. Осыған ұшырамау үшін пиязды +180С-тан жоғары, -10С-тан төмен температурада сақтайды.[3].
Пияз – жақсы құнарлы топырақты қажет ететін өсімдік. Жоғары өнімді сәл қышқылды немесе нейтралды (рН 6-7) топырақта өсірілген пияздан алады.
Пияздың жапырағы ауаның құрғақшылығына төзімді болса да, тамыры, яғни пиязшықтар суды көп қажет етеді. Тұқымды еккеннен кейін және жапырақты аппаратын дамуы негізінде суғаруды жоғарлатады, ал пиязшықтар дамып-өскеннен кейін суғаруды біртіндеп тоқтатады.
Пияз иістің өткірлігіне, шырынды және құрғақ қабықшалардың түсіне байланысты, ұрықтануына және өсіру технологиясына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді. Олар өткір жартылай өткір, сәл өткір және тәтті сорттарға бөлінеді. Өткір сорттар пиязшықтың 19-21% құрғақ заттық құрайды, 5-10% қантты, 2,5-2,8% азотты заттарды, 0,5-0,8% күлді құрайды. Жартылай өткір сорттарда құрғақ заттар азырақ 11-13% , қант 4-5%, ал тәттілерде 9-10% және 3-4%.
ә) Асханалақ сәбіздің биологиялық ерекшіліктері
Сәбіздіқ мәдени түрінің белгілі болғанына 1000 жылдан астам уақыт болды. Сонан бері мәдени көкөніс түрінде егіліп келеді. Сәбіз 5 қосымша түрге бөлінеді. Ол: жерорта теңіздік, ауғандық, жапондық, сириялық, киликиялық қосымша түрлері. Бұлардың ішінде көбірек тарағаны Жерорта теңіздік қосымша түрі. Мұның тамыр жемістері етті, бос, пайдалануға сүйкімді. Ауғандық қосымша түрдің көп тараған жері Азия мен Африка. Тамыр жемістерінің сырты бүртік-бүртік, тегіс болмайды.
Мәдени дақыл түрінде сәбіз екі жылдық. Бірінші жылы тамыр жемістері өсіп, екінші жылы сабақтанып, гүлдеп, тұқымын береді.Жапырақ алақандары жалпақ, бірақ тілім-тілім болып таралып өседі. Тамыр жемістерінің сыртында майда тамыршалары болады. Онық саны 26—85-ке дейін жетеді. Тамыр ұзындығы 1,5-10,2 сантиметр, Мұндағы тамырға топырақ ішіндегі ауа еніп, тыныс алу қызметін аткарады. Сәбіздің жапырақ тақталарының ұзындығы -7-12 см , ені- 7-10 см. Бір түптен шығатын жапырағының саны 4-13-ке жетеді. Орташа жапырақ сабағының ұзындығы 9-13 см, диаметрі - 1,2-1,3 сантиметрге жетеді. Көпшілік жағдайда жапырақтары артық, не кем болуы егістік жердегі топырақтыңқұнарлылығына байланысты. Неғұрлым топырақ құнарлы болса жапырақтары ұзындығынан да, енінен де артық өседі.
Сәбіз егістік жерге себілгеннен кейін түқымынан тұтас алақанды тұқым жарнағынық жапырағы көктеп шығады. Алғашқы шыққан кезіндегі тұқым жарнақ жапырағының сыртқы түсі, пішіні жағынан қызанақ, мәдени шомыр, қызылша жапырақтарына ұқсас. Жабайы сәбіз жапырақтарының сыртқы түсі, мәдени сә-бізге сәйкес келеді. Солғын жасыл түсті, жапырағы тілімді, жапырақ алақаны аз болады. Басқа дақылдар сияқты бұлар да әр түрлі өсу кезеңтдерін өткізіп өседі. Көктеу, жапырақтану, сабақтану, гүл түйінінің пайда болуы, гүлдеу, тұқымдану, пісу кезеңдерінде өседі.
В ) Қызанақтың биологиялық ерекшелігі
Қызанақтар көшет және көшетсіз әдістерімен өсіріледі. Парниктерге ақпанның шыққан кезде қатардағы өсімдіктің аралығында 4-5 см қалдырып, сиректейді, ал содан кейін түбіне шым қара шірінді топырақ төгіледі.
Өсімдіктің тамыр жүйесін жақсы сақтау үшін оны парниктен таңдап алған кезде ағаш ұнтақ төсенішке өсіру керек. Бұл үшін парникте биоотынға минералдық тыңайтқыш араластырылған 7-8 см қабатпен ағаш ұнтағы себіледі, бір тонна ағаш ұнтағына 3-4 кг аммиак селитрасы, 5-6 кг суперфосфат , 3-4 кг калий т.зы, 0,8-1,0 кг күкірт қышқыл магний араластырылады. Ағаш ұнтағының бетіне 5-6 см биіктікте топырақ салынады. Көшетті жұлған кезде ұнтақтың қабатымен қазылады және топырақ кесегімен оңай алынады.
Өсу кезеңінде 9-10 суарылып, 2 рет үстеп қоректендіріледі: бірінші көң садырасы ерітіндісінің 1:5 қосапысмен және 100 г ерітіндіге 200 г суперфосфат қосып, екінші -100 л суға 200 г аммиак селитрасы және 300 г аммофос ерітіліп жүргізіледі. Жұмсау мөлшері -екі рамаға бір сусепкіш жетеді. [8].
Көшет ашық топыраққа сәуірдің аяғында, мамырдың басында отырғызылады. Көшет қатараралығы 75 см жалға отырғызылады және қатардағы қашықтығы 50-60 см болуы керек. Көшет отырғызудың ең таңдаулы схемасы Қазақстандық ауыл шаруашылығы институты ұсынған екі жолдық ленталық болып табылады: ленталардың арасының қашықтығы 90-100 см, лентадағы қатардың арасы 40-50 см, қатардағы өсімдіктің арасы 40-50 см, шұқырда 2 өсімдіктен болады. Вегетациялық кезеңінде екі рет: гүлдеу және жеміс байлау кезінде үстеп қоректендіріледі. Культивация жалға сабақ жайғанша жүргізіледі. Қызанақ тұқымы ашық жерге үшінші онкүндігінде ылғал топыраққа гектарына 2-2,5 мөлшерінде 2-Зсм тереңдікте себіледі. Көгі өсіп шыққан кезде шабықталып, ал нағыз 2-3 жұп жапырағы пайда болған кезде сирету және отау жүргізіледі. Аудандастырылған сорттар: талалихин 186, Колхозный 34, Глория, Советский 690.
Қызанақ жылу сүйгіш дақыл, оның тұқымы 12° өнім шығады.Өсімдіктің жақсы өсіп-өнуі үшін 22-24° жылылық қажет. Өсімдіктің әрбір гектарынан 500 өнім жинау үшін 6000м3 су жұмсалынады. Топырақтың құнарлылығын қалайды. Қызанақтың Қазақстанда аудандастырылған сорттарына: актюбинский 85, белый налив 241, волгоградский 5/96, волгоградский скороспелый 323, колхозный 34, жергілікті малиновка, майкопский урожайный 2090, машинный 1, молдавский ранний, новинка Приднестровья,перемога 165, првосходный 176, подарок, ранний 83, сибирский скороспелый, советский 679, талалихин, тамбовский урожайный 340, уральский многоплодный және вировский буданы. [6].
Қызанақтардан мол өнім жинау үшін тұқымды мұқият дайындау
қажет. Тұқымды сеппей тұрып сұрыптап дәрілейді. Дәрілеу үшін 1 кг
тұқымды Зг НИУИФ немесе граназонмен немесе 50% ТМДТ (8 г
мөлшерінде) препараттарымен бүркеді. Сонымен қатар тұқымды
микроэлементтермен 0,01-0,03% борқышқылы (1 литрге 0,1-0,Зг)0,005-
0,01% марганец қышқыл калий (1 литрге 0,05-0,012), 0,001-
0,005%тотияйын (0,001-0,05г/л) 0,02-0,05 күкұрт ,ыш,ыл цинк және
күкірт қышқыл марганец (0,2-0,5г), 0,01-0,05% молибден қышқыл
аммониймен (0,1-0,5л/га) өндеген жақсы. Тұқымды микроэлементтердің ерітіндісінде сулау -өнгіштігін арттырады. Ол үшін дәріленген тұқымды (1кг тұқымға 1-1,5 кг ерітінді жұмсалынады) 8 сағат бойы жылы ерітіндінің ішіне салып ұстайды. Тұқымды осы әдіспен өңдегенде қызанақ өнімі 15-20% артады.Сонымен қатар тұқымды қара шірінді топырақтың қоспаларымен дражирлеу де нәтижелі болмақ. Әсіресе қосапының құрамында 70% қара шірік және 30 % шым топырағы болса және оған 4-5 кг суперфосфат пен 0,5-1 кг калий тұзы қосылса өте жақсы. Қызаннан мол өнім жинау үшін оны жақсы алғы дақылдардан кейін орналастыру керек. Әртүрлі алғы дақылдар топыраққа түрліше тамыр қалдықтарын қалдырумен қатар, әртүрлі мөлшерде қоректік заттарды алып кетеді. Ол топырақтың қоректену тәртібіне әр алуан эсер етеді. Қызанды бір жерге бірнеше рет өсіру кеселденуге ұшыратады. Әсіресе, бактериялық дақтану кеселіне шалдығады. Қызақты ашық топыраққа тұқыммен өсіру үшін топырақта ылғалдың жиналуын қамтамасыз етіп, жақсы өңделген жыртылу қабатын жасау керек. Ал қызанды көшеттен өсірсе, онда көшетті топыраққа отырғызар алдында терең қопсытқан жөн. Оңтүстіктің суармалы жерлерінде (сұр және сортаң қоңыр топырақты жерлер) топырақты 3-4 жылда бір рет терең етіп (40см) жыртылу қабатының астын қопсытып отыру керек. Сонда топырақтың су-физикалық қасиеттері жақсарады. Топырақты қайырмай терең өңдеу үшін арнаулы ПН -4-35 соқасы және культиваторсыдыра жыртқыш қолданылады. Күзде, жерді зябьке өңдердің алдында, алғы дақылдарды жинап алғаннан кейін (арамшөптермен күрес мақсатында) екі қайтара сыдыра өңдейді. Алғашқысын 5-7 см тереңдікте, ал соңғысын 7-8 күн өткен соң, 10-12 см тереңдікте жүргізеді. Оңтүстік облыстарда жерді сыдыра өңдердің алдында суарады. Ондағы басты мақсат-егістікке төгілген арамшөптердің ұрығының өніп шығыуына жағдай тығызу. Ал арамшөптер жаппай өніп шыққанда оларды сыдыра өндеу арқылы және содан кейін жүргізілетін зябь жыртумен жояды. Ерте көктемде жерді тырмалайды, ал қызан тұқыммен өсірілетін болса, онда оған қосымша малалау және таптау жұмыстарын жүргізеді. Көшет отырғызу үшін оңтүстік аудандарда бороздалар тартылады. Көп жылдық шөптерден кейін жерді күзде терең қайырмалы түреңді соқамен жыртады. Тығыз шымды қабатты әуелі екі бағытта дискілейді. [2].
Қатараралықты өңдеу жұмыстарының тереңдігі қызанақтың қатар аралықтарының еніне және оны өсіру әдістеріне байланысты. Тұқыммен өсірілетін қызанақтың қатараралығы енін 70см етіп бірінші рет культивациялау 5-7 және 8-10 см терңдікте жүргізіледі. Егер топырақ ылғалмен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген болса, гүлдену жеміс құрау кездерінде топырақты 14-16 см терең қопсытады. Қызанақты көшет арқылы өсіргөнде топырақты терең қопсыту және үю жұмыстарын өсімдік жақсы тамырланған кезде жүргізеді. Бұл-өсімдік жүйелерінің жақсы дамуына жағдай жасайды. Қатараралықтардағы өсімдіктің жапырақтарының басы түскенше 4-5 рет 8-12см тереңдікте культивация жүргізіледі.
Қызанақтың егістігіндегі арамшөптерге қарсы трефлан, солан, тиллам, дифенамил, амибен және нитрофор препараттарын қолданады. Трефлан препаратын бір жылдық қос жарнақты және астық тұқымдас арамшөптерге қарсы гектарына 1-2 кг мөлшерінде көшетті топыраққа отырғызғанға дейін қолданады. Бұл препараттан арамшөптер 90% дейін жойылады.
Астық тұқымдас және кейбір қос жарнақты арамшөптерге қарсы тиллам препаратын гектарына 4,5-6 кг мөлшерінде көшетті топыраққа отырғызбастан бұрын қолданады бүріккеннен кейін тырмалау арқылы топыраққа сіңіреді. Аса тиімді гербицидке дифенамил жатады. Бұл препаратты қызанақтың тұқымын топыраққа сепкенше немесе көшетті отырғызғанға дейін гектарына 4-8 кг мөлшерінде жұмсайды. Препаратты гектарына 8 кг мөлшерінде жұмсағанда арамшөптер 90% дейін қысқарады. Ал қызанақтың өнім 10-15 % артады. [7].
Көшеті өсіру. Қызанақтың ерте пісетін сортының шетін қоректендіргіш қыш құмырада өсіреді. Оны 7 бөлік қара шіріндіге 1 бөлік шым топырағын және оған 4 кг суперфосфат пен 0,5 -1 кг калий тұзын қосып дайындайды.
Қиярдың биологиялық ерекшіліктері .
Қияр тұқымы көктемгі суыққа ұрынбай көктеп шығатындай мерзімде , гектарына 5- 8 кг мөлшерінде, 2-3 см тереңдікте себіледі . Қияр тұқымын себу тік бұрышты ұялы 70x60 см, ұяда немесе қатарда 2 өсімдіктен болатындай етіліп жүргізіледі. Тұқым себуге көкөніс, дәнді дақылдар және шаршы ұялы сеялкалар қолданылып, тұқымды майдалап жібермеу үшін себудің жоғары тетігіне орнатады. Қияр тұқымы қатарлап себу әдісімен себілсе, 2-3 жапырағы пайда болған кезде сиретіледі, қысқа пәлекті сорттарды 8-1 Осм, ал орташа және ұзын пәлекті сорттарды 10-14 см етіп сиретеді. Вегетация дәуірінде 10-14 суарылады, ен? кемі 3 рет үстеп қоректендіріледі. Бірінші рет 4-5 жапырағы шыққан кезде, содан әрі әрбір 15-20 күннен кейін үстеп қоректендіріледі. Трактормен культивациялау әр суарғаннан кейін пәлектері бірігіп кеткенше жүргізіледі.
Қиярды әр 2-3 күннен кейін жинап тұрады. Жинауды кешіктірсе, оның өнімі төмендеп және сапасы нашарлайды.
Облыста қиярдың мына сорттары аудандастырылған: Дружба 60, гибрид 220, Нежинский местный; теплица үшін Алма-Атинский 1 Многоплодный ВСХВ және парниктер үшін-Неросимый анықталды. [10].

1.5. Көкөністі пленкалы жабық жерде өсіру
Көкөніс өсімдіктерін жабық жерде де өсіруге болады. Соның ішінде кө-бірек есірілетіні қияр. Ғылыми-зерттеу институтының анықтауы бойынша (НИИАХ) колхоз-совхоздар үшін көкөністі пленкалы жабық жерде өсірудің тиімді екені анықталып отыр. Қазіргі кезде біздің еліміз мұндай мақсатқа пленканың екі түрін-полиэтилен және полиамидинді ПК-4 (перфоль) пленкаларын пайдаланып жүр.
Полиэтиленді пленканың қалыңдығы 0,05-0,2 милли¬метр, әр бөлімі 300 сантиметр, кеңдігі 70-100 сантиметр. Жарық өткізгіштігі шыны әйнекке жақын. Әсіресе ульт¬ра күлгін инфрақызыл сәулені еркін өткізеді. Алайда екі мерзімнен артық пайдалануға жарамайды.
Полиамидинді пленканың қалыңдығы 0,05-0,08 мил¬лиметр, кеңдігі 120 сантиметр. Мұның артықшылығы, жарық сәуле мен жылылықты тиісті мөлшерде ұстай алады. Сондықтан ол ерте көктемде көкөніс өсімдіктерін салқыннан, жауыннан сақтауға, яғни бір мерзімде ғана пайдаланылады. Полиамидинді пленка өсімдік үстіне екіқабат етіліп жабылады. Көпшілік жерлерде іші қуыс тун¬нель сияқты немесе шатыр сияқты етіп жабу әдістері көбірек пайдаланылып жүр. Туннель сияқты каркасты түрін пайдаланғанда диаметрі 5-8 миллиметрлік сым тәрізді полиэтиленді түтікше қолданылады. Полиэтиленді түтікшенің үстіне жабылған пленкалар 1 -1,5 метр жер¬ден ағаш қазыққа байланып бекітіледі. Пленка биіктігі 60 сантиметр, кеңдігі 80-90 сантиметр етіліп жабылады.
Кейбір жылыжайлар шатыр түрінде жабылатын пленканы пайдаланады. Мұнда әрбір 111,5 метр жерге биіктігі 60-65 сантиметрлік қазықтар қағылып, пленка соларға жіппен орап байланады. Бұл желге, дауылға төзімді келеді. Өсімдік өсірілетін пленка¬лы жер күзден бастап қолға алынып, әр түрлі агротехникалық баптаудан өткізіледі, Пленкалы орын айналасына бұталар мен ағаштар егілген, күн сәулесі еркін түсетін, ық жер болуы керек. Сонымен қатар мұндай жер шартты түрде көп жылдық шөп егіліп, зябьке айдалған, күзде көң мол берілген жер болғаны жөн.Соңғы кездерде елімізде пленкалы теплицаны пайдалану үрдіске айналып келеді. Жазғытұрымғы пленкалы жылыжайның ішінде көкөніс өсімдіктерін 2-3 рет өсіріп алуға болады. Бірінші рет көк өсімдіктер, екінші де қияр, үшінші кезекте қызанақ мен капуста өсіріп алуға дайындалады. Пленка ішінде өсірілген қиярларды қажетті тыңайтқыштармен үстеп қоректендіріп отыру керек.
1-кесте
Көкөністі үстеп қоректендіруге берілген тыңайтқыш мөлшері
(10 литр суға 1 грамнан).
Тыңайткыш түрлері Гүлденгенге дейін Гулдсп, тегіс түйнектеген кезде
Мочевина
Суперфосфат
Калийлі тұз 10
6
6 20
8
8
Бір шаршы метр жсрге 0,25-0,35 литр ерітінді пайдаланады.
Тыңайтқыш берілгеннен кейін пленка ішіндегі өсімдіктің өсуі жақсарып, көк жеміс беру уақыты 4-8 күнге қысқарады, ал өнімділігі 20-35 процент артады. Дайын тыңайтқыш дайындалмай берілген тыңайтқышқа қарағанда өсімдікке тез әсер етіп, оның өсуін жақсартады.
Жыл бойына көкөністің бірнеше түрін бірнеше рет егіп, өсіру үшін жылыжай бірыңғай болмай универсалды бол¬ғаны жөн. Сонымен қатар жыл сайын әр жерге егіп алы¬натын өсімдік сорттары жеке-жеке жиналып, зерттеліп, топырағы агрохимиялық бақылаудан өткізіліп тұруы керек. Үш звенолы жана топырақты жылыжайлардың жалпы көлемі 1500 шаршы метр, әр звеноның мөлшері 500 шар¬шы метр, ал эр жылыжайның ұзындығы 50 метр, ені 30 метр, биіктігі 4, 90 метр болады. Оңтүстік Қазақстан жылыжайына және басқа да жылыжайларға қарағанда үш звенолы жылыжай көкөніс өсімдіктерін өсіруге тиімді келеді. Мұндай жылыжайның әйнегі жанына іргесіне өсімдік қоюға болмайды, өйткені жылыжай қаншалықты мықты бекітілгенімен қыстың суық ызғары соғып, өсімдікті өсірмейді.
Соңғы кездері «борные» аталатын жылыжайны, яғни парникті көбірек пайдаланамыз. Бұл жылыжайның ұзындығы 42 метр, жиырма рамасының ұзындығы бір парниктей болады. Ал кеңдігі 3,2 метр, яғни басқаларына карағанда екі есе үлкен. Биіктігі ортаңғы бөлімінен есептегенде 1,8 метр. Мұндай жылыжайлы парникте жұмыс істеу ыңғайлы келеді.
Төбесі, айнала жиектері каркастан жасалады. Металл трубаның ішімен газ немесе ыссы су жіберіледі. Трубаның диаметрі 1-1, 2-2-мөлшеріпде болады. Ол төрт метрлік звенолардан әр звено 3 палигоннан және де 5 прогоннан тұрады. Әр прагонның аралығы 0,67 метр мөлшерінде дайындалады. Металл трубалар темір-бетонды плиткалармен тіреуіш арқылы жалғастырылып бекітіледі. Төбесі, қабырғалары қалыңдығы 3 миллиметрлік, көлемі 1,28-0,67 метрлік әйнектер орнатылған ағаш рамалардан тұрады. Бұл ішке күн сәулесін тоқтаусыз өткізіп, жылыжайны жарықпен қамтамасыз етеді. Әйнектер рамаларға замазкасыз-ақ жіксіз бекітіледі. Жылыжай ішін қолдан желдетіп алып тұруға болады. Жылыжай ауасы темір трубаларға ыстық су айдау арқылы жылытылады. Мұндай дайындалған жылыжайлар өзге әріптестеріне қа¬рағанда өнімді артық береді. Бір шаршы метр жерден 15-18 килограмм қияр, 8-10 килограмм қызанақ жиналып алынады. [12].
Парник пен жылыжайда өсірілетін көкөніс өсімдіктерінің сорттары да, өнімділігі де жергілікті жердің климат жағдайына байланысты әр түрлі болады, бірақ бұлар өнімді ашық жерде егілетін көкөніс сорттарынан артық бермесе кем бермейді. Сондықтан жылыжайда - Калинский мест¬ный, много плодный ВСХВ, гибрид Алма-Ата, парникте-Неросимый 40, Владивостокский 155 сортты қиярлар көбірек егіліп жүр. Ал қызан сорттары ішінде Таллихилі 186 сорты парникте де, жылыжайда да егіліп, жаттыққан. Бұл тәрізді өзге де сорттар шығарылуда.
Жылыжайның көктемде пайдаланылатын арнаулы түрлері бар. Ол қыста пайдаланылатын жылыжайларға қарағанда жеңіл жасалады. Ерте көктемде пайдаланылатын жылыжайның бірнеше түрі бар. Мәселен, көктемде техни-калық немесе биологиялық отынмен қыздырылатын түрін («Росгипросельстрой № 136-59») алайық. Жылыжайның үлгісі, құрылысы басқа да түрде болуы мүмкін. Мұның ұзындығы 57 метр, көлемі 600 шаршы метр, негізгі салмақ түсетін жердегі тіреуіштің диаметрі 100 миллиметр, есігінің кездігі ішіне отын тиелген машина кіріп шыға алатындай болады
Мұндай жылыжайлар Шымкент облысының шаруа қожалықтарында пайдаланылуда. Жылыжайның мұнан басқа ұзынша астау түрінде, ағаштан жасалған, күн арқылы қыздырылатын жылыжайлар да болады. [8].

1.6 .Көкөніс өсірудің жасанды әдісі
Соңғы уақытқа дейін Қазақстан жерінде көкөніс өсімдіктері, оның ішінде қияр мен қызанақ топыраққа егіліп, өсіріліп келсе, кейінгі кезде оларды топырақсыз өсіруге де болатындығы іс жүзінде байқалды. Бір жерге өсімдікті қайталап еге берсе, ол жерде жыл сайын есімдіктің ескі тамыры қалып отыратындықтан топырақ ескіріп, әр түрлі аурулар пайда болады, сорланып, арам шөптер кебейіп кетеді. Сондықтан ондай жердің топырағын екі жылда бір рет, тіпті жыл сайын ауыстырып отыруға тура келеді. Оған қыруар қаржы, қосымша еңбек ақы жұмсалады. Соның салдарынан өнімнің өзіндік құны өсіп кетеді де, көкөніс өсімдіктері қымбатқа түседі. Ал көкөніс өсімдіктерін жасанды әдіспен өсіргенде негізінен механизмдер ойдағыдай қолданылады да, әлгіндей қиындықтар кездесе бермейді. [8].
Қиярды жасанды (топырақсыз) әдіспен өсіру. Алматы облысында дәстүрге айналып отыр. Бұл саймақтарда бір шаршы метр жерден 1217 килограмға дейін өнім жиналады. Жасанды әдіспен өсіруде ірілі-уақты тастар, ке¬рамзит, гальна, шеге құм пайдаланылады. Мұндай мақсатқа арналған жылыжай іші бірнеше бөлімдерге бөлінеді. Су темір трубалармен келеді. Өсімдік есірілетін жердің едені цементтелген, оның бетіне ірі тастар, онан кейін майда тастар төселеді. Үстіңгі қабаттағы майда тастың немесе шеге құмның қалыңдығы 3-5 сантиметр болады.
Берілетін минералдық тыңайтқыштар мынадай құрамда дайындалады: 1000 литр суға 500 грамм калий селитрасы, 550 грамм суперфосфат, 300 грамм күкірт қышқылды магний, 200 грамм аммиак селитрасы, 6 грамм хлорлы темір, 0,72 грамм бор қышқылы, 0,45 грамм күкірт қышқылды марганец, 0,06 грамм күкірт қышқылды цинк, 0,02 грамм күкірт қышқылды мыс қосындысынан әлсіз қышқыл ерітінді дайындалады. Егер
бұл ерітіндінің қышқылдылығы төмен болған жағдайда, оған 20 проценттік күкірт қышқылын үстеп қосып, қажетті дәрежеге жеткізіледі. Мүндай ерітінді өсімдікке даму дәуірінің барлық кезінде беріледі. [8].

ІІ-тарау.Тәжірибелік бөлім
Өсімдіктердің сыртқы пішішініне қарап қажетті элеметтермен қамтамасыз етілуін анықтау
Қоректік заттардың жетіспеі өсімдіктін морфалогиясынан құрылымынан және оның жапырақтарынан басқа да мүшелерінен көрінеді.Осының нәтижесінде өсімдіктің түсі, пішіні, көлемі, жапырақтарының түсі және олардың өркен бойында орналасуы өзгереді. Диогностиканың визуальды әдісі ең қарапайым және арзан болып саналады, бірақ нақты емес.
Азот (N) жетіспеуінің белгілері. Өсімдіктерде N жетіспеуі көп кездеседі.Оның белгілері төмендегідей: Жер асты мүшелерінің және тамырдын жәй өсуі, қысқа жіңішке буынаралықтар; жапырақтары ұсақ алғашында сарғыш-жасыл, кейін сары;хлорофил түзілу процесі төмендейді.Жапырақтар мезгілінен бұрын түседі.Өсімдіктерде бүйірлік бүршіктер аз түзіліп, олар өледі немесе ұйықтаған қалпында қалады, яғни бүршік жармайды. Гүлдерінің саны азаяды.Өсімдіктер әлсіз болады, бойының өсуі кешеуілдейді. N ұзақ уақыт жетіспесе төменгі жапырақтардағы хлорофил құрамы бұзылады және бос N өсу нүктелеріне қарай жылжиды.Қызанақта N жетіспесе, жас жапырақтарындағы жасыл түс жоғалады.Өсімдіктің бойының өсуі баяулайды жапырақтары майдаланып және өсімдік сарғылт –қызғылт түске боялады. Бұтақтары қатты ирек, жемістері майда болады, піскен кезде ашық түске айналады. Қиярда N жетіспесе бойының өсуі төмендейді және жапырақтарының түсі өзгереді, ақырында ашық-жасыл түске боялып жемісі ашық-жасыл болады.
Фосфор (Р) жетіспеуінің белгілері. Р жетіспеуі өсімдіктің жер асты мүшелерінің және тамырдың өсуін қатты тежейді.Бүршіктері қысқарып жұқарады да жапырақтары мерзімінен бұрын түседі:Гүлінің саны тез азайып, жас жапырақтар солғын түске , ал кәрілері хлороз ауруына ұшырайды К.П.Магницскийдің пайымдауы бойынша , Р жетіспесе жапырақтардағы қанттың мөлшері көбейеді, ол антоциан пигментінің көбеюіне әкеліп соғады, антоциан жапырақтарға солғын түс береді. Жапырақтардың солғын болуы, Р жетіспегендігінің ең басты белгісі, бірақ диогностикада оны қолдану үшін абай болу керек, себебі мұндай түс басқада әсерлерден туындауы мүмкін.
Калий (К) жетіспеуінің белгілері. Өсімдіктерде калий жетіспесе, синтез процестері нашарлайды, көмірсу құрамы төмендейді әсіресе сахароза мен крахмалдың, жапырақтардағы пластикалық заттардың ағымы баяулайды және тынысалу кезінде көмірсу шығыны көп болады. Егер сіңірілетін ерітіндіде кальций мен магнидің, аммонидің мөлшері көп болса, онда да К жетіспеушілігі байқалады. К –дің органикалық заттармен тығыз байланысы жоқ және төменгі қартайған жапырақтардан жоғарғы жас жапырақтарға қарай қозғала алмайды.Сондықтанң К жетіспеуі алдымен төменгі жапырақтардан көрінеді. Егер сіңірілетін ерітіндіде К аз болса, қызанақтар өте баяу өседі, өсімдіктер аласа және әлсіз болады.Жас жапырақтарға ұсақ әжімдер түседі, ал кәрілері алғашында сұр кейін шеттері сарғылт-жасыл түстенеді.Түсінің өзгеруі жапырақтын шетінен ортасына қарай жүреді.
Зақымдалған жапырақтын бөліктері кейде, қызғылт-сары түске айналады.Қызанақтын сабақтары қатайып ағаштанады.Қияр өсімдігіне К жетіспесе жапырақтарының шеттері шіриді, төменгі жапырақтарына хлороз түседі.
Магний жетіспеуінің белгілері.Сіңірілетін ерітіндіде магний жетіспесе, өсімдіктерде хлороз пайда болады.Ол кезе өсімдіктердін жапырағы қошқыл түстеніп-сағақ аралығындағы бөліктері түссізденіп ,ал сағақ шетінде өзінің түсі сақталады: Бұл құбылыс дақты-хлороз деп аталады.
Магний төмменгі қартайған жапырақтардан жоғарғы жас жапырақтарға яғни хлорофилл түзілу процесі үздіксіз жүріп жатқан жерге оңайлықпен жылжий алады.Оның ағысы алдымен жапырақтын өткізгіш шоқтарынан басталады, бұл магнеийлік хлоразға әкеліп соғады.Ұлпалардың түсінің өзгеруі өсімдіктің түріне байланысты
Кальций жетіспеудің белгілері.
Кальций жетіспесе өсімдіктер хлрозға ұшырйды.жоғарғы жапырақтар түссізденеді, төбе бүршіктер қоңыр немесе қара түске айналып өледі.Тамыр қысқарады және жуандайды.
Егер ертінді де Са аз болса, қызанақтың жоғарғы жапырақтар түссізденеді, ал төменгілері түсін сақтайды,төбе бүршіктері өледі.Жылыжайдағы өсімдіктердің төбе бүршігінің өлуінің басты белгісі Са жетіспеуі.
Темір жетіспеуінің белгісі.
Сіңірлетін ерітінді де Ғе жетіспеуі,жас жапырақтардың хлорозына әкеліп соғады.Жоғары жапырақтар түссізденеді.Ол әуелі өткізгіш шоқтпрдан басталады.кейін сарғаяды немесе бүкіл жапырақ ағарады.Кәрі жапырақтар өзінің бұрынғы түсін сақтайды.Ғе өте қатты жетіспесе, жпырақтың ұшы немесе шеті күйеді.
Егер ертінді де Са-дің концентрациясы жоғары болса, Ғе жетіспеуі байқалалады,ерітіндінің еріткіш қасиеті болады.Фосфролық қоректенудің жоғарлығы және калийдің жетіспеуі де,Ғе жетіспеушілігін тудырады.
Марганец жетіспеудің белгілері.
Марганец жетіспеуі жапырақ хлорозынан байқалады.Өте көп жетіспесе жапырақ түгелдей түссізденеді.Өткізгіш шоқтарында майда қара дақтар пайда болады,олар әсіресе жапырақтың үстіңгі бетінде көп болады.Қатты жетіспесе барлық өсімдіктер қоңыр және сары түске боялады,ал әсіресе жас жапырақтар оралып қалады.
Бор жетіспеудің белгілері.Төбе бүршіктері өледі.өркендері және жапырақтары қалыпт түсін жоғалтады.Буынаралықтары қысқарады,бүршіктерінің ұшында жапырақ пайда болып,олар жетілмеген оралған болады.Жемісі қалыпты жағдйдан ауытқиды.
Мыс жетіспеудің белгілері. Мыс жетіспесе жапырақтар хлорозға ұшырап,тургор қысымын жоғалтады, солады,түйіндеуі мен жеміс беруі кешеуілдейді.
Мыс жетіспеудің белгілері өсімдітердің жас жапырақтарынан байқалады.Ыстық күндерідегі жоғарғы температура,жылыжайдағыөсімдіктерге мыс жетіспеуін арттрады.Ұзақ уақыт азотпен қоректендіруі де мыс жетіспеуін жоғарылатады.
Цинк жетіспеудің белгілері. Цинк жетіспесе жапырақтар хлорозға ұшырап, жас жапырақтар өте майда болып,тікенмен немесе қабықпен қапталады.Хлорлы ұлпа түссізденеді және мөлдір болады.
Молибден жетіспеудің белгілері.Азот алмасудың бұзылуы нәтижесінде жапырақтардың жасыл түсі өзгереді.Жетіліп келе жатқан жапырақтар алғаш жасыл,өсе келе түсі өзгереді.Хлорлы ұлпа түрленіп,жапырқтарының шеті ішке қолбырылады. . [13].
Жапырақтарының түсінің өзгеруі жоғары аталған жағдайларда ғана емес,сонмен қатар ылғал және өсімдіктердің ауру жапырақтарының түсінің өзгеруі жоғары аталған жағдайларда ғана емес,сонмен қатар ылғал және өсімдіктердің ауруға ұшырауында,зиянкестермен зақымдалғанда да болады.
3.2.Өстік мүшелердің химиялық құрамына қарап,өсімдітердің қоректенуін қадағалау.
Минералдық элементтердің жетіспеуі немесе шамадан тыс көп болуы,сонымен қатар олармен улану,бір-бірімен өте ұқсас.Мысалы,азот,күкірт,фосфор жетіспеуінің белгілері бірдей;жалпы жапырақтар сарғаяды,бабының өсуі тежеледі.Демек,дұрыс диагноз жасаумен қатар,анлиз де ерек,күкірт көп болса,азот жетіспеуі, азот көп болса, күкірт жетіспеуі байқалады.Егер азот жетіспегенен жапырақтар сарғайып,бүршіктер үсісе,жапырақтафосфордың көп болғаны және керісінше,өсімдіктерде фосфор жетпесе,жапырақтарда азот көп жиналады. . [11].
Жапырақ хлорорзы және майдалануы минералдық қоректенудің бұзылуынан емкс,кейбір вирустық аурулардан,тамырдың зақымдануынан,төменгі температурадан болуы мүмкін.
Жапырақ анализі ,хлороздың нақты себебін анықтай алады.
Химиялық анализ,өсімдіктің қоректік элементтерді шығаруы мен өнімділігінің арасындағы тығыз байланысқанегізделеді.Өсімдік жасушасында жасуша шырынының көп болған кезінде ғана ,мол өнім алуға болады.Бірақ химиялық анализ өнімдерін қолдану,түрлі факторлардың әсерлерінен қиындайды;мәдени түрі,өсімдіктің жасы,сыртқы орта жағдайлары. Сыртқы орта жағдайлары. Түрлі элементтердің қоректенуіне үлкен әсер етеді.Температураның 10-20 0 С дейін төмендеуінен өсімдіктегі азот,магний ,әсіресе фтор көлемі төмендейді.
Жапырақ анализі-өсімдіктің топырақсыз жағдайда қоректенуін қадағалаудан кейін үлкен маңызға ие болып қалады.
Жапырақтың химиялық анализі-қоректену жағдайын және қоректік элементтермен қамтамасыз ентуін көрсетеді.
Химиялық анализдің қортындыларын өсімдіктің қоректенуіне, яғни төменгі шекара құрамы мен минимальді концентрациясына қарап бағалайды.Бірақ,өнімнің жоғары болуы,элементтердің жеткілікті болуынан счипатала бермейді.
Сондықтан өнімнің жоғарғы болуын қадағалайтындай қоректік заттардың минимальді концентрациясын нақтылау керек.
Қиярды және қызандағы қоректік заттардың қалыпты жағдайын Э.Алиев және басқалар бекіткен.
Анализдің мағынасы мен формалары.
Анализдің 2 түрі бар.,жапырақ және өсімдік.Жас өркендерде органикалық емес қосылыстарды анықтау және элементтер жал құрамын орнату.
Осы сияқты өзгерістерге;жапрақтарының күннен күюі,жемістерінің төбесінен шіруі жылусүйгіш өсімдіктердің температураның төмендеуінен үсуі,т.б жатады.
Қияр жапырақтарының күюі,бұлыңғыр ауа райына жылдам өзгеруден,жылыжайдағы жоғары темпе,ратураның әсерінен болады.Жас жапырақтр ашық түстеніп,шетінде кепкен қабыршақтар пайда болады,жапырақ сарғаяды.Кәрі жапырақтртардың шетінің кебуі,бор жетіспегеннен жапырақтарының қолбырауына ұқсас болады.
Эдема немесе водянка (сусыздану),қызан өсімдігінде ерте көктемде немесе қыста,жарық жетпегенде,ылғал шамадан тыс және температура жоғарлағанда байқалады.
Н.А.Смугнов бойынша,жылыжайдағы қияр өсімдігі температура 8-10 0 С төмендегенде солады.Қажетмөлшерде ылғал жетпесе,қызанның жемістерінің төбесі шіриді,жапырақтары қошқыл-жасыл болып төменге салбырайды.
Қызан және қияр жапырақтары ылғал жетпесе ашық-жасыл түстенеді,ол азот жетіспегенде де солай болады.Жапырақтарының күюі,алдымен жасыл,кейін көптеген дақтары түрінде байқалады.Жас жапырақтар күйікке жиі ұшырайды,ал ертінді де тұздардың концентрациясының жоғары деңгейде болуынан.
Сондықтан өсімдіктерде қоректік заттардың жетпеуін,сыртқы пішініне қарап анықтағанда,оны дәлелдеп және нақтылау керек.Бұдан гөрі өсімдіктерге химиялық анализ жасаған тиімді.
Элементтердің жалпы құрамын, өсімдік-ң құрғақ және сулы кезенде анықтайды. Бірақ құрғақ кезенді N пен S анықтауға болмайды. Сондықтан сулы әдіс арқылы жүргізеді және алынған нәтижеден, N, P, K, Ca, Mg, Na, S жене F анықтайды.
Органикалық емес формалардың құрамын анықтау, қарапайым және тез. Сызындыны 2% сірке қышқылының ерітіндісінде және морганның ацеттатты ертіндісінде дайындайды.
Сығындындыны активтелген көмірмен түссіздендіреді.
Материалды механикалық ұсақтағышпен ұсақтайды.Сығындыны жас өсімдіктен дайындайды,экстрагирлеитін ертіндінісімен қатынасы1:20 болуы керек.Одан органикалық емес қосылыстардың құрамы анықтайды; нитратты ,азотты,Ғ,Сl ,Мg Nа. және Ca . Химиялық анализге төменгі жапырақтарды қолданады,өсуін тоқтатақан, бірақ физиологиялық активтелетін қоректену жағдайын жас жапырақтардан гөрі,кәрі жапырақтарықтарынан анықтайды.Бірақ, Са мен В жетіспесе қорытнды басқаш болып шығуы мүмкін. .



Қорытынды
Көкөністің жаңа піскен өнім алудың негізгі көзі оны маусымнан тыс мезгілде қысқы жылыжайларда өсіру болып табылады. Маусымнаң тыс уақытта өсірілетін қызанақ өндірісін үлғайту оның өнімділігін арттыру арқылы мүмкін болады. Көкөніс өнімін молайтудағы ең маңызды мәселе - көкөністің сортын немесе буданын дұрыс таңдай білу. Қысқы-көктемгі уақытга қысқы жылыжайларда көкөністін ерте және орташа мерзімде пісетін сорттары мен будан¬дарын өсіру қажет.
Жылыжай (теплица) жылу сүйетін жидек және көкөніс дақылдарын өсіруге арналады. Жылыжайда тәулік бойына температура мен ылғалдылықтың ауытқуы шамалы болатан белгілі бір микроклимат сақталады. Мұндай жағдайды жылыту мен желдетуді дұрыс ұйымдастырғанда ғана жасауға болады. Жылыжай күн сәулесімен биологиялық (биологиялық отынның жылуы есебінен) және техникалық жолмен (ыстық су, бу, электр т. б.) жылытылады. Ол табиғи жолмен де (форточка немесе фрамуга арқылы) немесе қолдан да желдетілін тұруы мүмкін.
Көкөніс өсірілетін қысқы жылыжайларда (қараша, желтоқсан, қаңтар айларында) негізгі және қосымша стеллаждардың барлық көлемі және стеллаж астындағы топырақтарға жарықты көп тілемейтін көк дақылдар егілгені жөн. Бұл кезде көк сабақты пияз өсіріледі, петрушка балдыр көк (тамыр жемістілерден атқұлақтың көк жапырағы), тамыр сабақтылардан күзде парниктерде әзірлеген көшеттер, салат өсіріледі. Қаңтардың бас кезінен бастап жарық жақсы түсетін стеллаждарда (жарықты қолдан берсе тіпті жақсы) қияр мен помидордың көшеттері өсіріле бастайды, бұларды жылыжайларда ақпанда отырғызады.
Қызанақтың піскені екі түрлі жолмен анықталады. Егістік жердегі қызанақтар негізінен толық қызарып піседі. Алайда шала қызарып пісетін қызанда бар. Оларға сарғыш, қызыл түсті қызанда жатады. Мұндай пісу толық пісу емес. Бір түптен 2-3 түйір қызанда ғана осындай болып пісуі мүмкін. Қалғаны жасыл күйінде тұрады. Толық қызарып піскен жемісті қолмен ұстап көргенде бостау болып білінеді. Бұл толық піскені.
Қоректік заттардың жетіспеі өсімдіктін морфалогиясынан құрылымынан және оның жапырақтарынан басқа да мүшелерінен көрінеді.Осының нәтижесінде өсімдіктің түсі, пішіні, көлемі, жапырақтарының түсі және олардың өркен бойында орналасуы өзгереді. Диогностиканың визуальды әдісі ең қарапайым және арзан болып саналады, бірақ нақты емес.
Қызанақтар мен қиярлар жер бетіне көктеп шыққаннан кейін өсіп, дамып жетілем дегенше оларды әр түрлі аурулар мен зиянды жәндіктер зарарлайды. Ал залалданған өсімдіктің өнімділігі 10-40 процентке дейін кемиді. Сондықтан өсімдіктер залалданбай тұрғанда алдын ала күрес шараларын ұйымдастыру керек. Ол үшін қызанақ мен қиярға қандай ауру түрлері қалай жұғатынын және оларға қарсы күресу шараларын жақсы білген жөн.


Пайдаланған әдебиеттер
1. Влякин А.И, Горский.Г.Ю,Гребник Ф.С,Мирнов М.А.Строительство теплиц,парников и хранилищ для овощей.-М.-1970.
2. Д.Әбілов.Помидор мен қияр өсіру. «Қайнар»баспасы-1971.
3. Д.Д Крылова,Э.А.Алиев,М.А.Буц.Выращивание овощей в гидропонных теплицах. «Урожай»баспасы-1977.
4. К.Бекетт.Растения под стеклом.М. «Мир»баспасы-1986.
5. Л.В.Назаринов.Теплица в приусадебном хозястве. Москва. 1987. б5-29.
6. С.А.Бабаев.Г.С. Құсайынова. Қазақстанның қысқы жылыжайларында өсірілетін қызанақ өнімділігі. //Жаршы//-2007. №1. Б.96.
7. А.Кәрентаев. Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы 1991-2006 жылдарда.Тараз-2006.
8. Т.Е.Айтбаев,В.Н.Лукьянец. Қазақстанда көкөніс және бақша дақылдарының тектік қорын қалыптастыру. 2005 №11. Б.96.
9. Т.Е.Айтбаев.Көкөніс ауыспалы егістіктеріндегі топырақ құнарлығына тыңайтқыштардың әсері. //Жаршы// 2005.б 41-48.
10. Ш.Ш Бекенова.Қияр дақылдарының қоректену жүйесіне байланысты өнімділігі.
11. С.Б.Кененбаев, .Ш.Ш Бекенова. Ауыспалы егістіктерде тыңайтқыштарды қолдану. //Жаршы//-2006. б 41-48.
12. Н.А.Филатов. «Справочник молодого овощевода»Москва 1963 239с.
13. Пособие овощевода семеноведу. Москва «Колос» 1966 г. 214 с.
14. Г.Д.Жасыбаева. Басты пияз селекциясында биотехнологиялық әдістерді қолданудың болашағы // Жаршы 12/2001 ж.
Категория: Биология | Добавил: Айгуля1596
Просмотров: 2118 | Загрузок: 120 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.3/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2016-12-04, 7:19 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [165]
Педагогика [291]
Математика [775]
Физика [242]
История [335]
Классному руководителю [518]
Русский язык и литература [696]
Физическая культура [200]
Английский язык [408]
Искусство [181]
Родительский совет [14]
Биология [319]
Информатика [365]
Начальная школа [1871]
Мой Казахстан [237]
Технология [126]
Самопознание [170]
Технология труда [49]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [40]
Профессиональное образование [155]
Дошколенок [462]
География [129]
Школьная библиотека [48]
Казахский язык и литература [542]
Химия [33]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru