Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Биология

сыныптан тыс шара
2015-01-08, 1:55 PM
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудангы
Казанка селосы
Казанка орта мектебі
Биология пәні мұғалімі
Бельгибаева Майраш Байжановна

Сыныптан тыс шара. 6-7 комплект сынып
Сабақтың тақырыбы: «Өсімдік - өмір сәні, өмір нәрі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың,ойын арқылы, биология пәніне қызығушылығын оята отырып,
«Жасуша құрылысы», « Өсімдіктер, олардың мүшелері» тарауларынан алған
білімдерін тиянақтау, биология пәнінен алған білімдерін нақтылау,еске түсіру,
естерінде қалдыру;
Дамытушылық: күнделікті өмірде өсімдіктің алар орны мен маңызын терең түсіндіру;
Тәрбиелік: экологиялық және эстетикалық тәрбие беру;
Сабақтың түрі: ойын, сайыс, шығармашылық
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, топпен жұмыс, АҚТ-ны қолдану, ой қозғау, тестілеу, полиглот,
суреттеу.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, тест тапсырмалары, интерактивті тақта, слайдтар.
«Бір тал кессең, он тал ек»
«Дала көктен шығады, дәрі шөптен шығады»
«Өсімдік - өмір кілті»
«Сенің денеңнің қуаты, өсімдіктің шырынында»
Мүғалім: Хош келдіңіздер, ұстаздар мен оқушылар! Қазақ халқының ғұлама жазушысы М.Әуезов «Халықпен халықты, адаммен адамды теңестіретін нәрсе – білім» деген екен. Қазіргі таңда жас Қазақстан Республикасына білімді де, білікті жастар қажет. Бүгінгі «Өсімдік-өмір сәні, өмір нәрі» атты сайысымызда 6-7 сынып оқушылары өз білімдерін сынға салады. Биология пәнінен алған білімдеріңді, қосымша өздері оқыған материалдардан білгендерін бүгін ортаға салмақшы. Ендеше оларға сәт сапар тілейміз!
Сайысымызды бастар алдында біздің сайысымызда әділ қазылар төрелік ететінін ескерте отырып, таныстырып өтелік.
Бүгінгі сайысымыздың бөлімдерімен танысып өтсек:
I. Бәйге
II. «Кім білгір?»
III. Полиглот
IV. Ғажайып биология
V. Мен қай өсімдікпін?
VI. Қиял ғажайыптар әлемінде
Алдымен ортаға бүгінгі сайысымызға қатысушыларды ортаға шақырайық:
І топ: « » ІІ топ: « »
Көңілді тапқыштар, білімділер,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Танысу: «Сәлем сөздің анасы»
Дейтін қазақ данасы.
Сәлемдесіп, танысып,
Сайысымызды бастайық.
Екі топтың топбасшылары топтарын таныстырады.
І тур: «БӘЙГЕ»
Қазақпыз ғой бәйге десе қозатын,
Қосатұғын күрең атын, боз атын.
Басталады «Бәйге» атты жарысың,
Шықсын шәкірт шыңдарға қол созатын.
(Тез жауап беріліуі керек . Әр дұрыс жауап 1 баллмен есептеледі)
1 Өсімдіктерді зерттейтін ғылым.\Ботаника\
2 Қазақстанның қызыл кітабы қашан шықты? . \ 1981 жылы\
3. Қазақстанда қанша қорық бар? . \10 \
4 Өсімдіктің өсім мүшелерін ата.\ тамыр, сабақ, жапырақ\
5 Өсімдіктің көбею мүшелері . \ гүл, жеміс, тұқым\
6 Жасушаны ашқан ғылым . \ Роберт Гук \
7 Тек өсімдік жасушасына тән денешік . \ пластид \
8 Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы \ ұлпа\
9 Қарашірік, шымтезек қандай тыңайтқыштарға жатады \органикалық\
10 Тамыр шығу тегіне байланысты нешеге бөлінеді, оларды ата \3- ке негізгі, жарнама ,қосалқы\
11 Бір жыл ішінде пайда болған сүрек қабаты \жылдық сақина \
12 Күн гүлі деп аталатын өсімдік \ күнбағыс \
13 Ең ірі жеміс \ асқабақ \
14 Фотосинтез процесін ашқан ғылым \ Тимирязев \
15 Жапырақтары түгелдей тікенге айналған өсімдік \ кактус \
16 Жарықта өсімдік жапырағынада жүретін проссесс \ фотосинтез\
17 Түрі өзгерген жер асты өркендері \ тамырсабақ , түйнек , пиязшық \
18 Тамыр жүйесінің түрлері \кіндік, шашақ, аралас\
19 Бидайдың жемісі не деп аталады \ дәнек \
20 Бір гүлде аталық пен аналықтың болуы \ қос жынысты/
ІІ тур «Кім білгір? » (1 балл) (тест жұмысы )
1. Өсімдіктің көбею мүшелері
а) тамыр ә) жапырақ б) сабақ в) гүл, жеміс
2.Тұқымның ішіндегі қор заты:
а) ұрық ә) тамырша б) эндосперм в) тұқым жарнағы
3. Бұл тамыр жүйесінде негізгі тамыр өте жақсы дамыған:
а) шашақ ә) кіндік б) жанама в) аралас

4. Тамырдың қай аймағы суды және суда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің жер үсті мүшелеріне тасымалдайды:
а) сору аймағы ә) өткізу аймағы б) өсу аймағы в) бөліну аймағы
5. Дүние жүзінде ағаштардың ең көп түрі өсетін аймақ
а) Солтүстік Америка ә) Оңтүстік Америка б) Евразия в) Австралия
6. Қабықтан кейін орналасатын қабат:
а) Камбий ә) сүрек б) өзек в) тоз
7.Ең ұзақ жасайтын ағаш?
а) Қайың ә) Емен б) Қарағай в) Шырша
8.Күн баласы атанған өсімдік
а) күн бағыс ә) мақта б) күріш в) тары
9. Мұртшалар арқылы қандай өсімдік көбейеді:
а) құлпынай ә) сарамсақ б) ирис в) таңқурай
10.Жидек жемісті өсімдік?
а) қауын ә) шие б) қарақат в) өрік

ІІІ тур «Полиглот»(дұрыс жауап 1 балл)
Ұлылардың ұрпағымыз кешегі,
Ой қалдырған, сөз қалдырған еселі.
«Полигот» сайысына қатысып ,
Жұмбақтарды үш тілде кім шешеді?
1 Өсімдіктің жер асты мүшесі \ тамыр - корень – root \
2 Ең ірі жеміс \ асқабақ - тыква - pumpkin \
3 Өсімдіктің қай мүшесі ( жасыл асхана ) деп аталады?( жапырақ – лист - letter)
4. Өсімдіктің бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінетін бөлімі (сабақ-стебель- stalk)
5. Көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, қысқарған өркен
(гүл-цветок- flower)
6. Мәңгі жасыл ағаш (шырша - ель- spruce)
Ұзын мұртты сарылар, Бойы бір қарыс,
Қойнында наны бар. /Бидай, пшеница, grain/. Сақалы екі қарыс. /Жүгері, кукуруза/.
maize, corn/
Ояғы тау, бұяғы тау, Қалың киімді ұнатады,
Ортасында бұжыр тау. /Жаңғақ, орех, nut/. Шешіндірсең жылатады. /Пияз, лук, onion/.

Үстіне тігіп көк шатыр ,
Астында қызғылт дәу жатыр . /Қызылша, свекла, beetroot/

Жер астында қызыл қыз отыр. /Сәбіз, морковь, carrot/. Қалтырап жап-жалаңаш,
Тұрғанда терек, қарағаш.
Аласа ғана бойы бар, Көк желегін жамылып,
Қабат-қабат тоны бар. Құлпырар қыста қай ағаш./Қарағай, сосна/.
/орамжапырақ, капуста, cabbage/. dur-tree/

ІV тур «Ғажайып биология»
Биологиялық диктант
1. Өсімдікке жасыл түс беріп, фотосинтез процесіне қатысатын жасыл пигмент-4 . Хлорофилл бар.
2. Цитоплазма ішіндегі шырынға толы, сыртында қабықшасы бар қуысты 6. Вакуоль дейді.
3. Жасуша 8. Тыныс алады, қоректенеді, өседі .
4. Сабаққа жапырақ бекінетін жіңішке бөлігі 1. Сағағы деп аталады.
5. Цитоплазма ішінде ерекше оқшауланып тұратын тығыз дене - 3 . Ядро .
6. Өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін бір-бірімен жалғастырып тұратын орталық тірек-10 Сабақ
7. 2 . Цитоплазма жасуша ішінде болатын жұмыртқа ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы, қоймалжың зат.
8. Өсімдіктерді топырақсыз өсіру 7 .Гидропоника деп аталады.
9. 5.Шашақ .тамыр жүйесінде негізгі тамыр болмайды немесе нашар дамып жуандамай, басқа тамырлармен бірдей өседі.
10. Хромопласт гүл күлтелеріне, піскен жемістерге, жемтамырларға 9. қызыл,сары түс береді.


V. Мен қай өсімдікпін?(дұрыс жауап 1 балл)
* Мен Жорарта теңізінде дүниеге келдім. Мен әртүрлі боламын. Көбінесе Иранда, Жерорта теңізі, Каспий теңізінде жағалауында, Индия мен Қытайда кездесемін. Жемтамырымда өте көп қант бар, оны ешкім білген жоқ. 1747 жылы неміс химигі Маркграф менің құрамымда қант барын тапты, ал 1799 жылы Франц Ахард бірінші рет бірнеше кг қант алды. Одан әрі Ресейге өткізді. Мен қазіргі уақытта сұранысы жағынан үшінші орындамын. Тыныштандыратын дәрі ретінде балалардың жүйке жүйесіне пайдаланыламын (Қызылша)
* Менің Отаным Индия. Арабша бадиншаш, баданжан деп атайды. Ерте кезде өте ащы болғанмын. Мені ешкім жей алмады. Пісірілген күйімде арабтар тіс ауырғанда емдеу кезінде пайдаланды. Еуропаға 16 ғасырдың аяғында келдім. Мені бағалау үшін 300 жыл керек болды. (Баклажан)
* Мен Азияда тудым, бірақ Еуропа мен Африкада тұрамын. Орта ғасырларда мен ібатырлар кеуделеріне тұмар ғып жүрген, өйткені мен әр түрлі оқтан, садақтың оғынан қорғап жүргенмін. Тіс ауырғанда пайдаланады мені.Өзіме тән исім бар. С дәруменінің көзімін, сондықтан тұмаумен ауырған кезде пайдаланасын мені. (Сарымсақ)
* Менің шыққан жерім — Оңтүстік Америка, мен Россияға келуім Петрдің есіміне байланысты. Ол мені Роттердамнан әкеліп, барлық облыстарға таратуға нұсқау берді, бірақ тұрмысқа аса қиындықпен ендім, 18 ғасырдың екінші жартысында мені кеңінен өсіре бастады. Мен бағалы түйнекті өсімдік ретінде даңққа тез ие болдым. Түйнектерімнің формалары сопақша, дөңгелектеу, ұзынша болып келеді. Сыртында қабағы бар. Ал түсі ақ, қызғылт, алқызыл, сары, көк болады. (Картоп)

VII. Қиял ғажайыптар әлемінде
Жоспар бойынша 5 минутта бір жеміс немесе көкөніс туралы қияли шытырман оқиға құрастыру керек Жоспар
1. Аты.
2. Суреті (Параққа салынады)
3. Қайда өседі.
4. Несімен пайдалы.

Мүғалім: Бүгінгі білімділер сайысы өз мәресіне жетті. Олай болса сайыстың қортындысын шығарып, жеңімпаздарды анықтау үшін ортаға әділ қазыларды шақырамыз.

Білім – теңіз, мектепті кеме дейміз
Білім мен тәрбиені егіз неге дейміз
Әдемі мен тәлімі үндесетін
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір күрес, жеткіземе мұратың
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Жүргізуші: Қош демейміз әлі талай сайыс бар
Өнерлерің өрлей берсін қайыспаңдар
Ойлы орта кеңейсін күннен күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар.
Бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше достар!!!
Категория: Биология | Добавил: Казанка
Просмотров: 2763 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 4:09 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru