Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Биология

Асқорыту мүшелерінің құрылысы. Ауыз қуысында астың қорытылуы.
[ Скачать с сервера (22.6 Kb) ] 2015-01-20, 7:42 AM
Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы
«№3 нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат»КММ
химия-биология мұғалімі Мұхамедқалымқызы Айнұр

Сабақ жоспары
8-сынып
Тақырыбы: Асқорыту мүшелерінің құрылысы. Ауыз қуысында астың қорытылуы.
Сабақ мақсаты: Асқорыту мүшелерінің құрылысы және қызметімен танысу, адам ағзасы үшін маңызына және зат алмасуда алатын орнына тоқталу.
Сабақ міндеті:
Білімділік: Асқорытудың адам ағзасы үшін маңызы туралы түсінік қалыптастыру.Ағзалардың барлығының бір-бірімен байланысын айту.
Дамытушылық: Пәнаралық байланыс арқылы пәнге деген қызығушылықты арттыру. Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім, білік, дағыдысын қалыптастыру және өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
Тәрбиелік: Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Коррекциялық: көру қабілетіндегі кемшіліктерді түзету
Сабақ типі : жаңа сабақ.
Сабақ түрі: дәстүрлі емес
Әдістері: сатылай кешенді талдау.
Көрнекіліктер: кеспе қағаздар, мақал-мәтелдер, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: химия, валеология, әдебиет.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Ой қозғау.
III. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.
IV. Бекіту.
V. Үйге тапсырма.
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Ой қозғау. Өткен тақырыпты еске түсіру.
1. Адам пайдаланатын тағам құрамында ғы органикалық заттарға не жатады?
2. Адам ағзасы үшін нәруыздың тәуліктік мөлшері қанша?
3. Тағамдық заттар қандай қызмет атқарады?
4. Ұлттық тағамдарды атаңдар.
5. Ас тұзының тәуліктік мөлшері қанша болу керек?
6. Ағзаға су мен витаминдер не үшін қажет? Олады ағза қайдан алады?
7. Нәруыз қандай тағамдардың құрамында көп болады?
III. Жаңа білімді меңгерту кезеңі:
Тақырыпта оқушының түсінігі үшін есте сақтауына арналған түрлі-түсті суреттер, сызбанұсқалар мен кестелер берілген.
Жұмбақтарды шешу.
1. Бір таудың алпыс екі саласы бар,
Он екі жанында қаласы бар.
Бау –бақша, түрлі өсімдіктер,
Барлығын билеп тұрған анасы бар.
(адамның 62 тамыры 12 мүшесі)
2. Қызыл түлкі ықпайды,
Өзінінен шықпайды.
(тіл)
3. 32 қайрақ,
Бірін-бірі шыңдайды.
(тіс)
Оқушылардың өткен сабақ бойынша қызығуын ояту. Денсаулық – өмірдің негізі, ал білім ақыл ойдың дамуы. Адам денені сау болып қалыптасуы үшін салауатты өмір сүруі қажет.
Адам организмнің қалыпты өсіп, дамуы мен тіршілік әрекеті үшін ең негізгі жағдай – дұрыс тамақтану. Олай болса бүгінгі сабағымызда ас қорыту мүшелеріне тоқталамыз.Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын жануарлардың ас қорыту мүшелерін есімізге түсірейік. Себебі, адамның ас қорыту мүшелерімен жануарлардың ас қорыту мүшелерінің құрылысы ұқсас болып келеді.
Оқушылардың өздеріне оқуға 10 минут беріледі. Сынып оқушыларын 4 топқа бөлінді де тақырыптар бөліп берілді. Әр топ өз тақырыбына дайындалып, арасынан бірнеше лидер шығып, тақырыпты түсіндіреді. Тақтаға әр топтан кезек-кезек оқушыдан шығып, бүгінгі тақырыпты түсіндіріп шығады. Бір-біріне сұрақ қояды. Интерактивті тақта бойынша түсіндіреді.
1- слайд. Жануарлардың ас қорыту мүшелері суреті берілді. Кесте бойынша оқушылардан нөмірленген мүшелердің аты және атқаратын қызметі сұралды.
2- слайд. Кесте бойынша жыртқыш жануарлардың тістерінің түрлері мен ерекшеліктері сұралды.
3- слайд. Адам ағзасы мен жануарлар ағзасының ас қорыту жүйесі салыстырмалы түрде сұралды.
4- слайд. Оқушылар интерактивті тақтамен жұмыс істеп, ағзалардың ұқсас екенін, олардың бірдей қызмет атқаратынын баяндады.
5- слайд. «Ас қорыту мүшелері» суреттері беріліп, муляждар көрсетіледі.
6- слайд. Тістің құрылысы. Бір оқушы стомотолог роліне ойнайды, оқушылар оған сұрақтар қояды. Ал екінші оқушы тіске байланысты жазған эссесін оқиды.
7- слайд. Тілдің құрылысы.
8- слайд. Сілекей бездері.
9- слайд. Тамақтың өңештен өтуі.
10- слайд. Асқазанның құрылысы.
11- слайд. Бауыр.
12- слайд. Аш ішек.
13- слайд. Тоқ ішектің құрылысын, суреттерін көрсете отырып, жаңа сабақты түсіндірді.
Сабақты қорытындылай келе оқушылардың не үйренгенін, нені еске сақтағанын білу үшін әрбір ас қорыту мүшесінен сұрақтар қойдым.
1. Ас қорыту мүшелерін атаңыз?
2. Асқазанның құрылысы қандай?
3. Аш ішектегі бүрлердің қызметі қандай?
4. Тамақтың сіңуі қай бөлімде аяқталады?
14-слайд. Ас қорыту мүшелерін дұрыс орналастырайық. Оқушылар интерактивті тақтамен жұмыс істейді.


Сабақ аяғында ас қорыту мүшелеріне, дұрыс тамақтану, тіс құрылысына байланысты 10 мин. видео ролик көрсетілді. Видео ролик көрсету барысында мұғалім ас қорыту мүшелеріне байланысты қызықты мәліметтер айтылып, оқушылармен сұхбат әңгіме жүргізілді.
IV. Бекіту.
1. Адамда ас қорыту жолының ұзындығы?
2. Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан?
3. Ас қорыту және тыныс жолдары қай жерде қиылысады?
4. Ас қорыту жолында асқазаннан кейін не орналасады?
5. Тоқ ішектің бөлімдері?
6. Аш ішек бөлімдері?
7. Неге тісті тірі ағза дейді?
8. Тістің қандай бөлімін білесіңдер?
9. Тістің құрылысы неден тұрады?
10. Алғашқы тіс қашан шығыды?
V.Үйге тапсырма
§45 - §46 оқу
Категория: Биология | Добавил: анарка
Просмотров: 1210 | Загрузок: 20 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 12:05 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru