Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Информатика

Сырғымалы жолдарды ұйымдастыру
[ Скачать с сервера (512.1 Kb) ] 2014-01-31, 9:54 PM
Ақтөбе облысы
Мұғалжар ауданы
Ембі қаласы
"Ембі қызмет көрсету саласы колледжі" МКҚК
Космагамбетова Молдир Бериковна (информатика және арнаулы пән оқытушысы)
Сабақтың тақырыбы: Лабораториялық жұмыс №9. Сырғымалы жолдарды ұйымдастыру
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушылардың теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, пысықтау,сырғымалы жолдарды ұйымдастыра білуге үйрету;
ә) дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін, арттыру;
б) тәрбиелік: оқушыларды компьютерлік сауаттылыққа, ізденімпаздыққа, бәсекелестікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: лабораториялық жұмыс
Сабақтың әдісі: өз бетімен жұмыс, сұрақ – жауап, тест
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, экономика
Сабақтың құрал – жабдықтары/көрнекіліктері: дербес компьютер, интерактивті тақта, презентация, бағалау парағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
а) оқушылармен амандасу, түгелдеу;
ә) класс тазалығына көңіл бөлу;
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
«Рика» телеарнасы Ақтөбе қаласының бірінші тәуелсіз телеарнасы 1990 жылдың 12 желтоқсанында құрылып, 1991 жылдың 31 желтоқсанынан бастап жұмыс істей бастады.
“Медиа – группа РИКА” жарнама агенттігі Батыс Қазақстандағы ең ірі медиа-холдингтердің бірі. Осы медиа-холдинг жастарды жұмысқа қабылдау жөнінде конкурс жариялады. Конкурс шарттарымен таныстырушы және конкурс барысын бақылаушы мен жарнама агенттігінің жарнама менеджері – Қосмағамбетова Мөлдір Берікқызымын.
Конкурс 3 кезеңнен тұрады:
1) Әңгімелесу (сұрақ – жауап);
2) Еңбек практикасы (лабораториялық жұмыс тапсырмаларын орындау);
3) Тест (тест сұрақтарына жауап беру).
Конкурстан жақсы нәтиже көрсеткен 3 білім алушы жұмысқа қабылданады. Ендеше,
іске сәт!
Оқушыларға бағалау парағы таратылады.
ІІ. Теориялық мағлұматты қайталау. «Әңгімелесу» кезеңі:
1) Html гипермәтіндік тілін қай жылы және кім ұсынды?
(1989 жылы, Тим Бернер-Ли)
2) HTML құжат құрылымы неше бөлімнен тұрады? (html тілі туралы мәліметтер; құжат тақырыбы; құжат мазмұны)
3) HTML тілінің негізгі тегтері және олардың атқаратын қызметі
4) Тег дегеніміз не?
5) Атрибут дегеніміз не?
6) ALIGN атрибутының қызметі қандай?
7) Абзацты қандай тегпен қоямыз? (<P>…</P> немесе <P>)
8) <FONT>...</FONT> тегінің атқаратын қызметі қандай? (әріптің мөлшерін, түсін және сызылымын таңдап алу үшін қолданылады)
9) Нөмірленген тізімдерді жазу үшін қолданылатын тег (<UL>…</UL>)
10) Құжатқа сурет қою қалай іске асырылады?
11) Фон түсін қандай тегтің көмегімен қоямыз?
12) Кесте құру тегі қандай?
13) Мәтін шрифтерін өзгертуге қандай тегтер қолданылады?
14) Нөмірленбеген тізімдер қалай құрылады?
15) Нөмірленген тізімдердегі “type=” атрибутының қызметі қандай?
ІІІ. Өз бетінше тапсырма. «Еңбек практикасы» кезеңі
1-тапсырма: “Медиа – группа РИКА” жарнама агенттігі» сөзін сырғымалы жол түрінде ұйымдастыру.
2-тапсырма: Төменде берілген шарттар бойынша үш сырғымалы жолдан тұратын html-құжат құру. Бірінші сырғымалы жолда: қалың қарайтылған (жирный), екінші мөлшермен, жасыл түсті әріппен жазылған өз атын; Екінші сырғымалы жолда: курсивпен ерекшеленген, төртінші мөлшермен, қызыл түсті әріппен жазылған тегін; Үшінші жолда: асты сызылған, бірінші мөлшермен, көк түсті әріппен жазылған әкесінің атын. Құжат фонының түсін өзі қалаған түске өзгерту.
3-тапсырма: Алдыңғы орындалған 2-тапсырмаға сырғымалы жолдың барлық параметрлерін (сырғымалы жол мәтінінің бағыты, сырғымалы жолдың фон түсі, жолдың сырғу бағыты, сырғымалы жолдың биіктігі және ені) қолдану.
ІҮ. Бекіту. «Тест» кезеңі.
Слайд арқылы тест сұрақтары беріледі. Оқушылардың берген жауаптары дұрыс болса фигура жасыл түске, ал дұрыс болмаса қызыл түске боялады.
1) Сырғымалы жолды ұйымдастыру тегі (<marquee>…</marquee>)
2) Сырғымалы жолдың биіктігін анықтайтын параметр (HEIGHT)
3) Cырғымалы жолдың фон түсін анықтайтын параметр (BGCOLOR)
4) Сырғымалы жолдың енін анықтайтын параметр (WIDTH)
5) Жолдың сырғу бағытын анықтайтын параметр (DIRECTION)
6) Сырғымалы жол мәтінінің қос бағытта да жылжуын қамтамасыз ететін мән (ALTERNATE)
7) Сырғымалы жолдың сырғу бағыты көрсетілмеген жағдайда, келісім бойынша қай мән іске қосылады? (LEFT)
8) Сырғымалы жол мәтінінің жылжымай тоқтап тұруын қамтамасыз ететін мән (slide)
9) BGCOLOR=“GREEN” жолы нені білдіреді? (Фон түсін)
10) BEHAVIOR=“SCROLL” жолы нені білдіреді? (Мәтіннің бір бағытта жылжуын)
Ү. Бағалау
Оқушыларды өзін-өзі бағалау парағы бойынша бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма:
1) Қайталау
Категория: Информатика | Добавил: Моня | Теги: Сырғымалы жол, ашық сабақ, HTML
Просмотров: 2557 | Загрузок: 81 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 2:38 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru