Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Информатика

MS WORD мәтіндік редакторы Смагулова Г. К
2014-04-22, 9:45 AM
Технологиялық карта
Күні ____________
Сынып: 8 сынып
Пән: информатика

Сабақтың тақырыбы: MS Word мәтіндік редакторы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға MS Word мәтіндік редакторы, оны іске қосу және ондағы элементтермен қалай жұмыс істеу керек екендігін сипаттай отырып жалпы білім беру.
Дамытушылық: Оқушыларға MS Word мәтіндік редакторы тақырыбын түсіндіре отырып, олардың Word-ты іске қосып, ондағы элементтермен дұрыс жұмыс істей алу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылар компьютермен жүмыс істеу кезінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауға, сыныпта тыныш отыруға тәрбиедеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: Аралас
Көрнекілігі: оқулық , схемалар, таратпа материалдар
Техникалық жабдықталу: ДК
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі 3 мин
II. Үй тапсырмасын тексеру 5 мин
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру 15 мин
IV. Жаңа сабақты бекіту 14 мин
V. Қорытынды 3 мин
VI. Бағалау 3 мин
VII. Үйге тапсырма 2 мин

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен амандасу, сынып тазалығын тексеру, оқушыларды түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- балалар үйге қандай тапсырма берілді? Сіздер өткен сабақтарда “Мәтіндік ақпаратты өңдеу” тарауы бойынша “Мәтіндік ақпаратты компьютерде өңдеу технодогиясы” деген тақырыпты өттіңіздер. Енді осы өткен тақырыптарыңызды дәптерді ашып қайталап алыңыздар. Қазір осы тақырып бойынша мен сіздерден тест жұмысын аламын. (1-2 мин)
Тест тапсырмасы:
1. Компьютерлік алфавит симвлодарының қандай да болсын тізбегі не деп аталады?
A. Мәтін
B. Жазу
C. Жол
2. Мәтіндік редактор пайдаланылып жасалған, ішінде алфавиттік, сандық, симвлодардан басқа, графиктік объектілермен мәтінді пішімдеу туралы басқарушы ақпараты бар файлды не деп атаймыз?
A. Мәтін
B. Мәтіндік процессор
C. Мәтіндік құжат
3. Магниттік дискіде мәтіндік құжат құруға, оны өңдеуге, құжат пішімін өзгертуге, басып шығаруға және т.б. қолдданылатынқолданбалы программа.
A. Мәтіндік редактор
B. Мәтіндік құжат
C. Мәтіндік процессор
4. Мәтіндік құжаттардың қандай түрлерін білесің?
A. Кәдімгі
B. Кестелік
C. Программалық
D. Барлығы
5. Басқа мәтіндермен графикалық, бейнелік, дыбыстық ақпаратпен мағыналық байланысын қамтитын мәтінді не деп атайды?
A. Кәдімгі мәтін
B. Кестелік мәтін
C. Гипермәтін
6. симвлодардан не құралады?
A. Сөз
B. Сөйлем
C. Жазу
7. Қандай перненні басу арқылы абзацқа түсе аламыз?
A. Shift
B. < Enter>
C. Ctrl
8. Жол мен бағанның қиылысуы нәтижесінде пайда болған объект не деп аталады?
A. Баған
B. кесте
C. Ұяшық
9. Кәдімгі мәтін қандай объектілерден тұрады?
A. Символ
B. Сөз
C. Жол, абзац, бет
D. Аталғандардың барлығы
Жауабы: А, С, А, D, C, A, B, C, D
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
- Жақсы балалар. Енді дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді және бүгінгі тақырыпты жазып қойыңдар. Бүгін біз тағы да үлкен бір тарауды бастаймыз. Дәптерлеріңізге Microsoft Word мәтіндік редакторы. Негізгі түсініктер мен әрекеттер деп жазып қойыңыздар.
- Яғни бүгін біз Microsoft Word мәтіндік редакторы дегеніміз не? Оны қалай іске қосу керек? Және оның элементтері қалай жұмыс істейді? Деген сияқты жалпы мағлұматын өтеміз.
- Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қосу үшін мынадай әрекеттерді орындаймыз. Пуск - программы - Microsoft Word (схемасын көрсету)
- Word қосымшасын іске қосқаннан кейін экранда мәтіндік редактордың стандартты терезесі пайда болады, онда құжаттың мәтінін бірден теруге болады. (суретін көрсету)
- Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жол, меню жолы, аспаптар панелі, пішімдеу панелі, сызғыш және мәтін енгізілетін терезенің жұмыс беті.
- Терезенің тақырыбында құжат атымен программаның аты көрсетіледі.
- Аспаптар панелінде ең жиі қолданылатын командаларды шақыруға арналған батырмалар бар. Қандай да бір батырманың міндетін білу үшін оған тышқанды орнатсақ, біраз уақыттан соң оның астыңғы жағында берілген батырманың қысқаша атауы көрсетілген шағын жақтау пайда болады. Батырманың атауы оның орындайтын функциясын көрсетеді.
- Терезедегі екінші панель – бұл Пішімдеу панелі. Онда да мәтінді пішімдеу командаларына жылдам шығу батырмалары бар.
- WordPad- тағы сияқты Word- та екі меңзер бар: кірістіру нүктесі және І меңзері.
- Кірістіру нүктесі – жыпықтап тұратын тік сызықша. Ол мәтінді енгізгенде символ қай жерде пайда болатынын көрсетеді.
- І меңзер – терезенің жұмыс аймағында маустың нұсқағышы І латын әріптің түрін, ал жұмыс бетінің сыртында маус нұсқағышының кәдімгі стандартты жебе түрінде болады.
IV Жаңа сабақты бекіту.
Балалар енді бгінгі сабақ бойынша мен сіздерге тапсырмалар беремін, сіздер соны компьютерге отырып орындайсыздар.
1)тапсырма: Сіздер бұл тапсырмада “Стандартты” және “Пішімдеу” аспаптары панелінің әр пиктограммасының тұсына оның міндетін жазасыңдар. Яғни компьютердегі MS Word терезесін ашып орындайсыздар.
Аспаптардың “Стандарттық” панелі



Құру
Болдырмау

Ашу
Қайталау

Сақтау
Кестелер және шекаралар

Басу
Кесте қосу

Алдын ала қарау
Excel кестесін қосу

Дұрыс жазу
Бағандар

Қиып тастау
Сурет салу

Көшірмелеу
Құжат схемасы

Кірістіру
Басылмайтын символдар

Аспаптардың “пішімдеу” панелі



Стиль
Оң жақ шеті бойынша

Қаріп
Ені бойынша

Өлшемі
Нөмірлеу

Қарайтылған
Маркерлеу

Курсив
Сыртқы шекаралар

Астын сызу
Түспен ерекшелеу

Сол жақ шеті бойынша
Қаріп түсі

Центрі бойынша

V. Қорытынды
Осымен балалар біз бүгін MS Word мәтіндік редакторы тақырыбын өттік. Оның терезе элементтерін жаңа өздеріңіз байқап көріп, олардың қандай қызмет атқаратынын білдіңдер. Енді бүгінгі сабақбойынша түсінбеген жерлеріңіз болса меннен сұрап алуларыңызға болады. Жалпы бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма? Сонымен бәріміз түсіндік. Бүгінгі сабақ аса қиын емес.
VI Бағалау.
Оқушылардың тапсырманы орындауы бойынша, сабаққа белсене қатысқаны бойынша және тесттен алған бағаларымен тиісті бағаларын қою.
VII. Үйге тапсырма. Балалар үйге бүгінгі өткен тақырып 9.1 тақырыбы, 119 бет оқулықтан оқып келу және өткен тақырыптарға байланысты ребус құрап келу.
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!



Тапсырма № 1

Word экранының негізгі элементтерінің аттарының қасына сәйкесінше нөмірлерін қой.




Тапсырма№2
MS Word редакторының басты терезесінің элементтерінің аттарының қасына сәйкесінше нөмірлерін қойыңдар.



1)Тапсырма: Сіздер бұл тапсырмада “Стандартты” аспаптары панелінің әр пиктограммасының тұсына оның міндетін жазасыңдар. Яғни компьютердегі MS Word терезесін ашып орындайсыздар.
Аспаптардың “Стандарттық” панелі





























2) Тапсырма Сіздер бұл тапсырмада “Пішімдеу” аспаптары панелінің әр пиктограммасының тұсына оның міндетін жазасыңдар. Яғни компьютердегі MS Word терезесін ашып орындайсыздар.
Аспаптардың “пішімдеу” панелі
Категория: Информатика | Добавил: @liy@
Просмотров: 1003 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 2:48 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru