Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Информатика

Интернетке тәуелділік
2014-04-23, 10:44 PM
Тәрбие сағатының тақырыбы: интернетке тәуелділік.

Мақсаты: оқушыларды интернетке тәуелді болмауға баулу. Компьютер алдында көп отырмауға дағдыландыру, интернеттің, әлеуметтік жүйелердің, ойындардың пайдасы мен зиянын ажырата білуге үйрету. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: «Айтуға оңай» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер, слайд, видеоматериалдар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
Барысы
Мұғалім сөзі:
Қазіргі «ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады» - деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Соның ішінде Интернет пен агенттің алатын орны жоғары көрсеткіште тұр. Бүгінгі мектеп алды даярлық тобымен жасөспірім оқушылар және үлкенді кіші адамдар интернет және агент арқылы хат алысып, танысып, тіпті агент арқылы үйленіп, отбасын құрып жатыр. «Таяқтың екі ұшы бар» дегендей интернет пен агенттің де жақсы - жаман жақтары бар. Біз осы жайында өз ой - пікірімізді таразыға салып көрейік. Бүгінгі біздің «Айтуға оңай» бағдарламасына қош келдіңіздер!

Жүргізуші: (Ербол)
ХХІ ғасырда еліміз жаһандық ақпараттандыру процесіне белсене кірісіп кетті. Бүгінде Қазақстан қоғамында білімді ақпараттандыру ісі қарқынды жүріп жатыр. Компьютерді және басқа да ақпараттық технологияларды пайдалану дағдысын меңгеру қазіргі өмірдің ажырамас бөлігі болып тұр. Кешегі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы алдыңғы бағыттарының бірі-ақпараттық технологиялар саласы қоғамның барлық салаларына етене еніп, компьютерлік сауаттылық 2012 жылы 60%-ға дейін өсуі керектігін атап өтті. Қазір адамдар қызмет орнында да, үйде де компьютермен жұмыс істей береді. Оның өмірімізге, кеңінен енгені соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес, компьютермен ойнап, өзінің өміртанымын ғаламтордағы желі ішінде қалыптастырады.
Ал енді бейне сюжетке көз салайық.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Соның ішінде Интернет, оның ішінде әлеуметтік желілердің алатын орны жоғары көрсеткіште тұр. Бүгінгі мектептегі жасөспірім оқушылар және үлкенді кіші адамдар интернет және агент арқылы хат алысып, танысып жатыр. «Таяқтың екі ұшы бар» дегендей интернет пен агенттің де жақсы - жаман жақтары бар. Біз осы жайында өз ой - пікірімізді таразыға салып көрейік.
Бүгін біздің студиямызға келіп отырған қонағымыздың мазалап журген сұрақтарына жауап іздеп көрейік. Сонымен ортаға Аяжан есімді 8а- сынып оқушысын шақырамыз.

 Бізге әуелі өзіңді таныстырып кетсең
Аяжан:
 Менің есімім Аяжан, мен 8 сынып оқушысымын.
Жүргізуші:
 Жақсы, Аяжан күніне қанша уақытыңды компьютерде, интернетте өткізесің?
Аяжан:
 Мен күннің көп уақытын компьютердің алдында өткіземін.
Жүргізуші:
 Интернеттің зиянды жақтарын ойладың ба?
Аяжан:
 Мен үшін интернет және агент пайдалы. Барлық жұмысымды агентпен бітіремін, ол мәдениеттіліктің негізі, достарыңмен үнемі байланыста боласың, жаңа достар табасың. Мен өзімді агентсіз елестете алмаймын.
Жүргізуші:
 Қазіргі уақытта оқушылар арасында агентшілердің қатары қарқындап артуда. Mail. ru Агент – онлайын жүйесінде қарым - қатынас жасауға арналған ресейлік компанияның танымал бағдарламасы, Мобильді агент – сол майл ру агенттің телефонға қондырылған нұсқасы. Бұл ұғымдар артық жарнаманы, түсіндіруді қажет етпейді. Өйткені оны қазір екінің бірі біледі. Білгені сондай, мобильді агент қосылған телефонын құшақтап ұйықтайды, соны құшақтап оянады. Әсіресе, жасөспірімдер. Mail. ru компаниясының мәліметінше, Mail. ru Агентті айына 11 миллион адам пайдаланса, бір минутта бір мезгілде оны 2миллион адам қолданады екен. Бүгінде агент Аяжан секілді жастардың іш пыстырмайтын ермегіне айналған тәрізді. Олардың көбі «агентпен» ауыратын болды. Бағдарламаға қатысушының сыныптастарының және мамандардың пікірін білейік.

Еркебұлан Армысыздар құрметті көрермен! Менің ұстанып отырған позициям «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет» Интернеттің пайдасы өте зор. Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол - бүкілғаламдық желі - Интернет деп санар едім.
Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд адамнан асыпты. Бұл - жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.
Жүргізуші: осыған байланысты мұғалім қонағымыз не дер екен? Назар аударайық.

Мұғалім(Гүлмайрам):
 Қазіргі кезде инновациялық технологияларды қолдану аясын кеңейту біздің басты мақсатымыз. Оның ішінде интернет жүйесіне баса назар аударылып отыр. Алайда бүгінде оқушылар, үлкенді кіші адамдар интернет және агент арқылы хат алысып танысады. Оқушының барлық ой - өрісі қолындағы телефонда, не компьютерде. Бұл баланың ой - өрісінің дамуына кедергі келтіреді, жан - жақты өмірге деген талпынысына шектеу қояды. Сөздік қоры, көркем сөйлеу тілі төмендейді. Көп уақытын агенте өткізетін мына Аяжан секілді оқушылардың оқу үлгерімі төмендейді.
Интернетті дұрыс мақсатқа пайдалансаң, ісің де оңынан болады, құлашың да кеңге жайылады.
Ендігі бір мәселе - Интернетке тәуелділік. Сағаттап, тіпті таңды - таңға ұрып, Интернетті қызықтайтындар да кездеседі. Бұл да бір есірткіқұмарлық, нашаға тәуелділік сияқты нышанды байқатады. Адамның психикасына, денсаулығына кері әсер етеді.. Осындай келеңсіз, жаныңды түршіктіретін ақпараттар интернетте орын алып жатса, оның жұртшылыққа пайдасынан гөрі зияны көп емес пе? Демек, Интернетті қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру да көп ойланатын дүние

Интернетке жүгініп, үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу - баланың айналасындағы адамдармен бетпе - бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра - күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы - ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы.

Жүргізуші: оқушылардың ойын тыңдап көрелік.

Айбек
Менде интернет туралы ойымды білдіретін болсам. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады
1. Алысты жақындату
2. Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.
3. Сана - сезімді жоғарылату.
4. Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.
5. Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.
6. Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.
7. Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.
8. Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.
9. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;
10. Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға;
- Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға;
- Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;
- Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;
- Қаржылық операциялар жасауға;
- «Maіl. Ru Агент», «Facebook», «Skype» т. б. арқылы реалды уақытта тіл қатысуға да, бейнебайланыс орнатуға да болады. Бұдан өзге біз біліп - біле бермейтін жаңа көкжиектерін айтып тауысу мүмкін емес... (материалдарды және моральді жағынан болсын).
Нұрболат
Интернеттен көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ, әрине алға баспаймыз. Керісінше біртіндеп құлдырай береміз. Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн.
Интернеттің пайдасы көп. Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба, солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін. Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор
Назарларыңызға рахмет.

Дәрігер(Әмина): Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық - коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.
Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн. Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі.
Интернеттің бала денсаулығына зияны?
Ең алдымен, баланың көру қабілеті төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған жасөспірімнің көздері шаршайды.
Компьютер алдында көп отыру жас балдырғанның омыртқа сүйегін зақымдайды. Қозғалыссыз отыру, қолмен ғана бірыңғай жұмыс істеу, содан ағзаға салмақ түсуі баланың жүйке қызметін бұзып, мойнына тұз бен суықтың жиналуына (остеохондроз) әсер етеді.
Жамбас сүйектің үнемі қозғалыссыз қалуы қабынуы (простатит) мен тоқ ішектегі тамырдың кеңеюі (геморрой) ауруына ұшыратады.
Ми қызметіне де кері әсер етеді, ойлау қабілетінің төмендейді, көңіл бөлу мен есте сақтау кемиді, бас ауруы мен ұйқысыздық, көңіл күйдің құлазуы жиі байқалады.
Гормональдық тепе-теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлайды.
Әр түрлі құмар ойындары, зиянды бағдарламалардың көптігі алаяқтар мен хакерлер жастарды ғаламторға тәуелді етіп, бұлыңғыр қарым-қатынас, виртуальды әлемге қызықтырып, ақыл-ойы әлі қалыптаспаған ұл-қыздарымызды еліктіріп, есінен айырады

Бекұлан мен бұл жерде былай айтар едім:
Интернет - тиімді байланыс құралы. Далада, күннің астында азып тозып асық, футбол, волейбол ойнағанша, интернет арқылы әр түрлі қызықты ойындар ойнауға болады. Компьютерің болмаса да тіпті қазір ұялы телефон арқылы да жоғарыда аталғандардың бәріне қол жеткізу ге болады.
Жүргізуші: психологиялық тұрғыдан қандай үлес қосар едіңіз.
Психолог(Әзиза):
Компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары атыс - шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерімізде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс - тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Шектен шыққан ойынпаздық дерті – «лудомания» деп аталады.
 тагы бір айтатын жағдай, жастар агентке әуестеніп, мания сынды психикалық ауруға душар болуы мүмкін дейді. Агентомания – психикалық тәуелділік. Кез келген ақпарат пайдалы болып келе бермейді. Өйткені ол көзге көрінбейтін басқа компьютер алдында қандай адамның отырғанын білмейді. Оқушылар кейінгі зардаптарын ойласа, агентке құл болмау жолын ойлау керек. Агентоманияға ем сол агентке жоламау, тек таныс адамдармен ғана байланысу, өзіне пайдалысын жасау. Агентке тек өзіңе керек кезінде ғана қолдану, уақытпен санасу, компьютер алдында белгілі уақыт аралығында отыру.
Күн сайын теледидар қарап отырып не бір түрлі келеңсіз жағдайларға кезігесің. Отбасымен ажырасу, жаман әрекеттерге бару. Қорлық - зомбылық, зорлық бұның бәрі қайдан шықты дейсіз? Әрине қазір заман ауқымы, талабы әр үйде компьютер, интернет желісі бар. Жаңағы өздерің айтқандай компьютерге қол жеткізбесе де ұялы телефон арқылы интернетке де шығуға болады дейсіңдер. Міне, сол арқылы не бір ұятсыз көріністер көреді, интернет арқылы танысады. Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді. Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне сабағын жазып алған жоқ. Небір түрлі қырғын атыс - шабыс ойынын, өзгелермен танысу, ұятты көріністер қарайды. Міне, содан барып, ол баланың өмірге көз - қарасы психологиясы өзгереді. Ұрлық - зорлық көбейеді. Жас бала еліктегіш келеді. Әр жаман затты көрген сайын, естіген сайын оның бір ұшқыны адам бойында ұялап қалмай ма? Әр нәрсе өз нормасынан асқан соң, жаманға айналады. «Сақтансаң сақтайды, сақтанбасаң сені құдай не қылады», демекші Шәкәрім атамыздың мына сөзіне тоқтала кетуді жөн көрдім:
Сақтық - деген әрқашан байқап жүрмек,
Пайда не залал ма ескерілмек,
Көргенің естігенін есепке алса,
Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек.
Сондықтан интернетті меңгеруіміз керек деп, интернетті білмеген заман көшінен қалды деп, таңертеннен қара кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екеніне көзіміз жетті. Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтанайық демекпін.
Интернет ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа? Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.

Тыңдағандарыңызға рахмет.

Жүргізуші:
 Агент жастардың «індеті» ма немесе уақыт талабы ма? Осы туралы ой - пікірді тыңдайық.

ІІБ жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор(Нұржан):
Кез келген нәрсені мөлшерінен тыс пайдалану зиянды, әлеуметтік желілердегі виртуалды қарым - қатынастардың зиянды жақтары көп. Соның ішінде виртуалды қарым - қатынастардың зиянын шегетін оқушылар. Сондықтан Агентке қосылыңыз әрдайым жаңа ақпараттың толқынында болыңыз, бірақ шамасына қарау керек, абай болмасаңыз одан біраз жапа шегуіңіз мүмкін. Мысал келтіретін болсақ, күні кешегі Ақтөбе қаласында болған оқиғаға тоқталайық. Видео сюжетке назар салайық.
Көріп отығаныңыздай осы ақпарат әлеуметтік желіде, бөгде адамдармен танысып, олар сенімге кіріп, алдап үйіне шақырып, оның соңында зорлық, зомбылық көрсетіп. Ол аз болғандай қылғындырып өлтіреді. Агентті пайдаланудың шектеулері болу керек, осыған ата-аналар аса көңіл аударса деймін.
Сонымен қатар, көшеде ұялы телефон пайдалану көптеген орны толмас қателіктерге соқтырады, қылмыстық істерге бой алдырады. Жолда жүру ережелері бұзылады, соның салдарынан оқушылар арасында жол апатына ұшырау көп.

Ата – ана (Ғани)
 Мен оқушылардың агентте ертеңнен кешке дейін отыруына қарсымын ол балалардың денсаулығын бұзады, сабақ үлгерімін төмендетеді, өйткені тамақты уақытында ішпейді уақытымен демалмайды. Агентте үнемі отыру олардың мінезінде өзгертеді. Агенттен кім екені білмейтін кез келген адаммен танысады, оның түбі жақсылыққа апармайтынын біз міне көзімізді жеткізіп отырмыз.

 Жүргізуші:
 Қазіргі жастар «Агенті бардың күні – жарық, агенті жоқтың күні – қаріп» дейді. М - агент қазір жасты да, жасамысты да жібермей өзіне матап тұрған тылсым күш тәрізді. Тіпті дүниенің бар қызығы сонда тұрғандай агентке тәуелді болып қалғандар да бар. Осы тәуелділіктен қалай арылуға болады?

Денсаулық сақтау бөлімінің басшысы ( Заманбек )
• Бала өз-өзін басқара білуі керек
• Өз-өзін басқара білуге үйрету
• Көптеген кітаптар мен пайдалы әдебиеттер қажет ,ешқандай компьютер ойындары адам мен адам арасындағы қатынасты ауыстыра алмайды.
• Монитор экраны көзден 50, тіпті 70 сантиметр қашықтықта тұруға тиіс.
• Экранның жоғарғы бөлігі көздің тұсынан төмендеу тұрғаны жөн.
• Жұмыс жасайтын жерде бірнеше компьютер болса, ара қашықтығы 1 метрдей болсын.
• Мүмкіндігінше, компьютердің артының қабырғаға қарап тұрғаны дұрыс.
• Компьютер тұрған бөлмеде шаң болмауы қажет. Шаң — өте зиянды, ауасын тазалап тұру қажет
• Компьютерде 1- сағаттан артық отырмау. Жұмыс барысында мүмкіндігінше, 5-10 минут үзіліс жасап, жаттығу жасап тұру.
• Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Қосымша үйірмелерге қатысу (футбол, волейбол т.с.с.)
• Қауіпсіз интернет жолағына қосылу, яғни ата-аналар баласына қажет емес сайттарға шектеу жасап, мамандар көмегіне сүйеніп, компьютерді баптатып алу.
• Таныс адам, отбасы арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Аяжан
Иә, балық сүйексіз, адам қатесіз болмайды демекші, бүгінгі біздің топтың қатесі болса, кешірім сұраймын. Көтеріліп отырған мәселе әлемдік деңгейде қаралып отыр. Жаста болсақ, біз осы мәселеге үлесімізді қосып, қосымша мағлұматтармен жұмыс жасадық. Жер халқының келешегі жас буын, яғни біз! Олардың мәселесі шешілмесе келешектен қандай үміт күтеміз! Сондықтан бүгінгі кештен алған әсерімді ой елегенінен өткізіп, бір тоқтамға келдім.
Асыл тастан, өнер жастан - демекші, осылай жас - ұрпаққа интернетпен жұмыс жасауға, қажет мәселерін алуға жағдай жасалып отыр. Сондықтан қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау білімді, интернеттен бар керек мағұлматын жинап, Қазақстанға өз үлесін қосатын сауаты мол ұрпақ керек! Сондықтан интернет кімге де болсын өте қажет, оның пайдасы өте зор.! Сонымен іске сәт, жұмыстарыңыз табысты болсын!
Назар салып тыңдағандарыңызға үлкен рахмет!

Рақымжан өз шығармашылығынан өлең жолдары

Нұрлыбекова Аяжан
«Біздер, адамзат, үш нәрсенің қадірін білмейміз:жастық шақ, уақыт, денсаулық»- деп
Абай атамыз айтқандай, осы үш нәрсенің қадірін білуге тырысайық.
Сол себепті алтын уақыттың қадірін біліп, оны жоспарлап, басқара алуды үйренсек, маңызы зор мақсатқа жеткеніміздің белгісі болары анық.

Жүргізуші:
Қорытынды сөзді көрермендерімізге берелік. Қатысып отырған қонақтарға сөз беріледі.

ХХІ ғасыр жастардың, жаңа ақпараттық технологиялардың ғасыры. Ендеше ғасырдың сыйынан қалыс қалмайық. Көпке топырақ шашудан аулақпын, «Бес саусақ бірдей емес» демекші бұл жөнінде әркім әрқалай ой өрбітер. Ең бастысы жалған әлемге алданбай пайдалы іспен айналысып, бейтаныс жанмен хат алмасқанша жақындарыңмен жиылып жүздескенге не жетсін. Еңсесі биік, егеменді еліміздің адамдықты ту еткен алғыр ойлы ұл - қыздары көп болғай деп мен бүгінгі «Айтуға оңай» бағдарламасының межесіне жеттім. Сау саламатта болыңыздар.
Категория: Информатика | Добавил: Guleke
Просмотров: 1823 | Загрузок: 0 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2016-12-07, 9:17 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [165]
Педагогика [291]
Математика [776]
Физика [242]
История [335]
Классному руководителю [518]
Русский язык и литература [697]
Физическая культура [200]
Английский язык [409]
Искусство [181]
Родительский совет [14]
Биология [319]
Информатика [366]
Начальная школа [1871]
Мой Казахстан [238]
Технология [126]
Самопознание [171]
Технология труда [49]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [40]
Профессиональное образование [155]
Дошколенок [462]
География [129]
Школьная библиотека [48]
Казахский язык и литература [544]
Химия [33]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru