Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Информатика

Есептеуіш техниканың даму тарихы сайыс сабақ
2014-11-25, 11:17 AM
Есептеуіш техниканың даму тарихы

Мақсаты: Оқушылардың есептеуіш техниканың даму тарихы
туралы ой-өрістерін кеңейту.
Түрі: “Атажұрт” білім сайысы.
Сайыс шарты: Сайысқа екі топ қатысады.
Сайыс 5 турдан тұрады.
Көрнекіліктері: Үлкейтілген есептеуіш техниканың суреттері,
ДК, калькулятор, логарифмдік сызғыш.

І-тур. Қанат қақты.
І-турда топ басшыларына 5 сұрақтан қойылады. Әр сұрақ 2000 ұпай деп есептеледі.
1. ЭЕМ-нің буындарын жылдар бойынша жіктеп атаңдар.
(І-ші буын 1940-1955 жж, 2-ші буын 1956-1963 жж, 3-ші буын 1964-1976 жж, 4-ші буын 1976 ж. қазіргі кезге дейін.)
2. Қазіргі ДК қай буынға жатады ? ( 4-ші буынға жатады.)
3. Бірінші ЭЕМ қалай аталған? Ол қай жылы жасалған? (Марк-1, 1944 жылы)
4. “Марк –1” машинасы қандай элементтерге негізделген?
(Релелік және механикалық элементтерге негізделген)
5. Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды?
(1947-48 жылдары академик С.А.Лебедевтің басшылығымен жасалды, оны
МЭСМ – малая электронная счетная машина деп атаған)
6. Дүние жүзі бойынша бірінші бағдарламалаушы деп саналатын Ада Лавлейс қай жылы, кімнің машинасына алғашқы бағдарлама жасаған?
(1846 жылы Бэббидж машинасына)
7. 1642 жылы дүние жүзіне бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырған француз математигінің есімі? (Блез Паскаль)
8. Қазіргі әр оқушының қалтасында жүрген калькулятордың негізін салған кім? Қай жылы құрастырды? (1694 жылы неміс математигі Лейбниц)
9. 1960 жылдардан бастап бұрынғы Кеңестер Одағында М-220, БЭСМ –3, БЭСМ-4,
Урал-11, Минск-32 т.б. ЭЕМ-дер шығарыла бастады? Бұл ЭЕМ-дер қай буынға
жатады? (2-ші буын)
10. Джон Фон Нейманның “ЭЕМ архитектурасы “ деп аталған идея негізінде 1949 жылы құрастырылған машина қалай аталады? (EDSAC)

ІІ – тур. Самғау.
ІІ-турда қай топтың ұпай саны көп болса, сол топ ойынды бастайды. Әр топқа кезекпен 2-ден сұрақ және жауап беруге 1 минут уақыт беріледі. Бұл турда қосымша көмек алуға немесе нартәуекел жасауға болады. Нартәуекел – қарсылас топ қол көтеріп кезек сұраса беріледі, дұрыс жауап берсе ұпай сол топқа қосылады. Керісінше, жауап бере алмаса , сол сұрақтың ұпайы кезегін берген топқа қосылады. Ұпай 3000-нан қосылады. Қосымша көмек алса 1000 ұпай кемиді.

1.АҚШ-та Моучли мен Эккерт басқарған топ электрондық шамдардың негізіндегі ең алғашқы ЭЕМ-ін құрастырды. Бұл әртүрлі мәселелерді шешетін әмбебап машина еді. Бұл ЭЕМ “Марк-1” машинасынан өнімділігі бойынша 1000 – нан есе артық және одан 2 есе үлкен болды. Бұл машинада 18000 электрондық шамдар, 150 реле, 70000 резистор, 10000 конденсатор болды. Ол 140 Квт қуат пайдаланды. Салмағы 30 тонна, 1 секундта 5000 қосу, азайту амалдарын, 300 көбейту амалын орындай алды.
Сұрақ: Бұл машина қалай аталады, қай жылдары құрастырылды?(1943-45 жж. ЕNIAC)
Қосымша көмек: Бірақ оның жады құрылғысы жоқ және бағдарламаларды беру үшін сымдарды нақты бір түрде жалғастырып отыру керек болды.
2. Бұл ағылшын оқымыстысы 19 ғасырдың бірінші жартысында әмбебап есептеуіш машина ққұрастыруға талаптанды. Бұл машина перфокартада жазылған бағдарламаларды қолдануы керек еді. Ол бағдарламалық басқару принципін қолданып, кезкелген алгоритмді шешуге арналған аналитикалық машинаны құрудың негізгі идеясын зерттеп дайындады. Бұл Жаккардтың тоқыма станогы сияқты, нағыз механикалық машина болуы тиіс еді. Бірақ сол кездегі техниканың дамуы жеткілікті дәрежеде болмауы бұл жобаның іске асуына мүмкіндік жасамады.
Сұрақ: Бұл оқымысты кім? ( Чарльз Бэббидж)
Қосымша көмек:Ол кісі дүние жүзіне “компьютердің атасы” ретінде танымал адам.
3. 1964 жылы атақты неміс математигі Блез Паскальдің идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын құрастырды. Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Кейіннен бірнеше рет жетілдірілді. Осы машинаның пайда болуымен есепші мамандығы пайда болды. 1969 жылы бұрынғы Кеңестер Одағында бұл машинаны шығару ең жоғары деңгейге 300 мың машинаға жетті.
Сұрақ: Бұл машина қалай аталды? (Арифмометр)
Қосымша көмек: ХХ ғасырдың 70-ші жылдары бұл машинаны элементтік базасы интегралдық схемаға негізделген калькулятор ығыстырды.
4. ХУІІ ғасырдың басында шотландиялық математик логарифм түсінігін енгізді. Және өзінің логарифм кестесін жариялады. Екі ғасыр бойы әр елдің оқымыстылары логарифм функциясының негізінде жасалған есептеу құралын жетілдірумен шұғылданды. Тек 1761 жылы ғана ағылшын Д.Робертсон жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған логарифм сызғышын жасады.
Сұрақ: Логарифм түсінігін енгізген математик есімі? (Джон Непер)
Қосымша көмек: Бұл математик есептеу таяқшалары арқылы есептеу тақтасын енгізді. (есептеу таяқшаларын көрсету)
ІІІ – тур. Шарықтау.
ІІІ- тур топ жанашырларымен өтеді. Бір сұрақ және екі мүмкіндік беріледі.Ұпай 7000. Дұрыс жауап берілсе ұпайы сол топтың ұпай санына қосылады. Қосымша көмек жоқ.
1. Бұл құралдың дәл қашан пайда болған уақытын осы кезге дейін ешкім айта алмайды. Деректерге қарағанда, оның жасы 2000-5000 жылдар шамасында , ал пайда болған жері Қытай немсе Египет , тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Оның өзгертілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді. Ол құрал Ресейде ХУІ-ХУІІ ғасырларда пайда болған. Осы құралды көбейту кестесімен біріктіру жолымен жетілдіруге соңғы талаптану 1921 жылға жатады.
Сұрақ: Бұл құрал қалай аталады? (Есепшот.)
2. Ч.Бэббидж Оңтүстік –батыс Англияда 1791 жылоы 26 желтоқсанда дүниеге келген. Бала кезден математикаға бейім Чарльз көбінесе математикалық әдебиеттерді қызыға оқып, механикалық ойыншықтар құрастыруға әуес болған. Кейіннен жасөспірім Чарльз өз бетімен механикалық құрылғылар жасай бастаған. 1810 жылы Чарльз Кембридж университетінің Тринити колледжіне түсіп, зеректігімен көзге ілініп, құрдастарының алды болған.1814 жылы Бэббидж аталған колледжден әулие Петр атындағы колледжге ауысып, оны үздік аяқтаған. Екі жылдан кейін Бэббидж “Функционалдық есептегіш” атты еңбегі үшін, корольдық ғалымдар қоғамына мүше болып кірген. 1822 жылы Бэббидж есептеуіш машинасын құрастыра бастап, 1823 жылы жобасын жасады. Бэббидж жиған – терген ақшасына король маңындағылардың бөлген 13 мың фунт стерлингін қосып, жаңа жобалы машина құрылысының сызбасын жасайды. Бэббидждің жұмыс аяқталғаннан кейінгі пайдасы өзі ойлағаннан әлде қайда асып түседі. Бұдан кейін Бэббидж әмбебеп есептеуіш машинаның жобасын жасай бастайды. 1852 жылы Бэббидж үшін өте ауыр , қайғылы жыл болды.Ол өзінің көмекшісі, орындаушысы, ақын Байронның қызынан айырылады. Бұл қайғыға Англия қаржы министрінің қаржылай көмек көрсетуден бас тартқаны қосылады. 1871 жылы ғылымға деген зор қызығушылықпен өмірден өтті.
Сұрақ: Бэббидж үшін қайғылы жыл болған 1852 жылы қайтыс болған ақын
Байронның қызы кім? (Ада ЛАВЛЕЙС.)

ІҮ-тур. Шырқау.
ІҮ-тур ақтық кезең, яғни алты бөлікке бөлінген терезеден сұраққа сәйкес келетін цифрды таңдайды да жауап береді. Қосымша көмек, нартәуекел беріледі. Ұпай-2000.
1.ХІХ ғасырдың соңында американдық оқымысты есепші-перфорациялық машина құрастырды. Перфокарталар программаны көрсету үшін емес, сандық ақпараттарды қолдану қолданылады. Есепші - перфорациялық машиналар перфорациялауды сұрыптауды, қосуды және сандық кестелерді басылымға шығаруды орындады. Ол 1880 жылы АҚШ-та жүргізілген халық санағының құжаттарын өңдеуге пайдаланылды.
Сұрақ: Бұл оқымыстының есімі кім? (Герман Холлерит)
Қосымша көмек:Ол есепші- перфорациялық машинаны жасап шығаратын фирманың негізін қалады, кейін ол дүние жүзіне әйгілі компьютер шығаратын ІВМ фирмасына айналды.
2. 1949 жылы Морис Уилкс (Англия) алғашқы ЕДVАС компьютерін жасады. Бұл жадында сақталған бағдарламалары бар әмбебап ЭЕМ болды.
Сұрақ: Аталған цифрлық –электрондық есептеуіш машина қай буынға жатады?
(2-ші буынға)
Қосымша көмек: Бұл ЭЕМ цифрлық-электрондық есептеуіш әмбебап машиналардың
алғашқы буынына жатады.
3. ХХ ғасырдың 40-50 жылдары ЭЕМ өте үлкен және қарапайым болды. Элементтік база ретінде электрондық шамдар мен реле қолданылды; жедел жад триггерлерде, кейін ферриттік жүрекшелерде; шапшаңдығы секундына 5-30 мың арифметикалық амалдар болды. Мұндай ЭЕМ-дер үшін бағдарламалар машиналық кодтарда жүргізілді, кейіннен автокодтар мен ассемблер пайда болды. Бұл ЭЕМ-дер ғылыми – техникалық есептеулер жүргізу үшін қолданылды.
Сұрақ: Әңгіме қай буын машиналары туралы? (1-ші буын)
Қосымша көмек: Осы типті машиналарға EDSAC, ENIAC, UNIVAC, БЭСМ, Урал
жатады.
4. АҚШ-та 1959 жылы RCA-501,1960жылы ІВМ 7090 LARC, 1961 жылы –stretsh, 1962 жылы – ATLAS ЭЕМ –і шығарылды. Ал бұрынғы Кеңестер Одағында 1960 жылдан бастап РАЗДАН, НАИРИ, МИР,МИНСК,Урал-11,Урал-12,М-220, БЭСМ-4, М-4000 сияқты машиналар шығарылды.
Сұрақ: Аталған машиналар ЭЕМ-нің нешінші буынына жатады? (2-ші буынына)
Қосымша көмек: Бұл буынның ЭЕМ-дері транзисторлы элементтік базасымен , өте кішкене ферриттік жүрекшелері бар жедел жадымен, 512 Кбайт көлемімен, секундына 3 млн.амал өнімділігімен сипатталады. Өлшемі бойынша ЭЕМ-дер кіші,орташа,үлкен және арнайы түрлерге бөлінеді.
5. Бұл буын машиналары интегралдық схемалы және жартылай өткізгіш интегралдық схемадағы жедел жад құрылғысымиен 16 Мбайт көлемімен, секундына 30 млн. операция өнімділігімен сипатталады.Өлшемі бойынша ЭЕМ үлкен, орташа, мини, микро болып бөлінеді.
Сұрақ: Бұл нешінші буын машиналары? (3-ші буын машиналары)
Қосымша көмек: Бұл буынның типтік модельдерінің ішіндегі РДР –8-ді 1-ші мини компьютер деп атаған, ол 1965 жылы құрылған және құны 20 мың $ болған.
6. Бұл буынның ЕТ-ның конструктивті – технологиялық негізі үлкен интегралдық схема және өте үлкен интегралдық схема, олар 1970-80 жылдары құрылған, шапшаң жадтайтын құрылғылар болды. Бұл буынның машиналарын МикроЭЕМ-ге, ДК-ге, МиниЭЕМ-ге, жалпыға арналған ЭЕМ-ге, арнайы ЭЕМ-ге және супер ЭЕМ-ге бөлуге болады. Көлемі 16Мбайт және одан жоғары.
Сұрақ: Қай буын машиналары туралы айтылды? (4-ші буын)
Қосымша көмек: Бұл буынның ең алғаш танымал сериясы ІВМ/370.

Ү – тур. Жерұйық.
Ү-турды жеңген топ қана жалғастыра алады. Бұл турды ойнамауларына да болады. Ойнап және дұрыс жауап берсе төрт турдан жиған ұпайлары екі еселенеді.
1. Ол Нижний Новгородта дүниеге келді. 1921 жылы ол орта мектепті шұғыл емтихантапсырып МВТУ-дың электро-техникалық факультетіне түсті. Оның ғылыми инженерлік ілімінің бастауы елді жаппай электрлендіруге сәйкес келді.1950-ші жылдардың басынан – ақ ол есептеуіш техника керек екенін түсінді және электротехника саласының ғылымы ретінде таныла отырып, , 45 жасында ол есептеуіш техникаға ауысты. АН УССР техникалық институтында ол елде бірінші рет ғылыми семинар ұйымдастырды, осының арқасында МЭСМ (малая электронная счетная машина) атты ЭЕМ өңдейтін лаборатория құрылды. Ол Кеңес Одағында тұңғыш құрылған ЭЕМ болды. 1951 жылы ол Москваға жұмысқа ауысып, онда нақты математика институты мен есептеуіш техника (НМИ және ЕТ) АН СССР-дің лабораториясын басқарды.1953 жылдан өмірінің аяғына дейін осы институттың директоры болды.
Сұрақ: Бұл академик кім? (С.А.Лебедев.)
Категория: Информатика | Добавил: myrzabek
Просмотров: 1221 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 11:41 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru