Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Информатика

Мәліметтер типі,айнымалы ұғымы,өрнек
[ Скачать с сервера (26.5 Kb) ] 2015-01-16, 2:16 PM
Алматы қаласы Түрксіб ауданы
№59 мектеп-гимназия
информатика пәні мұғалімі
Қажитаева Миргуль Жұмабайқызы
Эл.почта: mirgul.kazhytaeva@mail.ru

Күні: 21.10.2014
Пән аты: Информатика
Класы: 9 «Б»
Сабақтың тақырыбы:Мәліметтер типі,айнымалы ұғымы,өрнек.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Паскаль программалау тілінің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және айнымалы олардың жазылуы туралы толық мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Паскаль программалау тілдің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және айнымалылар олардың жазылуы туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке патриоттыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: теориялық сабақ
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, слайд, тест тапсырмалары,оқулық.

Сабақ барысы
1) Ұйымдастырукезеңі (2 мин):
а) оқушылартізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) журнал толтыру.
2) Үйтапсырмасынтексеру.(3-5мин)
Тест түрінде
1.Паскаль тілінде Х санның бүтін бөлігін алу үшін қандай функция қолданылады?
A) INT (X) Ә) ABS (X) Б) ABC (X) В) TRUNC (X)

2. Паскальдағы дәрежелеу белгісін көрсет
А) ** Ә) ^ Б) & В) дұрыс жауабы жоқ

3. 14 DIV 5 – функциясының мәні неге тең?
А) 2,8 Ә) 2 Б) 5 В) 11

4. Түбір астындағы Х-ті Паскаль тілінде қалай жазуға болады?
А) SQR (X) Ә) SQRT (X) Б) ABS (X) В) MOD (X)

5. Паскаль тіліндегі енгізу операторын
А) PRINT Ә) WRITE Б) OUTPUT cool READ

6. Паскаль тіліндегі тұрақтыларды сипаттау операторын көрсет
А) VAR Ә) WRITE Б) CONST cool READ

7. Қай өрнекте қате бар?
А) (х1/х2)*у Ә) b+(a-c/3) Б) (sqrt (p)*q)/r В) (a(b/(c*(d/(ef)))))

8. Sqrоператорының қызметі
А) Санның квадраты Ә) Санның квадрат түбірі
Б) Х-тің 5 дәрежесі В) Санның абсолют шамасы

9. Паскаль тіліндегі айнымалыларды сипаттау операторын көрсет.
А) VAR Ә) WRITE Б) CONST В) READ

Тест жауаптары:

1 А
2 В
3 Ә
4 Ә
5 В
6 Б
7 В
8 А
9 А

3) Жаңатақырыптытүсіндіру(10 мин)
Жаңа сабақты түсіндіру

Паскаль тілінің қарапайым объектілеріне «сан», «идентификатор», «тұрақты», «айнымалы», «функция» және «өрнек» ұғымдары кіреді. Атау – идентификатор программаны және программадағы тұрақтыларды, типтерді, айнымалыларды, функцияларды, файлдарды т.б белгілеп жазу үшін қажет. Идентификатор – міндетті түрде әріппен басталатын сандар мен әріптердің тізбегінен тұратын атау. Оның ұзындығын өте үлкен етудің қажеті жоқ, өйткені, атауларды теру және кейіннен есте сақтау біраз уақыт пен жады көлемін қажет етеді. Мысалы, x, X1, cymma, DT3.
Идентификатор стандартты және бейстандартты болып бөлінеді. Бейстандартты атауды тұтынушы өзі тағайындайды.
Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында мәндері өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады. Тұрақтыға программаның орындалу барысында бірден сандық мән берсек те немесе оны программаның сипаттау бөлімінде идентификатор түрінде белгілеп алып мән берсек те болады. Олар сандық, символдық, логикалық және тіркестік мәндерді қабылдайды.
Тұрақтыларға бейстандарт идентификаторлар атау ретінде берілуі тиіс. Барлық тұрақтылар программаның сипаттау бөліміндегі const түйінді сөзінен басталатын бөлікте көрсетілуі тиіс. Оның жазылу пішімі келесідей:
Const Min=1000; Max=1000000;
Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар идентификаторлармен белгіленіп, әр уақытта әр түрлі мәнге ие бола алады. Айнымалының атауы оның орындайтын міндетіне сәйкес түсінікті және қарапайым болғаны жөн. Оның жазылу пішімі:
Var <идентификатор> : <тип> ;
Мысалы:
Var a,b:integer;
Sum, baga: real;
Айнымалылар қарапайым және индексті болуы мүмкін. Қарапайым айнымалылар өз атаулары бойынша жазылады. Мысалы, delta, x, y, resultm, nuber_1. Индексті айнымалыларға массив элементтері жатады.
Программада пайдаланылатын мәліметтердің немесе шамалардың мәндері Паскаль тіліндегі алдын ала келісілген типтердің біріне тән болуы тиіс.
Өрнек деп арифметикалық амал таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың, функциялардың, тұрақтылардың жиынтығын айтады. Өрнектегі арифметикалық амалдардың орындалуы олардың орналасу реті мен жақшалар арқылы өзгертіледі. Қарапайым жағдайда өрнек тек айнымалылардан, тұрақтылардын немесе функциялардан тұруы мүмкін. Мысалы, (5+7*х)/7.2;
4).Сабақты бекіту:(20 минут )
Оқушыларды екі топқа бөлемін. «Айнымалы» тобы және «Өрнек» тобы.
Герон формуласын қолданып, берілген қабырғалары бойынша үшбұрыштың ауданын есептейтін алгоритм құрады және компьютерде паскаль программасына салады.
Шешуі: Алгортимнің аргументтер А,В,С қабырғалары. Нәтиже – S үшбұрыштың ауданы:

Аралық шама – Р жарты периметр, ол былай анықталады:


Ағымдағы А , В , С, P, S айнымалыларының мәндері бүтін немесе нақты типті болуы мүмкін. Кез-келген бүтін санды нақты сан түрінде жазу оңай, сондықтан көп жағдайда мәліметтердің өрісін кеңейту мақсатында нақты тип қабылданады.
Алг ауданды есептеу (арг нақ А,В,С, нәт нақ S)
Басы нақ Р
Енгізу А,В,С


Шығару S
Соңы.
Паскаль программасында жазылуы:
Program 1;
Vara,b,c,p,S: real;
Begin
Readln (a,b,c);
P:= (a+b+c)/2;
S:=sqrt (p*(p-a)*(p-b)*(p-c));
Writeln (‘S=’ ,S: 6: 2);
End.
5). Рефлексия(2 мин )– смайлдарға ұсыныс жазылған стикер жапсыру арқылы.

6)Сабақты қорытындылау(4мин )Оқушыларға мәліметтер типі, айнымалы және өрнек туралы жалпы мағлұмат беру.Оқушыларды бағалау парағы бойынша бағалап, журналға,күнделікке қою.
7).Үйге тапсырма: (2 мин )
Өрнекке мысал келтіріп жазып келу 10 түрлі.
Сабақ аяқталды.Сау болыңыздар.
Категория: Информатика | Добавил: анарка
Просмотров: 1399 | Загрузок: 16 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 4:33 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru