Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Қазақ тілі 3-сынып. Зат есім
[ · Скриншот ] 2017-02-12, 4:21 PM
Сабақ: Қазақ тілі Мектеп:
Күні: Мұғалімнің есімі:
Сынып: Қатысқандар саны: Қатыспағандар
саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары): • Сөз таптарының бірі зат есім жайлы түсіндіру. Тапсырмаларда берілген сөздердің зат есім екен дәлелдеуді, тіл дамыту жаттығулары арқылы шағын әңгіме құрауды, оқушылардың өздеріне ереже құрастыруды үйрету.
• Оқушыларға зат есім туралы түсініктерін пысықтау.
• Оқушыларға зат есім болатын сөздердің мағынасын ажырата білуге дағдыландыру.
• Оқушылардың шапшаңдығын, логикалық ойлауын дамыту.өз беттерімен жұмыс жасай білуге үйрету.
• Топпен,жұппен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.
• Өзін-өзі бағалай білуге дағдыландыру.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
• Зат есім туралы алған білімдерін бекітеді, тиянақтайды
• Кім?, не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді таба біледі
Оқушылардың басым бөлігі:
• Зат есім туралы біледі, мысал келтіреді
• Сөйлем ішінен заттың атын білдіретін сөздерді таба біледі
Кейбір оқушылар:
• Зат есім туралы біледі, оған мысалдар келтіре алады.
• Зат есімнің түрлерін біледі.
• Зат есімді басқа сөз табымен байланыстыра алады.
Тілдік мақсат Оқушылар:
• Сөздердің мағынасын түсінеді.

Негізгі сөздер мен тіркестер: қақаған аяз

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Зат есімнің ережесін атап көрсетіңіз
Сіз неліктен «гүл» сөзінің зат есім екенін айта аласыз ба?
Мен бұл сөзді зат есім деп айтсам дұрыс бола ма?
Жазылым бойынша ұсыныстар:емлеге сай қатесіз, әрі көркем жазу

Алдыңғы тақырып Зат есім туралы еске түсіру
Жоспар
Жоспарланған уақыт.
10:25-11:10 Жоспарланған жаттығулар:
1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушыларды топқа бөлу
3. Жаңа сабақ. Зат есім
4. Көркем жазу
5. Сергіту сәті
6. Сабақты бекіту
7. Рефлексия
8. Үйге тапсырма
9. Бағалау Ресурстар:
Қазақ тілі оқулығы 3 сынып, 2014 жыл, «Атамұра» баспасы
Суреттер, карточкалар,
үлестірмелі материалдар
Басталуы 10:25.

5 мин.

3 мин.

2 мин.

5 мин.

Мақсаты: 1. Біз нені білеміз? Өткен тақырыпқа тоқталу.
Сөз таптары туралы оқушылардан сұрау.
Әр сөз табының ережесіне тоқталу, 2 - ші сыныптағы өтілген материалдарды еске түсіру. Оқушылардың қызығушылығын ояту.
Шаттық шеңбері.
Қайырлы күн деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтсін күніміз!
 Балалар, сендер гүлдерді жақсы көресіңдер ме?
 Олай болса мына гүлдерді бір-бірден таңдайық.
 Енді, таңдаған гүлдеріңе байланысты топтасайық. Қызыл гүлдер І топ, сары гүлде ІІ топ, қызғылт сары гүлдер ІІІ топ.
 Балалар, әр топта топ басшысы болады, өзара келісіп, топ басшысын таңдау керек.
 Әр топ басшысы өз тобындағы оқушыларын бағалау парағы бойынша сабақ соңында бағалайды.
 Енді, бүгін бізде қай сабақ?
 Қазақ тілі сабағына дайындық жасап жіберейік:
Қазақ тілім - өз тілім дана тілім.
Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым қазақ тілім.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
 Балалар, өткен сабақтың тақырыбын еске түсірейік.
 Үй тапсырмасына не берілді?
«Кофе таяқшасы» арқылы үй тапсырмасы сұралады.
1. Зат есіммен қай сөздерді сәйкестендірдің?
2. Етістікпен қай сөздерді сәйкестендірдің?
3. Сан есіммен қай сөздерді сәйкестендірдің?
4. Сын есіммен қай сөздерді сәйкестендірдің?
5. Сөз таптарына не жатады?
6. Зат есім деген не?
7. Етістік деген не?
8. Сан есім деген не?
9. Сын есім деген не?
10. Зат есімнің сұрақтары?
11. Түбір сөз деген не?
12. Туынды сөз деген не?
13. Қандай қосымша түрлерін білесің?
14. Жұрнақ деген не?
15. Жалғау деп нені айтамыз?
 Өте жақсы, балалар! Бүгінгі сабаққа байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр:
Сөз табының ең басында тұрамын
Білесіңдер «Кім? Не?» деген сұрағым
Сөйлемде ой иесі боламын
Етістікпен көркейемін толамын
(Шешуі: зат есім)
 Дұрыс, балалар! Ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз қандай?

(балалар гүлдерді таңдайды)

(балалар топ басшысын сайлайды)

(топ басшы-ларына бағалау парақтары беріледі.)

 Қазақ тілі.

(балалар мұғаліммен қосылып өлеңді оқиды)
- 7 - жаттығу. Сөздер мен сөз таптарын сәйкестендіру.

-(балалар) Зат есім.
Ортасы 10:45

Оқулық бойынша жаңа сабаққа мұғалімнің түсіндірмесі.

5 мин.

Сұрақтар қоя отырып оқушыларға бағыт бағдар беру

10 мин.

10 мин.

3. Жаңа сабақ. Зат есім.
Оқушылар 2 - ші сыныпта өткен «Зат есім» туралы ережені еске түсіреді.
Ереже: Заттың атын білдіретін сөз табын зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтар қойылады.
Мысалы: аспан, ұстаз, көйлектер, оқушылар.
4. Көркем жазу
- Балалар, дәптерлерімізді ашып, көркем жазу минутына көңіл бөлейік.
- Балалар, кітапты ашамыз, 1-жаттығу.
1 - жаттығу
Суреттерге қара. Суреттегі құстардың атын білмеген жағдайда, оларды білу үшін қандай сұрақ қоясың?
* Бұл не? Сөйлемде сұраулық мағына беріп тұрған сөз қайсы?
* Не? Сұрағына жауап беріп тұрған сөздерді ата.
*Кім? Сұрағына қандай сөздер жауап береді?
Топтық жұмыс:
І топ: 2-жаттығу. Суретке қарап, зат есімдерді тауып айту.
- Тапқан зат есімдеріңе қойылатын сұрақтардың әр басқа екенін дәлелдеп көру.
Кім? ---- Не? ------ Кімдер? --- Нелер?
бала ---қарбыз --- балалар ---- жемістер
қыз --- кесе ---- оқушылар ---- ыдыстар

ІІ топ: 4-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті зат есімді қойып, көшіріп жаз.
Төрт түлік:...,...
Аңдар:...,...
Құстар:...,...
Отбасы мүшелері:...,...

ІІІ топ: 5-жаттығу. Оқы, әр қатардағы сөздерді жинақтап бір сөзбен қалай айтуға болатынын айт.
Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі -...
Кесе, қасық, қазан, ожау, тостаған -...
Қияр, сәбіз, қызылша, қауын, қарбыз -...
*Сөздерге сұрақ қой.
Ортақ жұмыс: 3 – жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз.
Қыс. Қақаған аяз. Қалың қар жәндік біткенді жатқан індерінен шығармай тастады. Ашыққан түлкі түн жамылып ауылдың маңын торыды. Ол тауық тәрізді оңай олжа аулауға кірісті. (Ж. Садықов)
* Мәтіннен зат есімдерді тауып, астын сыз.
* Зат есімдерге сұрақ қой.
- Балалар, енді топ басшылары сендердің жұмыстарыңды бағалап шығады.

Оқушылар ережені есіне түсіреді
Аяқталуы

Өзін – өзі бағалау парағы бойынша топ басшысы қай бала неше тапсырма орындағанын есептеп, баға қояды 5. Сергіту сәті
Бала-бала-балақан
Қане, қайда алақан?
Саусақтарын әйбат
Былай-былай ойнат.
Бір,екі, үш
Бойға жина күш..

6. Сабақты бекіту:
Сөз таптарына не жатады?
Зат есім деген не?
Зат есімнің сұрақтары?
Не? сұрағын қай уақытта қолданамыз?
Кім? сұрағын қай уақытта қолданамыз?

7. Рефлексия: «Бас бармақ», «Қосу, алу, қызықты» шеңберлі диаграммасы

+ - Қызықты болды


- Балалар, стикерлерге қызықты мағлұмат алдым, сабақ ұнады, немесе түсінбедім деген сөздерді жазып, тиісті бөлікке апарып жабыстырасыңдар.
8. Үйге тапсырма: 145-бет 6-жаттығу, ереже жаттау.
9. Бағалау. Әр топтың басшылары өз тобына қойған бағасын айтып шығады
- Балалар, топ басшылары сендердің орындаған тапсырмаларыңды есептеп, бағалап отыр. Біз қандай пәнде (сабақта) есептейміз?

- математи-када
Қосымша ақпарат
Саралау
Бағалау
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
• Тапсырмаларды жылдам орындаған балаларға қосымша карточкалар беріледі
• Қосымша сұрақтар қойылады • Әр топтың басшылары өз тобына қойған бағасын айтып шығады
• оқушының өзін-өзі бағалауы
• -топтың өзін-өзі бағалауы
• -мұғалімнің бағалауы
• -жалпы бағалау
• -критерийлер арқылы бағалау • Бейнелеу өнері
• Математика

Рефлексия:
сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру
-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу
жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру «Бас бармақ», «Қосу, алу, қызықты» шеңберлі диаграммасы

+ - Қызықты болды


- Балалар, стикерлерге қызықты мағлұмат алдым, сабақ ұнады, немесе түсінбедім деген сөздерді жазып, тиісті бөлікке апарып жабыстырасыңдар.
Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?
1.
2.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Категория: Начальная школа | Добавил: guldano4kazh | Теги: Қазақ тілі, зат есім
Просмотров: 1488 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 11:33 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru