Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

«Салт – дәстүрім - қазынам»
[ Скачать с сервера (789.0 Kb) ] 2017-04-09, 1:30 PM
Мектеп: Семей қаласы, «№42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектеп» КММ,
Бастауыш сынып мұғалімі: Сейтказина Мерей Жылкибаевна
Сабақтың тақырыбы: «Салт – дәстүрім - қазынам»
Мақсаты:
Білімділік: Салт – дәстүр туралы білімдерін кеңейту. Кең-байтақ жеріміз, қазақтын әдет – ғұрыптары жөнінде ұғымдарын қалыптастыру. Салт – дәстүрлеріміздердіқастерлей білуге үйрету.
Дамытушылық: Отанын, туған жерін, салт –дәстүрлерін білуге, ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге жетелеу.
Тәрбиелік: Ата – бабамыздан қалған салт - дәстүрлерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Отансүйгіштікке баулып, патриоттық тәрбие беру. Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту. Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Формасы: тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы:«Салт – дәстүрім - қазынам»
Мақсаты:
Білімділік: Салт – дәстүр туралы білімдерін кеңейту. Кең-байтақ жеріміз, қазақтын әдет – ғұрыптары жөнінде ұғымдарын қалыптастыру. Салт – дәстүрлеріміздерді қастерлей білуге үйрету.
Дамытушылық: Отанын, туған жерін, салт –дәстүрлерін білуге, ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге жетелеу.
Тәрбиелік: Ата – бабамыздан қалған салт - дәстүрлерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Отансүйгіштікке баулып, патриоттық тәрбие беру. Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту. Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ұлттық қолөнер бұйымдары,кигізүй,қазақтың ұлттық тағамдары, т.б
Формасы: тәрбие сағаты
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі

Арсен:
Сүйінші, сүйінші бүгін біздің сыныпта «Салт- дәстүрім – казынам»атты тәрбие сағаты өтеді!Алақай,алақай
Дариға әже:
Ой айналайын балам, бұл қуанышты хабар ғой! Сүйінші сұрау шын қуаныштың белгісі.Қазақ сүйіншіден несін аяған, мінекей сүйіншінді ала гой.
Жүргізуші:
Армысыздар,ата – аналар,ұстаздар
Білім қуған балалармен қонақтар
Салт – дәстүрім таусылмайтын байлығым

Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет- адал,білімді,еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру.
Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық.Ананың бесік жырынан бастап өзі көріп білген салт-дәстүрлер, әдет- ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары.Салт-дәстүр, әдет- ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұраның бірі,қазағымыздың қонақжайлығы.Қонағын құдайындай сыйлаған.Қонағы келсе малын сойып, қарсы алған.Өйткені қазақта «Қонақ келсе құт келеді» деген ұғым қалыптасқан.Ұйге келген адам дастарханнан дәм татпай кетпейді.Қазақтың ұлттық дастарханында алдарынызда көріп отырғандай тамақтың үш түрі болады:ет,сүт,нан тағамдары.
Қонақтың төрт түрі болады:Арнайы қонақ,құдай қонақ,қыдырма қонақ,қылғыма қонақ.
Ендеше, мен сіздерді ақ дастарханыма арнайы қонақ ретінде шақырып отырмын.Қалыптасқан әдеп бойынша арнайы қонаққа бас табақ тартылады.
Бас табаққа:бас,жамбас,сүбе қабырға,асық жілік,белдеме омыртқа салынады.
Салтымыз бойынша жасы үлкен, көпті көрген, сүйікті Исламдай оқушымның әжесінен асқа бата сұрасақ.
Бата айтылады
Жүргізуші:Үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді апамыздың баланы алғашқы бөлеу, бесікке салу салтын дәіптеуін тамшалайық.
Бесікке бөлеу.

Жүргізуші:Қазағымыз өнерден де қалыс емес.1 «Б»сынып оқушыларының «Қара жорға» биін тамашалаңыздар.
Би «Қара жорға»
Жүргізуші: Келесі кезекте салт- дәстүрге байланысты сұрақ - жауап сайысын өткізсек.Дұрыс жауап берген адамға сый- сияпатымыз бар.
1 дастархан.
Жеті күнді атаңыз (дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі)
2-ші дастархан
Жеті қазынаны атаңыз
(ер жігіт,сұлу әйел, ілім - білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт,берен мылтық)
3-ші дастархан
Төрт қонақ түрін атаңыз
(арнайы,құдай,қыдырма,қылғыма)
1 дастархан.
Төрт түлікті ата
(сиыр,жылқы,қой, түйе)
2-ші дастархан
Жігіттің үш жақын жұртын атаңыз
(ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт)
3-ші дастархан
Жеті атаны таратыңыз
(әке, бала,немере, шөбере, немене, туажат)
Осымен сұрақ- жауап жарысы аяқталды,жауаптарыңызға көп рахмет.
Жүргізуші:Бала тәй- тәй басқанда жасалатын думанды дәстүр «Тұсау кесу»
Тұсау кесу
Қазағым шашуды шашқанды жақсы көреді.Құдасын құдайындай күтіп босағадан аттап келген қонағына осы тәтті шашуын шашқан.Онын себебі, қарым қатынасымыз тәтті болсың, бір-бірімізге ащылық мінез көрсетпейік деген ырым екен, ал мен мына тәтті тағамды балапанымның махаббаты тәтті болсың- деп шашу ретінде қолданып жіберейін.
Өмірге деген махаббаты тәтті болсың
Баламның Отанға деген махаббаты тәтті болсың,
Баламның өзі тәтті болсың
Тілі тәтті болсың.
Ал енді алтынға қарағанда, күмісті қадір тұтқан халық емеспіз бе?
Күміс тазалық, салмақтық деп білгенбіз,осы күмісті баламыздың аяғынын астына салмақты болсың,өмірге шыдамды болсың, күмістей таза болсың,Отанының адал қызметкері болсың деген ниетпен күміс тиындарды шашайын.
Маржандай шашылатын ақ күріш өседі, өнеді, көбейеді, енеше балапаным өссін, өнсін, көбейсін, ұрпағы жалғансын, көп болсың, өсіп-өніп көбейіп балам ұрпақты болсың- деген ниетпен шашып қойайын.
Дүниеге нәресте келеді, нәрестені бесікке бөлейді, бесікке салар алдында бесікті аластап аламыз.
Аластау- дегеніміз, тазарды дегеніміз.
Осы әжелеріміздің айтатын сөзі бар, ойпырмай баланын көзі кіртейіп тұр.әй әне пәленшенің көзі тиді, түгеншенің сөзі өтті деп жатады,енеше баламызға көз өтпесін, сөз өтпесін, тіл тимесін - деп отанасына сеніп,аластау рәсімін жасап жіберейін.
Алас, алас көзі бардын көзінен алас
Алас, алас сөзі бардын сөзінен алас
Алас, алас бәлеқордың пәлесінен алас
Алас, алас төтеден келген апаттан алас
Алас,алас тілсіз жаудан алас
Алас, алас көзі бардың көзінен,сөзі бардың сөзінен
Жаман адамның өзінен алас
Аумин – мұны аластау дейді.
Ал, мынау ақ жолды балам ақ жолдың үстімен жүрсің, ақ ниетті жан болсың- деп төседік.Өйткені біз қазақ жақсылықтың бәрін аққа тенеген халықпыз.
Ал, мынау ақ жолдың басына қойған заттарды баламның қаз-қаз басып келе жатып, қайсын тандаса соған біз икемдеп жатамыз.
Кітап - дегеніміз, әрине білімді адам мыңды жығады,білімсіз адам бірді жығады деп жайдан жай айтылмаған, егер кітапты тандап жатса, онда баламыз үлкен профессор, академик болады деп жорамалдайық.
Енді қамшы дегеніміз әрине ат үстінде отырғандықтан мен оны билік деп алдым.Балам кем дегенде қазақстанның бір саласында министр болсың,үлкен адам болсың.
Ал , ақшаны өздерініз білесіздер, бай дәулетті,ақша санай білетін адам болады деген сөз.
Ал мына доп дегеніміз спортшы болсың деп .
Ал домбыра дегеніміз – әрине талант.Талант дегеніміз тек қана домбырада ойнап, әнді айтып, би билеп , спектакльде ойнау ғана емес, талант деген сіздердің де бойларыңызда бар қасиет.Егер мына шәкіртіміз ұстаздан озып жатса , демек ұстазымыз да талантты дегеніміз.Егер балам осы домбыраны тандап жатса осылай жорамалдап қояйық.
Тұсауды кестіргенде көшеде жүрген анау – мынау адамға кестірмеген.Өзінің ой пікірі орын алған немесе осы әулетке жаны ашыр бола алатын, үлкен адамға кестіріп жатады екен.Ендеше мен ортаға осы түзету сыныбының жанашыры, үлкен апамыз, ұлағатты ұстаз Бағила апамызды ортаға шақырайын.
Бағила Шакаримовна біз сізді мақтан тұтамыз.Бұл кісінің түзету сыныптарына істеген ісі үлкен, аузын ашса жүрегі көрінетін, кеңпейіл, өз ісіне адал жан деп білеміз.Енеше сөз кезегін сізге беріп, тұсау кесу рәсімін бастасақ.
Бағила Шакаримовна тұсау кесу,тілек.
Жүргізуші:Осы тәрбие сағатының өтуіне үлкен үлестерін қосқан ата- аналарға,тәрбиешіге алғысым шексіз.Сөз кезегі ата- аналарға берсек.
Ата-аналар сөйлейді.
Жүргізуші:Ас қайыру батасын мектебіміздің директоры Жуанышев Қанатбек Ахметхановичке берсек.
Бата
Жүргізуші:Осымен «Салт – дәстүрім қазынам» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.Сыныбымыздың «Ұлттық қолөнер көрмесін» тамашалауға шақырамын.Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендерінізге көп рахмет.

Өткізген: Сейтказина Мерей Жылкибаевна
Категория: Начальная школа | Добавил: Яло
Просмотров: 1453 | Загрузок: 5 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 8:35 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru