Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Тақырып: Өз мүмкіндігімізді таниық
2017-05-19, 6:12 AM
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
«№7 орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Мольдинова Ляззат Маратовна

Сынып: 6 «Ә» Оқушылар саны: Тақырып: Өз мүмкіндігімізді таниық
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттері: қанағаттылық, еңбекқорлық, табандылық, төзімділік.

Мақсаты: Оқушыларға адам мүмкіндіктері туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
• Оқушыларға адам мүмкіндіктеріндегі еңбекқорлық, төзімділік қасиеттеріне түсінік беру;
• Оқушы бойындағы өзіндік мүмкіндіктерін тану үшін талаптылығын, табандылығын дамытуына ықпал ету;
- Оқушыларды талаптылыққа, еңбекқорлыққа, табандылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi: 5 «Т»- ұстанымын еске түсіру:
1.Тәртіп
2.Талап
3.Тазалық
4.Тыныштық
5.Татулық
1.Тыныштық сәтi: «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге, немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
Оқушылар алған әсерлері туралы айтады.
1.Үй тапсырмасын тексеру: 5-сабақ,21-бет.Р.Островскаяның ұлы – Н.Островскийдің балалық шағы туралы әңгімесін мазмұндау.
Сұрақтар:
1. Николайдың білімге құмарлығы туралы оның анасы не айтады?
2. «Құрыш қалай шынықты» атты қітабын қашан және қандай жағдайда жазды?
3. Адам өз мүмкіндіктерін қалай дамыта алады?
4. Қандай жағымды қасиеттер адам бойындағы мүмкіндіктердің, қабілеттердің шексіздігін дәлелдейді?
5. Адам мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуда ниет пен ерік-күштің мәні неде деп ойлайсыңдар?
Ескерту
1. Дәйексөз: «Жаның жай тапсын десең,еңбектен»
Ж.Ж.Руссо
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Оқушылар дәйексөздің мағынасы бойынша өз пайымдауларын жасайды.
Дәйексөзді оқушыларға 3 рет қайталатып оқыту.
Дәйексөзді дәптерлеріне жаздыру.

2.Оқиғаларды әңгiмелеу (сұхбат)
«Құмырсқа мен шегіртке» ертегісі

Баласын жем іздеуге баулып жүрген Құмырсқа пісіп тұрған бидайдың басын иіп алып жеп тұрған шегірткеге кез болды. Онымен:
— Ассалаумағалейкум, Шегіртке, — деп амандасты да: — Оу, Адамның маңдай терімен еңбек етіп пісірген бидайын сен қалай рахаттанып жеп тұрсың? — деп сұрады.
— Осыншама жерді алып жатқан бидайдың бір түйірін жесем Адамның несібесі кеми қоймас. Жылдағы әдетім осы, жаһанды жалпағымнан басып келем де бидайды жей берем. Бұдан кедей болып қалған Адамды көрген емеспін, оның көйлегі де көп, көңілі де тоқ, — деп жауап берді Шегіртке.
Бастары жұлым-жұлым боп қалған бидайларға қарап тұрған Құмырсқаның көзіне анадайда бидайлардың парша-паршасын шығарып шашып ойнап келе жатқан Шегірткенің балалары түсті.
— Көрдің бе, балаларың да сен секілді өзгенің нәрсесін ұрлауға дағдыланып алыпты. Ертең олар да балаларын ұрлыққа үйрететін болады. Ал, бірақ ұрлықтың жақсылық әкелетіні шамалы, – деп күрсінді.
Құмырсқаның сөздеріне ашуы келген Шегіртке:
— Дайын астан аттап өтіп қайда барып жем іздеймін! — деп айқайлады да, шырт етіп ұшып кетті.
Құмырсқа одан әрі жүре берді.
Сонда Құмырсқаның баласы:
— Апа, біз алыс-алыс жерлерге шаршап барып әкелетініміз біреуден қалған қалдық. Неге соншама жанымызды қинап бейнеттенеміз. Ал Шегіртке болса таза, жаңа піскен дәмді бидайды таңдап жеп жүр. Ол дұрыс істейді. Тойып алады да, қыдырып жүре береді. Ал екеуміз таңның атысынан күннің батысына дейін азық іздеумен боламыз. Сондағы табатынымыз мардымсыз бірдеңелер. Біз де бидайдан бірнешеуін алып алайық, — деді.
— Балам, әлі-ақ Шегірткенің ісінің дұрыс еместігіне көзің жететін болады, — деді Құмырсқа.
Жүре-жүре жүгері алқабының шетіне шыққан олар шашылып қалған нанның қиқымын көрді. Шамасы осы жерде отырып біреу нан мен сусын ішкен секілді.
— Балам, мінекей, мынау нан. Ас патшасы, — деді, Құмырсқа қиқымдардың ішінен ең ірісін таңдап алып жатып, — бұл әлгі Шегіртке жеп тұрған бидайдан жасалады. Адамдар өте еңбекшіл халық. Олар бидайды сол күйінде жемей, оны өңдеп, осындай тәтті тағам жасайды.
Аң-таң қалған баласы қиқымның бір түйірін аузына салып көріп:
— Иә, шынымен де бал татиды, — деп тамсанды.
— Әлің жеткенше арқалап ал. Енді бұл қиқымдарды бізден басқа ешкім керек етпейді, сондықтан еш қысылмай ала беруге болады, — деген анасы алдыға түсіп жүріп кетті.
Бұлар бидайдың ортасымен жүріп отырып бағанағы Шегірткемен кездескен жерге де жетті. Бір кезде Құмырсқаның құлағы ыңырсыған әлсіз дауысты шалып қалды. Жалма-жан арқасындағы азығын тастай салып, дауыс шыққан жаққа қарай жүгіре жөнелді. Баласы да ілесе берді. Қараса, Шегіртке аяқтары әлсіз қимылдап, өлгелі жатыр екен. Құмырсқаның тер басып кеткен бет аузын көрген ол:
— Досым, сен дұрыс айтасың. Адамдар бидайларға у сеуіп тастапты. «Қиналмаймын, оңай олжа табамын»,деп жүріп міне ажалымнан бұрын өлейін деп жатырмын. Егер сен секілді еңбектенгенімде бұлай ерте өлмес пе едім кім білген, — деп көзіне жас алды. — Еңбектенейін десем осы еңбектің жемісін көретініме сенбедім ғой. Ауыр жұмыстан қашып осы кезге дейін өмір сүрдім. Енді анау балаларыма өсиетімді айта алмай бара жатырмын. Олар да мен секілді өмірлерін құр босқа өткізетін болды, — деп өкінген Шегіртке көз жұмды.
— Көрдің бе, балам, әлгінде сен де осы бидайдан ұрлап алмақшы болып едің. Ұрлық түбі - қорлық екеніне енді көзің жеткен болар, — деді анасы баласының жүзіне бағдарлай қарап, — Егер бойыңда сенім болса, ауыр бинеттің өзі бақыт болып көрінеді, — деді.
— Түсіндім, түсіндім, — деген бала анасының алдына түсіп, иығындағы ауыр жүгін мақтанышпен көтеріп, томпаңдап кетіп бара жатты.
Сұрақтар:
1. Құмырсқамен шегірткенің арасында қандай жағдай болды?
2. Құмырсқаның баласы анасына неге ренжіді?
3. Құмырсқаның баласының анасының айтқанының дұрыстығына қалай көзі жетті?
4. «Ұрлық - түбі қорлық » дегенді қалай түсінесіңдер?
5. «Анаға қарап,қыз өсер,әкеге қарап,ұл өсер» деген мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?
6. Адамның еңбекқор болуына көмектесетін қандай қасиеттер қажет?
7. Балалар өз өмірлеріңде еңбекқор адамдарды кездестірген кездерің болды ма?
8. Сіздер, олардың қандай қасиетттеріне сүйеніп оларды еңбекққор деп айта алар едіңдер?

2.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
Түрлі-түсті қағаздармен 4 (төрт) топқа бөлу.
І – топ: «Еңбекпен тапқан нан тәтті» тақырыбына әңгіме құрастыру.

ІІ – топ: Табандылыққа, төзімділікке байланысты мақал-мәтелдер құрастыру.
ІІІ – топ: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» тақырыбына сурет салу.
ІV – топ: «Талап» сөзіне сөзжұмбақ құрастырыңдар.

4.Топпен ән айту. «Жан досым» әні
2. Үй тапсырмасы: 6-сабақ,23-бет.Г.Потаниннің «Шоқан» туралы әңгімесін мазмұндау.

4.Сабақтың соңғы тыныштық сәтi:
Классикалық музыка әуенімен:
Бүгінгі алған білімдеріңізді жүректеріңізде сақтаңыздар.
Сабақ аяқталды, назарларыңызға рахмет!
Категория: Начальная школа | Добавил: Кролик
Просмотров: 1152 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 11:14 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru