Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Мен және отбасым.
2013-12-29, 7:17 PM
Итбаева Ардақ Жанарбекқызы
Бастауыш сынып мұғалімі.
Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданы
Ойшілік ауылы
Тоғас батыр атындағы орта мектеп.


Мақсаты: Оқушылар сабақта отбасының маңызын, ондағы өз орны туралы ойланады.
Міндеті: 1. Оқушылар отбасы туралы ұғымды кеңейтеді. 2. Әңгіме барысында өз ойларын айтып шығармашылық қабілеттерін дамытады. 3. Отбасы мүшелеріне қамқорлық жасауға бауырмалдық көзқараспен қарауға үйренеді.
Стратегия: Ассоциациялық карта, Блум таксономиясы бойынша көп деңгейлік тапсырмалар. Эссе.
Қызығушылықты ояту.
а/ Сендерді үйде қалай еркелетеді. Үйдегі еркелететін аттарыңды айтыңдаршы. /Үйдегі еркелететін аттарымен танысу./ Осы жақсы аттармен сендерді кім еркелетеді?
б/ Отбасы сөзінің мағынасын ашу.
«Отбасы» сөзіне ассоциация жасату.
- Олар кімдерді еркелетеді ? / мені /
«Мен» сөзіне ассоциация жасату.
Айналаңдағы адамдардың бәрі сенің отбасың.
- Отбасыңдағы ең үлкен, қадірлі адам кім? / АТА/
Атадан кейінгі адам әже, әке, ана, бала.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы « Мен және отбасым» деп аталады.
Мағынаны ажырату.
1. Мәтінмен танысу. / оқушылар мәтінді оқып шығады/
2. Блум таксономиясы бойынша көп деңгейлік сұрақтар қою.
- Ертегі қалай аталады?
- Ертегі кейіпкерлерін кім атайды?
- Балалары күні бойы не істейді екен?
- Шешесі неге айналып кетті?
- Неге балалар анасына көмектеседі?
- Егер сендер ол балалардың орнында болсаңдар не істеуші едіңдер?
Оқушылар өз ойларын айтады. Иә, балалар, ана отбасының тірегі.
3. Жоба құрастыру. (Топпен жұмыс) Отбасы мүшелерінің жанұяда өз орны, атқаратын ісі болады.
Топқа сұрақ. 1. Аталарың үйде не істейді?
2. әжелерің немен айналысады?
3. Әкелеріңнің рөлі қандай?
4. Апаларың үйде не істейді? / Оқушылар өз ойларын айтады./
- Сендер үйде не істейсіңдер? / топта бір - бірімен ақылдасып сұраққа жауап жазады/
а/ Өзара жұбымен ақылдасады.
б/ Топ мүшелері жауабын айтады, барлығын қосып, ортаға салады, жазады.
в/ Жобаның презентациясы. /Әр топтан шығып, жобаны оқып, таныстырады/
Ой толғаныс.
Эссе жазу. Отбасына тілек жазу. / жазғандарын оқиды /
Отбасы сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі - бала.
Ата - ана бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.
Ата - асқар тау,
Ана - баурайындағы бұлақ,
Бала - жағасындағы құрақ ,- деп ата - ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген.
Категория: Начальная школа | Добавил: жаксы | Теги: тәрбие, сағаты
Просмотров: 1564 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.8/4
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 8:48 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru