Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа |
2014-01-25, 11:30 PM | |
Сауат ашу Сабақтың тақырыбы: "Жабайы жануарлар. Аңдар. Буын." Сабықтың мақсаты: 1. оқушыларды жабайы жанурлармен таныстырып, олардың тіршілігін айту; буынға байланысты білімдерін кеңейту. 2. сөздік қорын, сөйлеу тілін, дүниетанымын, ойлау, есте сақтау, салыстыру қабілеттерін дамыту. 3. адамгершілікке, тиянақтылыққа, жанашырлыққа, жануарларды сүюге, қамқорлық көрсетуге шақырып, тәрбиелеу. 4. көру қабілетін көлем, түс, пішін арқылы түзету. Сабақтың көрнекілігі: жабайы жанурлардың кеспе суреттері, буын үлгісі, оқулық. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: (оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру) 2. Үй тапсырмасы: 18-19 бет сөздерді буынға бөлу, үлгі толтыру. 3. Жаңа сабақ: а) сабақтың тақырыбымен таныстыру: - Бүгін біз сабақта түрлі жануарлармен танысамыз, олардың аттарын буынға бөлеміз. ә) жануарлармен таныстырып, олар жайлы шағын ғана мәлімет беру. (бұғы, елік, арқар, керік, құлан, қасқыр, қоян, аю, түлкі, арыстан, жолбарыс) б) аңдардын аттарын буынға бөлу в) сергіту сәті: Ормандағы аюдың Құлпынайы кұп екен. Теріп-теріп алайық, Қалтамызға салайық. г) дәптермен жұмыс: үлгілерін толтыру (ауда, тақтада, дәптерде жазу) ғ) көзге арналған жаттығулар д) Ұнатқан жануардың суретін сал. 4. Бекіту: - Сабақ саған ұнады ма? - Ұнаса несімен ұнады? - Несімен ұнамады? 5. Қорытынды: үй тапсырмасы басқа жануарлар жайлы біліп келу, буынға бөлу; ж.д. үлгіні толтыру. | |
Просмотров: 1695 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|