Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Ана тілі .Түйе
[ Скачать с сервера (16.4 Kb) ] 2014-01-26, 4:11 PM
Ашық сабақ. Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Түйе.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі:
Қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі төрт түлік малдың ішіндегі түйенің ерекшелігіне тоқталу. Оның еті де, сүті де адамға шипалы екенін түсіндіру.
2. Дамытушылығы:
Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту. Түйенің пайдасы туралы білімдерін толықтыру, тіл байлығын, ой өрісін, іскерлік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелігі:
Оқушыларды төрт түлікке деген құрметке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі мен жабдығы:интерактивті тақта, төрт түліктердің суреті, суреттер, тапсырмалар.
Әдісі: сұрақ–жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу, , пікірлесу, әңгімелеу.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.
Психологиялық дайындық
Білем деме, балам,
Білмейтінің көп шығар
Бәрін білген адам,
Дүниеде жоқ шығар.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ үй тапсырмасын сұрау
Үйге қандай тапсырмалар берілді?
Қазақ халқының ұлтттық ойындары өте көп. Сендер қандай ұлттық ойындары білесіңдер? Бүгін біз «Бәйге» ойыны арқылы үйге берілген тапсырманы тексеріміз.
Берілген сандарды таңдау арқылы сан артындағы сұрақтарға тез мүдірмей жауап беру керек? Ойын «Бәйге».
10 санының сұрағы: «Сиырдың төлі қалай аталады?»
20 санының сұрағы: «Сиырдың сүтінен қандай тағамдар әзірленеді?.»
30 санының сұрағы:«Сиыр атасы қалай аталады?»
40 санының сұрағы: – мына сөздердің жалғасын тауып айт. Мүйізі........., мұрны.............
50 санының сұрағы: Сиыр малын қалай шақырады?
Үй тапсырмасын тексеру. Топтастыру стратегиясы
Сонымен балалар,сиыр малының бізге қандай пайдасы бар екен?
Сиырдың пайдасы
Айран май
Сүт Сиыр құрт

қаймақ ірімшік
III. Жаңа сабақ
Қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі – мал бағу.Төрт түлік бізге - кисек – киім, ішсек – тамақ, мінсек – көлік.
- Төрт түлікке нелер жатады?
- Ал, жақсылап қараңдршы осы төрт түлік малдың ішінде қандай малдың суреті жоқ?
Мына жұмбақты шешіп көрейік.
Жұмбақ
Иір –иір денесі
Сахараның кемесі.
Ащы шөптер – тамағы,
Шөлге шыдап бағады. Дұрыс балалар, төрт түлікке жататын жануардың бірі – түйе.
Олай болса, бүгін біз «Түйе» малы туралы жазылған жырмен танысамыз.
- Дәптермен жұмыс
Дәптерімізді ашамыз, бүгінгі күнді, тақырыпты жазамыз(сабақ басталмай тұрып, алдын –ала жазғызтып алу, күнді, тақырыпты)
Интерактивті тақтадан суретін көрсетіп тұрып, мағлұмат беру
– Түйе - киелі жануар. Ол шөл мен аштыққа шыдамды. Ыстық – суыққа төзімді, ұзақ жүрісте қажымайды. Ертеде ата – бабаларымыз көлік ретінде пайдаланды. (суретін көрсету жүк көтеріп келе жатқан)
Оның терісі, жүні, сүті өте пайдалы. Сүтінен шұбат, қымыран сияқты сусындар дайындайды. Түйе сүтінің емдік қасиеттері бар, бірнеше ауруға ем.
Терісінен аяқ киім тігеді, таспа, қайыс жасаған, ер қаптайды. Жүнінен жылы киімдер тоқиды, көрпеге салады. Түйе 30-40 жылға дейін өмір сүреді. Маңғыстау, Қызылорда облыстарында түйе шаруашылығымен айналысады.
Түйенің өзінің бірнеше түрі болады. (суретін көрсетіп)
Міне, мына түйені айыр түйе қос өркеш түйе тұқымының бір түрі.
Ал, мына түйе Аруана – сыңар яғни жалғыз өркешті түйе. (суретін Аруана айыр түйеден гөрі ыстыққа төзімді, сүті де мол (екі- үш есе) бірақ жүні аз болады. Аруана (сыңар өркешті түйе) Қазақстанда Атырау облысында ғана өсіріледі.
Түйе – салтанат деген мағынаны білдіреді. Түйенің жауы – маса, сона. Түйені көс-көс деп шақырады. Арай арай деп тоқтады, шу деп тұрғызады. Шөк деп жатқызады. Жастарына байланысты аталуы- бота, тайлақ, бурылыш, буыршын, науша, бұзбаша, інген атан, бура
Түйе малының жалпы атаулары:
Дәптермен жұмыс.
Бота Інген
Тайлақ Бура
Нар түйе Үлек
Айыр түйе Атан
Аруана
«Мал өсірсең, түйе өсі, пайдасы оның көл – көсір» демекші түйе күніне 40-50 шақырым жүреді. Түйе малының атасы Ойсылқара екі жылда бір боталайды. Түйенің төлін не деп атаймыз? (Суретін көрсету).
Негізі түйе түбіті мен шудасы – тоқыма өнеркәсібі үшін таптырмайтын шикізат. Еті ем, шұбаты – шипа.
Сергіту сәті.
Оқулықпен жұмыс.
2 тапсырма
Мақал – мәтелді түсініп оқу.
Нар жолында жүк қалмас.
Бақырауық демесең,
Бағалы көлік түйе ғой.
(мағынасын түсіндіру)
3 тапсырма
Жырды түсініп оқу. Түйе (интерак-і тақтадан суреті көрсетіліп тұрады)
(Әуелі мазмұндап өзім оқып берем)
Балаларға оқыту.
Мазмұнын түсіндіру
Жүрісі өркеші
Денесі- аяғы
Мойны- тілі
Көзі жегені
Шудасы еріні
Маң –маң басқан
Алабота, ащы қурай, теріскен шөптің аты.
Шөк дегенде, бық дегенде
Сөздік жұмыс.
Шуда-түйенің өркешіне, желкесіне, тізесінің үстіне және мойнының астына шыққан ұзын қылшық жүн. Түйені қазақ халқы тұрмысқа жиі пайдаланғандықтан (жүк арту, т.б.), оның жүні ұйысып, киіздей берік болып қалады. Мұны “жабағы“, оның астынан шығатын үлпілдек жүнді “боздақ“ деп атайды. Шуданың ұзындығы 10 – 30 см аралығында болады. Ол қайшымен қиылып алынады. Одан жіп иіріп, алаша, кілем, киім-кешек тоқиды.
- Қом-түйе өркешінің түп жағын ала тұтаса біткен май. Арық түйеге қом бітпей, өркеші жығылып жатады.
4тапсырма. Енді балалар суретке қарап, жырға сүйеніп сұрақтарға жауап беріңдер?
- Түйенің төлін қалай атайды? Сүтін ше?
- Түйенің жүрісі туралы не деуге болады?
- Шудасы туралы ше?
-Түйе қандай шөпті жақсы көреді?
Сабақты бекіту.
Түйенің пайдасы қандай? Тақтада мына сызбаны толтырамыз.
Ал басқамыз алдарында қағазда сызба жатыр, соған пайдасын жазасыңдар.
Түйе жүнінен істелетін бұйымдар Түйе сүтінен әзірленетін тағамдар Түйе терісінен істелетін бұйымдар
Көрпе, тоқыма киімдер Шұбат, қымыран Аяқ киімдер, қайыс, таспа

Міне, балалар біз түйе малының пайдасы туралы білдік.
Үйге тапсырма:
Түйе жырын 56 бет оқып келу.
Қорытынды.
Оқушылардың білімдеріне, берген жауаптарына тиісті бағалар қою
Сабақ аяқталды.
Категория: Начальная школа | Добавил: bayan_kayratkyzy | Теги: Бкк
Просмотров: 3457 | Загрузок: 82 | Рейтинг: 2.5/4
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 5:26 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru