Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Дүниетану пәнінен 4-сыныпқа арналған "Туыстық қатынастар"сабағы
[ Скачать с сервера (412.0Kb) ] 2014-01-27, 2:02 PM
Пән дүниетану
Мерзімі 28-ақпан
Тақырыбы Туыстық қатынастар
Жалпы мақсаты Туыстық қатынастар туралы түсіндіру.
1.Отбасы мен туысқандар арасындағы өзара туыстық қатынастар туралы түсініктерін қалыптастыру;
2.Оқушылардың ойлау, сөйлеу және танымдық қабілеттерін дамыту;
3.Туған-туыс, жақындарын жақсы көруге, сыйлауға тәрбиелеу
Оқу нәтижелері Туыстық қатынастар туралы түсініктері қалыптасып, туыстық атауларын меңгереді;бір-бірінен ажырата алады; туысқандардың шешіресін жасай алады;
Тапсырмалар мен жаттығулар
І.Ұйымдастыру кезеңі
1/Сәлемдесу
2/Психологиялық дайындық: -Кел, жаныма тұр, сыныптас!
Өз алақаныңды маған аш.
Міне, менің қолым бос,
Жылуыма жылу қос.
3/ Ата- әже, әке-шеше туралы ән тындату.
ІІ.Өткен сабақта алған білімдерін бекіту:
ә/ «Отбасындағы балалар» тақырыбы бойынша оқушылар интерактивті тақтада сәйкестендіру стратегиясы арқылы ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынасты ажыратады.
Анасының көмекшілері, олар мейірімді,
ер балаларға қамқор болады.
Кішкентайынан қыздарға көмектесуге,
ҚЫЗДАР оларға қамқорлық танытуы тиіс.
Өздерін ер балалар сыйлайтындай
дұрыс ұстауы қажет.
Көлікте әйелдер мен қыздарға орын
ҰЛДАР береді.
Ер балалармен айғайламай, дауласпай
дөрекі сөздер қолданбай сөйлесуі керек.
Қыздардың сырт киімін шешуге
көмектеседі.
б/ «Отбасы-шағын қоғам» тақырыбы бойынша сөзжұмбақ шешіп, өзара тексеру:
-Отбасы- шағын қоғам.
-Қазақстанда тұратын адамдардың бәрі бізге отандас болады.
-Ата-ананың қуанышы бала.
-Неке мен туыстық қатынастарға негізделген адамдар тобы отбасы деп аталады.
-Отбасының құқықтары мен міндеттері коституцияда белгіленген.
-Отбасы мүшелерінің арасында бір-біріне деген сыйластық орын алады.



/сөзжұмбақты оқушылар өзара тексеріп, бір-бірін бағалайды/
ІІІ. Қызығушылықты ояту
а/Ребусты шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу
,
ыстық қ ын тар

ә/Кіріспе: -Бала қуанышын да, ренішін де бірінші ата-анасына келіп айтады. Көмекке де соларды шақырады. Сонымен қатар ата-анадан басқа сендерге көмекке келетін жақын адамдар болады. Олар - ата-аналарыңның туыстары. Бүгінгі сабақта туысқандар, яғни туыстық қатынастағы адамдар жайлы әңгіме өрбітеміз.
б/ Түрлі-түсті жүректер арқылы 3 топқа бөліну, топ ішіндегі рөлдерді анықтау, алтын ережені еске түсіру.

ІҮ.Мағынаны тану
1. Мәтінмен жұмыс:
а/ Мәтінді оқу, топ ішінде мазмұнын талқылау.
ә/Интерактивті тақтада «Туысқандар» тірек сызбасын құрастыру

ТУЫСҚАНДАР

ӘКЕ ШЕШЕ

аға-әпкелері, іні-қарындастары аға-әпкелері, іні-сіңлілері

Бауыр Жиен

2.Топтық жұмыс: Оқушыларға жігіттің үш жұрты туралы қысқаша түсінік беріліп, үш топқа ресурс қағаздары таратылады. Оқушылар берілген ресурс бойынша туысқандардың шежіресін жасау тапсырмасын орындайды.
1-топ:Өз жұрты 2-топ:Нағашы жұрты 3-топ:Қайын жұрты а/ресурсты оқу ә/ топ ішінде талқылау б/ критерийлер бойынша бірлесіп постер жасау
1/Постер жасаудағы негізгі идея
2/Туыстық атаулардың толық әрі дұрыс жазылуы
3/1-топ: жеті атаны жазу, 2-топ: нағашы әже жайлы бес жолды өлең құрастыру, қайын жұртқа қатысты ырымдар мен дәстүрлерді атап шығу.
г/ постерді қорғау
/Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын 2 жұлдызша 1 тілекпен бағалайды/
3.Ой толғау:
«Отбасы бақыты» сөзіне ассоциация құру.

Отбасы бақыты

4.Сабақты бекіту:
«Ыстық орындық» әдісі арқылы оқушылардың сабақта алған білімдерін жинақтау /ортадағы орындықта отырған оқушыға сыныптастары өтілген тақырып бойынша сұрақтар қояды, оқушы сұрақтарға жауап береді /.

Ү. Сабақтың қорытындысы
1.Рефлексия: Бүгінгі сабақта не істедік? Не білдік? Сабақ сендерге ұнады ма?
2.Формативтік және жиынтық бағалау
3.Үйге тапсырма беру
4. «Жүректен жүрекке» шеңберіне тұрып, оқушылар отбасы, туысқандар, сыйластық, достық туралы ізгі тілектер айтады.
5. «Әкелер» әнімен сабақты аяқтау

Топтық жұмысқа негізделген тәсіл Топтық жұмыс: 1-топ:Өз жұрты 2-топ:Нағашы жұрты 3-топ:Қайын жұрты
а/ресурсты оқу ә/ топ ішінде талқылау б/ критерийлер бойынша бірлесіп постер жасау
1/Постер жасаудағы негізгі идея
2/Туыстық атаулардың толық әрі дұрыс жазылуы
3/1-топ: жеті атаны жазу, 2-топ: нағашы әже жайлы бес жолды өлең құрастыру, қайын жұртқа қатысты ырымдар мен дәстүрлерді атап шығу.
г/ постерді қорғау
Дереккөздер Оқулық, әдістемелік, энциклопедия

Оқуға арналған тапсырма
82-беттегі «Отбасы» бөлімін қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмаларды орындау; өз отбасы шежіресін жасау.
Категория: Начальная школа | Добавил: әдемі
Просмотров: 1659 | Загрузок: 346 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2016-12-06, 11:14 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [165]
Педагогика [291]
Математика [776]
Физика [242]
История [335]
Классному руководителю [518]
Русский язык и литература [696]
Физическая культура [200]
Английский язык [409]
Искусство [181]
Родительский совет [14]
Биология [319]
Информатика [366]
Начальная школа [1871]
Мой Казахстан [238]
Технология [126]
Самопознание [171]
Технология труда [49]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [40]
Профессиональное образование [155]
Дошколенок [462]
География [129]
Школьная библиотека [48]
Казахский язык и литература [543]
Химия [33]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru