Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар.
[ Скачать с сервера (666.0 Kb) ] 2014-01-29, 3:31 PM
Табиғаты қорғау.
Табиғаттағы барлық нәрсе өзара тығыз байланыста болады. Өзі табиғаттың бір бөлшегі болып табылатын адам да қоршаған ортамен, яғни жермен , өзен-көлдермен, ауамен және айналасындағы барлық тірі организмдермен байланысты. Біз өзімізге залал келтіріп алмау үшін осынау аса нәзік өзара байланыстарды айқындап, танып –білуіміз керек, бұл үшін бізге ғылым көптеп көмектеседі.
Бір кездерде қасқыр,түлкі, кезқұйрық сияқты жыртқыш атаулыға қарсы аяусыз күрес жүргізілді. Алайда дәл сол қасқырдың тазартылған өңірде марал және басқа аңдар ауруға шалдығатын болып шықты. Түлкі мен жыртқыш құстар құрыған жерлерде кемірушілердің көбейіп кеткені соншалық –олар миллиондаған сомның астығын індеріне тасып, жеп рәсуа етті. Сөйтіп, пайда табамыз деп зиян шеккен де жағдай болған.
Жыртқыштар мен оларға жем болатын хайуанаттар мыңдаған жылдар бойы қатар өмір сүріп келеді. Осы уақыт ішінде олардың да,басқалардың да тіршілік етуіне көмектесетін табиғи тепе-теңдік жасалды.
Табиғаттағы осы тепе-теңдікті адамның еш уақытта естен шығармағаны жөн. Мәселен, әр түрлі улы химикаттар жасалады. Егер оны егістік пен бақтарға ұшақпен бүркіп немесе тозаңдандырып шашса, ол жердегі барлық зиянкес насекомдар құриды. Бірақ бұл кезде олардан басқа да пайдалы жәндіктер мен хайуанаттардың қырылуы әбден мүмкін. Өйткені мыңдаған аң мен құс уланған нәрселерді жеу арқылы өздері де уланады ғой.
Егер будақталған түтінен –ауа бүлінсе, былғаныш судан өзендер ластанса, онда одан табиғат қана тақсірет тартып қоймайды, адам да ауырып зардап шегеді. Міне сондықтан да табиғатты қорғау немесе, дәлірек айтқанда, табиғи ортаны қорғау дегеніміз, айналып келгенде адамның өзін қорғау деген сөз.Бұл өзіміздің келешегімізді, бізден кейін де Жер бетінде сақталатын тіршілікті қорғау болып табылады.
Адам баласы Жер шарында жабайы хайуанаттардың толып жатқан түрін құртып жіберді. Осылар, сондай-ақ құрып кету қауіпі төнген басқа да хайуанаттар Халықаралық табиғат қорғау одағының сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлері жайындағы Қызыл кітабына енгізілген. Олар зор қамқорлыққа алынып, көздің қарашығындай қорғалуда.Сонымен қатар барлық елдерде табиғатты ерекше қорғауға алынған қорықтар ұйымдастырған.
Қорық емес жерде де адам табиғатқа қамқорлық көзбен қарауы керек., азық-түлік пен өнеркәсіп үшін қажетті табиғат байлықтарын, атап айтқанда, топырақ, су, орман-тоғайды, аң мен құс, балық қорларын тиімділікпен пайдалана білуі қажет. Адам тірі табиғат күштерінің бұрынғы қалпына келуіне көмектесуі керек.Ал ол үшін табиғат заңдарын, барлық тірі организм атаулының ерекшеліктерін терең зерттеп-білу қажет.Әрбір адам біздің табиғатпен етене тығыз байланыста екенімізді ұғынуға міндетті, сондай-ақ біздің әрқайсымыз өз іс-әрекетіміз үшін әрдайым жауаптымыз.Жер-ананың шапағаты мол ғажайып қалпын сақтап қалу үшін, өздеріңнің және өз ұрпақтарыңның шат-шадыман, жақсы өмір сүруіүшін күресулерің керек. Бір сөзбен айтқанда, табиғат-ананың аялап, көздің қарашығындай қорғауларың қажет.


Моделдік жауап:
Қортынды:
1. Жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды сақтап қалу үшін қорықтар құрылады.
2. Адам табиғатқа зиян келтірмей өмір сүру керек.
3. Адам жасыл орманды, көлді, таза ауаны сақтап,жануарларды қорғау үшін ақылды болу керек.
4. Табиғатқа қамқорлықпен қарау.
5. Табиғатты қорғау туралы заңның баптарын оқу.
6. «Адамдар жер бетіндегі тіршілікті сақтап қалу үшін не істейді?» деген тақырыпқа пікірталас жүргізу.

Аргументтер:
1.Өз жеріңде Қызыл кітапқа енген жануарларды қамқорлыққа алу.
2.Жердегі тіршілікке адам жауап береді.
Жануарларға зиян келтірушілерге хат жаз.

Қортынды айқындалған 4балл.
Екі аргумет айқындалған 3балл
Ең жоғарғы балл 7балл
Категория: Начальная школа | Добавил: abeyova-1960
Просмотров: 1284 | Загрузок: 231 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 9:00 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru