Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Ұстаздық тәжірибемдегі өзгеріс туралы пікірім
2014-01-30, 10:47 AM
Аманжолова Шынар Қонақбайқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Ростовка орта мектебі
Бұқар жырау ауданы
Қарағанды облысы
Ұстаздық тәжірибемдегі өзгеріс туралы пікірім
Әр адам өмір бойына болдым, толдым демей, үйренумен, ізденумен болады. Өз бетінше ізденуіне нүкте қойған күннен бастап, оның өмірі тоқырайды десек те болады. Себебі, адам өмір бойы үйренеді.
Ал ұстаз адам, болашақ ұрпақты тәрбиелеушілер үшін әр күні, әр сағаты, тіпті әр минуты ізденіске толы. Тәуелсіз Қазақстанның болашақта өркениетті елдер қатарында нық тұрып, дамыған мемлекет болуы бүгінгі ұрпақтың қалай оқып білім алуы мен тәрбиеленуіне тікелей байланысты. Оқушыны жан-жақты білімді, өз елінің патриоты, бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптастыруға күш салу оларды оқытушы педагогтар қауымының басты міндеті болып табылады.
Заман өзгеріп, біз жаңа бағытқа бет бұрдық. Осыған байланысты Қазақстанға (2012) Кембридж университеті ғалымдарының оқыту тәсілі, яғни жеті модуль идеяларынан тұратын Білім беру мен білім алудағы жаңа бағдарлама енгізілді. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу, яғни оқушыға дайын білім бермей,оны дамыта оқытып,ізденушілік-зерттеушілік әрекетінің ұйымдастырылуын, игерген білімін іс-әрекетте пайдалана алуын көздейді, ал негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген.
Осы курстан ерекше көңіліме түйіп, үйренгенім - әр күнде түрліше топтарға бөліну, қызықты етіп сабақты ұйымдастыру түрлері, яғни, балаға қолайлы орта жасау және оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері болды.
Бұл бағдарламаны оқып-үйреніп, оны өз жұмысымда қолданып мұғалімдік кәсіптің қыр-сырына тереңдей түстім. Әрине, әр сабаққа дайындық керек, оқушыларға шығармашылық бағыт-бағдар бере отырып, үздіксіз іс-әрекетке жетеледім. Оқушылар сыныпқа сабаққа кіргенде өзіне жасалған жағдай мен мұғалімнің психологиялық–эмоционалдық күйіне алдымен назар аударады.Оқыту үдерісінде жеке тұлғалардың өздерін еркін сезінуі мен қауіпсіз сезінуі сабақтың нәтижесіне көп әсер етеді. Сондықтан оқушылар үшін ынтымақтастық атмосфера қалыптастырып, мәдени-эстетикалық жағдай жасау менің міндетім. Алдыңда отырған балаға білім бермес бұрын оның жан дүниесін, мінез-құлқын, денсаулығын, қабілетін, есте сақтау деңгейін, отбасы жағдайын, нені қалап, нені қаламайтынын білген жөн. Әр сабақтың ұйымдастыру кезеңінде оқушылардың амандасуын, психологиялық-эмоционалдық дайындық сәтін өткізіп, олардың жан-дүниесіне үңілу арқылы сабаққа қатысуға баланың дайындығына бақылау жасап аламын. Өйткені мұғалім мен оқушылардың арасында өзара түсіністік, мейірімділік қарым-қатынас орнату сабақтың жемісті өтуінің басты кепілі. Ынтымақтастық орнату мақсатында «Жақсы тілек», «Әсем күлкі,ақ тілек» т.б тренингтерін ұйымдастырдым. Бұл тренингте оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сабақты жақсы көңіл-күймен бастайды. Сондай-ақ, оқушылардың арасында өзара достық, сыйластық қарым-қатынастың болуына да назар аударамын.
Бұрын оқушыларды топтап отырғызу тек қана ашық сабағымда болса, мен үшін енді барлық
сабағым осылай болу тиіс деген пікір келді. Топтық жұмыс, біріншіден, оқушыларға бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырады. Екіншіден, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Үшіншіден, бірін-бірі оқытуға, бірінен-бірі үйренуге жағдай жасайды. Бұл әдіс сонымен қатар топ болып ынтымақтастықпен бірігіп жұмыс жасауға,ойын еркін ортаға салуға, бірінен- бірі үйренуге септігін тигізді. «Бүгін қалай топқа бөлесіз?» деп әр сабақ сайын менен күтіп отыратын болды.Әр сабақта оқушыларды түрліше топтарға бөлдім. Балалар өз топтарының ұстанымын құрастырды. Топта балалар өз ойларын ортаға салып, бірге шешім қабылдап, бірлесіп топ ережесін жазды. Ортаға бір оқушы шығып топ ұстанымымен таныстырып, ережесін бекітті. Алдағы уақытта осы ережені жыл аяғына дейін ұстанып, жұмыс істейтіндіктері айтылды. Топтың ережесі плакатқа жазылып, ілінді. Сынып алғашында ереженің не үшін керек екенін түсінбеді.Бірінші сабақтарда топтық жұмысқа барлығы бірдей кірісіп кеткен жоқ.Топтық жұмыстарды жарыс ретінде қабылдады.Топтық жұмыстың алғашқы кезінде білім деңгейі орташа оқушыны білімі жоғары оқушы қатыстырмаған.Олардың пікірін тыңдамаған. Сыныпта артық шу, күлкі болды. Мен ескерту жасап ұрысқан жоқпын. Сабақ барысында оқушылар шулаған кезде ереже арқылы реттедім. Мысалы: «Мұхаметжан, сен ереженің қай тармағын бұзып тұрсың?» деп айттым. Сонда оқушы ережеге қарап,өз-өздерін мұғалімнің ескертуінсіз реттеді. Кейін оқушылардың ережені өздері пайдаланғанын байқадым. Тапсырманы орындап болған топ бұрын «Біз болдық» деп айқалайтын, қазір тек үш рет қол шапалақтайды.Ол деген оқушылар өзін-өзі реттей алады, бұл маған жақсы көңіл-күй сыйлап, өз жұмысыма деген сенімімді арттыра түсті. Оқушылар топта бір-бірін тыңдап, сыйлап, бірге жұмыс жасап үйренді. Сабақ соңында топтар арасындағы бәсекелестік емес, достық қарым-қатынас пен жақсы көңіл-күйді байқадым.
Бұрынғы оқушы тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Осындай тұлғаны
дамыту үшін оқытудың жаңа тәсілдері қажет. Бұл бағдарламада қазіргі заманғы оқыту әдістері жеті модуль арқылы берілген: 1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
2.сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
3.білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау
4.білім беруде ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдалану
5.талантты және дарынды балаларды оқыту
6.оқушылардың жас ерекшелітеріне сәйкес білім беру және оқыту
7.білім берудегі басқару және көшбасшылық
Бұл жеті модуль жеке түрінде берілгенмен олар оқыту барысында аралас түрінде ұсынылады. Өткізген әр сабағымда жеті модульді пайдалана отырып,сабақта оқушылар
дың жаппай сөйлеуіне, өз ойын еркін айтуға,топпен пікір алмасу арқылы өз пікірлерін дәлелдей алуына ерекше көңіл бөлдім. Осы курста сабақтың сапасын арттыруда тренингтік жұмыс формаларының тиімділік жақтары көп айтылды.Олар көбінесе жұптық,топтық жұмыстар,бірігіп постерлер жасау, оқушыларды бір — бірлерімен көбірек қарым- қатынас жасату. Оқушылар бір- бірімен араласа отырып,сөйлеуге үйренеді,бір — біріне ықпал етеді. Осындай арнайы курстар мені жаңашыл мұғалім болуға,өз тәжірибеме үнемі сараптама жасап, өзгерістер енгізуге ынталандырды. Әр курс сайын ойың жаңарады, жаңа идеялар пайда болады, жаңа жобаларға ұмтыласың. Егер ойың жүзеге асса, өзіңе сенімің артады.
Бала жаны жаңалыққа құмар, белгісіз нәрселерді ашуға тырысатындықтан, олардың талпынысын дамытуға көп көңіл бөлемін. Баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын қалыптастырудың бір жолы – пәнді оқытуда тиімді тәсілдер арқылы оқу материалын оқушының өздігінен түсінуі мен шешуі болып табылады.Бұрын жаңа сабақты меңгертуде тек өзім түсіндіріп, өзім сөйлейтінмін, оқушылар тек сабақты жәймен тыңдаумен шектелетін. Ал қазіргі әдісім жаңа сабақты меңгерту жолдарына бағыт беріп отыру. Сабақ барысында мұғалім аз сөйлеп, ал оқушылар көп сөйлеуге (сұрақ қою, мысал келтіру, ой бөлісу, достарының жауабының дұрыс-қатесін дәлелдеу т.б.) дағдылануы тиіс. Мұғалім берген тапсырманы орындауға, сұраққа жауап беруге топпен ақылдасу арқылы оқушылардың барлығы қатысады, белсенділігі мен жауапкершілігі артады. Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында жеті модульді өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Бұл технология мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Жаңа оқыту бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған.Сабақтарымда оқушылар тапсырмаларды жақсы түсініп отырады. Басқаға кеңес беруді, көмектесуді үйренді. Топпен және жеке қабылдаған шешімдерін ортаға салып қорғауды үйренді. Өздерінің түйген ойларын жазып, топта бір-бірін бағалауды үйренді. Осы іс-әрекеттеріне қарап оқытудың бұл әдісіне балалардың жеңіл бейімделетінін көруге болады.
Бағдарлама стратегиялары оқушылардың бірін-бірі тыңдап, құрметтеуіне үйретті. Қуанышпен айта кететін жайт,бұрын үндемей отыратын балалардың сабаққа қызу араласуы. Жай уақытта олар өздерін былай көрсетуге бара қоймас еді. Сабақтарды ерекше , жаңа технология жобасымен өтуі оларға еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге, сыншыл көзқарас байқатуларына мүмкіншілік туғызғандай. Бүгінгі қоғамға да, мектепке де керегі осылар. Біз бұрын талантты оқушы деп тек 5-ке ғана оқитын оқушыларды танумен болатынбыз. Енді менің түсінігім, кез келген оқушыны жеке тұлға ретінде қарап, әр балаға қарай жұмыс жасасақ, талантты да, дарынды да оқушылар өздері суырылып шығады екен.Дәстүрлі сабақтарым мен қазіргі жаңа тәсілдерді пайдаланып өткізген сабақтарымнан көптеген айырмашылықтарды байқадым:
 Барлық оқушылар сабаққа өте белсенді қатысады

 Барлық оқушылар өздерін еркін сезінеді
 Жауапты бірлесіп іздейді, жолдастық көмек,бір- біріне деген жауапкершілік сезімі пайда болады
 Ең бастысы олар бір-біріне әсер етеді, бір-бірінен үйренеді
 Ынтымақтастық атмосфера қалыптасады
 Жүйелі сұрақтар қоюға, сұхбаттасуға дағдыланады
 Сабақ өте қызықты өтеді

Әр сабаққа тиянақты дайындық, шеберлік қажет .Тапсырмаларды түрлендіріп, сабақты өмірмен байланыстырып, әр сабақ сайын топтарды өзгертіп отырдым. Оқушы білімін бағалауда маңызды екені белгілі. Бұрынғы сабақтарда өзім айтып, бағалайтын да өзім. Бағаны не үшін алды, келесіде жақсы баға алу үшін не істеу керек деген талдау жүргізілмегендіктен. Ал, жаңаша оқыту әдісінде оқушыларды бағалауға көбірек көңіл бөлуге тырыстым. Оқушының өзін-өзі бағалауын ұйымдастырдым. Бұл оқыту тәсілі оқушыны өзіндік баға беруге , өзін-өзі бағалауға, сенімді болуға үйретеді. Себебі, бала алдымен өзіне-өзі баға беріп үйренуі керек. Сабақтарымда формативті бағалауды (смайликтермен, стикерлермен, жетон т.б) арқылы бірін-бірі бағалады. Бағалаудың бұл түрі оқушыларға өте ұнады. Жаңашылдық оқушылар өздерін критерийлер бойынша бағалайды сол арқылы мұғалім баланың түсінгенін анықтай алады. Бұл тәсілдің тиімдісі – оқушы не үшін және қалай оқу керектігін біледі. Олар не үшін оқу керектігін түсінді.Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып бағдаршамға жапсырады. Сабақ соңында оқушылардың жеткен жетістіктерін, кемшіліктерін талдап, рефлексия жаздырып отырдым. Білім деңгейі жоғары оқушылар топтық жұмыста үндемейтін оқушылардың қатысқанын, топпен жұмыс жасауға,бағалауға, дәстүрлі сабақтардан гөрі осындай сабақтар өте қызықты, күнде болса ғой деп жазған. Қорыта айтқанда, бұрын оқу үдерісі кезінде бар салмақ мұғалімге түсетін. Ол белгілі шеңберде жұмыс жасайтын. Жаңаша оқытудың «Кембридждік» жүйесі бойынша бұл тәсіл біршама өзгереді. Мұнда балаларға білім дайын күйінде берілмейді, керісінше оқушылардың өздерін еркін ұстауға,ойлануға мүмкінді жасалады. Олар өз беттерімен және өзара әрекеттесе оқып-үйреніп, ортақ бір шешімге келуге бағытталады. Барлық ұстаздар қауымына сәттілік тілей отырып, өз шәкірттеріңіздің жетістігіне жете беріңіздер дегім келеді.
Категория: Начальная школа | Добавил: shynar
Просмотров: 6973 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-16, 10:16 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru