Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Қазақ тілі "Бастауыш"
[ Скачать с сервера (60.5 Kb) ] 2014-01-30, 8:53 PM
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш
Сабақтың мақсаты: бастауыштың сөйлемде атқаратын қызметі туралы түсінік беру.
Міндеттері: Сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін пысықтау;
-Оқушылардың ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін, тіл байлығын, сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
-Балаларды ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу және әдептілікке, ұқыптылыққа, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: Хабарлау, сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, талдау, практикалық.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: Презентациялар (Сөзжұмбақ, ребус, суреттер).
Сабақ барысы
І. Психологиялық дайындық
Қатар – қатар тізіліп,
Оқушыға лайық .
Қолымызды жіберіп,
Түп – түзу болып тұрайық.
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау сәніміз
Отыруға нақпа-нақ
Дайындалдық бәріміз
1 – қатар жай отыр
2 – қатар тез отыр
3 – қатар сен де отыр
Сабақ бастар кез болып тұр.
ІІ. Өткенді еске түсіру. Сөзжұмбақ шешу.
1. Тілдерімен жүреді,
Уақытты біледі. (Сағат)
2. Тәтті, тәттінің іші қатты, қаттының іші тәтті. (Өрік)
3. Әшейінде жекесің,
Қарай қалсаң екеусің. (Айна)
4. Өзі айлакер, өзі бір қу,
Жүрген жері айқай шу. (Түлкі)
5. Өзі үлкен жануар,
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
6. Құралы әрі ермегі –
Тоқитұғын өрмегі. (Өрмекші)
СӨЙЛЕМ
Сұрақ – жауап:
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілері қойылады?
3. Сөйлем мүшелері деп қандай сөздерді айтамыз?
Әрбір сөйлемде неше сөз барын анықта. Әр сөздің үстіне оған қойылатын сұрақты жаз.
кімнен? кім? не істейді?
Ұстаздан шәкірт озар.
не? нені? не істейді?
Еңбек өмірді ажарлайды.
ІІІ. Көркем жазу минуты.
Қолға қалам алайық,
Салақтықтан қашайық.
Дәптерімізді ашайық,
Көркем етіп жазайық
Слайд № 13, 14, 15
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғылымды көрсеңіз. (Абай)
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.
Ребус шешу
Жауабы: Бастауыш
Ережемен таныстыру. Слайд № 17
Кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін бастауыш дейміз. Жаңбыр жауды. (Не жауды?). оқушылар жазды. (Кім жазды?)
Слайд № 18, 19, 20, 21, 22 бойынша ауызша түсінік беру.
Мұғалім түсіндірді. (Кім түсіндірді?). Лақ маңырады. (Не маңырады?). Мұз қатты. (Не қатты?). Күн шықты. (Не шықты?). Сәкен оқыды. (Кім оқыды?)
V. Оқулықпен жұмыс
22 –жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.
Балалар бүгін музейге барады. Құстар жылы жаққа ұшып кетті. Болат қиын есепті өзі шығарды. Апам бөлмені жинады.
• Сөйлемде кім немесе не жайында айтылып тұр?
• Сол сөздің астын сыз
23 -жаттығу
♦ Суреттің орнына тиісті сөздерді қойып көшіріп жаз.
♦ Суреттің орнына жазылған сөздерге сұрақ қой.
....науқас адамдарды емдейді. ....аспанға ұшты.
....қысқы ұйқыға қамданды. ....тамылжыта ән салды.
Дәрігер науқас адамдарды емдейді. Құс аспанға ұшты. Аю қысқы ұйқыға қамданды. Бала тамылжыта ән салды.
VІ. Сергіту сәті
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Сергітуге мың алғыс!
VІІ. Өлеңмен жұмыс.
25 – жаттығу. Өлеңді оқып, көшіріп жаз.
Мен дала бардым
Мен дала бардым.
Қыр гүлін берді,
Көл суын берді,
Күн нұрын берді.
• Бастауыштардың астын сыз, оларға сұрақ қой.
VІІІ. Ойын: “Адасқан сөзді тап!”
Адасқан бастауыштарды өз орнына қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Слайд № 28
Не мөңірейді? Сиыр мөңірейді. Не кісінейді? Жылқы кісінейді. Не боздайды? Түйе боздайды. Не маңырайды? Қой маңырайды. Не ақырады? Арыстан ақырады
ІХ. Ойын: Саны бар атаулар. Слайд № 29
1 + лік – бірлік
2 + жүздік – екіжүздік
К + 3 + ік – күшік
5 + ік – бесік
6 + бақан – алтыбақан
7 + м – жетім
8 + аяқ – сегізаяқ
9 + құмалақ – тоғызқұмалақ
Х. Өзіндік жұмыс.
• Сурет бойынша әңгіме құрастырып жаз.
• Бастауыштардың астын сыз.
ХІ. Үйге тапсырма
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бастауыш туралы алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.
26 – жаттығу.
Мәтінді оқы. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.
(Кімдер? ) сыныпта гүл өсірді. (Нелер? ) сынып бөлмесінің ауасын тазартады. Аквариумда (нелер? ) жүзіп жүр. (Кімдер? ) балықтарға қамқорлық жасайды.
Керекті сөздер: балалар, балықтар, олар, өсімдіктер, оқушылар.
Оқушылар сыныпта гүл өсірді. Өсімдіктер сынып бөлмесінің ауасын тазартады. Аквариумда балықтар жүзіп жүр. Олар балықтарға қамқорлық жасайды.
ХІІ. Бағалау.
Мұғалімнің айтқанын,
Мықтап ойға тоқимыз.
Бар ынтамен оқысақ
Клең 5 – ке оқимыз, - деп бағалау парақшаларымен бағалау.
Категория: Начальная школа | Добавил: bayan_kayratkyzy | Теги: Баян Кайраткызы
Просмотров: 1704 | Загрузок: 69 | Рейтинг: 3.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 9:45 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru