Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Әліппеге мың алғыс!
[ Скачать с сервера (45.5 Kb) ] 2014-02-03, 9:20 AM
Әлліппеге мың алғыс!
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжыр ауданы
Пеньково орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шанышева Назира Беркүтқызы
Тәрбие сағатының тақырыбы: Әліппе, саған мың алғыс!
Мақсаты:
Алғашқы қолдарына ұстаған, оқуға, жазуға үйреткен «Әліппелерімен» қоштастыру.
Міндеттері:
- -оқушыларға әліппе мен ана тілінің маңызын түсіндіру;
-ата-аналарға балаларының жарты жылда қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету;
- оқушылардың эстетикалық талғамын дамыта түсу;
- оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың суреті, Рәміздер, шарлар, мақалдар, әріптер, көрме суреттер.
Барысы:
І. Кіріспе.
Мұғалім:
- Сәлеметсіздер ме, қадірлі халайық! Бүгін сіздер кеше ғана жүректері лүпілдеп, жүрексіне, жан-жағына таңырқай қарап мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміздің енді, міне, өздерін оқуға, жазуға үйреткен сүйікті де қымбатты ӘЛІППЕлерімен қоштасу ертеңгілігінің куәсі болғалы отырсыздар. Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып, жазатын халге жетті,
Құтты болсын мерекесі балалардың!
Құрметті, ата-аналар!
Бала деген шіркін-ай балдай екен,
Тәттілігі жая мен жалдай екен.
Арып-ашып даладан келгеніңде,
Бал иісін таттырып алдайды екен,-деп Кенен атамыз айтқандай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне кезек берелік.
1-жүргізуші. Азиза . –Қайырлы күн! Құрметті ата-аналар,ұстаздар және қонақтар.
2-жүргізуші. Ердәулет – 1»А» сыныбының «Әліппе,саған мың алғыс!» атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.
Мереке
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!
Білім іздеп инемен құдық қазғандар!
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.
Аружан
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Мейрамбек.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп, не білдік.
Кәне, ортаға салайық.
Бахтияр
«Әліппе,саған мың алғыс!» атты ертеңгілігімізді Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранымен бастайық .Әнұран орындалады.

ІІ. Сұрақ-жауап:
Мұғалім:
-Балалар, болашағы біздер болатын қазақ елі қай мемлекетте тұрады?
-Қазақстан Республикасында.
-Осы мемлекетіміздің президенті кім?
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
-Республикамыздың астанасы қай қала?
Аягоз
Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде.
Ту ұстаған Астана-
Әсем қалам, бас қалам!
-Қазақстан қандай ел?

Мереке
Қазақстан- Туымен тұғырлы. (Ту)
Елтаңбасымен-еңселі. (Елтаңба)
Әнұранымен-айбатты.
Мұғалім:
-Қазақстан біздің-
-Отанымыз.
-Отан деген не?
Мирас
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен,
Биік тау, орман-тоғай көлімізді.
Осындай Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен-еңселі, Әнұранымен-айбатты, Астанадай әсем, бас қаласы, астанасы бар елдің балалары біздер қандаймыз?
-Бақыттымыз
Ән: Гүлжазира Қазақстан
Мұғалім.
-Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Іші толы әріпке
Білімдегі жарық не!
(Әліппе)
Ең алғаш Әліппені жазған кім?
-Ыбырай Алтынсарин атамыз.
-Дұрыс.
Онда, Әліппе бүгін бізде қонақта. Қане, Әліппемен амандасайық.
Бәрі хормен . -Қош келдің, қымбатты Әліппе!
Әліппе. Ақнұр
Армысыздар, жас достар!
Армысыңдар, ата-аналар!
Болашаққа жол бастар,
Әліппе келді ортаға.
Ал, Балалар ,сендер мені оқыдыңдар, сонда сендер менен не үйрендіңдер?
Ерзат
-Жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ,өлең, ән үйрендік.Енді кез-келген кітапты өзіміз оқи аламыз.
Кел, балалар,оқылық
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық!- деп өсиет қалдырған Ыбырай атамызбен таныстық .
Нұрасыл-
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге ,
Кетігін тап та , бар қалан. – деп ақыл айтқан Абай атамызды білдік.
Әліппе:Ақнұр-Әліппеден тағы не үйрендіңдер соны білгім келіп тұр?
Алтынай
Әліппем, менің әліппем!
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Әліппем, менің әліппем!
Аружан
“А” деген бастап әріптен.
Сөз құрап жаза бастадым
Тақылдап таңба танып мен.
Осылай алға аттадым.
Әр әріпті жаттадым.
Жаттаған сайын әріпті
Сөйлем құрап жаза бастадым.
Мереке
Бар кітапқа бас болған
«Әліппе»-ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Бұрқыраған білімнің,
Әліппе. Ақнұр
-Ой, жарайсыңдар!
Аягоз
Алфавиттің “А” тұрады басында,
Әрқашанда “Ә” тұрады қасында.
Байқадың ба “Б” тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде түсінші.
А деген ол аналар ғой ардақты,
Ә деген ол әкелер салмақты.
Б деген ол балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі.

Әліппе Ақнұр. Ал енді, балалар, мен сендерді ары қарай білім нәрімен сусындататын өзімнің досыммен таныстырғым келеді. Ол үшін сендер осы уақытқа дейін алған білімдеріңді маған көрсетулерің керек. Менің қолымда бірнеше қағаз қиындылары берілген. Сол қағаздардың артында әртүрлі тапсырмалар бар.
1-тапсырма
Мұғалім: Құрметті ата-аналар,ұстаздар! Әліппенің алғашқы бетінен «Айналайын»деген ет-жүректі елжірететін елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзінен бастау алған бөбектеріміз бүгінгі күнде өздері оқи алатын дәрежеге жетті. Елбасымыздың осы бір сөзін оқушыларымыздың өзі сіздерге оқып берсін.

Тұратын ол қай әріп.
3 тапсырма:Сұрақтарға жауап бер.
1.Неше дауысты дыбыс бар?
2. Сөздер неден құралады? (дыбыстардан)
3. Кісінің аты-жөні қалай жазылады?
4. Әріптерді не істейміз? (көреміз, жазамыз)
Әліппе Ақнұр
-Дұрыс балалар менің тапсырмаларыма жауап бергендеріңе риза болдым.
Ал,балалар сіздер білетін менің математика досым бар. Ол сендерді тексергісі келеді.
Математика: Қанат
Математика ғылымдардың атасы деген. Мен сендерге санауды,есептеуді үйреттім. Соны тексеріп көрейік.

Мереке : - Мейрамбек 5-тен 5-ті алғанда неше қалады?
Мейрамбек: (алақанын ашып, сосын жұмып) – Не қалатын еді, жұдырық қалады да!
Мирас: - Қайдағы жұдырық, 0 қалады!
Аружан
Математика сабағын
Жақсылап ұғып аламын
Онда айтайық санамақ
Аңғар санын саралап.
Аягоз
Бір дегенім – Білім
Түсініп сен ұғын.
Бір дегенім- Бала
Санды дұрыс сана.
Бахтияр:
Екі дегенім-Елім
Тәуелсіздігім менің
Мереке:
Үш дегенім-Үйім,
Үйде жақсы күйің.
Мектептен де қалма,
Тап-таза боп киін.
Жансая:
Төрт дегенім –Түлік,
Жүргін мұны біліп.
Жылқы , сиыр, түйе, қой-
Төрт түлігің – біл, ұқ!
Ардақ:
Бес дегенім- Бесік,
Келеді сәби өсіп.
Бабамыздан қалған,
Елім менен Жерім.
Нұрасыл
Мұғалім -Біз ағылшын тілімен де танысып,үйреніп жатырмыз.
Good morning!
Good morning!
Good morning to you!
Good morning!
Good morning!
I`m glad to see you!
Мұғалім: - Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?
Хормен: - Балаларға ақ тілек,
Болашаққа бақ тілеп.
Біздерге білім үйреткен,
Әліппе, саған рахмет.
Аружан:- Әліппені бітірдім,
Жаза аламын атымды.
Әліппені бітіріп,
Бала болдым ақылды.,
Мирас:
- Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреткен!
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеткен.
Аягоз
-Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата –ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Хор: ән :Рахмет саған Әліппе
Әліппе: Рахмет, мені таза ұстадыңдар,
Ризамын, құрметті шәкірттер.
1- Жүргізуші: Біз әліппені бітірген соң не істейміз?
2- Жүргізуші: Соны мен де ойлап тұрмын
1- Жүргізуші : Шынымен де не оқимыз?
2- Жүргізуші :
-Біз сенімен бірге екі тоқсан бойы көп еңбек еттік. 42 – әріпті түгел жаттап алдық. Әріпті әріпке қосып, буын жасадық, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрап, бүгінгі күні қысқа әңгімелерді оқи алатын болдық. Енді сен кетіп қалсаң, біз не істейміз?
Әліппе:Ақнұр:
Қиналатын түгіде жоқ, Достарым , менің жолымды жалғастыратын « Ана тілі» пәнімен таныстырамын. Ана тілін оқитын боласыңдар.
Мұғалім:
- Олай болса, ортаға «Ана тілін» шақырайық
Қарақат :Ана тілі:
- Армысыздар, жас достар!Менің атым «Ана тілі» Енді мені оқитын боласыңдар. Ынта қойып оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер.
Туған елдің тілімін,
Ақылы мен таңымын.
Түсіндірер бәріңе,
Ана тілі пәнімін.
-Балалар! Менің жұмбағым бар кәне кім тез ойланып шеше алады екен?
1.Алтын сандығым ашылды,
Ішінен күміс шашылды. (жұлдыз)
2.Бір үйдің қырық баласы бар ,
Сөзге шорқақ екі данасы бар. (40 әріп,2 таңба)
3.Ақ қағазға сан қайталаған
Жазудан еш шаршамаған. (дәптер беті, қалам)
4.Бүлдірсең дәптерді ,
Кетірем , тап мені . (өшіргіш)
Ана тілі:
-Балалар, сендерге әліппені оқытып, білім берген кім?
Мереке:
Ең алғаш алғанымда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Аружан:
Келгенімде алдыңа,
Қызыл арай гүл алып,
Жақын тарттың жаныңа,
Шәкіртім деп қуанып.
Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың,
Бақытымның осыдан,
Басталғанын түсіндім.
Хор Ән: Ұстазым
Мұғалім:
Рахмет, балалар!
Ал, енді осы
-Сендерге жарық сыйлаған кім? -Анам!
-Сендер ауырсаңдар қиналған кім? -Ана!
-Ақ аналар жүріңдерші - Есен-аман!
Ән «Ақ мамам» - Әсима Күлмес
Әзиза : Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар,
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар.
Бахтияр:
Отанды жас-кәріміз де
Туған жер деп сүйеміз,
Өйткені онда бәрімізде
Туып, өмір сүреміз.
Хор .Атамекен
Аягоз :
Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар,
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар.
Аружан:
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын, ата-ана,
Тойларыңыз тойға ұлассын, ағайын!-дей отырып, ««Әліппе. Саған мың алғыс » атты ертеңгілігіміз аяқталды.
Мереке:
Құрметті қонақтар ендігі кезекте концерттік бағдарламаны тамашалаңыздар.
1. Би.Мектеп вальсі
2.Ән. Мен ауылға барамын. Нұраят,Мейрамбек,Алексей
3.Ән Балапан. Үсенбай Алтынай
4.Би. Аспан әлемі
5..ӘН.Оңтүстігім өз елім
6.Ән. Шашу .Арысбек Қарақат
7.Ән.Төлдер әні
8. би: шөжелерім
9. Көрініс .Қарлығаш пен дәуіт
Категория: Начальная школа | Добавил: Кролик
Просмотров: 1197 | Загрузок: 108 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 7:03 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru