Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

әліппемен қоштасу
[ Скачать с сервера (380.4 Kb) ] 2014-02-03, 11:10 AM
ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ

Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата — аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу
1. Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім-білік дағдыларын көрсету.
2. Тілін дамыту, сөздік қорын молайту.
3. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Әдеби-музыкалық монтаж
Сабақтың көрнекілігі: оқулықтарға арналған банерлер, суреттер,нақыл сөздер.
Барысы
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің қуанышымызға шек жоқ. Бүгін сіздер 1в - сынып оқушыларының «Әліппем саған мың алғыс » атты ертеңгілігіне келіп отырсыздар.
Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың,
Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.
1- жүргізуші : Барлық ғылымның атасы ,болашағымыздың негізі әліппені бітіріп отырмыз.
2-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар,ұстаздар және қонақтар!Әліппем саған мың алғыс атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
3-жүргізуші: Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достассаң
Әліппеміз қоштаспақ
Ой білімі жаңғырып
Әліппеден мәңгілік
Әріптерді таныған
Өңкей білгіш балдырған
Құтты болсын тойларың
1- жүргізуші : Мен енді алыстағы туыстарыма өзім ақ хат жазып,қысқа әңгімелерді бөгетсіз оқи алатынымына қуаныштымын!!!
2- жүргізуші : Біздер осы уақытқа дейін көп нәрсені оқып үйрендік.Сурет салуға, ән айтуға, есептеуге ,денемізді шынықтыруға, еңбек етуге мұғалімнің көмегімен үйрендік.
3- жүргізуші : Ендеше осы кешіміздің басты себепкерлері 1 в сынып оқушыларын ортаға шақырайық!
Сазды әуенмен қыздар ұлдардың қолынан ұстап бір – бірлеп кіреді.
Мұғалім:
Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті- Әліппе!
Ол сүйікті -Әліппе!
Мұғалім:
-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе: (келеді)
Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
Айналайын балғындар
Менен білім алдыңдар
Әр сөзімді жаттаған
Достар үшін мақтаған
Рахмет айтып шаттанам
Риза болып аттанам
Әліппенің сұрағы:
1-сұрақ: Балалар, әліппені алғаш жазған кім?
Әліппе: Кім маған апта аттарын, саусақ атауларын, жеті ата қалай аталатынын айтып береді.
Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі:
Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.:
Бас бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.

Мұғалім: -Құрметті Әліппе, сен шаршаған шығарсың, кел тойымыздың төріне шық, балалардың саған айтар алғысы мол, отырып, тыңда.
«Әліппе» әні
1. Өлшеулі ар-намысы халқымыздың
Қорғаны адамдықпен салтымыздың
Армысыздар аяулы ұстаздарым
Сенері сендерсіңдер халқымыздың.

2.Өмір берер ертеңгі бағаларын
Әліппемен қоштаспақ бүгін балаларың
Халқыма ұрпақ берген, өмір берген
Қош келдің ата-әже, әкелер мен аналарым.
3.Армысыздар аналар,
Бармысыздар балалар.
Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр әніміз.
4.Оқуды көп ойладық.
Қызығына тоймадық,
Әріптерді үйреніп.
Сауат ашып тойладық.
5.Құрметтеп қадір тұтатын,
Халқымның дана тілі бар,
Әліппені білген соң,
Білімнің жолын ұғынар.
Сүйікті менің Әліппем,
Өзіңмен қимай қоштасам.
6.Қош бол құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің,
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
7.Ой білімі жаңғырып,
Әліппеден мәңгілік.
Әріптерді таныған
Өңкей білгіш балдырған.
8.Барлық әріп бағалы,
Айттық әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті.
Ардақтайды ,қолдайды.
9.Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп,
Сауат аштық, тойладық.
10.Әліппе деген-алтын сөз.
Апарар сені алысқа,
Жеңіл емес алыс жол,
Тырысып бақ намысқа.
11.Әліппе сауатыңмен санамды аштың,
Достарыммен теңдес араластым.
Үйреніп әріптер мен әңгімені,
Күн сайын алға қарай қадам бастым.
Атасы немересін жетектеп келеді.
Автор: ( 3- жүргізуші- Ақерке)
Жеті жасар баласын,
Жетпісте шал жетектеп.
Келе жатыр көшеде,
«Қайда әлгі мектеп»-деп.
Жетпіс келед жүгіріп.
Ата: (К.Дінмұхаммед)
Балам,балам, жақсы бол,
Міне,сенің мектебің.
Сабағыңа зейін сал
Ақылды бол тентегім.
Немере: (Д.Аружан)
Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып,
Қарсы алды ұстаз мейіріммен
Қадамымды құп алып.
Мұғалім:
Қимылың әрбір атқан ақ таңындай
Күлкің бар аппақ мөлдір ақ қайыңдай
Биіңмен ортамызды желпіндірші,
Қыздарым ел-жұртыңның мақпалындай
Мың бұралған бишіміз Қуатжанова Аружанды гномики биімен ортаға шақырамыз.
Мұғалім:Балалар біздің бүгінгі тойымызға тағы бір қонақ келе жатыр.Орын дайындайық.Міне балалар күткен қонағымызда келіп қалған екен, қарсы алайық.Балалар бұл қонағымызды танисыңдар ма? Кім екен?
Хор: Ана тілі!
Ана тілі:
Туған елдің тілімін
Ақылы мен танымын
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін.
Балалар енді бұрынғыдан да көп оқыйтын боласыңдар.Мен сендерге көп қызықты ертегілер, әңгімелер арнаймын, тек сендер ынта қойып мені ұқыпты оқысыңдар көп нәрсені үйренесіңдер.
1.Бұрқыраған білімнің
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том- том болған кітаптың
Басы болған әліппем.
2. Бұрқыраған білімнің
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том- том болған кітаптың
Басы болған әліппем.

3. Бірінші беттен елімнің
Елтаңбасын таныдым
Көк байрақты қазақтың
Ұрпағымын, сәнімін

4. Мынау менің әліппем
Көгілдір туым түсіндей
Ақылшы жақын досымдай
Қымбатты маған кісімдей
5. Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз
Ата-ана қуанышқа ортақ болып
Сауатты боп шықты міне балаңыз

6.Таныстырған 42 әріппен
Қош бол менің қасиетті әліппем
Сенің арқаң оқи, жаза білгенің
Сауатты адам санатына кіргенім
7. Енді біз жаза білеміз
Әріпті қосып әріпке
Риза боп саған жүреміз
Сүйікті біздің әліппе
8. Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертекті,
Үйреткен оны әліппе

9.Қош болып тұр,әліппе ,анамдайсың.
Жақсы бол деп, біздерге алаңдайсың.
Мен үйреткен әріптің құдіретімен,
Дейсің бізге кірпіш боп қаланғайсың.
10. Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертекті,
Үйреткен оны әліппе.
11. «Әліппе» даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы
Мұғалім- ол біздің әні
........................: Бір күні жаман мен жақсы кезікті, сөз тартысып бір-бірімен кежікті.
Жақсылық:
Жамандыққа жол бермеймін ешқашан да,
Үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға,
Үйретемін баланы жақсылыққа
Жамандық:
Үйренсең бала жамандыққ,
Қорқады сенен барлығы.
Тауық қашар қыт-қыттап
Құстар ұшар шықылықтап.
Ал, кішкентай балақан.
Бұғып өтер қорқақтап.
.................................................
-Дұрыс емес, сенікі жамандық.Сені балалар жек көріп, аулақ болуға тырысады.Егер осындай қылықтарымен бала кездессе оған тәртіпті, жақсы балалар көмектеседі.Оларды дұрыс тәртіпке үйретеді.Ендеше, екеуіміз де балаларды бүгінгі кештерімен құттықтап, тәртіпті, білімді болуға шақырайық.
Мұғалім: -Балалар, тәртіпті, білімді болуға серт береміз бе?
Оқушылар: /хормен/
-Тәртіпті, білімді оқушы болуға серт береміз!
Әліппенің тойында
Әркім құштар ойынға
Әріптер сыр ашады
Қыздар биге басады.
Ақерке – Айерке «Қуыршақ» биі
Мұғалім: Оқушылар Әліппеден көп қызық әңгімелер, тақпақтар үйрендіңдер, енді математикадан алған білімдеріңді тексерейік.
Табақта бес алма
Қолымда екі алма
Қосқанда барлығы
Болады неше алма?
Хор: Жеті алма.
Терең ғылым сананың
Тегі деп ой саламын
Маңызды етіп оқыңдар
Математика сабағын.
1-дегенім бесік
Шықтым содан өсіп.
2-дегенім егін
Далам тауым көгім.
3-дегенім үміт
Үміт жақсы жігіт.
4-дегенім төзім
Төзе білем өзім.
5-дегенім бақыт
Бағалайтын уақыт.
6-дегенім ақыл
Тыңдағаның мақұл.
7-дегенім жалау
Жүректегі алау.
8-дегенім сөзім
Серт беретін кезім.
9-дегенім тоқтау
Елдің жоғын жоқтау.
10-дегенім Отан
Қорға соны ботам.
Ән Есеп сабағы әні қыздар.
3-Жүргізуші
Құрметті ата-аналар,ұстаздар сіздерді келе жатқан жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз.Сіздерге Әліппе атты жаңа жылдық биін ұсынамыз.ҚАРСЫ АЛЫҢЫЗДАР!!!!!!!!!!
Би ӘЛІППЕ
Мұғалім Құрметті әліппе мен ана тілі біздің оқушыларымыз жаңылтпаш та айтуды үйренді .Олай болса жаңылтпаш айтатын оқушыларымызды шақырайық.
Жапалақтап қаптап ақ қар жауды,
Алқапты аппақ ақ қар жапты.
Тұрыс бұрышқа тұр,
Бұрышта дұрыс ұрыспай тұр
Қапыда ит қапты,
Қатты қапты,
Қапты қатты.
Бір қыз кесте тікті,
Кестесін түсте тікті,
Кеште тікті.
Көпке бекер өкпелеме,
Өкпе етпе,
Тектен - текке өкпелетпе.
Әнсіз мына өмірдің несі көктем
Ән десе қазағымның есі кеткен
Көтеріп ел еңсесін, ел мерейін
Тыңдаушының құлағын тесіп өткен
Ән . « »

Би вальс

Мұғалім :Алысқа білімді жетелеп әкетер әліппедеген алып жолдан аман есен өтіп ана тілі оқулығын қолға алып отырған кішкентай бүлдіршіндеріміз жай ғана мектеп табалдырығында оқып жатқан жоқ.Сонымен қатар оқушыларымыз әртүрлі үйірмелерге қатысып өздерінің қабілеттерін әрі қарай шыңдауда.Ендеше құрметті ата анала мен ұстаздар сіздердің құрметтеріңізге ән үйірмесіне қатысатын оқушыларымызды Әнші балапан әнімен орта қошеметтеп шақырайық!
ӘН Әнші балапан
Оқушылардың сыйлықтарын тарату.
Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге даралар.
Ырым етіп сондықтан тойымыздың соңында,
Ақ ниетпен баршаға тілек айтар қонақтар
Ендеше мектебіміздің директорына сөз кезегін берейік.
Ата аналар тілектері.
Алтын уақыттарыңызды бөліп келіп тамашалағандарыңызда алғысымыз шекшізБүгінгі Әліппем ,саған мың алғыс атты ертеңгілігіміз осымен аяталды.Қош сау болыңыздар!
Категория: Начальная школа | Добавил: Сами
Просмотров: 933 | Загрузок: 64 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 12:20 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru