Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

тәрбие сағаты
2014-02-03, 11:24 AM
Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстан: Бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы».
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тәуелсіздік сөзінің мағынасын түсіндіру, осыған қазақ елі қалай қол жеткізгені жайлы айтып кетіп, оқушылардың бойында патриоттық сезімін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты.
Сабақтың тәсілі: Аялдамалар ойыны.
Сабақтың көрнекілігі: Аялдамалардың аттары, жасырын сұрақтар мен тапсырмалар, ойындарға арналған арқан, қамшы, жіп және марапаттау қағаздары.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіңдер ме, балалар?!
Отырыңдар!
Сабаққа дайын болсақ, тыныш қана оқушы қалпында отырып, мұғалімді тыңдаймыз.
Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше, мерекелік сабақ.
ІІ. Жаңа сабақ.
Балалар, ертең қандай мереке?
Иә, ертен 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні!
Балалар, біз алдында әліппе сабағында тәуелсіздік туралы мәтін жаздық. Есімізге түсірейікші, біз қай кезде тәуелсіздігімізді алдық?
Иә, 16 желтоқсан 1991 жылы. Осы жылы сонда тәуелсіздігімізге балалар 20 жыл. 20 жыл бұрын біз Ресей еліне бағындық, бізге Ресей елінен басшы қылып Колбин деген мырзаны қойғысы келді, бірақ біздің жастарымыз оған қарсы шығып, еліміздің тәуелсіздігі үшін күресті. Басшымыз қазақ елінің азаматы болсын деп айтты, 20 жыл бұрын осы желтоқсан айында қырғын соғыс, «Желтоқсан оқиғасы» болды. Сол соғысқа Қайрат, Ләззат, Ербол сияқты батырларымыз қатысты, сөйтіп өз дегендеріне жетіп, мемлекетіміз осы батырларымыздың арқасында тәуелсіздікке жетіп, көркейе бастады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері көркейіп, гүлденіп, әдемі, дамыған Республикаға айналды. Қазақ елінің тәуелсіз екенін біз қайдан біле аламыз?
Бізде өз еліміз, жеріміз және тіуелсіздігімді білдіретін рәміздеріміз бар. Қандай? Ту, елтаңба, әнұран.

ІІІ. Бекіту.
Ендеше, балалар біз сендер мен қазір мынадай ойын ойнаймыз. Бәз екі топқа бөлініп, аялдамалар аралаймыз, аялдамаларымызды табу үшән сендер мен беретін жұмбақтарды шешу керексіңдер, табылған аялдамада тапсырмалар бар, сол тапсырманы шешкен топ, келесі аялдамаға барады. Түсінікті ме? Мысалы, мен бір тапсырманы аламын,оқимын, сосын осы бөлмеде орналасқан сол затты табамын, ол заттың қасындағы жасырын тапсырманың жауабын айтамын да келесі аялдамаға барамын. Ендеше ойынымызды бастайық!
Екі топ өздеріне ат қойсын.
Жақсы ендеше аялдамаларды іздеуге кірісейік, алға! Жеңген топ, грамотамен марапатталады.
Аялдамалар жұмбақтары:
1-команда 2-команда
1-аялдама:
Жылу береді, Оны қосса ән айтамын,
Суды жақсы көреді. Дөңгеленіп би билеймін.
(Батарея) (магнитафон)
2-аялдама.
Мен суда жүземін, Мезгілдерді көрсетемін,
Бірақ әріптерді де білемін. Бағыттарды да білемін.
(Балықтар әріптер кассасы) (мезгілдер плакаты)
3-аялдама.
Отыруға көмекшімін, Жазуға мен көмекшімін,
Рауанның мен көршісімін. Алдияр мен Айзаға көмекшімін.
(Рауанның қасындағы (Алдияр мен Айзаданың партасы)
орындық)
4-аялдама.
Жұмбақ пен мақал қасымда Терезеде тұрмын,
Грамота бар осында. Өзім жасыл түстімін.
(шкаф) (өсімдік)

Аялдамалар сұрақтары:
1. Қазақстан тәуелсіздігін қай жылы, қай күні алды?
2. Қазақстан қай елден босап, тәуелсіздігін алды?
3. Қазақ елі қай басшыға қарсы шықты?
4. Қандац қазақ батырларын білесің?
5. Осы жылы тәуелсіздікке неше жыл? Қазір Қазақстан қандай?
6. Біздің тәуелсіздігімізді не білдіреді?
7. «Тәуелсіз Қазақстан» суретін салыңдар?
Келесі аялдамамыз басқа жерде, сапқа тұрып, келесі аялдамаға барайық.
Балалар, сендер қандай ұлттық ойындар білесіңдер?
Ендеше, келесі аялдамада біз қазақтың дәстүрлі ойыны «Қыз қуу» үйренеміз. Бұл ойында қыз қашады, ұл бала оған жетіп алу керек, жетіп алса, қыздың бетінен сүйеді.
Келесі аялдамамыз «Мен мықты». Жіптің астынан өту, кім ең төмен жіптен өтеді, сол жеңімпаз.
Келесі аялдама «Арқан тартыс». Екі топ, арқан тартысадые екі топтың ортасында сызық болады, кім сызықтан қарсы топты өзіне кіргізсе, сол топ жеңімпаз аталады.

IV.Қорытынды.
Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма? Тәуелсіз мемлекетіміздің арқасында біз қазіргі кезде ойнап, күліп, білім алып, өсудемңз. Егер біз осы күнде тәуелді болсақ, бұлай өмір сүруші алмас едік, сондықтан балалар, өз елімізді қастерлейік, өз тілімізді қастерлейік, Қазақстанның үлгілі азаматы болып өсейік, сонда біз және біздің еліміз бақытты өмір сүреді.
Ендеше, «Ең тапқыр» грамотасын _______ топ және «Ең алғыр» грамотасын _______ топ жеңіп алды, осымен сабағымыз аяқталды, келесі сабақта тәуелсіздік туралы сұраймын. Сау болыңыздар!
Категория: Начальная школа | Добавил: Сами
Просмотров: 1053 | Загрузок: 0 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 12:02 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru