Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

"4 санын қосу және азайту"
2014-04-04, 5:09 PM
Пәні: Математика.
Класы: 1 «Б»
Сабақтың тақырыбы: 4 санын қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты:
1) 4 санын қосу және азайтуды үйрету.
2) Оқушылардың ойлау , есте сақтау және танымдық қабілеттерін дамыту.
3) Оқушыларды әдемілікке , реттілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу..
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: аралас.
Пәнаралық байланыс: ана тілі,дүниетану.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру,сұрақ-жауап, көрсету,салыстыру, талдау, қосу және жинақтау, ББҮ.
Сабақтың көрнекілігі: сандар,суреттер,интерактивті тақта,жетондар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық сәт.
Бүгін біздер баламыз,
Өсіп алға барамыз.
2050 жылдары
Біз де азамат боламыз.
Терең білім аламыз
Тәрбиелі боламыз.
Көркейтетін Отанын
Біз азамат боламыз.
ІІ. Өткенді қайталау.
№ 4 110- бет. Салыстыру. (2+4 > 6-1)
Ой қозғау жаттығулары.
1. Он асықтың үшеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?
2. Аулада 5 үйрек,
Қорада 3 үйрек
Барлығы неше үйрек?
1 үйрек тығылды.
1 үйрек жығылды.
Қалғаны неше үйрек?
3. Алты балапан тұрып жүр.
Қауызға көзін бұрып жүр.
Ұядағы күркедеЖатыр екі жұмыртқа.
Барлығы неше балапан
Болар екен тауықта.

ІІІ. Жаңа сабақ.
4 санын қосу және азайту. +4 -4


Кел, ойнайық!
А) «Балықтарды аквариумға орналастыр».

ә) Кім жылдам ?

Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу сәті. 10 10 10 10

№2 Қоян мен тиіннің тапсырмасын орындау.
.


Сергіту сәті. «Бұғы»
Бұғының үлкен үйі бар.
Терезеден қарайды ол.
Қоян жүгіріп келеді.
Бұғының үйі көреді.
Тук-тук досым,есікті аш.
Ана орманда аңшы қаш.
Қоян,қоян келе қойшы.
Қолыңды маған бере қойшы.

6+4 2+4 9-4 7-4 8-4 9-4 3+4

№ 2 есеп кеспе сандардың көмегімен ауызша орындалады.
4+4=8 8-4=4 4+4= 8 -4=

3. Үш сан аттай отырып сана және сандарды ата? өсу ретімен 4-тен бастап;
Кему ретімен 10-нан бастап.
№ 5
Өрік -3
Шие- 4
Барлығы-?
Шешуі: 3+4=7
Жауабы: 7 ағаш.
Жұптық тапсырма. «Ойлан тап!»
Әр партаға кеспе фигуралар таратылады.Оқушылар содан сурет құрастырады.
Ойын: Айырмашылығын тап. (8 айырмашылық)

IV.Бекіту: ББҮ әдісі.
Бүгін біздер қандай санды қосып,азайттық?
Қандай тапсырмалар орындадық?
Саған қандай тапсырма ұнады?
V. Бағалау:Енді сабақ барысында жинаған сыйлықтарымызды санаймыз.Кім көп сыйлық жинады екен? Сол бойынша оқушылардың білімдері бағаланады.
Үйге: 112-бет №4. Кесінділердің ұзындықтарын салыстырып келу.
Категория: Начальная школа | Добавил: Жапакова
Просмотров: 427 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2016-12-02, 10:46 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [165]
Педагогика [291]
Математика [775]
Физика [242]
История [335]
Классному руководителю [518]
Русский язык и литература [696]
Физическая культура [200]
Английский язык [408]
Искусство [181]
Родительский совет [14]
Биология [319]
Информатика [365]
Начальная школа [1868]
Мой Казахстан [237]
Технология [126]
Самопознание [170]
Технология труда [49]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [40]
Профессиональное образование [155]
Дошколенок [461]
География [129]
Школьная библиотека [48]
Казахский язык и литература [542]
Химия [33]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru