Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

"Н" және "Ң" әріптерінің айырмашылығы және ұқсастығы
2014-11-03, 12:00 PM
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Адам баласы дүниеге келіп, есі кіре бастағаннан-ақ адамдық қасиеттерді қалыптастыратын әдептілікті, ізгілік пен ізеттілікке толы халықтың нұрлы, асыл сөздерін, тілдің жан тербетер әсер-күшін ана тілінде ұғып үйренеді. Яғни ғасырлар бойы жинақталған саф алтындай тіл қазынасын, оның сөз байлығын адам жаны мен жадына мысқылдап енгізу анадан басталады. Ал ананың ақ сүтімен бойымызға қоса даритын тіл мұрасын бар байлығымен, көркемдік қуатымен ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші, сөз жасап, дамытушы, тілді мейілінше қастерлеуші халық – тіл анасы, тіл бұлағы. Сондықтан да халқымыз тілін басқаша емес, ана тілі деп атаған.
Ана тілінің маңызы мен қоғамдық қызметі аса зор. Біріншіден, ол – қатынас құралы. Әр халық өкілдері бір-бірінің ойын ең алдымен ана тілі арқылы түсінеді, бір-бірімен ана тілінде табысады. Екіншіден, әр адам ана тілінде оқып, білім алады, тәрбиеленеді, өнер үйренеді, халықтың тарихымен, әдет-ғұрпымен танысып, тұрмыс-тіршілігін танып біледі. Үшіншіден, ана тілі – халықтың рухани, мәдени байлығының, экономикалық және тарихи дамуының құралы.
Қазақ тілі – қазақ халқы үшін әдебиет, мәдениет, ғылым мен білім тілі, оқу-ағарту тілі, түрлі іс-қағаздарының тілі.
Тіл екі түрде қызмет атқарады. Бірі – сөйлеу тілі, екіншісі – жазба тілі.
Сөйлеу тілі мен жазба тілдің бір-бірімен үлкен-үлкен айырмашылықтары бар. Сөйлеу тілі бетпе-бет сөйлеу арқылы жүзеге асады. Ол көбіне диалог, әңгімелеу, хабарлама түрінде өтеді. Ал жазба тіл – әр түрлі жазба әдебиеттердің тілі.
Қазақ тіліне тән дыбыстарды қолдану қиындығы жазба жұмыстарында үнемі кездесіп отырады. Оның себебі – біріншіден, бір сөз екінші сөзбен тіл дыбыстарының сапасы жағынан өзгеше болады. Дыбыстарының саны бірдей, бірақ сапасы жағынан бір ғана дыбысы өзгеше болатын бірнеше мысал келтіріп, олардың басқа-басқа мағыналы сөздер болып шыққанына көз жеткізу керек. Екіншіден, барлық дыбыстары бірдей, бірақ біреуінде бір дыбыс артық болса, ол басқа сөз болып шығатынын аңғару керек. Үшіншіден, тіл дыбыстарының сөздігі рет тәртібі де сөз мағынасын өзгертетіндігін байқаған жөн. Бұларды білу сөздерді біліп, дұрыс орынды қолданып, сауатты жазу үшін қажет екендігін оқушылар түсінуі керек.
Тіл дыбыстарының сөз мағынасына әсері жаттығу ретінде берілген метаграммалардан айқын көрінеді. Метаграммалар оқушылардың ой қабілетін дамытады әрі қызықты әсер қалдырады. Метаграммаларды шешкізгенде, шешуін тез табуға ұмтылдырмау керек, ол сөздердің мағыналарын зер салуға мүмкіндік бермеуі мүмкін. Метаграммалардағы образды түрде қолданылған сөздерге назар аудартып, «сонымен қиынның қиыны не екен, биіктің биігі не, түтіндей боп көшетін не, ішкен жанға кесел болатын не екен, өмірдің ажары не, көмірдің қалдығы не?» деген сияқты сауалдармен ойлануға жетелеп үйрету қажет.
Оқушылар тіл дыбыстарын жасауға қатысатын сөйлеу мүшелерінің қызметін жақсы білсе, дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың түрлерін де шатаспай ажырата алады.
Бас әріптің мәнін түсіндіру үшін, мұғалім бас әріппен де, кіші әріппен де жазыла беретін сөздерді теріп жазып әкеліп, оларды бас әріппен жазғанда қандай мағына беретінін, кіші әріппен жазғанда қандай мағына беретінін ұғындыру керек. Ондай сөздерді кісі, жер-су, газет-журнал аттарынан іздеу қажет.
Мысалы, сұлу, бота болат бас әріптен жазғанда ғана кісі аттары екенін, егеменді, жас, ақшам сөздерін бас әріппен жазғанда ғана газет атаулары болатынын, астана, тараз сөздерін бас әріппен жазғанда ғана қала аттарын білдіретінін айыруға болады. Бұл сөздерді кіші әріппен жазғанда біреулері жалпы есім болатынын заттың атаулары да біреулері сындық мағыналы сөздер екені белгілі.
Дыбыс пен әріптің шегін айыру дыбыстарды жақсы меңгеру нәтижесінде, жаттығу процесінде пайда болады. Дыбыс пен әріптің арасындағы қатынасты айыру арқылы дыбыстың ауызша тіл үшін қажетті құрал екенін түсінеді.
Әріп дыбыстың шартты таңбасы екендігін және жазудың ең кішкене бөлшегі екендігін оқушыларға жете меңгерту керек.
Мысалы: Басшы – башшы
Ащы – ашшы
түрінде айту сөздердің орфоэпиясына байланысты екендігін ескерту керек. Ол үшін әр уақыт буынды дыбыстарға ажыратып немесе дыбысты буынға, буынды сөзге біріктіру жолын, яғни аналитика – синтетикалық немесе синтетика – аналитикалық тәсілді қолданып отыру қажет.
Орыс тілінде «Н» әріпінің бас әрпі және кіші әріпінің жазылуы үш элементтен тұрса, қазақ тіліне тән дауыссыз «Ң» әріпі төрт элементтен тұрады. Ал ағылшын тілінде «n» әрпі орыс және қазақ тіліндегі дыбыстардың дыбысталуына ұқсамайды және де «ң» әріпі екі дыбысты құрайды. Мысалы: morni + ng.
Жазба жұмыстарында «н» және «ң» әріптеріне байланысты сөздерде оқушылар көп қате жібереді. Бұл қателерді болдырмау үшін оқушы осы екі дыбыстың ұқсастығы мен айырмашылықтарын дұрыс меңгергені жөн.

Таң, шаң, кең, тең Мен (я) Мең (родинка) Нан жаңа піскен
Сен (ты) Сең (льдина) бе?
Он (десять) Оң (правый)



Біздің заманымыз – жазу заманы: жазу мен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Жазумен дүниенің бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білудің керектігі одан да артық. Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін кетіріп жазу сондай керек. Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жазу білуге, қай сөзбен қандай орында, қалай өзгеріп, қалайша біріне-бірі қисындасып жалғасатын дағдысын білу керек.
Түрінде айту сөздердің орфоэпиясына байланысты екендігін ескерту керек.
Ол үшін әр уақыт буынды дыбыстарды ажырататын немесе дыбысты буынға, буынды сөзге біріктіру жолын, яғни аналитикалық тәсілді қолданып отырмын.
Орыс тілінде – «Н» әріпінің бас әріпі және кіші әріпінің жазылуы үш элементтен тұрса, қазақ тіліне тән дауыссыз «Ң» әріпі төрт элементтен тұрады.
Жазба жұмыстарында «Н» және «Ң» әріптеріне байланысты сөздерде оқушылар көп қате жібереді. Бұл қателерді болдырмау үшін оқушы екі дыбыстың ұқсастығы мен айырмашылықтарын дұрыс меңгерген жөн.
1. Плакат бойынша жұмыс;
2. Төмендегі әріптерден сөз құрап жаз, бір әріп бір сөзден екі рет қайталанбауы тиіс.

Осындай сөздікпен жүргізілген жұмыстар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор үлесін тигізеді.

Мәлік Ғабдуллин атындағы қазақ орта мектеп – интернатының
жоғары санатты ұстазы Кенжина Дәмегүл Мұхамедрахимқызы
Категория: Начальная школа | Добавил: Дамегуль
Просмотров: 2376 | Загрузок: 0 | Комментарии: 6 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 8:41 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru