Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа |
2014-11-05, 8:11 PM | |
Неден бастау керек, немесе тірек үлгілерінің қажеттігі туралы. Әлсіздеу, тіпті орташалау оқушы өзі жаңа тақырыппен жұмыс істеудің қай кезеңінде сабаққа енжар тартып, артта қала бастайды? Әлбетте, мұғалім нақты пәндерді суреттерді таблицаларды пайдаланып, алғаш түсіндіре бастаған сәтінде- ақ балалар сабаққа араласып, сұрақтарға жауап беріп жатады, кейде дұрыс тұжырымдар жасайды. Мен нақ осы сәтте дөп басуға ұзақ әурелендім. Сонда мынаны аңғардым. Жақсы игерілген қорытындылардың негізінде өз пікірлерін құрастыруға айқын, оңтайлы көрнекіліктен анағұрлым елеулі материалға ойысқан кезде балалар елеулі қиындықтарға кезігеді. Ал мұның өзі кейбір оқушылардың қолынан әрдайым келе бермейді. Олар алғашқы сабақтан- ақ түсініп үлгермейді, тез игере алмайды. Мұның өзі сабаққа деген енжарлықты туғызып, артынан оны өршіте түседі. Әрбір оқушыны барлық сабаққа белсенді араластырып, өтіліп жатқан тақырып бойынша түсінігін ұғымдар мен тиянақты дағдыларды қалыптастыруға дейін жеткізу,- міне, мақсатым осы. Оған жетуіме тірек үлгілер көмектеседі. Тірек үлгілер, немесе жай ғана сүйеніштер дегеніміз сабақты түсіндіру сәтінде оқушылардың көз алдында туындап, таблицалар, карточкалар, т.б. көрінетін тұжырымдар. Үлгілермен жұмыс істеудегі өте маңызды шарт сол- олар сабақта плакат сияқты ілініп тұрмай, үнемі іске қосылып тұруы тиіс. Сонда ғана олар мұғалімнің жақсы оқытуына және оқушының оңай оқуына көмектеседі. Бірінші сыныптағылар – балабақшадағы кешгі балдырғандары. Олар нақтылы образбен ойлайды. Қазыр математикалық есептерді бейнелейтін анық сурет үлгілерге көшейік. Вазада 2 алма бар ед і, анам оған тағы үш алма қосты. Вазада қанша алма бар? Мұны қандай амалмен көрсетуге болады? ( 2+3=5). Бұл жерде 2+3=5 теңдіктер, ал 2+3- өрнектер. 5- өрнектердің мәні. Таблицаның мақсаты- есеп элементтерін алғаш түсіндірісімен –ақ оның көрнекі із қалдыруы. Үлгінің ой түйіндемелері мұғалім сұрақтарына тиек болады тиек болады: «Есепте не белгілі? Біз не білеміз?» «Біз вазада 2 алма бар екендігін білеміз және анамның тағы 3 алма салғандығын білеміз» деп барлығымыз қосылып айтамыз. Сонымен бірге мұғалім есептерді тақтаға қоршап жазып қояды. Сонымен вазада қанша алма болды? Балалар 5 алма деп жауап береді. Оны қайдан білдік 2-ге 3-ті қостық. Сонда 5 болды. Келесі сабақтарда ад үлгң балалардың көз алдыларында тұрады. Есептің бөліктерін атаңдар деп мұғалім тапсырма береді. Оқушылар жапатармағай қол көтереді. Бірде-бір оқушы өзін дәрменсіз сезінбейді. Үлгімен жұмыс істеу әр сабақ сайын жеделдей түседі. Оқушылар мұғалімнің сұрақтарын айқын түсінеді. Тақтаға жазады, біраздан кейін ауызша орындау дағдылары қалыптаса бастайды. Енді елеулі ой жұмысы – нақтылы түсініктер пайда болып, сандар құрамын үйрену дағдысы дамиды, есеп шығаруда алғашқы ұғымдар қалыптаса бастайды. Сабақта 5 санының құрамын оқу өтіп жатыр. 2 саңырауқұлақ, тағы 3 саңырауқұлақ қой. Барлығы қанша саңырауқұлақ болады? Оқушылар 5 саңырауқұлақ деп жауап береді. Тағы геометриялық фигураларды пайдалану арқылы да 5 санының құрамын шығаруға болады. Оқушылар 5 дегеніміз 1мен4, 3пен2деп жауап бере бастайды. Тақтада үздік оқушылар амалдарды орындайды. 1ді жазамын қосуды жазамын 4ті жазамын тең болады 5. Әлсіз оқушылар мұндай талдауларға бірден кірісе қоймайды. Олар сүйенішті –сызғышты пайдаланады. Қорқатын ештеңесі жоқ. Еңбастысы олар да жүргізушіге ілесіп жұмыс істейді де соңында сүйеніштерін тастайды. Тақтаның жоғары жағында бекітілген сызғыштың нұсқасы мысалдар шешуді үйрену барысында жиі қолданылады. «Сантиметр» тақырыбын түсіндірген кезде де ол балалардың көз алдына келеді. Түсіндіруді балалардың бар білімдерін олардың бар білімдерін арқа сүйей отырып жинақтай бастаған жөн. Сызғышты және оның нұсқасын пайдалана отырып, әңгіме өткізіледі. Балалардың мұндай сызғышты қайда көргендігі, ондағы барлық бөлшектер түсіндіріледі: 1метрде10дм, 1дециметрде10см, 1сантиметрде10мм бар екендігіне назар аударады. Сызғыш нұсқасын кесінділермен жұмыс істеу кезінде кеңінен пайдалану осыдан басталады. Тақтадағы сызғыштың астына оның бөлшектері сызылады (7не5дм) балалар сол сәтте (тағы да сүйеніш көмектеседі) оның мөлшерін сызғыш нұсқасы (ол раттағы партадағыларға дейін жақсы көрінеді) арқылы анықтайды. - Қай кесінді үлкен, ұзынырақ? Қаншалық үлкен, қанша ұзындау? 2дм қысқалау деген нені білдіреді? - Бұл 2дм артық деген сөз - Қайсысы кішірек, қысқалау? Қанша? 2дм қысқалау деген нені білдіреді? - Бұл 2дм жетіспейді деген сөз. Мұғалім балалар назарын тағы да аударады(көрсеткішпен сызықты нұсқайды); - Дұрыс екінші кесіндіге 2дм жетпейді. Ал, бөлшектер тепе-тең болуы үшін не істеуіміз керек? Жаппай қол көтеріледі; «2дм қосу керек» Содан соң мұғалім көрсеткішінің қозғалысына ілесе сызықты «оқуға» үйренеміз: 1м-де10дм, 1дм-де 10см, 1см-де 10мм. Мұның өзі оқушылардың кеңістік туралы түсініктерін нығайту, әрі ұзындық өлшемінің таблицасын игеруге әзірлік. Оқушылар дәптерлеріне кесінділерді сантиметрлеп сызады, ал оқытушы тақтаға дециметрлеп сызады, ал оқытушы тақтаға дейиметрлеп сызады. Сөйтіп оқушылар нөлден бастап сызуға, қажетті бөлшектерге дұрыс тоқталуға үйретіледі. Немесе санды бірліктерге ұлғайту- азайту есептері енгізіледі(1 сынып). Бұл жаңа ұғымды қалыптастырып, оны нақтылы көрнекі материалдар арқылы оқушылар санасына жеткізу керек. Әуелісабақ қолданылады: 1. Сол жақтағы бағанадан да, оң жақтағы бағанадан да 4 дөңгелекше ашыңдар. Оң және сол жақтағы бағаналардағы дөңгелекшелердің саны туралы не айтуға болады? 2. Енді сол жақтағы бағанада 4 дөңгелекше, ал оң жақтағы бағанада 4 дөңгелекше ал оң жақтағы бағанада да сонша және тағы да дөңгелекше ашыңдар. Енді оң жақтағы дөңгелекшелер туралы не айтуға болады?(олар сол жақтағыға қарағанда көп) Оң жақтағы бағанада қанша дөңгелекше артық (2) Мұндай жағдайда «оң жақтағы бағанада 2 дөңгелекше артық дейді. 3. Сол жақтағы бағанада 3дөңгелекшені, ал оң жақтағы бағанада одан 2дөңгелекшені артық ашыңдар. 2дөңгелекше артық деген нені білдіреді? (Бұл оң жақтағы бағанада қанша болса соны және 2-і артық дегенді білдіреді). Оң бағанада қанша дөңгелекше аштыңдар? Бұдан әрі дәптерге суреттер салып жаттығады: «Бірінші қатарға 4 жалауша , екіншісіне 3 жалауша суретін артық саламыз. Сонда екінші қатарға қанша жалауша салу керек? Қалай есептедіңдер? 3 жалаушаға артық нені білдіреді? (Бұл мұнда да бірінші қатардағыдай болса сонша және 2-1 артық деген сөз. Есептің келісімі балаларға бұрыннан таныс схемаларды пайдаланған кезде әуелі талдаудан талқылаудан амалдар іріктеуді дәлелеуден өткізіледі. Айнұрда 3 саңырауқұлақ бар, ал Әселде 1 саңырауқұлақ артық. Әселде қанша саңырауқұлақ бар? Талдаудың нәтижесінде тақтаға былай жазылады: 3тен 1артық. Балалар шешімін дәптерлеріне жазады. 3+1=4 - Неге қосу амалын орындадың? - Ізделіп отырған сан 1-ге артық, сол себепті қостым. - 1-ге артық деген нені білдіреді? Бұл Айнұрда қанша болса, сонша және 1-еуі артық деген сөз. Қортындылай келгенде тірек үлгілер –қарапайым есептердегі жиынтық полотно іске қосылады. Олар талдау жасауға, есептің нақты мәнін дұрыс қабылдауға, математикалық терминология жасауға, әуелі қарапайым, содан соң құрама еспетер амалдарын дұрыс іріктеуді дәлелдеуге ыңғайлы. Белсенді жауап –сабақтағы кері байланысты игі іскерлік байланыстың бірінші дәрежелі шарты. В.А. Сухомлинский: «Балдырған кездегі ой еңбегін ұйымдастыруға шеберлік баланың мұғалімді ыждаһаттылықпен тыңдай білуінде, ұмытпауында, ойлауында, алғашқы кезде қымсынбауында, мұғалімді ықыласпен мұқият тыңдауында, есте ұстауында, ойлана білуінде» деп жазған болатын. Үлгі тіректер нақ осыған көмектеседі. Оқушы мұғалімнің сұрақтарына үлгіні пайдаланып (оны оқиды), жауап беріп тұрған кезінде қымсынбайды, қателесіп кетем бе деп жүрексінбейді. Үлгі ойлану мен дәлелдеудің алгоритміне айналады да, бүкіл назар оқығанды еске түсіруге немесе қайталап айтуға емес, оның мәніне, себеп-салдар тәуелділігі мен байланысты салмақтап, сезіне білуге аударылады. | |
Просмотров: 781 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|