Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Бастауыш сыныпта шығармашылыққа баулумен қатар өзекті мәселені іріктеу
2014-11-06, 7:30 PM
Бастауыш сыныпта шығармашылыққа баулумен қатар өзекті мәселені іріктеу .
Партадағы жұмыссыздық, күн сайынғы алты сағаттық жұмыссыздық, айлар мен жылдарға ұласқан жұмыссыздық- міне, бұл аса қатерлі қауіп. Ол адамды аздырады, моральдық тұрғыдан мүгедек етеді; ең басты саладағы, адам еңбекқор болуға тиісті ой-сана саласындағы олқылықтың орнын ештеңе де, мектеп бригадасы да, мектеп бригадасы да, мектеп учаскесі де, шеберхана да толтыра алмайды.
В.А. Сухомлинский.

Шығармашылыққа үйретуде біз мына ілгерідегідей ережеге сүйендік
1. Оқушы әсіресе, төменгі сынып оқушысы қажетті білімі, икемділігі, дағдысы болмаған соң нақтылы бір зат жасай алмайды. Демек, оқу процесінде оған іс- тәжірибиелік тапсырманы игерген біліміне сәйкес және сол тапсырманы орындауға мүмкіндігінше толық қолдана алатындай етіп берукерек.
2. Тапсырылған жұмыстар сауатты түрде орындалатын болуы шарт. Ережені білу және оны іс-тәжірибеде іскерлікпен пайдалана алу шеберлікке әкеп тірейді. Ал, шеберлік –мамандық жолындағы ысылу, төселу. Нақтылы бір істі атқаруда (жаңа инновациялық тірек үлгілер) шығармашылық қиялды үстірт пайдаландыруға жол бермейміз.
3. Төменгі сынып оқушысы ересек адамға қарағанда өз бетінше көп салалы шығармашылық жұмысты сауатты атқара алмайды. Тіпті жұмысты атқару барысында сақталатын ережелері мұғаліммен бірге қайталар отырғанның өзінде іс жүзінде оны толық қолдана алмаған болар еді. Демек, мұғалім тапсырманы түсіндірумен ғана қанағаттанса, жұмыс ережесі бұрмаланатыны сөзсіз, ал ондай іс бізге қажет емес. Сондықтан бастапқы кезде тапсырманы біртіндеп күрделендіре отырып негізгі үлгіге байланып қалмай, бөлегірек кетуді де балаға мөлшерлете білдіру қажет.
4. Мектеп оқушысының шығармашылық іс-әрекетін біз оның дербестігімен бірлікте қараймыз,аралық шек қоймаймыз, өйткені олар бір-бірімен тығыз байланысты және бірінің дамуына екіншісі ықпал жасайды. Баланың өзіндік дербестігі оның тапсырманы орындау вариантын, заттың формасын, жұмыс мөлшерін өзі айқындауынан көрінеді. Мұндай өзіндік дербестік болмаса шығармашылық туралы байсалды әңгіме қозғау мүмкін емес. Ал, шығармашылық дегеніміз біздің ұғымымызда, ілгеріде атап өтілгендей, оқытылған ережені сақтай отырып, бәріне бірдей ортақ тақырыпта жұмыс істеп, ерекше соны зат жасай білуінен көрінуі керек. Демек тақырып және жұмысты орындау ережесі бәріне ортақ болады, ал жұмыс варианттарын балалар өздері ойлап табуы қажет.
Біздің сабақтарымыздың мақсаты-оқу, тәрбие, жалпы дамудың бірлігін қамтамасыз ету. Алайда, бұл жалпы мәселелердің ішінде тағы бір жеке-дара мақсатты да алға қою мүмкіндігі бар- баланың іс-әрекетке икемділігі мен қабілетін ашып дамыту және есепке алу. Бұлай ескеру нәтижесін келешекте өзінің икем- қабілетіне сәйкес сапалы түрде мамандық таңдау жолында пайдалануға болады. Осы мақсатты көздеп, әрбір оқушыға арнайы шығармашылық портфолиесы бар. Онда оқушының өз ынтасымен дербес жасаған жұмыстары тіркеледі.
Қарап отырсақ, бірде-бір сыныпта егіз қозыдай ұқсас шығармашылық портфолие жоқ екен, егер іскерлік қасиет, танымдық талпыныс, қызығар ермегі, баланың оқуға ынтасы дегендерді тек сынып журналындағы бағасына қарап танитын болсақ, нәтиже мынадай: еңбек пен сурет сабағына барлық бала дерлік «4», «5» деген баға алған, ал басқа сипаттама ала алмаймыз. Біздіңше шығармашылық күнделік пен портфолиені жоғары сыныпқа дейін жүргізіп отырсақ оқушылардың ынта- жігері, дербестігі мен шығармашылық іс- әрекеті жөнінен толық мәлімет берген болар еді. Және бұл оқушының өзіне де мамандық таңдау сәтінде өз қабілетін сапалы түрде бағалауына мүмкіндік берер еді, әрі оны жұмысқа не оқу орнына қабылдаушылардың да бала қабілетін әділ бағалауына жағдай жасар еді.
Кәсіби бағдар бала үшін, әлбетте, таяу күннің мақсаты емес. Бұл оқудың алғашқы, бастапқы дәуірінде тек мұғалім мен ата- ананың ғана алдында тұратын мақсат.
Әр баланың бойында бар шығармашылық қабілетті оятуға, еңбекшілдікке баулуға, өзін-өзі түсініп, шамасын біле алуына шығармашылық алғашқы қадамын жасап өмірін өмірін қуанышты, бақытты, толымды етуіне көмектесуге- сабағымызды ұйымдастырғанда біз шама- шарқымызша міне осыларды жүзеге асыруға жалғыз ұстаздың шамасы келмейді. Егер әрқайсымыз алдымызға осы мақсатты қойып соны іске асыруға күш салсақ одан біздің балаларымыз, болашағымыз ұтқан болар еді.
Төменгі сынып оқушылары біз ұсынғандардың бәрін меңгеріп кете алмайды. Егер оқылатын материал мөлшері оның ақыл-ой, ерік-жігер мүмкіншілігінен асып кетсе онда ол «артықты» игермек түгілі, өз мүмкіндігіне сай келетін қалған материалдың бәрін де жөнді игере алмас еді.
Шығармашылық сабақтарына арналған материалдарды іріктеген кезде төменгі сынып оқушысы белгілі бір уақыт өлшемінде тиімді игере алатындай материал санына біз қатаң шек қоямыз. Егер оқушыны оқушыны бір іспен мерзімді уақыттан тысқары шұғылдануға міндеттесек онда баланың мейлінше шаршағаны көрінеді, ол ебелектеп қателер жібереді, жұмысты үстірт орындайды. Сондықтан алға қойылған түпкілікті мақсатқа жеткізетіндей білімнің қажетті мөлшерін алу қажет.
Категория: Начальная школа | Добавил: Мухаметовна
Просмотров: 1080 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 12:15 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru