Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Жаңа технологиялар арқылы шығармашылыққа баулу.Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелерін қайталау.
2014-11-12, 5:41 PM
Жаңа технологиялар арқылы шығармашылыққа баулу
Жас жеткіншектерге бүгінгі күн талабына сай білім мен тәрбие беру ісі педаго мамандарға үлкен жүк артады. «Тәлім – тәрбие мен оқыту ісінің нәтижесі іс- әрекеттерден гөрімұғалімдерге көбірек тәуелді»- деген Ы.Алтынсариннің көрегендікпен айтқан пікірін, қазіргі уақытта да маңызды болып отырғаны да осының айғағы.
XXI ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер оқыту үрдісін озық технологиялармен қамтып жетілдіруді талап етеді.Білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технология қолданылып жүргендігі мәлім. Мысалы, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтардың «Дамыта оқыту».Олар дамыта оқыту деп оқыту мақсаттарын, әдіс – тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды айтады. «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңару процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Дамыта оқыту баланың белсенділігін ұйымдастырумен іске асады.
Мен оқытудың ұтымды әдістерін, соның ішінде «Дамыта оқыту технологиясының» бағдарламасынан жұмыс жасау арқылы білім негізін дамыта отырып тәжірибеге енгізу жұмыс істеуге құштарлық туғызып білім беруде нәтижеге жеткізетін байқадым. Мамандардың алдында тұрған бірден – бір мақсат – оқушылар алған білімдерін пайдаға асырып, оларды өз бетінше түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, өмірге өзіндік көзқарасы бар азамат болып жетілуіне көмектесу. Әрбір нақты сабақтыңсапасы мен тиімділігі оның мақсаты мен нәтижесінің сәйкестігі бойынша анықталуы тиіс. Сабақ барысында мұғалімнің және оқушының әс – әрекеттерінің жиынтығы әрдайым белгілі нәтижеге жетуге қандай жолмен, қандай әдіс – тәсілдер және жұмысты ұйымдастыру арқылы жетудің мүмкіндігі мұғалімнің теориялық және практакалық білім деңгейіне, шеберлігіне, шығармашылық ізденісіне тәуелді түрліше көшілетін мәселе.Ал ,біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.
Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші болады, ал мұғалім осы әрекетте бағыттауда, оқуды ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады. Соның дәлелі ретінде 4 – сыныпта «Қазақ тілі» пәнінен өткен сабақтың(қысқаша үлгісін) ұсынамын.
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелерін қайталау.
Мақсаты: Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерден өткенді қайталау еске түсіру білімдерін пысықтау. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, еркін сөйлеуге баулу, сауаттылығын көтеру. Достыққа, бірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Жаттығу ережелері, үлестірме қағаздар, сынау үлгілері, белгілейтін көрсеткіш, Венн диаграммасы
Сабақтың барысы: І Кіріспе бөлім:
1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
2. Сабақ мақсатын хабарлау, дәптерлеріне күн ретін тақырыпты жаздыру
3. көркем жазу минуты
4. Тәртіп сақтауды, сабаққа белсенді қатысуын, бір-бірінің жауабын тыңдауды ескерту
5. Жаттығу ережелері бойынша өте жақсы жауапқа – 5 ұпай
Жақсы жауапқа – 4 ұпай
Орташа жауапқа – 4 ұпай
ІІ. Негізгі бөлім:
1. «Зымыран сұрақ».
Үш топқа бір уақытта бірдей сұрақтар қойылады. Әрбір топ мүшелері жылдам жауап беруі қажет. Бұл бөлімде біліммен қатар жылдам ой қорытып, нақты жауап беруі талап етіледі. Ойланып жауап беруге 15 секунд белгіленеді.
- Сөйлем мүшелері неше түрге бөлінеді?
- Бастауыш қай сөз табынан жасалады? Мысал келтір.
- Баяндауыш қай сөз табынан жасалады?
- Тұрлаусыз мүше дегеніміз не?
- Бастауыштан кейін қай уақытта сызықша қойылады?
2. «Ой жинақта, талдаумен»
Тапсырмаларды таратып береді. Берілген нұсқа бойынша сөйлем құрау. Сөйлемнен сұрақ қойып тұрлаулы, тұрлаусыз мүшені тап. Ойлануға 2 минут, жұмысты орындауға 2 минут беріледі.
1 топ тапсырмасы: Кім? Нені? Не істеді? (Зайра шәй жасады)
2 топ тапсырмасы: Не? Неден? Не істеді? (Мал төлден өседі)
3 топ тапсырмасы: Кім? Қайда? Не қылды? (Мұғалім сыныпқа кірді)
3. «Жұмбақ сөз» әр топқа жеке-жеке мақал-мәтел айтылады. Ол үшін баяндауышты үнсіз айту белгісімен оқимын. Жасырған сөзді тауып оны орыс тілдеріне аудару керек, Ойланып айтуға 1 минут.
1 топ тапсырмасы: Ақылды адам арын (қорғайды)
Сараң адам малын (қорғайды)
2 топ тапсырмасы: Ақылды кісі ісіне (сенеді)
Ақымақ кісі күшіне (сенеді)
3 топ тапсырмасы: Болат қайнауда (шынығады)
Батыр майданда (шынығады)
4. «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап»
Үлестірме қағаздар беріледі. Берілген мысал ережеге сай емес екендігін айтып дәлелдейді. Ойлануға 2 минут, жауап беруге 1 минут.
1 топ №1 үлестірме
Мысал Ереже
1. Жадыра қалаға келді Тұрлаусыз мүше
2. Қызыл ала зат есім
Анықтамаға сай ма?
5. «Нұсқалықты сөйлет»
Ойланып жауап беруге 1 минут.
1 топ: сөйлем мүшелері бойынша кесте құрастыру
2 топ: әрі қарай сөйлем мүшелерінің кестесін жалғастырады.
3 топ: кестені толықтырады.
ІІІ. Қорытынды кезең: Сабақты қорыту. Топтардың ұпай санын санау, кестеге белгілеу. Оқушылардың білімін бағалау. Үйге тапсырма: кез-келген 1 мәтінді көшіріп жазу, тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін белгілеу.
Сын есім
Мақсаты: Сын есім туралы теориялық білім беру. Заттың әртүрлі белгілерін байқап, сындық ерекшеліктерін ажырата білу. Сауаттылыққа, жазу каллиграфиясын, тілін жетілдіру. Логикалық ойлау жүйесін дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жемістер, азық-түліктер, ойыншықтар, кесте, плакат, топтама, тірек сызбалар, дидактикалық парақшалар.
Түрі: аукцион, жаңа білім сабағы
Әдісі: әңгімелесу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ауызша, жазбаша жазу жұмысы.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.
1. Өткенді пысықтау.
ІІ. Негізгі кезең: Жаңа сабақ.
- Бүгін сөз табының бір түрі «сын есіммен» яғни заттың белгілерін байқап танысамыз.
- Мынау не? (алма)
- Түрі қандай? (қызыл)
- Көлемі қандай? (үлкен)
- Дәмі қандай? (тәтті)
- Иісі қандай? (жұпар иісті жағымды)
- Жеп болғаннан кейін қандай баға бересіңдер? (жақсы піскен алма)
- Оны сапа дейді.
Сонымен алманың сындық ерекшеліктерін атадық. Осы ерекшеліктерді кестеден көрсетіп, сұрағын оқып, жауабын қалташаға салайық. Ереже шығару.
2.Кітаппен жұмыс жаттығу орындау. Жұпар иіс сөзіне мәндес сөздерді табу.
3. жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сын есімдерді қойып, көшіріп жазу. Заттың түсін, дәмін білдіретін тағы қандай сөздер білетінін ататып, оларды сөйлем ішінде айтқызу.
4. «Сұр қоян» әнін әр түрлі қимылдар жасап айтқызып, ішінен сын есімді тапқызу.
5. жаттығу. Мақалды оқып, жатқа жазайық. Мақалдың мағынасын түсіндіру:
Жақсы сөзге жан семіреді,
Жаман сөзден жан қорқады.
Сын есімдерді тауып, оның қай сөзбен байланысып тұруын сызбамен көрсету.
6. «Мақал, қуаласпақ» ойыны. 1 топ мақалды бастайды. 2-ші топ жалғастырады. 3-топ осы мақалдардың ішінен сын есімдерді тез тауып дәптерлеріне түртіп алады және оқып береді.
7. жаттығу. Бір зат есімге қатысты бірнеше сын есім тауып жазу. Осы ережені терең меңгеру үшін, жаттығуды орындау үшін «аукцион» ойнаймыз. Сатушы (аукцион базарының тәртібімен таныстырады): Міне, бір затты көрсетемін, сатып алушылардың қайсысы осы заттың сындық сапасын көбірек айтса, соған сатылады.
Үй, сиыр, көйлек, тамақ.
- Енді алған заттарыңды жоғары көтеріңдер, көрейін. Білімдерің өмірге жарапты. Барлықтарың ұнаған заттарды алған екенсіңдер. Құтты болсын.
- ІҮ.Сабақты қорыту. Сұрақтар қою. Бағалау. Үйге тапсырма беру.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару жолдарын іздестіру
Категория: Начальная школа | Добавил: kasalija
Просмотров: 1332 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 9:10 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru