Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Жануарлар әлеміне саяхат.
2014-11-24, 11:11 AM
Сыныптан тыс сағат.

Сабақтың тақырыбы: Жануарлар әлеміне саяхат.
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,үй жануарларымен дала жануарларын таныстыру.
2. Жануарлар туралы біліктіліктерін арттыру. 3. Жануарлар әлеміне деген сүйіспеншіліктерін ояту, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд « Үй және дала жануарларының суреттері, сөзжұмбақ) Қошақаным және Сұр қоян әндерінің музыкалары.
Сабақтың түрі: Аралас ( түсіндіру, сұрақ –жауап)
Сабақтың өту барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.
Ризамыз, ризамыз, ризамыз біз бүгінге
Ризамыз, ризамыз , ризамыз біз қазірге
Ризамыз, ризамыз, ризамыз біз сіздерге.
2.Жаңа сабақ түсіндірмесі:
Жұмбақ жасыру: 1.Тастан тасқа секірген
Ұзын салпақ құлағы.
Қойдан маза кетірген
Кім біледі? (Лақ)
2. Кезікті бір жануар
Үстінде екі тауы бар. (Түйе)
3.Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
-Балалар, қойдың төлі қалай аталады? Қозы, қошақан.Қойды бағатын кісіні кім деп атайды? Шопан ата дейді.
-Сендерді аналарың, әжелерің қалай еркелетеді? « Қошақаным, ботаканым, құлыным, құлыншағым» -деп еркелетеді. Өздерің айтқан сөздердің бәрі үй жануарларының төлдері екен. Осы төлдер жайында қандай ән білесіңдер? «Қошақан» әнін білеміз.
«Қошақан» әнін орындату.
Слайдта Бұл не, ? Жылқы төлі құлын, жылқыда өт болмайды, оның сүтін қымыз дейді, қымыз пайдалы сусын, еті де шипалы. Жылқы мыңдаған шақырым жерлерден қандай боран болса да өз өскен жерлерді тауып барады. Жылқы өліп бара жатса да жаман, лай суды ішпейді. Жылқыны көлік ретінде пайдаланды. Жылқының пірі-Қамбар ата.
Сиыр. Оның төлі-бұзау. Сиыр сүт береді , етін жейміз.Сиырды бағатын адамды Зеңгі баба дейді.
Түйе. Оның төлі-бота. Оның сүтін шұбат дейді. Жануарлар ішіндегі ең кішіпейіл мал . Кішкентай бала жетектесе де елпілдеп жүре береді. Ботасы ең нәзік жануар. Оның пірі- Ойсылқара.
Ешкі. Оның төлі лақ. Ешкі қойды бастап жүреді. Ешкінің еті, сүті пайдалы. Ешкі жылына екі рет төлдейді. Ешкінің пірі Шекшек ата деп аталады.
Иттің баласы күшік деп аталады. Ит онға жуық дыбыс шығарады. Ит иесін сатпайды, далаға тастап кетпейді. Ол үй,қой күзетеді.
Мысықтың баласын марғау дейді. Мысық болса , үйде тышқан болмайды.Мысықты қалай лақтырсаң да төрт аяқпен түседі.
Бұл көрген жануарларыңның бәрі үй жануарлары екен.Осы үй жануарлары жайында топпен жұмыс жасайық:
1-топ: Қойдың ешкінің маңырағанын келтіріңдер.
2-топ: Сиырдың мөңірегенін келтіріңдер.
3-топ: Жылқының кісінегенін келтіріңдер.
Жұмбақ жасыру: 1. Өзі айлакер, өзі қу
Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі)
2. Өзіне болған қорған
Орман ішінде бірақ
Етеді қорбаң-қорбаң. (Аю)
Өзі қорқақ, өзі үркек.
Жазда қоңыр тон киеді
Қыста ақ тон киеді.
Бұл не? (Қоян)
«Ұзын құлақ сұр қоян» әнін айтып бір сергіп алайық.
Қоян үй жануарына дала жануарына жатады екен.Қоянның баласын көжек дейді. Жануарлар жайында кім тақпақ біледі? Оқушыларға тақпақтарын айттыру.
Бір көргенде-ақ білген Мен мықты арыстан,
Аңдардың патшасы
Мен алып пілмін. Жауымның алысқан
Аспаймын, Күл болған қаңқасы.
Саспаймын,
Жамандыққа баспаймын.
Мен көкжал қасқырмын,
Малшыны састырдым,
Аш болсам,ұлимын.
Ауылды торимын.

Слайдтан қасқырды көрсетіп,оның баласын бөлтірік дейді.
Қасқыр неге ұқсайды? Қасқыр жайында не білесіңдер?
Қасқыр итке ұқсайды. Қасқыр әр ісін ақылмен істейді. Қасқыр қолға үйренбейді,өз заңына ғана бағынады.Қасқырдың баласын бөлтірік деп атайды.
Бұғы мүйізімен ерекшеленеді. Шөппен коректенеді. Оның төлін лақ дейді. Бұғы мүйізі кесілген соң анадай жерге барып тоқтап, міндетті түрде артына қарайтын көрінеді.
Аюдың баласын қоңжық дейді. Ол орманды жерде өмір сүреді. Аю жеміс-жидекпен, балықпен коректенеді. Жаз, күз бойы семіріп, май жинап алады да, қыста ұйықтайды.
Піл жылы жерде өмір сүреді.Ол алып тұлғалы жануар. Піл тышқаннан өлердей қорқады.
Түлкі сонар кезінде жатқан жерінен қозғалмайды екен. Жазық далада, орманды жерлерде де өмір сүреді. Оның терісі бағалы.
Қабан доңызға ұқсайды .
Арыстан таулы алқаптарда болады. Мықты, епті жыртқыш аңдарға жатады.
Киік- киелі жануарлардың бірі.Киік қолға түскенде тартынбайды. Бауыздап жатқанда аяғын серіппейді. Басқа малдай емес қанша лағы болса да емізе береді.
Барыс теңбіл түсті. Мысық тұқымдас, өте қырағы жануар.
Арқар таулы аймақтарда өмір сүреді. Арқар қошқарға ұқсайды. Шөппен қоректенеді.Оның мүйізі мықты болады.
жану
-Осы арлардың барлығы табиғаттың бір бөлшегі. Ендеше жануарлар өмір сүру үшін не қажет екенін оқып беріңдерші?
Жануарлар өмір сүру үшін ауа,су,қорек, жылу, жарық керек.
Сен білесің бе? «Негеш» кітабына саяхат.
1.Қасқырдың ұлыған даусы10 шақырымға дейін естіледі.
2.Ит онға, мысық жүзге жуық дыбыс шығарады екен.
3.Жан-жануарлар ішіндегі ең кішіпейілі түйе. Ол кішкентай бала жетелесе де елпілдеп ере береді.
4.Қоян алды-артын мойын бұрмай-ақ көре алады.
5.Жан-жануарлар алыбы піл тышқаннан өлердей қорқады.
Сөзжұмбақты шештіріп, онда жануарлар деген сөз шығады
Жүзім,алма,ананас,қауын,қарбыз,қияр сөздерін ретімен жаздырту.
Қорытынды.
Сонымен, балалар бүгін біз жануарлар әлеміне саяхаттадық.
Үй жануарларына не жатады?
Дала жануарларына не жатады?-деп слайдтағы

жануарларды ататып, сабақты аяқтау.
Категория: Начальная школа | Добавил: knnurgali
Просмотров: 1665 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 7:07 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru