Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

«Ана – ең ардақты есім» атты ашық тәрбие сағаты
2014-12-01, 8:48 PM
«Ана – ең ардақты есім» атты ашық тәрбие сағаты
1-ж. Құрметті Ұстаздар, ата-аналар,қызғалдақтай құлпырған бойжеткендер!
Сіздерді көк желекті көктеммен бірге көңілге қуаныш сыйлай келетін
8 наурыз Халықаралық аяулы аналардың төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Біз мәңгілік сіздерге, ұстаз-аналар борыштармыз. Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс. Мерекелеріңіз құтты болсын!
2-ж. Ана-адамзат мекен ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйінде мейір мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам. Шырылдап дүниеге келгеннен бастап, сенің іздейтінің бірақ жан Ол-Ана. Ананың әрбір сөзі, әрбір ақылы сені шапағат шуағына бөлейтін, отбасының берекесін келтіретін, барша адамзат қадір тұтатын ұлы есім ғой, ана.
Тілеген: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым.
Досжан: Пәк жүрегің алтын алқа тағынсын,
Менің жаным жаулығыңа таңылсын.
Сені көріп қуанам мен,анашым,
Барлық әлем саған ғана бағынсын.
Мен қиналсам, сенің жаның қан жилар,
Кірпігіңнен ақпасын тек тамшылар.
Сенен артық таппаспын мен асыл жан,
Бой түзеп мен ержететін күн шығар

1-ж. Елбасы Н. Ә. Назарбаев былай деген екен: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бірі де, бірегейі де, біздің қазақ халық». Бүгін айтылатын ақ тілек, жылы сөз, күмбірлеген күй, шырқалатын ән сіздерге арналмақ.
Айдар: Адам барма ана сүтін таппаған,
Алуан-Алуан ауыр сынды аттаған.
Адалдықты ар-намысты сақтаған,
Мен ананың сонысына мақтанам.
Ана десем, алғыс алам халқымнан,
Ана десем, теңіз болам шалқыған.
Ана десем, ашылады қабағым,
Ана десем, әділдікті ұғынам.
Аңсар: Наурыз келді, жеріме көктем келді
Ұмыттырып өкпелі өткендерді
Жолын тосып жырменен отырайын
Жыл құстары желпініп жеткенде енді.
Атады әркез,арайлы құба таңым,
Көктем сені жаныммен ұнатамын
Мен сүйемін көктемді сүйеді өлең,
Көктем нәзік аруы – жыл атаның.
Би:
2-ж. Ана – баласының ғана қамқоршысы емес, ол адамзат атаулының амандығын тілеп, сол үшін күреске шығады. Сондықтан дүние жүзінің ойшылдары 8 наурызды –халықаралық аналар күні деп белгіледі. Жақсы, жақсы тілекті күн сайын айтсақта, қуантсақ та жарасар еді.
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық
Ән: «Құттықтаймын, мама!» Хормен
І жүргізуші:
-Ерте заманның бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір қаланы қоршап алады. Қалаға келетін ауыз суды тоқтатып қорғаннан өте алмаған жау халықтың берілуін күтіпті. Бірнеше күн өтсе де, қала берілмепті.
Сонда дұшпанның әскер басы мынадай бұйрық шығарыпты.
- Қаладан көтергенше жүк алып, әйелдердің кетуіне рұқсат етемін,- дейді
Әйелдер бір-бір қапшық арқалап қаладан шығып кетеді.
Дұшпан қалаға кіріп қараса, бір де бір еркек жоқ.
Әйелдер ер азаматтарын қапқа салып көтеріп кетіпті.
Кішкене қыздар ұл балаларды,кемпірлер шалдарды көтеріп қаладан шығып кетіпті.
ІІжүргізуші:
-Осылай бір халықты әйелдер аман алып қалған екен.
Кішкене қыздар ұл балаларды көтеріп шығарыпты.
Сен осылай жасай алар ма едің?
І жүргізуші:
- Мүмкін мен тек біреуін ғана алып шығар ма едім?
ІІ жүргізуші
-Ол бақытты жан кім екен ?
І жүргізуші:
- Білмеймін. Тек күшімнің келері сол болар дегенім ғой.

Ерқанат: Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін
Дулат: Құтты болсын, ардақты анам,
Асыл анам мерекең.
Құтты болсын теңдік алған,
Қуанышты мерекең.
Би:
2-ж. Наурыз күні-ана күні, әлемкүні. Әлемді тебірентер ана үні. Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі қадірлі сөз ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы, ыстық құшағы мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік, мейірімділік, махаббаты бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгіленген .Ол -8 наурыз мерекесі.
Бақтыгерей: Ана деген-асыл жандар болаттай,
Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай
О, адамдар,қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл-ойды танытпай.

Ердан: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән, беретін гүлім дайын.
Әжетай сізді жақсы көремін деп,
Ақырын құлағына сыбырлайын.
Бекзат: Анам менің - өмірдегі тірегім,
Анам менің – кеудемдегі жүрегім.
Егер менің қасымда сен болмасаң,
Бұл өмірде қалай ғана жүремін.

1жүрАна деген үш әріптен тұратын сөзде қаншама қадір қасиет жатыр десеңші. Осынау өткінші фәниде мейірімділікпен, қарапайымдылық, инабаттылық , кішіпейілділік қарапайымдылық бірінші Алладан, екінші Анадан беріледі десем артық айтқандық емес.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй...
Деп, Абай атамыз жырлағандай, кезекті әнге береміз
Ән: «Анаға сәлем» Бәрі қосылып айтады
2-ж. Бүгінгі күн жер бетіндегі барлық аналардың қуаныш, шаттық мерекесі. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жетіп , адам болуын қалайды. Анаға одан артық сыйлықтың қажеті жоқ.
Махсат: Алтын анам жасымнан аялаған,
Мен үшін игілікті аямаған.
Сабақтан үйге шаршап келгенімде,
Бал сөзі жаным деген сая маған
Манас: Азамат қуат алар ақ сүтіңнен
Мәпелеп әлдилеген пейілі кең
Аналық махаббатың кәусар бұлақ
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.
Алихан: Өмірге ана-бұлақ, ана-пана,
Өмірді өркендетер ана ғана.
Тудырған талай көсем, талай шешен,
Талай ер, талай ақын ,талай дана.
Келтірмес адамзатқа еш жаманат,
өзгеге көрсетері –тек шапағат,
Ананың жүрегінен орын алған
Ізгілік,мейірбандық, тек махаббат.
Ана! Ол біздің елде ардақты адам,
Кіші де,үлкен де оны ардақтаған.
Өзінің аяулысы –Отанды да
«Ана деп біздің халық текке айтпаған

Бәрі бірге: Ақ сүтінен жаралған
Ақ сүтінен нәр алған
Анаға бас иеміз!
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп,
Анаға бас иеміз.
Барлық оқушылар залда отырған аналарына өздері даярлаған сыйлықтарын ұсынады.
І ж -Менің анам алтын
ІІ ж -Менің де анам алтын
І ж -Аналарды құрметтеп
ІІ ж -Қол соғыңдар жалпың

Хор: «Ана туралы жыр»

Нұрбол : Сыйлаған маған өмірді,
Анашым менің аяулы.
Жүрегі жұмсақ көңілі,
Күн шуақты саялы.
Мейірі анам күн нұры,
Шапағы мол шашылған.
Сен өмірдің бұлбұлы,
Гүлің менмін ашылған.
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар.
Ерболсын: Өмірдің иесі сен ғазиз –Ана!
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сенде ғана.
2 Жүргізуші: Құрметті қонақтар, енді тәрбие сағатымыздың екінші бөліміне өтейік. Мұнда сыныбымыздың өнерлі қыздары өз өнерлерін ортаға салады.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң әрқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан –
дей отырып, өнерлі қыздарымызды ортаға шақырайық.
І топ «Қызғылдақтар»
ІІ топ «Жауқазындар»
ІІІ топ «Бәйшешектер»
1жүргізуші: Байқаудың шарттарымен таныс болыңыздар:

1. Таныстыру ( әрқайсысы өздерін жеке таныстырады)
2. Сұрақ – жауап (әділқазылардың алдынан сұрақ алып, жауап береді)
3. Өз өнерлерін көрсету
4. Қолөнер
5 Сән үлгісін көрсету
6. Мақал-мәтелдер айту
2 Жүргізуші: Енді, қыздарымыздың өнеріне әділ бағасын беретін әділқазы мүшелерімен таныстырып өтейік.
1.Таныстыру. Әрқайсысы өздерін таныстырады.
1Жүргізуші: Жастарға білімділік жарасады,
Білімдімен кім бүгін санасады.
Келесі сұрақ-жауап сайысында
Ақылына көркі сай арулардың
Сыналар білімі мен парасаты. –Бұл турда «көзі ашық,көкірегі ояу» аруларымыз сұрақтарға жауап береді
Ата-аналармен ойын
" Жылы сөз " шарты: 4 ана ортага балаларымен шығады. Бір-біріне қарама-қарсы тұрады аналар баласына жеткенше жылы сөздер айтуы тиіс, бір-бірін қайталамайды және екірет бір сөзді қайталамауы керек.

2жүргізуші: Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан
Көркің қандай нұрлы еді,
Таң шолпанмен астасқан.
Өнеріңді кәне бүгін көрсетші,
Мына жұртқа, қошеметпен қол соққан,- дегендей аруларымыздың өнерлерін тамашалайық.

Ата-аналарға сауал
1жүргізуші: Біздің аналарға дайындаған арнайы сауалдарымызбен ойындарымыз бар. мынадай сұрақтарға жауап берсеңіздер.
1. Балдан тәтті не? ( бала)
2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл)
3. Балаға кім сыншы? (ата)
4. Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра)
5. Үйдегі алтын адам кім? ( ана)
Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп)
18жасқа толмаған адам ( бала)
Екі адамның бір-біріне деген адалдығы ( достық)
Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)

1Жүргізуші: Сайыстың келесі шарты бойынша он саусағынан өнері тамған қыздарымыздың қолөнер үлгілерін тамашалайық.
Ата-аналармен ойын:

2жүргізуші: Ал,халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік
Сыры мен сымбатына қарап біз
Әділдікпен бағаларын берейік.
Келесі сайысымыздың шарты бойынша аруларымыз сән үлгісін көрсетеді.
1Жүргізуші: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар демекші, байқаудың жеңімпазын анықтау үшін, сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Қорытынды: Осымен бүгінгі «Аналар – асыл жандар» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Көріп, тамашалағандарыңызға рахмет!
Құттықтау сөз аналарға, ұстаздарға беріледі.
Категория: Начальная школа | Добавил: Nureke89
Просмотров: 3325 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 4:04 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru