Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Негізгі және туынды сын есімді қайталау. МАТЕМАТИКА
2014-12-01, 8:51 PM
Сыныбы: 3 «а» Уақыты:
Сабақтың тақырыбы:Негізгі және туынды сын есімді қайталау
Мақсаты:
Білімділік: сын есімнің негізгі және туынды түрлерін пысықтап, оқушылардың білімдерін толықтыру;
Дамытушылық:ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды инабаттылыққа, мәнерлі сөйлеуге, елін, жерін сүюге табиғатын қорғай білуге тәрбилеу.
Сабақтың типі: қайталау, жинақтау сабағы.
Әдістері: сұрақ-жауап, талдау,жинақтау, салыстыру-ажырату.

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезені.
«Мен қандаймын»
Ойынның шарты: Сыныптағы әр оқушы өзінің аты қандай әріптен басталса, оған сол әріптен басталатын сын есім сөзін қосып айтады. Мысалы: Ақылды Алихан, Сұлу Сымбат, Жайдарлы Жадыра, Еңбекқор Ердан, намысшыл Нұрбол т.б
II.Өтілген материалды қайталау, пысықтау.
1.«Бәйге»ойыны бойынша ауызша сұрақтарға жауап алу
1.Сол жақтағы. Сын есім дегеніміз не?
2. Ортадағы. Сын есім нешеге бөлінеді?
3. оң жақтағы.Жаңылтпашты тез айтып, сын есімдерді тап:
Ала карға қарға қонды,
Қара қарға жарға қонды.
4. Сол жақтағы. Негізгі сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.
5. Оң жақтағы. Туынды сын есім дегеніміз не ? Мысал келтір.
6. Сол жақтағы.Сөздерге негізгі сын есім тіркеп айт: алма, дала, сабақ, халық.
7.Ортадағы. Берілген етістіктерге-ғыш,-гіш,-қыш,-кіш жұрнақтарын жалғап, туынды сын есім жаса. Біл, жүз, тап, сез, байқа, айт.
8.Оң жақтағы. Сын есімдердің қайсысы негізгі, қайсысы туынды екенін айт.
Жаңа кітап, көк ту, әдепті оқушы, сүтті сиыр, атақты шопан, жүйрік ат, көктемгі мезгіл.
9.Ортадағы. Туынды сын есімдерді қатыстырып сөйлем құра. Желсіз, аудандық, бақытты.

-Балалар, біз «Бәйге» ойыны арқылы сын есімнің түрлерін, оның сөз таптарының басқа мүшелерімен байланысуын қайталадық.
Жаңылтпаш
Омар ора алар,
Омар ора алмаса,
Орал ора алар

--Жаңылтпаштағы сөздер қай әріптен басталған?
--О дыбысы қандай дыбыс? Дауысты дыбыс, жуан
Көркем жазу
Оо ор от ол
Жұмбақтар
1.Оң жағымда бес сарбаз,
Сол жағымда бес сарбаз. Он саусақ
2.Төрт аяғы, арқасы бар,
Еті жоқ, тек қаңқасы бар. Орындық
3.Доп сынды келбеті,
Онда бар түп-түгел,
Әлемнің әлпеті. (Глобус)
4.Жүрген жерін жалмайды,
Тастан басқа қалмайды. (От)
5.Бір құлаштай сабы бар,
Бунақтары тағы бар.
Басы ұқсас қайыққа,
Жолықтырар ойыққа.
Қос танабы тартылған,
Ұзына бойы ән тұнған. (Домбыра)
Жұмбақтардың шешуіне сын есімдерді қосып, сөз тіркестерін құру. Мысалы: өнерлі он саусақ, ағаш орындық, кішкентай глобус, жалынды от, үкілі домбыра.
3.Дәптермен жұмыс
1жаттығу. Зат есімдерді сын есімдермен тіркестіріп жаз. Сын есімдерді түрлеріне қарай ажырат.
I нұсқа II нұсқа
.....қария, ....спортшы
.....каникул, .....аспан
.....әнші, .....оқушы
Мағынаны тану, түсіну
Тақтадағы сөйлемдерге назар аударту.
Тапсырма: Сөйлемдерді оқып сын есімдерді табу, сөз құрамына талдау.
Қандай ұқсастық бар?
Айырмашылығы бар ма?
Осы мысалдарға қарап сын есім туралы не айтуға болады?
Еліміздің болашағы білімді ұрпақ қолында.
Қазақстанның жері кең және пайдалы қазбаға бай.
Қазақстанда тұзды көлдер көп.
Менің Отаным – тәуелсіз Қазақстан.
(Оқушыларға ой тұжырымдамасын жасату).

Өзіндік жұмыс. 2- жаттығу (өлеңді талдап, жазбаша орындау).
Өлеңді мәнерлеп оқу.
1 нұсқа негізгі сын есім, IIнұсқа туынды сын есімді теріп жазады.

Құлағы пүліштей,
Тұяғы күмістей,.
Көзі жұлдыздай,
Жүні құндыздай.
Ақ емес, шұбар лақ,
Ойынға құмар лақ.
Шақырсаң келеді,
Би билеп береді.

Сергіту сәті.
3 жаттығу. Туынды сын есімдерді тауып, сөз құрамына талдау.
Білгіш, қоңыр, сенгіш,терең, тапқыш, жуан, көршілес.
7. Оқулықтан тыс тапсырма.
Терме диктант.
Дәрігер, аласа, күн, терең, жазды, қою, бесінші, таулы, сұйық.
(Осы сөздердің ішінен сын есімдерді теріп жазып, талдау).

Қорытындылау
Сын есім дегеніміз не?
Қандай сұрақтарға жауап береді?
Сын есімнің қандай түрлері бар?
Негізгі сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.
Туынды сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.
Бағалау
Үйге тапсырма. 5-жаттығу, 65 бет
.
Категория: Начальная школа | Добавил: Nureke89
Просмотров: 424 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2016-12-05, 9:33 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [165]
Педагогика [291]
Математика [775]
Физика [242]
История [335]
Классному руководителю [518]
Русский язык и литература [696]
Физическая культура [200]
Английский язык [409]
Искусство [181]
Родительский совет [14]
Биология [319]
Информатика [365]
Начальная школа [1871]
Мой Казахстан [237]
Технология [126]
Самопознание [170]
Технология труда [49]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [40]
Профессиональное образование [155]
Дошколенок [462]
География [129]
Школьная библиотека [48]
Казахский язык и литература [543]
Химия [33]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru