Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Тәрбие сағаты "Экология ел амандығы"
2014-12-02, 5:44 PM
Тақырыбы: Экология –ел амандығы.

Мақсаты: Қазіргі әлемде ғылым мен техниканың қарыштап дамуы, халық санының артуы, қоршаған ортаның зиянды заттармен ластануы табиғатқа үлкен қауіп төндіруде, осы орайда жас ұрпаққа зкологиялық білім мен тәрбие беру-бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Оны қорғауға, аялауға деген көзқарасын қалыптастыру.

Көрнекілігі:Карта,слайд,нақыл сөздер:
1) «Жер-біздің ортақ үйіміз».
2) «Ей,адамдар!
Күн мен гүлден жаралған,
От сезіммен мейірімнен таралған,
Тіршіліктің иесі Жер Анаға қараңдар!



3) Ей,адамзат!
Жер тағдыры,
Ел тағдыры-аманат.

Барысы:

1-жүргізуші: «Экология-ел амандығы» атты сайымызға қош келдіңіздер!
(Сайысқа қатысушы топтар таныстырылады)

2-жүргізуші: Сайымыз мынандай бөлімдерінен тұрады:
1) « Аталар сөзі-көненің көзі.»
2) «Кім көп біледі?»
3) «Экологиялық жағдаят»
4) «Таза ауа-жанға дауа»

1-жүргізуші:О, табиғат, тіршілікке ұйық болған мекенім,
Құшағыңнан нәр алып мұратыма жетемін.
Алақанға аялаймын ұл-қызыңдай үйдегі,
Адамзаттық боршым қорғаушың боп өтемін.

2-жүргізуші: Табиғаттың тарылтпаймын мөлдір,кәусар ауасын
Қастерлейік оның бар қазына, ырысын.
Ей, адамдар,қалай ғана қатігездік жасайсың.
Табиғат Анаң, аялаған ұлысың,-деп ақын ағамызР. Сәтімбеков жырлаған, біздің ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігі табиғатпен тікілей байланысты болған. Енді сайысымыздың «Аталар сөзі-көненің көзі» бөліміне кезек береміз ( Әрбір топ табиғатқа байланысты мақал-мәтелдер айтады)

1-жүргізуші: Қасиетті сөз бар «Кие» деген,
Киеліге жоламас күйе деген.
Жерін, елін, Отанын сүйетіндер,
Ең алдымен бұл сөзді сүйеді екен.

2-жүргізуші: Тірі нәрсе-шөп деген,қоғал деген,
«Көкті жұлма болды обал» деген.
Ата-анамыз жыланға үйге кірген,
Ақ сут құйып басына «жоғал» деген.
Сайысымыздың келесі бөлімі-«Кім көп біледі?»
(Топ басшылары, сұрақтарды алыңыздар)


1-топқа сұрақ
а) Қорықтар дегеніміз не?
ә)Жылды 22-наурыздан бастау себебі неде?

ІІ-топқа сұрақ
а) Қазақстанда неше қорық бар?
ә)Ауаның ластануының негізгі себептерін ата.

ІІІ- топқа сұрақ
а) Экологиялық апат аймақтарын ата.
ә)Қазақстандағы табиғаты тамаша аймақтар.

1-жүргізуші: Отыра алмас ұл шыдап,қызың шыдап
Жоғалғандар тізімі-ұзын шұбақ.
«Қызыл кітап»- мезгілсіз кеткендердің,
Бастарына қойылған қызыл шырақ.

2-жүргізуші: Келеді кез,
Күрделі біздің-бұл кез,
Жаутаңдайды адамға түзде мың көз.
«Қызыл кітап»-опат боп кеткен аңның.
Бастарына қойылған қызыл күмбез,-деп ақын
Қадыр ағамыз жырлаған «Қызыл кітап» деген не?

1-жүргізуші:(Слайд) жан-жануарлар.

Мынау «Қызыл кітаптың» парақтары,неге түрлі түсті?
Жауабы. Қызыл түсті парақ: аса қауіп төніп тұрған түрлер.Ақ түсті парақ:саны азайып бара жатқан түрлер.Жасыл түсті парақ:сирек кездесетін түрлер.Қара түсті парақ:жойылып кеткен түрлер.
(Қазылар сұрақтардың жауабын бағалады.)

2-жүргізуші: Табиғатты адамзат аялаған,
Егін егіп,мал бағып саялаған.
Қара сындай көзінің қорғай жүріп,
Қамқорлығын ешқашан аямаған.
1-жүргізуші: Келесі бөліміміз- «Экологиялық жағдаят».Топ басшыларына саяхатқа қажетті заттар салынған сөмке ұсынылады.Онда көрпеше,ағаш жаңқасы,сіріңке,сусындар,консерві,полиэтилен қалталар,газет т.б. заттар бар.
Әр бір топ табиғат аясына серуенге шығып берілген заттрады пайдаланады.Саяхат аяқталғанда қалдық заттарды қалай жинақтағанына қазылар баға береді.

2-жүргізуші:Міне,балалар,біз табиға аясындағы серуеннен оралдық,өзімізбен бірге біраз заттар апардық.Егер сол заттар табиғатта ашық түрде қалатын болса олар шіріндіге айналу үшін мынандай уақыт қажет екен.
1) Қағаз 2-10 жылда ыдырайды.
2) Консерві банкілері 80 жылда.
3) Полиэтилен 200 жылда.
4) Пластмасса 500 жылда.
5) Шыны 1000 жылда.

1-жүргізуші: Келесі бөліміміз «Таза ауа-жанға дауа» деп аталады.Алдарында өсімдіктердің жапыратары,гүлдері жатыр.Әрбір топ өсімдіктердің атауы,олар туралы не білетіндеріңді ортаға салындар.(топ мүшелері жауап беріп

болғаннан кейін қазылар бағалайды.)

2-жүргізуші:Табиғат-тіршіліктің бесігі.Адам-табиғаттың бір перзенті.Табиғатқа зер салып қарайтын болсақ бізге беймәлім сырлары толып жатыр.Оған тереңірек үңілсек табиғат өз бойынан көп мөлшерде адамзатқа,жан-жануарларға қажетті заттар бөліп шығарып,үнемі өзінің тепе-теңдігін сақтап отырады,
Бұл-табиғаттың тазалық заңы.

1-жүргізуші: Мол қазыналы табиғатсыз адам өмірі де,адам құратын қоғам өмірі де тұл.
Бұл-табиғаттың мол қазыналық заңы.

2-жүргізуші:Қолмен жасағандай көркем табиғат айдынында жүзген қос аққу,бұрала өскен биші қайың,айта берсең таусылмайтын табиғат тамашалары. Бұл-табиғаттын сұлулық заңы.

1-жүргізуші:Табиғатты аялау-адамазаттың перзенттік парызы.Табиғатты аялау-туған елді,жерді аялау.
Туған елді сүю-парыз,
Сүю үшін білу-парыз.
Қасиетін ұғу-парыз,
Күзетінде тұру-парыз.

Қорытынды.
Категория: Начальная школа | Добавил: Балкен
Просмотров: 8444 | Загрузок: 0 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 4.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 9:17 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru