Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Түбір сөз және туынды сөз
2014-12-06, 7:41 AM
Сабақтың тақырыбы: Түбір сөз және туынды сөз
Сабақтың мақсаты : Білімділік: Түбір сөз бен туынды сөз туралы түсінік беру, оларды сөз құрамына талдай білуді үйрету, түбір сөз бен қосымшалы сөздің құрамы мен мағынасын салыстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрістерін дамыту, түрлі әдістерді пайдалана отырып ойлау қабілеттерін,сөздік қорларын,сөйлеу тілін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру, өздіктерінен қорытынды жасап, өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге машықтандыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа. тапқырлыққа, білімділікке, сауаттылыққа баулу, өз елін сүюге, белсендікке, ұйымшылдыққа баулу.
Сабақтың міндеттері: Тапсырмалар мен жаттығулар орындау арқылы түбір сөз және туынды сөз білімін еске түсіру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Жұптық,шығармашылық жұмыс, өзіндік ізденіс, сұрақ –жауап.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, карточкалар, кестемен жұмыс.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені
Болашағым,бақытым,дара тілім
- Міне, балалар, ғұлама кемеңгер ақындарымыздың тілі - туған тіліміз қазақ тілі сабағын бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге қандай тапсырма берілді?
12-жаттығу, сөздерді оқу, құрамына қарай қандай сөздер екендігін анықтау. Сөз нелерден құралады? Сөздің түбірі мен жалғаудан құралған сөз ойла.
Бұлар құрамынга қарай қандай сөздер? - түбір сөздер
Сөз құрамы дегеніміз не? Түбір мен қосымша
Түбір сөз дегеніміз не?
Қосымша дегеніміз не?
Қосымша нешеге бөлінеді?
Қандай болып? жұрнақ, жалғау
Жұрнақ дегеніміз не?
Жалғау дегеніміз не?
III.Ойын: Қар қиыршықтарын құрастыру ойынның ойнаймыз.
(сулы, білгіш, сәнді, оқушы, күйші, бастық)
-Түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы қандай жаңа сөз шықты?
-Қандай сөз туындады?
-Ендеше түбір сөзге жұрнақ жалғап туынды сөз жасадық.
-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Түбір сөз және туынды сөз»
IV. Дәптермен жұмыс
Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазайық.
Көркем жазу. « Т т та тату талап тапқыр»
Осы сөздерден туынды сөздер жасауға болама?
V. Оқулықпен жұмыс
14-жаттығу түбір сөзге тиісті жұрнақтарды қосып жазу: жұмыс-шы, дос-тық, сый-лық, талап-кер, қызмет-кер, дойбы-шы, ас-тық.
Түбір сөзге не жалғадық? Сөздің мағынасы өзерді ме? Не туындады? Түбір сөзге жұрнақ жалғанып жаңа сөз туындайтынын көрдік.
Ережемен жұмыс.
15-жаттығу сөздерді оқу, мағынасын ашу, екі топқа жіктеу, туынды сөзді бір бөлек, түбір сөзді бір бөлек айту.
Бұл сөздердің барлығы тақтада жазылып тұр.

Түбір сөз Туынды сөз
Өнер, ек, іс, жаз, ертең, жарыс Жазушы, сарғыш, іскер, ертеңгі, көңілді, егін, балапан.

ҮІ. Сергіту сәті
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Сергітуге мың алғыс
19-жаттығу. . Заттың атын білдіретін сөздер Заттың сынын білдіретін сөздер
ұшқыш, оқушы, жақсылық, өнерпаз өнерлі, сәнді, мейірімді, жақсыны
Заттың атын білдіретін сөздер Заттың сынын білдіретін сөздер
ұшқыш, оқушы, жақсылық, өнерпаз өнерлі, сәнді, мейірімді, жақсыны
-Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қоямыз? ( кім, кімдер, не,нелер)
-Заттың сынын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қоямыз?( қандай, қай)
- Қай сөз туынды сөз болып табылады?
16-жаттығу мақалды оқу, жатқа жазу, мағынасын түсіндіру.Туынды сөздерді тауып, оларды сөз құрамына талдау.
1.Оқушының оқуы.
2.Мұғалімнің оқуы.
3.Оқушылардың іштей екі рет оқуы.
4.Жатқа жазу.
5.Көрші бала бір –бірінін дәптерін тексеру.
6. Туынды сөздерді тауып сөз құрамына талда. Бұның ішіндегі білімді, ақылды.
-Білімді жинап-жинап , білімнің арқасында білімі,ақылды боламыз. Білімді адам қартайғанда көп біледі де артына өсиет қалдырады.
18-жаттығу жаңылтпашты оқып, жатқа айту. Жұмыскер(туынды сөз), жұмысты сөздерін талдау.
Сабақты қорытындылау. Енді сабағымызды қорытындылап пысықтайтын болсақ «кім көп біледі?» ойынын ойнаыйқ.
Бұл жерде бір неше жұрнақтар берілген . Осы жұрнақтардың алдына қандай түбір сөздер қоюға болады?


Бүгін қандай тақырыппен таныстық? Не үйрендік? Сабақ ұнады ма?
Қорытынды
Бағалау. Үйге тапсырма: 17 жаттығу 124 бет .Ереже.
Категория: Начальная школа | Добавил: tolganai-83
Просмотров: 2766 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-16, 11:18 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru