Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

9 саны, 9 цифры. Джуматаева А.Б. Оқжетпес орта мектебі
[ · Скачать удаленно () ] 2014-12-07, 12:56 PM
Саяхат –сабақ. 1 сынып «Математика патшалығы»
Тақырыбы: 9 саны .9 цифры.
Мақсаты: - Оқушыларға 9 саны, оның шығуы, сандарындағы орны туралы түсініктерді, 9 цифрын дұрыс жазуды қалыптастыру.
- 2. Оқушылардың танымдық қабілетін, ойлуа деңгейін арттыру.
- 3.Ұқыптылыққа, шапшандыққа баулу. Сбақатағы саналы тәртіпті тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақ түрі: саяхат сабақ.
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау, пысықтау, көрнекілік, өз бетінше жұмыс, ойын.
Көрнекілігі: жұмбақ, полотно, дөңгелектер, әуен, математика патшайымының суреті, поезд, суреттер, тапсырмалар бар карточкалар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
-Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгін біздің математика сабағымыз ерекше болады, бізге қонақтар келіп отыр. Бір-бірімізге және қонақтарымызға жылы шыраймен жымиып қарайық. Жүректеріңнің жылуы тарасын.
Отырыңдар.
ІІ. Психологиялық дайындық.
1, 2, 3 Сынып іші тып – тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз, Сабақты біз бастаймыз.
2. Сабақтың мақсатын құру. Математика сабағының ұраның қайталайық. «Еңбек бәрін жеңбек». Ендеше, балалар, бүгін жаңа тақырып өтеміз, өткенді қайталап, есептейміз, санаймыз, жазамыз, ойланамыз, яғни еңбектенеміз.
Бүгін біз саяхатқа қайда баратынымызды анықтау үшін мына жұмбақты шешуіміз керек.
Жұмбақ:
Мен бәрінен маңыздымын
Шатастырамын сіздерді.
Егер мен бір айналсам,
Басқа сан болып шығамын. 9
-Бүгінгі тақырыбымыз қалай аталады?
-Жарайсыңдар! Біз бүгін « Математика патшалығына» қонаққа барамыз. Математика елінде жалқауларға орын жоқ.
3. Ауызша есептеу. –Саяхатқа поезбен шығамыз. Поезға отыру үшін тізбектеп 1. 0-ден 10 дейін және кері санайық. 2. Ойлан, тап. Түсі бірдей дөңгелектердің орнына сан қойып теңдіктер құрастыру. Карточкамен көрсету.
+ = - =
ЖАҢАЛЫҚ: Алғашқы паравоз Англияда пайда болды оны жасаған Ричард Трейтвик деген инженер. Ол мынадай болды. Суретін көрсету.
4. Жаңа сабақ.
-Балалар , поезд жүру үшін оның вагондарын санап алайық. Неше вагон тиеліп тұр? 8. Вагондар толмай тұр. Бүгінгі тақырыбыз қанадай еді? 9. 9 вагон болу үшін 8 вагонға неше вагон қосамыз? 1
-Қандай теңдік шықты? 8+1= 9
*Кестемен жұмыс 9 болу үшін 8 неше бірлікке артты. 1 бірлікке.
**Поездың дыбысы шығады.Барлғымыз көзді жұмып елестетейік. (ұялы телефоннан шығару)
-Далада аяз, суық. Поезд жылы. Жолда көңілді отыру үшін «Көршісін тап» ойынын ойнайық. (вагондарда көршісін табуға арналған тапсырмалары бар карточкалар тұрады)
...9... ... 7... ...1... ...8... ...5... ...2...
Математика патшалығына келіп жеттік. (жабық тұрған патшайымды, елді ашу, көпірді ,цифрларды ашу.) Бізді 9 цифры қарсы алып тұр.
9 цифрын әдемілеп жазып үйренейік.
-Мұғалім жазылу үлгісін көрсетеді. Электронды түрде және тақтада.
Жарайсыңдар! 9 цифрымен ойнап алайық.
Сергіту сәті: суретпен сүйемелденеді.
Көріп тұрмыз қаншама жидек?
Секірейік бәріміз сонша рет .(9)
Ал шеңберде неше нүкте, сонша рет.
Қолымызды көтереміз, түсіреміз. (5).
-Балалар, математика патшайымы жылап отыр, оның басына сабақ оқымаған балалардың кесірінен қара бұлт түнеріп тұр. Патшайымға көмектесу үшін теңдіктер құрастырайық.
5.-Дәптермен жұмыс: -Теңдіктер құрастыр. Полотномен жұмыс тақтада орындалады мұғалімнің түсіндіруімен. Балалар теңдіктерді дәптерге жазады.
8 сары дөңгелекке 1 қызыл дөңгелек, 7 сарыға-2 қызыл, 6 сарыға-3 қызыл, 5 сарыға-4 қызыл дөңгелекті қосу. Қосу, азайту жұмысын жүргізу.
8+ =9 7+ =9 6+ = 9 5+ = 9
+8= 9 + 7= 9 +6 = 9 +5 = 9
9- = 9- = 9- = 9- =
9- = 9- = 9- = 9- =
Сергіту сәті:
Екі бақа бақылдап, Отырмайды томпаңдап. Екеуі де секірсе, Су қоймайды шашырап.
-Жарайсыңдар, бұлттар кетті ме? Жоқ. Енше тағы бір тапсырма орындайық. 6.Өткен тақырыпты қайталау. Өзіндік жұмыс. Оқулықтың 77 бетіндегі № 3 сары түсті карточканы орындау.
3+4= 7см-2см= 5+0 = 3см+6см= 4+4 = 7см-5см= Тексеру. Жауаптарын оқыту.
(Тапсырманы орындап жатқанда бұлттарды алып тастау)
-Жарайсыңдар балалар, Патшайым жылауын қойды. (Көз жастарын алып тастау)
7. Жаңа тақырыпты бекіту. ------Балалар, біз біраз жер жүріп қалыптық. Қайтайық. Мына көпірден өту үшін оның ұзындығын өлшейік. Көпірдегі жазылған өрнектің мәнін табайық. 5+4 =9 –Көпірдің ұзындығы неше см?
-Сызғыштан 9 см кесіндіні көрсетіңдерші.
-Жарайсыңдар! 9 саны бізге сырын ашпақшы. Санамақты жаттау .
Тоғыз дегенім- тоқтау, Елдің жоғын жоқтау.
-Кез –келген жағдайда артық кетпей тоқтай білу керек. Еліңе, Отаныңа көмек беру керек.
-Поезға отырайық. Сиқырлы поезды жүргізу үшін «Кім тез» ойынының ойнайық. Тапсырма: Өрнек пен өрнекті салыстыру. –Өрнектерді салыстыру үшін алдымен не істейміз? Өрнектің мәнін табамыз. (плакатқа жазып алу)

Жарайсыңдар! Жолда санамақты түгел айтып барайық. *Хормен барлық санамақты айтып шығу
-Ал балалар, көзді жұмып сыныпқа оралайық.
-Мінекей, саяхатымыз аяқталды.
Сабағымыз ұнады ма? Сабақта біз не істедік? Не үйрендік? Тағы не білгіміз келеді?
Рефлексия. Балалар, қазір қандай күйдесіңдер? Көңілді ме, көңілсіз бе, ренжулі ме? (Көңіл-күйді білдіретін смайликті көрсету.)

Маған да сендердің жұмыс істегендерің ұнады.Сендер «білгіш» болдыңдар. Білгіш қалпағын қигізу.
Осымен сабақ аяқталды. Белсенді қатысқандарыңа рахмет.
Категория: Начальная школа | Добавил: Акма7916
Просмотров: 822 | Загрузок: 243 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 3:05 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru