Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Бастауыш сынып мұғалімі
[ Скачать с сервера (19.7 Kb) ] 2014-12-15, 4:26 PM
Бастауыш сынып мұғалімі.
Бастауыш сыныптардағы осы заманғы оку-тәрбие процесінің принциптерін, оған қойылатын талаптарды айкындамастан бұрын осы жас тобына жататын балалардың мұғалімі кандай болуы керек екенін анықтап алу қажет. Менін, ойымша, мұғалім қызметінде жандана түсетін оқушылармен жұмыс тәсілдері, принциптері, формалары егер ол солар арқылы өзінін. оқушыларға деген ізгі, мүдделі қарым-қатынасын жүргізбейтін болса, балалар ұжымында оптимизм, ынтымактастық пен жолдастық рухын орнатпайтын болса, әр оқушының өз күшіне деген сенімін ұштай алмайтын болса өздігінен жақсы да, тиімді де бола алмайды.
Мүғалім мамандығы жасандылыққа, уақыт талабынан қалыс қалуға төзбейді. Өмірін осыған арнаған адамда өз шәкірттеріне дарытқысы келетін барлық қасиеттер болуы керек. Жаңа адамды тек жаңа адам ғана тәрбиелеуі тиіс. БІздін қоғамдағы мұғалім балаларды болашақ туралы арманмен жігерлендіру үшін, оларды алдағы мұраттарға қазірден үйрететін болашақтың адамы. Егер былай десем кателеспес едім деп ойлаймын: мүғалімнің өзі тұлға болуы тиіс немесе өнегелі адамды тек өнегелі адам ғана тәрбиелейді; оның өзі биік парасатты тек ізгі жан дүниесімен ғана балаға дарытуға болады; ол міндетті түрде жан-жакты сауатты және шығармашылықтың адамы болуы тиіс немесе танымға деген кұштарлык отымен өзі өртенген адам ғана құштарлык, отын тұтандыра алады; мұғалім патриот және ұлтжанды болуы керек немесе Отанға деген сүйіспеншілікті өз Отанын сүйетін адам ғана оята алады. Мұғалім балалармен сөйлескен кезінде жалған, арнайы лебіздерге, дөрекілікке, төзімсіздікке, ашу-ызаға жол бермеуі тиіс. Балаларға жиі-жиі дауыс көтеріп, өзін-өзі үстай білмейтін ұстаз оқушыларды; кішіпейілділікке, ізеттілікке үйрете алмайды.
Бастауыш сынып балалары үшін ең биік бедел — ол мұғалім. Бастауыш сынып окушылары өздерінің ұстазына, олардың біліміне, талас тудыратын сүрақтарды шешу, әркімнің тәртібі мен табыстарын бағалау кезіндегі әділ-дігіне сенеді. Мұғалімнің біріншіден, балалар арасында өз беделін сактап, нығайтып, екіншіден, оны әр окушыны адам етіп калыптастыруға игі ықпал етуге пайдалану үшін оның маңызы өте зор. Балалардың өз мұғалімін жақсы көруі қажет пе? Әрине, кажет. Тәрбие ықпалы игі еркен жаюы үшін қажетті шарт. Сондықтан балалар мұғалімді өзінің жан дүниесін жаркырататын досы, тәлімгері, жетекшісі ретінде көруі үшін өзінің қалай ұстануы қақында ұстаздың ойланғаны жөн. Бастауыш сынып оқушысы кез келген білімді мұғалім арқылы кабылдайды. Ол оку мен ұстазды ажыратпайды. Егер бала мұғалімді жақсы көрсе, демек ол окуды да жақсы көреді, мектепті де, сабактарды да, кітаптарды да жаксы кереді, мұғалімді жақсы көрмей, одан қаймыкса, демек ол окуды азап көреді, киналады, мектепке кұлқы соқпайды. Жаксы көрген мұғалімінің пікірі, бағасы окушы үшін адамдарға, олардын кимыл — ісіне карым-қатынас жасаудың нұскасы болып табылады. Сүйікті ұстаз — оқушының өмірге карайтын мөлдір де таза әйнегі. Ол «әйнектің» өзін аңғармайды, бірақ таным терезесінен көрінетін заттар мен кұбылыстарға зор мей-лінше құштарлана таңырқай, мақтана қуана шұкшия қарайды, «неліктен?» «ал егер басқаша болса ше?» деген сиякты сансыз сұрактар кояды, күдігін, тұжырымын, ой корытындысын, көзкарасын, адамгершілік түсінігі мен позициясын айтады. Жақсы көретін мұғалімнің сабағы — мұның өзі таным кұштарлығына көкірек толтыра тыныс алу; ұстаздык тәлімгерлігін, адамгершілік — этикалық тәлімгерлігін, пікірлерін бала өзі орнықтыратын бірден-бір дұрыс позиция деп қабылдайды. Бірак, егер бала мұғалімді жек көрсе, одан қаймықса, онда ақикат терезесі баланың бір нәрсені соншалық қинала көретін және жалпы оған кинала карайтын кисық айнаға.айналады.
Өз үстазын ұнатып, оған сеніп, соңынан еруі үшін балалар одан не көруі керек?
Біріншіден, олардың бәрін және әрқайсысын түсіне білуі керек. Оқушылар өздеріне әрдайым көмекке келіп, табыстарына қуанатын, сәтсіздікке үшыраған сәтте көңілдерін көтеретін мұғаліммен карым-қатынас жасау соншалық кызықты екенін сезінуі тиіс.
Балаларды түсіну — мұның өзі «олардың кейпін кию», олармен бірге қуанып, бірге күйіну, олардың өмірін кешу деген болатын Н. К- Крупская.
Екіншіден, асқан кеңпейілділік, мейірімділік, қайырымдылық, сезімталдық. Мұнын өзі «Не істегің және қалай істегін, келсе де істе, саған бәрі кешірімді» дегенді әсте білдірмейді. Жок, қайта керісінше, мұғалім өзінін алдында бала албырттығын, теріс кылығын, өзімшілдігін тежеуге тырысуы үшін мұғалім талапты болуы тиіс. Әйтсе де сонымен бірге мұғалімнің бірге күйіне, көндіге, кешіре, көмектесе білетіндігін баланың өз тәжірибесінде сезінуі қажет, Ізетшілік пен қайырымдылық білім алудың күрделі енбегіндегі табиғи құбылыс ретінде оқушылардың сәтсіздіктеріне төзімділікті, ұстамдылықты, қатынасты тудырады. Бастауыш сынып окушыларының, әсіресе алты жастағылардың жиі кателесуі, есепті түсіне алмай қиналуы, елеңдеу және тағы басқалар болуы мүмкін. Қадам баскан сайын мүғалімнін. ескерту жасауына, реніш білдіруіне, сабырсыздануына, ата-аналарынан көмек сүрауына сылтау табылады. Алайда, үстаз төзімділігінің мәні оқушының киындықты жеңуге тілектестікпен, ибалылықпен көмектесе, келіспеушілік ситуациясын байсалды шеше, өзіндік адамгершілік сезімін колдай білуде. Педагогикалық төзімділік —мұның өзі тәртіп бұзумен, сылбырлыкпен, білімсіздікпен ымыраласу емес, керісінше оқушының күш-жігеріне, мүмкіндіктерін оптимистік түрғыдан білуге оның өзіндік психологиялық ерекшеліктеріне арқа сүйеу.
Үшіншіден, әр баланың өскеніне, ержеткеніне, жетілгеніне қуана білуін көруі керек. Тек осындай жағдайда ғана бала өзінін, ілгерілеуін байкап, өзі мен өзінің күшіне сене алады. Оны сыйлайды, оған сенеді, оны тывдайды, ол ұжымға да керек, ол мүғалімге де қызғылықты, олар бір-біріне сенеді, ізгі көніл күйініші бір әсерлерінін бәрі де болған оқушыдан ажырамауы тиіс Балалар ұжымында өзара түсінісу, жолдастық, өзара көмек, кайырымдылық және кішіпейілдік рухынын, орнатылуы тұтасымен мұғалімге, оның өз оқушыларымен карым-катынасынын. парасаттылығына байланысты. Тек осы жағдайда ғана балалар меңгерген білім бағдарламалар мен окулыктарда карастырылған тәрбиелік және дамытқыш әрекет ете алады.
Категория: Начальная школа | Добавил: Мухаметовна
Просмотров: 3122 | Загрузок: 42 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 3:31 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru