Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Оқушылардың сабақ үстіндегі тәртібі
[ Скачать с сервера (33.8 Kb) ] 2014-12-19, 1:34 PM
Оқушылардың сабақ үстіндегі тәртібі.
Жалпы тәрбие мәселесіндегі сияқты, тәртіпке тәрбиелеуде де бір ғана нәтижелермен канағат етуге әсте болмайды. Біздерде әлі күнге дейін былай ойлайды: оқушы жақсы оқып, өзіңді тындап жүрсе—одан артықтың қажеті де жоқ. Егер мұндай тәртіп жоғарыда айтқанымыздай педагогикаға жат жолмен жүзеге асатын болса, онда оның құны қандай болғаны? Мен бұл әдістерді қойылатын талаптар дер едім де олардың ішінен мыналарды атап көрсетер едім:
1.Сабақты оқушылардың белгілі бір тобының қабілетіне лайықтап, олардың бос отыруға уақыты болмайтындай қарқында жүргізу. Ырғалып-жырғалады екенсің тәртіпті бұзуға жол бердім дей бер. Қарқынды жүргізу бүкіл сабақ бойында оқушылардың мүмкіндіктерін мейлінше толық пайдалануға (әрине, тіпті артық кетуге болмайды) мүмкіңдік береді.
2. Тәртіп бұзушыларға үсті-үстіне тапсырма беріп қою керек. Тәжірибе көрсеткеніндей, көп мұғалім тәртіп бұзушыларды («сөйлеме», «тыныш отыр», т. б.) деп кана тыныштандырмақ болады, ал, оларға ең алдымен тапсырма беріп, жұмыс істету кажет. Мысалы, жақсы оқитын оқушыға косымша тапсырма немесе қиындау жаттығу берген дұрыс, ал, нашарына жеңілдеуін тапсыру керек.
3.Әдетте, тәртіп бұзушылар қабілетті, белсенді оқушылар, сондықтан да олар бостан босқа қарап отыра алмайды. Балаларға орынсыз тіл тигізуге, қорқытуға болмайды. Көбінесе мұғалімдер осы бір әдепке айналуы тиіс талаптың өзін орындамайды. Бұзақы оқушының бұған әбден көзі жеткен соң қалай қорқытсаң да бүлк етпей отыра береді. Тіпті ондай оқушыны мектептен шығарып жібергеннің өзінде де ештеме болмағандай жүре береді. Оқушыға қатал немесе жеңіл жаза қолданатын болсаңыз, алдын ала ескертпеңіз, өйткені оған іштей дайындалады да әсері шамалы болады.
4.Оқушылардың болымсыз қылығына ескерту жасамаңыз. Әсіресе,ондай қылык, сабақгы бір калыпты жүргізуге әсер етпейтіндей немесе әдейі жасалмаса, онда көңіл аудармай-ақ қойыңыз. Үсақ-түйек қыбыр-жыбыр үнемі дау-дамайға ұласа бермейді, сайып келгенде, сабақта тәртіп сақтау—ескерту жасау санына қатысты емес. Әр минут сайын окушының қас-қабағын бағып, ескерту жасап отыратын мұғалім сыныпта ешкашанда айтарлықтай тәртіп орната алмайды. Ұстаз ұстамды, байсалды болып, оқушылармен
сөйлескенде әр сөзіне мән беріп отыруы тиіс.Сыныпта тәртіп орнатуға басқа адамдардан көмек сұраудың кажеті жоқ.
О баста бүл талап оғаштау естілуі ықтимал, бірақ, педагогикалык тәжірибе дәлелдегеніндей, басқа біреудің көмектесуі пайда келтірмейді, қайта істі одан бетер шиеленістіреді. Сыныпта тәртіп орнатуға әкімшілікті немесе тәжірибелі әріптестерді шақырмай тұрып, олардың кемегінсіз-ақ бір амалын табуды ойластырған абзал. Көмекгі әуелі окушылардың өздерінен сұраған жөн. Бұзақыны сынып қолдамаса, оны жөнге салу оңай.Бүкіл сыныппен немесе олардың басым көпшілігімен айтыс-тартысқа түспеңіз, егер ондай жағдай бола калса, оны үзаққа созбай келісімге келу керек.Мына бір кағиданы есте сақтаңыз: кіналағаннан гөрі мақтауға бейім
түрған жақсы. Осындай талаптарды одан әрі тізе беруге де болады. Бұл жерде әр окушыға сергек қарауды, олардың көңіл-күйін дөп басып отыруды, не деп жауап кайтаратынын жете білуді, тағы да баскаларды еске салар едім. Реті келгенде айта кетейін, А.С.Макаренко зор маңыз берген педагогикалық техника деп аталатын мәселеге жеткілікті мән берген дұрыс. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс-тұрысы, қозғалысы, отырып-тұруы басқаларға үлгі. Ал, егер ол сыныпқа күлімдеп кірмей, қабағын түйіп келсе немесе қалай отырып, калай түруды білмесе, кол сілтеп, бей-берекетсейлеп, өз-өзінен абыржулық білдірсе, жоқтан өзгеге ашуланьш калса, онда ол ұстаз оқушылардың сеніміне еніп, абыройға ие бола алмайды.
Әсіресе, мұғалімдер окушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне және белсенділіктерін арттыруға баса көңіл бөліп отырған, сондай-ақ оқу процестерін кеңінен жетілдіріп жатқан қазіргі жағдайда сыныпта үнемі үлгілі тәртіп сақтау — өте киын жұмыс. Сыныпта тәртіп шебер педагогтардың өздерінің де көп күш-жігерін сарп етеді. Олардың сыныпта өзін-езі еркін ұстауы — талантты актердің ойнағанда еркін жүргеніндей көп күш-жігер жұмсаудың нәтижесі.
Сабақ кезінде сыныпта тәртіп орнатуға тырыспайтын, тіпті оған кұлқы да жок, «жүйке тамырымды жұқартып» нем бар деп есептейтін мүғалімдерді де кездестіріп жүрміз. Мектептегі жалпы тәртіп деңгейі күннен күнге темендеп бара жатса да әлгіндей селқос мүғалімдердің осындай жат қылықтарын орынсыз кешіріп келеміз.
Сіздердің қалай ойлайтындарыңызды білмеймін, өз басым сыныпта шыбынның ызыңы білінетіндей тьшыштық болсын дегенге мүлдем қарсымын. Сыныптағы тәртіп, менің ойымша, ең алдымен окушылардың жаңа тақырыпты толық түсінулері үшін кажет. Жоқтан өзге қозғалысқа мән беріп ашу шакыратын, сыныпта тыныштық орнағанша сабақ бастамайтын мұғалімдер де бар. Мұндай мұғалімдер біреу бірдеме деп калар ма екен, жан-жағына карап қояр ма екен деп әдейі бакылап какшиып отырып алады. Балалар мұндай мұғалімді ұйып тыңдағаны былай тұрсын, әйтеуір езіме ұрыспаса екен деп, бостан бос селқос отыра береді.
Физиологиялык тұрғыдан алып карағанның өзінде ксыныпта мүлдем тып-тыныш отыру сабақ оқыту үшін бірден бір дұрыс жол емес. Тіпті мұндай тыныштык білім алу процесін тежейді. Үнемі «тып-тыныш» жағдайда болу балаларға тән нәрсе емес. Үлкендердің бойынан кездестіретін сергектік пен ұқыптылыкты баладан талап ету көңілге қоныңкырамайды. Окушылар әдде-неге аландап отырғанның езінде айтқан сөздің бәрін ілезде ұғып алатынын ешкашанда естен шығармаған жөн. Олар қажет болған сәтте кеңіл бөліп, ерік-жігерін бағындыра алады. Оқушы мұғалімнін түсіндірген теоремасын зейін койып тындап отырып-ак, жанындағы жолдасының сыбырлап айтканын да қағып алады, біреудің көрші балаға жазып берген хатын да көзі шалып калады, жүріп жатқан жаңа фильмді қалайда көрудің жолдарын іздестіріп, ата-анасына айтар сылтауын алдын ала дайындап та қояды т. т. Әрине, мүғалім барлық окушының сабақты үйып тындағанын калайды, бірақ, өзі де жаңа тақырыпты жақсы түсіндіру, балаларды қызықтырып, олардың санасына сіңіре білумен үйіріп алуы тиіс.
Көпшілік мұғалімдер жиі қолданатын сабақ кезінде тәртіпті үлгілі ұстау әдістерінің бірі ретінде, неге екені белгісіз, әзіл-күлкі, үшқыр сөз, орынды ишарат, макал-мәтел, наз, қалжың, жеңіл әзіл, т. б. өте сирек қолданылады. Балалар жаратылысынан — өмірге құштар жандар, олар әзіл, қалжыңды өте жақсы түсініп, оның табиғатын бағалай да біледі. Әдетге, әзіл-қалжынды аралас, ұтқыр сөйлейтін мұғалімнің сабағында тәртіп онша бұзыл-майды. Бұрыннан естіп, біліп жүрген жайдың өзін басқа қьфынан қызықгы етіп айтсаңыз оны оқушылар бар ынта-ықыласымен тыңдап, ауыздарын ашып қалады. Сіз мазасыз отырған оқушыға әдде неше рет ескерту жасап, тыныш отыруын сұрасаңыз да түк нәтиже шығара алмауыңыз ықтимал, ал егер сол балаға сіз: осы мен саған бөгет болып тұрған жокпын ба,—десеңіз болды, ол сол жерде койдан жуас бола калады. Егер бір оқушы жолдасына сыбырлап, білмеген жерін айтып отыратын болса, оған ақыл айтып, бөгет жасаудың зиян екенін түсіндіріп жатудың ешбір қажеті жоқ. Дәл осы жерде ол бала ештемені түсіне де қоймайды (бізге қарағанда балалардың сыбырлап көмек беруге көзқарастары мүлдем басқа). Тәжірибелі мұғалім кез келген жағдайда міндетгі түрде: «Көрдіңдер ме, маған бұл жерде істейтін шаруа қалмады білем. Кел, менің орныма отыршы, мен сенің партаңа барып отырайын»—дейді. Мұның өзі кейде қатал ескертуіңізден әлде қайда жанды әсер етері анық.
Кей жағдайда тәжірибесі бай мұғалімдердің өздері де «Жап аузынды, сыбырламай отыр», т. б. деп кесіп айтып, бірден тыйым салмақшы болады. Әдетге, мұндай тыйым салуға оқушылар қарсылық білдіреді—өйткені, кейде жолдастары алдында өздерінің батыл екенін керсеткісі келсе, енді бірде балалық мінез танытып қалады. Тапқыр ұстаздың жөн-жосықсыз ескерту жасаудың орнына «Қаттырақ айтуға болмай ма, естімей тұрмын» — деп (соңғы қатардағы партада сөйлесіп отырғандарға) айтқаны қандай дұрыс. Немесе (партада қалғьп-шұлғьп отырған оқушыға) «Кешір, саған ұйқы бер-мей мазаладық па» деп те қоюға болмай ма, т. с. с.
Бұл тұста да айтқан сөзіңізде, дауысыңызда өткір ажуа, кекесін болмау үшін әдеп, шек, сактық қажет. Бұл оқушылардың ар-намысына тиеді. Олар сізді жек кере бастайды, сөйтіп қасақана тәртіп бұзып, мазаңызды алып (біреуі партасын тарсылдата бастаса, келесі бір оқушы өтірік жөтелген болады, үшіншісінің қарындашы жерге түсіп кетіп, оны іздеп парта астында еңбектеп жүреді, төртіншісі партада қатар отырған жолдасымен жоқтан өзгеге ұрсысып, бір бірінің үстінен шағым айта бастауы, т. с. с.), әйтеуір әр түрлі айла-шарғыға салады. Оқушылар әдейілеп тәртіп бұзудың неше түрлі әдістерін біледі. Дәл осындай жағдайда өзін-өзі байсалды ұстай алмайтын мұғалім сұстанып, жосықсыз қоркытып, оқушылармен арадағы карым-катынасын одан бетер үшықтырып алады. Сөйтіп, ұстаз бен шәкірт арасында бітіспес арпалыс басталып кетеді. Мұндай тартыс жаксылыкка әкеп соқпайды. Кейде окушылар өздерінің, шектен әбден шығып, мұгалімге ашу-ыза тудыратын теріс қылықтар жасайды. Бұған қоса, бұл теріс қылық тез тарап, сынып окушылары бірін-бірі қорғап қалуға тырысады, оқушыларда парыз, үлкенді сыйлау сезімі жоғала бастайды. Дәл осындай кырғи-кабак, дүрді араз больш жүргенде сыныпта тәртіп орнату барған сайын қиынға түседі. Жағдай тіпті асқынып бара жатқанда іске мектеп өкімшілігі араласа бастайды. Бір оқушыға сөгіс жариялап, енді біреуін басқа қатарлас сыныпқа ауыстырады. Әрине, кейде мұндай шаралар керек те шығар, дегенмен, осындайға жол берген ұстаз енді алдағы уақытга өзін калай сезінер екен. Сөз жоқ, бүл жерде мүғалім өрескел қате жіберіп, ағаттық жасап алды, оны мойындауы керек—өйткені, ол тартысты дер кезінде тоқтатуға әрекеттенбеді немесе қолынан келмеді (егер мүғалім дәрменсіздік корсетсе, онда кешіріммен қарау қажет). Істі оңдауға кім бөгет жасады екен? Біздің ойымызша, ең алдымен ұстаздың оқушылармен ортақ тіл табыса алмауы, балалармен жүмыс істегенде бүл мамандыққа мүлдем жат педагогикалық бейқамдық, орынсыз қасарысу немесе «өзімнін, айтқаным ғана болсын» деген біржакты ниет. Педагог өзінің мінез-құлқьн окушылардын, мүддесіне бағындыра білуі тиіс. Әрбір қақтығысты жағдай ол тәрбие ісіне қызмет ететіндей және мүғалімді оқушылар ұжымынан ажыратпай (көбіне осылай болады) қайта онымен жақындастыра түсетіндей болып, шешілуге тиіс.
Егер сыныпта ұрыс-керіс шыға калған күнде ортақ тіл табысуға ең алдымен жол іздейтін кім? Әрине, мүғалім. Оның жасы да үлкен, тәжірибесі де мол, сайып келгенде—педагог емес пе. Окушылармен даулы мәселе педагогикалық тұрғыдан дұрыс шешімін тауып жатса, онда мұғалімнің әділ болуына ешбір кедергі болмайды, оның беделіне де дақ түспейді. Дер кезінде кешірімді болған қандай ғанибет. Егер мұғалімнің окушылардын, алдында ашық түрде кешірім сұрауына тура келсе, онда мүндай «жеңілдім» деп мойындау «жеңдім» деп көкірек қағуға қарағанда едәуір пайдасын тигізері даусыз.
Мұғалімдердің кейбіреулерінің тіпті окушылардын, «бетін қайтара аламын» деп өзінің әдісін дәріптеп мақтана сөйлейтініне таңымыз бар. Жалпы, мүндай жағдайға жол беруге бола ма? Ақылмен иландырмаған оқушыны «күшпен» қалай бағындыруға болады, ондайда балада өтірік айту, өкпелеу, ашулану, өзін-өзі сыйламау,
Адамдарды жақтыртпау сияқты теріс мінез қалыптаса бастайды. Педагогты бағбанмен салыстырады. Өте дұрыс теңеу, бәйтеректің бір бұтағы жан-жағына жайылып жатса оны бағбан тура өсіру үшін не істейтінін байқаған боларсыздар. Ол әлгі бұтақты ақырын ғана, сындырып алмай, еппен иіп, тура өсетіндей етіп байлап қояды. Тәжірибелі бағбан қай жерін иіп, қай жерінен байлап қоюды жақсы біледі. Егер бағбан бұтактың қарсылық күшін есептемесе, ағашты өсірудің орнына сындырып құртып отырар еді. Мұғалім де әлгі бағбан секілді өз «материалының» қарсылығьн біліп, ескеруі, бұл қарсылықтын себептері мен салдарын білуі, балаға ықпал жасаудың әрбір әдісін толық пайдалана білуі, бірақ ешқашан белгілі шектен асып кетпеуі тиіс.
Әрине, жоғарыда айтылғандар тәртіп сақтаудың мәжбүрлеу сиякгы әдісін де жоққа шығармайды. Бірақ, дәл осы әдіспен ғана шектелуге болмайды, өйткені, тәрбие құралдарының басқа да түрлері көп. Үнемі осы әдіске жүгіне берудің қажеті жоқ. Оқушылар өктемдік жүргізгісі келетін әкім-мұғалімдерге барған сайын күшгі қарсылық көрсете беретінін айта кету керек. Бұл жағынан алып қарағанда, қазіргі оқушылар бұрынғы балалардай момын емес. Иә, енді олар тіпті, де басқа ортада өмір сүріп отыр. Қоғамның даму зандылықгары бізден осыны талап етеді. Егер балалар сөзімізді тыңдайтын болсын десек, онда біз оларға мүлдем басқадай қатынас жасауымыз керек. Оларға көбірек сенім арту, жеке бастарын сыйлау, олардың бойында өз кадыр-қасиетін сезіне білуді сақтап, одан әрі дамытып отыру керек.
Категория: Начальная школа | Добавил: Мухаметовна
Просмотров: 3225 | Загрузок: 49 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 1:08 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru