Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

дүниетану 1-сынып
[ Скачать с сервера (52.7 Kb) ] 2015-01-06, 6:59 PM
Мұғалімнің аты – жөні Усенова Дидар Эрнстовна Озерки жалпы орта білім беретін мектебі
Пәні: дүниетану Сыныбы: 1 «А» сынып
Сабақтың тақырыбы: Адамның сезім мүшелері. Көз. Тері
Жалпы мақсат: Адамның сезім мүшелері: көз, тері күтімін мән бере отырып, оны күтуге үйрету. Жеке бас гигиенасын білу.
Сілтеме: Дүниетану оқулығы. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 41, 78, 104 беттер.
«Дене мүшелері » видео.
Оқу нәтижелері: Оқушылар мәтінді талдауды, тапсырмалар арқылы өздігінен ой қосуды үйренді. Адамның сезім мүшелерін күту жолдарын айта отырып, оқушылар жеке бас гигиенасын сақтауға үйренеді.
Ақпарат көздері, қолданатын материалдар: Оқулық, интер белсенді тақта, флипчарт, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер,стикер, күлегештер.
Негізгі идеясы: Көз- көру мүшесі, тері – сиапап сезу мүшесі.
Әдіс тәсілдер: Топпен жұмыс: жұппен жұмыс топта талқылау. АКТ қолдану СТО: «Блум таксономиясы»

Дереккөздері: Оқулықтан алынған тапсырмалар, материалдар, ғаламтордан алынған видео мәліметтер.
Тапсырмалар
Тапсырма түрлері Мұғалімнің іс әрекеті Оқушының әрекеті Тапсырмалар жүйесі
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. Сыныпты үш топқа бөлу. Сюжетті суреттер арқылы топқа бөлу. Топ басшыны тағайындау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

1)Білу. Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген тапсырманы айтады. Талдайды. Бір біріне сұрақ қояды.

Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру.
Мына фильмде не көрсетілген?
«Дене мүшелері» видеосын көру Оқушылар көрсетілген бейнефильмнен не көргендерін айтады.
Оқушылар топтастыру арқылы суреттеп береді. Өзіндік жұмыс. Тапсырма
мен танысу, ойлану.
2) Түсіну. Бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз: « Сезім мүшелері. Көз –көру мүшесі». Көз-көру мүшесі, адамның негізгі көмекшісі. Ол айналадағы заттың барлығын көруге, түрін, түсін, пішінін ажырата білуге көмектеседі. Егер көзді зерттеп қарайтын болсақ, оның ортасында нұрлы қабықшасы бар екенін көреміз. Нұрлы қабықшаның ортасында қарашық орналасқан. Ол көзге жарық өтетін терезеше тәрізді. Жарық көз бұршағы арқылы өтіп, бейне көздің торлы қабықшасына түседі. Бұдан кейін көру жүйесі оны миға жеткізеді. Содан барып, біз бейнені көреміз. Көзді шаршаудан, зақымданудан сақтау керек.Оқулықта берілген мәтінді түсіндіру.
Көз. Тері туралы толық мәлімет беріп кету.
Оқулықпен жұмыс.

Балалар тізбектей оқиды.

Көз. Тері туралы не білетіндерін айтады. Өзіндік жұмыс. Алған мәліметті жүйелейді.
Толықтыра
ды.
Сергіту жаттығуы.
Дөңгеленіп тұрамыз,
Керегені құрамыз.
Уық болып иіліп,
Шаңырақты құрамыз.
3) Қолдану Мұғалім берген мәтінді оқып, топта талдайды.
Көз, теріні күтудің негізгі ережесін постерге түсіріңдер.
(Кері байланыс орнату.)
Көзді күту
Теріні күту сәйкес суреттерді жапсырады Топта көз бен теріні қалай күту керек? деген сұраққа балалар жауап іздейді.
Постер құрастыру арқылы негізгі ойын түсіреді. Топпен жұмыс. Зерделей отырып өз ойларын постерге түсіреді.
Бірінің білімін бірі толықтырады.
4) Талдау. Суреттердегі жағдайларды талдау.
-1-суреттен қандай жағдайды көріп тұрсыңдар?(аққу –мейрімділік, қуаныш)
-2-суреттен ше? (гүл- Қуанамыз)
-3суретте не бейнеленген?
-Ренжіген бала - реніш
(Кері байланыс орнату.) Оқушылар өз ойларын ой талқыға салады.
кумулятивтік әңгіме жүреді. Суреттерді талдап «Көз қуанышы» дегенді айтады.
Оқушылар бет әлпеті арқылы көрсетіп отырады.
5) Жинақтау. Тері қызметіне байланысты тәжірибе жасау.
Ақ қағаз таратылады, оның беті тегіс сипайды, екінші қағаз таратылады, оның беті тегіс емес (бұдыр – бұдыр) сипайды.
Суық затты қолдарына алады, ұстап көріп заттың температурасын байқайды.
(Әр тәжірибе жасалған сайын қорытындыланып отырады.)
Жылу мен суықты қандай сезім мүшесі арқылы ажыратамыз?
(Кері байланыс орнату.) Жұппен орындайды
Қосымша мәлімет жинақтайды.
Өз бетімен жұмысты орындайды Бұл жұмыстың да қорытындысын талдайды, айтады
. Алған білімдерін толықтырып отырады.
Өзара талдайды.
6) Бағалау. Сендерге сабақ ұнады ма?
Осы алған білімдеріңді достарына, ата аналарыңа айтып бере аласыңдар ма?
(Кері байланыс орнату.) Балалар жауаптарын айтады.

Өзара пікір туады.

Иә немесе жоқ жауаптары айтылады. .
Үй тапсырмасы: 1-топ:Тақырыпқа сәйкес мақал –мәтел жаттап келу
2-топ: жұмбақтар жаттап келу.
3-топ: жаңылтпаш жаттап келу.
Рефлексиялық кезең. Сабақтан алған әсерлеріне сай күлегештерді тақтаға қоңырау кезінде іліп кетеді.
Категория: Начальная школа | Добавил: дидар0498
Просмотров: 1739 | Загрузок: 32 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 2:09 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru