Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Ою - өрнек
2015-01-14, 9:32 AM
Тақырыбы: Ою – өрнек.
Мақсаты: Қағаздан жасалған ою – өрнекті орындаудың техникалық шарттарымен және дағдыларымен таныстыру.
Білімділік: Оқушыларға ою – өрнек, оның түрлері, жасалу жолдары туралы мағлұмат беру. Оюдың мағынасын түсініп, жаңа үлгілерін өз шығармашылығында орындау, оюды оя білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушыларға қағазды қию, бүктеу, жапсыру тәсілдерін меңгерту, шығармашылық ізденісін дамыту, икемділігін, сабаққа қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Ою – өрнек оя отырып, оқушыларды сұлулыққа, әсемдікке тәрбиелеу, эстетикалық талғамын арттыру, қолөнерге, еңбекке баулу.
Сабақтың түрі: ойын сабақ.
Сабақтың типі: дәстүрлі емес.
Әдісі: түсіндіру, көрсету, өзіндік.
Көрнекілігі: слайд, оқулық.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Амансың ба Алтын күн!
Амансың ба Көк аспан"
Амансың ба Достарым!
Сендерді көрсем қуанам!
2. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
3. Жаңа сабақ:
Қазақтың «ою» және «Өрнек» деген сөзі бірге келіп, латынша « орнамент» деген ұғымды білдіреді. Орнаменттің мағынасы – сәндеу, әсемдеу. Ою – өрнек бір затты ою, кесу, тілу, қию тәсілдері арқылы жүзеге асады. Ойылған, кесілген, қиылған оюды екінші бір затқа кіріктіріп, жапсырып, желімдеп әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді. Ою күнделікті тұрмыста үй жиһаздарын – сырмақ, текемет, көрпеше, кілем, санды, кебеже, жүкаяқ беттері, киім – кешектерді, ыдыс- аяқтарды, қару – жарақ, зергерлік бұйымдарды безендіруде қолданылады. Қабырғаға ілінген түс киіз, кілем, сырмақтағы кестелерге, өрнектерге зер салып қарасақ, әрбір ою – өрнектің мағынасы бар екенің байқаймыз. Ою – өрнектің мағынасы жайында мынанадай аңыз-әңгіме бар екен.
Баяғыда алысқа ұзатылған қыз артында қалған ауылына кестелеген кішігірім бет орамалды керуеншілерден сәлемдеме ретінде беріп жібереді. Орамалдың бетінде ұшқан құс пен, жаңа бүршік атып келе жатқан гүл бейнеленіпті. Мұны көрген ата-анасы:
-Е, қызымыз әуедегі құстай емін-еркін, жайрандап өмір сүріп жүр екен,-деп мәз болысады.
Бір-екі жыл өткен соң керуеншілер әлгі қыздан тағыда бір бет орамал әкеледі. Онда орамалдың жиегі бүрмеленіп, ортасына түрегеліп тұрған ер адам мен жүресінен отырған әйелдің бейнесі кестеленіпті. Мұны көрген ата-анасы:
-Қызымыз бұрынғы сауық-сайраннан, бас бостандығынан айырылып,

торға түскен торғайдай болыпты, бейшараның күйеуі қатал адам екен, өзінен төмен ұстайтын көрінеді,- деп қынжылыпты.
Міне, ою-өрнектерді «сөйлетіп», ою арқылы ойымызды білдіруге болады екен.
Ою-өрнек ойып үйренуге түрлі түсті қағаз, қайшы, қарындаш,желім сияқты құралдарымыз д дайындаймыз.
Қағазды бүктеу, оюды дұрыс сызу, сызылған оюды дұрыс қию тәсілдерін көрсету.
Қағазды бір бүктеу тәсілін көрсету. Жұмыс барысында қағазды үнемдеп пайдалануды ескеру.

Бүгінгі сабақтың кезеңдері:
I кезең. Тас қақпа
II кезең. Күміс қақпа
III кезең. Алтын қақпа
IV кезең. Алтын сандық
- Балалар, сабақты бастауға дайынбыз ба?! Ендеше бүгінгі сабағымызда топқа бөлініп жұмыс жасаймыз.
- I кезең.
Тас қақпа!!!Әр топ өз тапсырмасын орындайды. (Топпен жұмыс).
Карточкаға әр топ 3 ережеден жазып шығады.
- Тамаша, балалар, тас қақпаны аштыңдар!!!
Енді келесі күміс қақпаны ашуға арналған тапсырмаларды орындауға дайынбыз ба?

- II кезең
Күміс қақпа!!!
Түрлі-түсті қағаздан өз киялдары бойынша ою-өрнек құрастыру, қиып, жапсыру. Тақтаға бірнеше үлгілерін көрсету,іліп қою.

- Күміс қақпаны ашу оңай емес, әлі алда түрлі тапсырмалар күтіп тұр!!! Әрбір топқа тест сұрақтары беріледі. Тест сұрақтарына оқушылар бірлесіп жауап береді.
1 - топ
1. Ою-өрнектер неше топқа бөлінеді?
а. 5
ә. 3
б. 4
2. Геометриялық ою-өрнектерге қай ою жатады?
а. Қошқармүйіз
ә. Тұмарша
б. Бүршік
3. Ағаштан жасалған ұлттық ыдыс?
а. Торсық
ә. Ожау
б. Саба
2 – топ
1. Жануар тектес ою-өрнек?
а. Ирек
ә. Айшабибі
б. Сынық мүйіз
2. Ыдыс-аяқ салатын тұрмыстық бұйым?
а. Аяққап
ә. Абдыра
б. Адалбақан
3. Аспан әлеміне байланысты ою-өрнек?
а. Шұғыла
ә. Жіліншік
б. Өркеш
3 – топ
1. Өсімдіктік ою-өрнекке қай өрнек жатады?
а. Айшық
ә. Балдақ
б. Бүршік
2. Қыздарға арналған ұлттық бас киім?
а. Сәукеле
ә. Кимешек
б. Тақия
3. «Ою-өрнек» атауы қай сөзден шыққан?
а. Живопись
ә. Орнамент
б. Натюрморт

- Алақай, сендер күміс қақпаны аштыңдар, енді алтын қақпаны ашайық!

-III кезең.
Алтын қақпа!!!
-
- Қай топ шапшаң!!!
Қай топ дайын оюдың сызбасын бірінші қияды?

- Жарайсыңдар, алтын қақпаны аштыңдар!
Ал, бұнда не бар екен, алтын сандық, ішін ашып көрмейміз бе?!
- Өз – өздерін бағалау (смайликтер).

- Құрметті оқушылар! Бүгінгі сабаққа белсенділікпен қатысқандарыңа көп рахмет, ал қазір алдарыңда жатқан смайликтерді санап, өз – өздеріңді бағалайсыңдар!



-Бүгінгі сабақ аяқталды, назарларыңызға рахмет!!!

4. Үйге тапсырма: Түйме, жіп, қайшы әкелу.
5. Бағалау. ( Оқушылар өз – өздерін смайликтер арқылы бағалайды).
Категория: Начальная школа | Добавил: Айко2563
Просмотров: 1031 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 3:06 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru