Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Әліппемен қоштасу
2015-02-04, 6:17 PM
Әліппе білім бастауы !
Сабақтың мақсаты: оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата-аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, оқушылардың өзін-өзі басқаруы.
Сілтемелер : плакаттар, нақыл сөздер, шарлар суреттер,
1. Гимн айтылады.
Сабақтың барысы: Сахнаның бір бұрышын орман бейнесінде безендіру. Сахна бұрышында сиқыршы қыз ертегі кейіпкерлерімен билеп жүреді.
Сиқыршы қыз: Ой,бүгін күн қандай тамаша!Табиғат-ана өз жылуын жердегі адамзатқа төгіп тұрғандай! Қараңдаршы қандай әдемі,қандай көрікті. Бүгін менің сиқырлы таяғым бір ғажайып көрсетер ме екен?Қане сиқырлы таяғым маған не көрсетесің?(Сол кезде шар жарылып,сиқыршы оқушылардың ортасына келеді)
Сиқыршы: Ой, мен қайда келіп қалдым? (Мұғалімге кездеседі)
Мұғалім:Армысыз, кішкентай сиқыршы!
Сиқыршы: Сәлеметсіз бе?! Мен сізді танымадым. Мен өзі қайда келіп тұрмын? Бұл жерде не болып жатыр?
Мұғалім: Кішкентай сиқыршы,сіз біздің мектебімізде тұрсыз. Бүгін біздің мектепте ерекше той өткелі тұр. Мектебіміздің 1 «Д» сынып оқушылары Әліппемен қоштасқалы отыр. Бұл тойдың қадірлі қонағы бол! Оқушыларымның білімдерін, өнерлерін тамашалаңыз.
Сиқыршы: Рахмет, мен өте қуаныштымын.
Мұғалімнің құттықтау сөзі:
Музыка қосылып тұрады. (Асылбек Енсепов.)
-Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, ұстаздар! Балаларыңыздың білім шыңына басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! Оқушылардың қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Өсті міне бойларың
Өсті,міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың!
Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған әліппемен қоштасқалы отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстазына , ата- аналарына өз білімдерін, өнерлерін көрсетуге дайын.

І Шаттық шеңбері.
- Балалар ең бірінші ертеңгілігімізді шаттық шеңбер құрудан бастайық.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
ІІ 4 топқа бөлу.
-Жарайсыңдар балалар, енді әркім өз тобымызға отырайық. Топ ережесін есімізге түсірейікші.
1- топ: әліппе пәні
2- топ: математика
3- топ: әліппе
4- топ: дүниетану
ІІІ Әр топқа 2 тапсырмадан.
Мұғалім сөзі:
- Жарайсыңдар балалар, сендер топтық жұмысты өте жақсы меңгеріпсіңдер.
- Ары қарай, ертеңгілімізді жалғастыра отырып, жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!
1-жүргізуші: Айнара, мен бір түрлі жүрексініп тұрғандаймын.
2-жүргізуші: Әлижан, неге жүрексінесің?
1-жүргізуші: Қонақтар өте көп, сөздерімді ұмытып қалатын сияқтымын.
2-жүргізуші: Келген қонақтар өзіміздің ата-аналар мен құрметті ұстаздар ғой. Қорықпа, қасыңда мен тұрған жоқпын ба? Бастай бер.
І-жүргізуші:
Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп,әнде бүгін шырқалар.
ІІ-жүргізуші:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, уа халайық!
2-жүргізуші: Сәлеметсіздерме ме, құрметті қонақтар?! Сіздерді “Әліппені” бітіру мерекесіне арналған ертеңгілігімізді көруге шақырамыз.
Міне бүгін бұрынғыдан саналымыз,
Қоңырау болып күмбірлейді жаңа күнім.
Дәптердің жазылмаған ақ парағы,
Аяулы алты жасар балалығым.
1-жүргізуші: Балалар айтыңдаршы, осы біздер қандаймыз?
1 – оқушы: Мың бұралған бишіміз Мерей
2 – оқушы: Біз қызықпыз, қызықпыз.
Сәл еркелеу бұзықпыз. Ғалия
3- оқушы Біз шеберміз
Ақылдымыз Дастан
4 – оқушы Үлкенге ізеттіміз
Кішіге қамқоршымыз Нұрғиса
7-0 Көп оқимыз
Терең оқимыз Айша
8-о Елімізді өркендетін
Қазақ тілін көркемдететін Бақытжан
9- о Бабаларға тағзым ететін
Аналарға бас иетін. Айгерім
10. Елтаңбасымен еңселі
Туымен тұғырлы
Әнұранмен айбатты. Зарина
Хормен: «Біз қазақ елінің болашағымыз!»
И.Нуршат
Отан – менің ата - анам,
Отан – досым, бауырым.
Отан - өлкем, астанам,
Отан туған ауылым!
ХОР: «Отан »
1-жүргізуші: Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан “Әліппені” бітірдік. Біз екі тоқсан бойы көп еңбек еттік. 42 әріпті түгел жаттап алдық. Оқуды, санауды, жазуды үйрендік.
Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,
Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.
Ризамыз бәрімізді таныстырған
Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптермен.
2-жүргізуші: Әліппемен қоштасу тек біздің мектепте емес, бүгін Отанымызда біз сияқты мыңдаған балалар “Әліппе” оқулығын бітіргендерін мерекелеуде.
Мұғалім: - Балалар мен сендерге бір сұрақ қояйын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе!
Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім:
- Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе.
Әліппе: Сәлеметсіздер ме, менің сүйікті достарым?!
Балалар: Сәлеметсіз бе, құтты әліппе?!
Әліппе:
Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Аған менен әпкең де.
Армысыздар жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне ортаға салайық.
Әліппе:
-Балалар, мен бұл мерекеге қуана, толғана келіп тұрмын. Жай келмедім. Өзіммен бастау алатын, өздеріңе даңғыл жол салатын жаңа достарың “Ана тілін” шақыра келдім.
Нурай
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға «Ана тілін» аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
1. Ана тілі: Көңілді дауыстарыңды естіп қуанып келдім. Бұл балалар қандай білім, өнерлерін көрсетеді екен деп ойланып та келдім. Енді, сендер мені оқитын боласыңдар, ынтамен оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер.
Ана тілі:
Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымымын.
Түсіндірер бәріне,
Ана тілі пәнімін.
Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
(Оқушылар бас иеді)
1-жүргізуші: “Әліппе” біздің білім бесігін ашқан алғашты оқулығымыз болса, “Ана тілі” сөз сырын ұқтыратын сырласымыз болары анық.
2-жүргізуші: Құрметті, Әліппе! Байқайсың ба, бүгін А-дан бастап Я-ға дейінгі әріптер мерекелік сапқа тұрды. Салтанатты шеруді қабыл ал!
1-жүргізуші: Әліппе, балалар өзің туралы өлең, тақпақ үйренді. Енді соны тыңдасаңыздар.
Зарина
Алфавиттің А тұрады басында
Әрқашанда Ә тұрады қасында.
Байқадыңба Б тұрады үшінші
Ал осының сыры неде? Түсінші.
Бекзат
А-деген ол-аналар ғой ардақты,
Ә-деген ол -әкелер ғой салмақты
Б-деген ол –балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Мерей
Ең алғаш қолға алғанда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың
Ұстазым маған кілтін алып берді.
Хор: «Әліппе»
Айгерим
А- ны айтқанда дауысымыз дірілдеді
Ұстазым көз алдымда күлімдеді.
Күн сайын әріптердің атын білем,
Сөз оқимын айырып әріпті енді.
А.Нуршат
Әліппе сенің сырласың
Әліппе досың болады
Әріптердің шұғыласы
Дәптеріңе қонады.
Аружан
Бар кітапқа бас болған
Әліппе-ғылым анасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Аида
Қош бол,құтты Әліппе,
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің.
Толғанай
Таныстырған 42 әріппен
Қош бол, менің сүйікті Әліппем,
Сенің арқаң оқи жаза білгенім
Сауатты адам қатарына кіргенім
Н.Нуршат
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны Әліппе.
Мақсет
Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке
Риза боп саған жүреміз
Сүйікті біздің Әліппе.
Улданай
Таныстырыр әріппен
Мынау кітап-Әліппең
«Әліппе» деген аты оның
Басталған қай әріптен?
Асылзат
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес, ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
Ернұр
Жақсы кітап-Әліппе
Үйретеді әріпке
Қуыршақпен қоштастық
Әліппемен достастық.
Мұғалім: – Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?
Хормен: Балаларға ақ тілек,
Болашаққа бақ тілеп.
Біздерге білім үйреткен,
Әліппе, саған рахмет.
Бексұлтан
Әріптерді жаттаймыз,
Есте мықты сақтаймыз.
Ұмытпаймыз бәрін де
Атын,затын,түрінде.

Хор: «Болайықшы осындай»
Жансая
Бәрімізді сүйіп өткен,
Балаларға үйреткен
Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен.
Әріптер парады
А-әрпі. Айша
Менің үшін жақсы адам
Артық көрем басқадан,
Апа, ата сөздері
Қайсы әріптен басталған?
Ә – әрпі Иманғали
Іші толы әріпке
Мынау -әйбат Әліппе
Әліппе деген аты оның
Басталған қай әріптен?
Н-әрпі. Ғалия
Ас біткеннің анасы
Қасиетті нан осы.
Қайсы әріптен басталған
Соңғы әрпіне қарашы.
Ғ-әрпі. Бақытжан
Ұқсайды өзі шалғыға
Елестет көз алдыңа,
Қане, ойланып табайық
Болды екен бұл қай әріп ?
Р-әрпі. Нұрғиса
Қырларда құр- деші,
Жайылып жүр- деші.
Ал енді өзің-ақ
Р-р-р-р-деші.
Ә – әрпі Нұрайым:
Ә деп ұзақ айтамын
ә деп үйге қайтамын
әкем, әжем, тәтеме
әдемі ән айтамын
И-әрпі. Дастан
Үш шырпыдан қайсы әріп
Шығады екен құралып
Ал шырпыны төгіңдер
Құрастырып көріңдер.
З-әрпі. Нурдаулет
Қаздан көре аласың
Қағаздан да табасың
Байқамасаң анықтап
Үш екен деп қаласың.
Г-әрпі. Ақмарал
Егіз десе-екінші,
Сегіз десе-үшінші
Бұл қай әріп екенін
Өзің қарап түсінші.
Зарина:
Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулисын 4жыл бойы ата- анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Жансая:
Достастырған өзіңмен
Ұстазыма мың алғыс.
Иландырған сөзіне
Қамқоршыма мың алғыс.
И. Нұршат
Білім алып мектепте
Талай пәнді оқимыз
Мұғалімнің айтқанын
Зердемізге тоқимыз.

2-жүргізуші: Балалар, аз уақыттың ішінде көп нәрсені үйреніпсіңдер.
Осының бәрін үйреткен кім?
Оқушылар: Мектеп! Мұғалім! Әліппе! Ата-ана!
Әліппе: Жарайсыңдар, менің ақылды достарым. Сендер әріптерді жақсы меңгеріпсіңдер. Енді мен сендерге жұмбақ жасырып,тапқырлықтарыңды байқаймын.
1 Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған. Ол не ? (Бор)
2 Алты қарлы,алтын сырлы. Ол не ? (Қарындаш)
3 Қабат,қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. Ол не ? (Кітап)
4 Үйреткен ілімді,42 білімді. (Алфавит)
5. Құстан аумайды,
Көкте заулайды. (Ұшақ)
1- жүргізуші:
-Міне, білімнің кілті - Әліппемен қоштасар уақыт та жақындады.
-Қане, әліппеге Қош айтайық!
Әліппе: - Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.
- Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
Хормен: Қош бол, құтты Әліппе!
Хор: «Рахмет саған, әліппе»
Мұғалім: – Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге мың алғыс айтамыз. Ендігі ән сіздерге арналады.
1. Мерей: «Аяулы анашым»
2. Вальс
3. Нурай « Үйретеді әліппе»
4. Қаражорға биі
5. Айнара «Мен қазақтың қызымын»
6. Қуыршақ биі
7. Ертегі «Үйшік»
Мұғалім сөзі: Әліппені жақсы меңгеріп, сауатты жазып оқуларына ата-аналардың қосқан үлесі мол. Сіздерге алғысымызды білдіре отырып ендігі сөз кезегі сіздерде.
Категория: Начальная школа | Добавил: Gulfira8523
Просмотров: 749 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 2:20 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru