Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Ана тілі
[ Скачать с сервера (894.5 Kb) ] 2015-02-05, 12:17 PM
Алматы облысы, Сарқан қаласы
№1 мектеп – гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі
Стамбекова Бақтыбала Балғабекқызы.

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Ертегі әлемінде, Аңдар туралы ертегі.

Сабақтың мақсаты:
1. Мәтінді дұрыс оқып, саналы меңгерте отырып, негізгі ойды, идеяны ұғындыру, кейіпке ене білуге үйрету.
2.Қиялын, ойлауын, оқу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын арттыру, тілін дамыту.
3. Табиғатқа деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, кітапқұмарлыққа тәрбиелеу.
• Типі : аралас
• әдісі: Сұрақ – жауап, эвристикалық, дамыту, көрнекілік, әңгімелеу.
• түрі: ашық ой.
Сабақтың жабдығы: Интерактивті тақта, суреттер, үлестірме, сөздер жазылған жолақтар.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру сәті
2.Үй жұмысын тексеру, қортындылау.
Дауыстап оқыту, қолдарындағы кітаптарынан.

1 – топ: Ертекшісі
«Арыстан мен тышқан» ертегісін буклеттен суретін көрсете отырып, оқып береді. (қазақ киімін киеді)

2 – топтан: Ертекшісі
Балалар, алдарыңдағы суретті үлестірмелерге мұқият қараңдар. Қазір мен бір ертегі айтамын. Қолдарыңдағы суретке мазмұнына сәйкес сурет нөмірін айтасыңдар, ертегіні аяқтайсыңдар. Оқушылар тыңдап, сәйкес суретті тауып, ертегіні аяқтайды, ат қояды.
«Ақылды қоян», «Айлакер қоян»

3 – топ: Ертекшісі
Балалар, қазір мен сендерге интерактивті тақтадан бірнеше суреттер көрсетемін. Сендер қай ертегі екенін айтасыңдар. ( Түлкі мен ешкі, Бауырсақ ертегісі, Түлкі мен бөдене Т.Б.)
Жаңа сабақ
а Дайындық сәті.
• Суреттерді қара
• Тірек сөздерді пайдалан
• Сұрақ қой
• Кейіпке ен
• Ойла, құрастыр, әңгімеле.
• Оқы
• Қортынды шығар.
Жұмбақ шешкізіп, сөз жұмбақты толтыру.
1. Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
2. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы.
3. Екі теңдей құлағы,
Дыбыс сүзіп тұрады.
т ү л к і
қ о я н
а
р
• Балалар, суретке көңіл аударыңдар.
• Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?
• Қысқы орман. Қыс туралы Абай атаның өлеңін кім біледі?
• Орманда қандай аңдар мекендейді?
Орманда қасқыр, түлкі, қоян, аю, тиын, кірпі т.б. мекендейді
(Интерактивті тақтадан аңдардың суреттерін көрсетемін)
- Қысқы орманды көз алдарыңа елестетіңдер.
Қаһар төккен қыс ешкімді аямайды. Орманды қалың қар жапқан, аңдарға азық жетпейді. Үш күн, үш түн орман ішінде тынбастан қар жауып тұр. Кенет, бір ағаштың түбінен қоян шықты.
- Қоян кейпіне енейік
1 - топ қоян 2 - топ түлкі
3 – топ мұқият тыңдаңдар, (өздеріңізді қоян, түлкі сияқты сезініңіздер)
Қалың ұлпа қар, қатты аязды күні қар үстінде кіп – кішкентай аппақ қоян тұр.
- Сендердің аяқтарың қояның кішкентай аяғы сыяқты, қолдарыңда кішкетай, құлақтарыңда қояндікі сияқты деп ойлаңдар. Ал енді қар үстінде қоян боп тұрсыңдар, іштеріңнен сұрақ қоя отырып, мен не сезіп тұрмын?
- Қандай күйдемін, неге қорқамын - ?
деген сұрақ қойып, жауап беруге тырысыңдар.
2 – топ: Аязды күнде болдырған аш түлкімін деп ойлаңдар.
Қол аяқтарың жерде тез жүруге дағдыланған. Сендер не түрлі өтірік айтып, елді алдауға үйренгенсіңдер. Аш түлкінің кейпіне еніп көріңдер. Іштеріңнен сұрақ қойыңдар. Қайдан тамақ тапсам екен, кімді алдасам екен? Мен неге қулық ойлаймын - ? деген сұрақ қойып, жауап беруге тырысыңдар.
Оқушылардың кейіпке еніп сөйлеулері
Қоян: Дірілдейді, секіреді, селк етіп жан – жағына қарайды, секіріп – секіріп шоқиып отырады. Менің қарным аш. Мына күннің суығын – ай. Бүгін азық қайдан табылар екен. Азық іздейін, әлгі қу түлкі тап бола кетпесе екен. Міне, мен азық таптым. Қазір тойып жеп аламын. Басқа қояндар қайда жүр екен? Мен неге осы қорқақпын?Менің тоным, терім пайдалы.
Түлкі: Шаршаған түлкі жан – жағына қарайды, құйрығын бұлғаңдатады.Неше күннен нәр сызған жоқпын, ішім ұлып тұр. Мына қардың қалың түсуін – ай. Қазір бір қоян жеп алып, ініме кіріп жатсам ғой.
Мен неге осы қулық – сұмдық ойлай алмай тұра алмаймын. Мен сұлумын, тоным өте әдемі, адамға пайдалымын, табиғатты өлекседен тазартып, табиғат тазалықшысымын.
Қазір, әр топ осы кейіпкерлерді пайдаланып, өздерің ертегі құрастырып көріңдер. (Интерактивті тақтадан қоянмен түлкінің суретін көрсету)
- Түлкі немен қоректенеді деп ойлайсыңдар?
- Етпен.
- Орманда аш түлкі жортып жүріп,неге тап болады?
- Қоянға.
- Түлкі қандай айла ойлайды?
- Ауырады. өліп жатқан сыяқты болады.
- Қоян түлкіден құтылу үшін қандай амал ойлайды?
Ойланады, байқайды.
Тірек сөздер: түлкі, қоян, жортып келе жатады, ет жегісі келеді, өтірік ауырады, тоғай, көрші, жақынырақ, қоштасайық, болдырып, тауық жедім, жылдам, өлтірмей, ұмытпаспын, ұмытшақ, жортамын.
Тірек сөздерді оқытып, талдату.
Сергіту сәті
Ұзын құлақ, сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы – қырлы жерлермен,
Ытқып – ытқып жүгірді.
Ал енді ертегі құрастырайық.
Ой толғаныс:
Көз алдарыңа елестетіңдер. Орман, қалың қар. Түлкі мен қоян.
Қоян түлкіден қалай құтылады?
Тірек сөзді басшылыққа аламыз. Құраған ертегілерін 2 – 3 оқушыға айтқызу. Құраған ертегілеріңе ат қойып көріңдерші?

« Түлкі мен қоян»
Алдарыңдағы қалтадан ертегіні алып оқиық. Жаңа өздерің құраған ертегіге ұқсай ма? Оқушыларға іштерінен оқытамын. Дауыстатып әр бөлікке бөліп оқыту. Ертегіні тұтас оқыту. Рольге бөліп оқыту.
«Кім мерген?» ойыны.

Қортынды.
Сұрақтарға жауап алу.
- Түлкі жортып келе жатып нені көрді?
- Қоянды не деп өтірік айтып шақырады?
- Қоян оған не деп жауап береді?
- Қоян түлкіден қалай құтылады?
- Түлкінің қулығы іске асты ма?
Осы ертегідегі жағымды жағымсыз кейіпкерді ата?
(Интерактивті тақтадан кестені толтыру)

жағымды Жағымсыз
Қоян Түлкі
Қайырымды, ақылды, тапқыр, (қорқақ), қиыннан жол таба біледі, ізденгіш өтірікші, қу, арамза, мақтаншақ, топас, т. б.

(Интерактивті тақта) Жақсы – жаман тіркесіне мақал – мәтел құрастыру.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Жақсы байқап сөйлер,
Жаман шайқап сөйлер.
Балалар ендеше түлкі сияқты болмай жаман әдеттерден аулақ болайық.
Қоян сияқты қиын жағдайдан шыға білу үшін тапқыр, ақылды, білімді болуға тырысыңдар.
Психологиялық тренинг «Күн шапағаты »
- Мынау не деп ойлайсыңдар?
Доп, күн, жер, шар.
Бүгінгі сабағымызды күнге теңесек болады. Күнге не жетпейді?
Күн шуағы. Ендеше «Менің сүйікті ертегім». – деп күн шуағын салайық. Білімдерің осы күн шапағатындай мол болсын.
Қазір қорықтар ашылып, аңдарға қосымша қоректер беріледі.
Балалар қандай қорықтарды білесіңдер?
Осы ертегіден не ой түйдіңдер?
Кітап көрмесі, кітапқұмарлар бұрышымен таныстыру.

- Не үйрендік? Бағалау.

Үйге: Әр топ аңдар жайында әр түрлі ертегі оқып, сурет салып келіңдер.
Категория: Начальная школа | Добавил: Касик
Просмотров: 710 | Загрузок: 23 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 5:41 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru