Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның бір модулінің қолданылғаны жайлы рефлексивтік есеп
2015-02-10, 4:48 PM
Қазіргі заманғы қарқындап дамып келе жатқан үздіксіз білім алу қажеттілігі бізден тәуелсіз оқи білу қабілетін талап етеді. Оқу - оқушылардың қалай ойлайтынын әрі оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау және өзгерту қабілетін дамытудан тұрады. Оқушылар өздері оқудың әртүрлі әдістерін түсіну арқылы, яғни өздеріне сұрақ қоя отырып, білім алуға үйренеді. Оқушыны осындай деңгейге жеткізу - әрбір ұстаздың мақсаты. Ал ол үшін мұғалім өзі сыни ойлап, жұмысының нәтижелі болуына қол жеткізуі керек. Сондықтан мұғалім алдына белгілі бір мақсат қойып, сол мақсатқа жетудің жолдарын қарастырады. Заман талабының өзгеруіне қарай маған да өзгеру жолы ашылды. Сол мақсатпен мен Көкшетау қаласында өтілетін үшінші базалық деңгей курсына келіп, бір ай бірінші бетпе-бет кезеңінен өтіп, бағдарламадағы жеті модульді оқып үйрендім. Соның ішінде таңдап алған модулім: Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау.
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез-келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады (Александер, 2001).
Бағалаудың мақсаты неде? - деген сұраққа жауап беретін болсақ, оқытудың қиындықтарын анықтау, кері байланыс, уәж, болжау және сұрыптау, стандарттарды бақылау және орындау, оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін бақылау. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 56-57 бет). Бағалаудың екі түрі қарастырылған: формативті бағалау және жиынтық бағалау. Формативті бағалау оқыту үшін бағалау болып табылады да, ал жиынтық бағалау оқытуды бағалау болып табылады. Оқуды тиімді бағалау білім беру үдерісіндегі жаңа тәсілдердің барлығымен байланысты. Яғни, бағалау оқыту мен білім берудің ажырамас бөлігі екенін білеміз.
Мектептегі тәжірибемді бастау үшін көп ойландым. Мектеп директорымен және осы оқуды сәтті аяқтап келген әріптестеріммен кеңесе отырып, өзімнің білім беріп жүрген төртінші сыныбыммен математика сабағы бойынша жұмыс істеуге бел будым. Өйткені, балалардың білім деңгейін, әлеуметтік жағдайларын, жас ерекшеліктерін жақсы білемін. Алғашқы сабағымның тақырыбы: 203х6, 2003х6 түріндегі көбейту, мақсаты: көрсетілген түрдегі көп таңбалы сандарды көбейтуді үйрену болды. Бұл мақсаттың қойылу себебі, балалар көбейтудің келесі тәсілін үйрену үшін, осы тәсілді білгені қажет. Сабақты «Атом және молекулалар» тренингі арқылы ынтымақтастыру ортасын ұйымдастырудан басталды. Тренинг барысында бірден молекулалардың топтасуы бойынша балалар екі топқа бөлінді. Бейнетаспаны ұтымды пайдалану барысында оқушылардың қызығушылықтары арта түсті. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту үшін «Миға шабуыл» жасау арқылы грамматикалық арифметика түріндегі сөзжұмбақты шешу тапсырмасы берілді. Тапсырманы орындауда көп үлес қосқан оқушыларға смайликтермен қолдау жасалды. Басқа балаларға, сендер де жақсы жұмыс істесеңдер осындай смайликтер аласыңдар - деген сөздермен сабаққа ынталандыра түстім. Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушылармен диалог жүргізілді, өткенді қайталап, ережелерді еске түсірдік. Диалог барысында Гүлназ, Райхан, Қизат сияқты дарынды оқушыларымыз ережелерді толық айтып, барлық сұрақтарға толық жауап берді. Әр топқа «Шатастырылған логикалық баулар» тапсырмасы берілді. Сыни ойлай отырып, өзара диалог құру нәтижесінде жаңа тақырыпты өздері талқылап тапсырманы өздігінен орындау қажет болды. Тапсырманың мақсаты: берілген өрнектердің ішіндегі дұрыс орындалғанын табу. Берілген тапсырма зейін мен логикалық ойлаудың дамуына да көмектеседі. Ол үшін оқушылар жаңа тақырыпқа байланысты көбейтуді орындады. Бірақ, Жансұлу мен Нұржанның көбейту кестесін толық білмегендіктерінен тапсырма оларға қиындау болды. Екеуінің де есте сақтау қабілеттері төмен болғандықтан оларға көбейту кестесін қолдануға рұқсат берілді. Қатесіз шығарған оқушылар смайликтер алды. Бейнетаспаның көмегімен сергіту сәті өткізілді. Тапсырманың келесі түрі оқулықпен жұмыс, яғни теңдеу шығару екі топқа бөлек берілді. Берілген теңдеу бойынша қателескен балалар ойлағаннан көбірек болды, бұл күрделі теңдеудің жаңа түрі, яғни ықшамдау арқылы орындалды. Тақырыпты толық түсінбеген екен деген ой мені мазалады. Бұл кемшілікті жою үшін, сабақтан кейін қосымша сабақтар өткізуді жоспарлауды жөн көрдім. Сабағымның келесі кезегінде деңгейлік және тапқырлыққа тапсырмалар берілді. Әр тапсырманың жауабын таныстырылым арқылы көрсетілген жауаптармен салыстырып, оқушылар өздерін тексеріп отырды. Қатесі жоқ оқушылар кезекті смайликтерге ие болды. Диалог арқылы сабаққа қорытынды жасалды. Бұл сабағымды бағалаған кезде бағалау парағының сатылар бойынша бағалау түрі қолданылды. Бағалау парағы таратылды. Әр оқушы өздерін-өзі бағалады. Содан кейін оқушыларды мадақтай отыра, қорыта келгенде төрт-бес смайлик жинаған оқушылардың жиынтық бағасы «5» болатыны хабарланды. Әр оқушыға «Екі жұлдыз, бір тілек» рефлексиясы жасалды. Келесі сабақта сендер де «5» алуға тырысыңдар деген тілектер айтылды. Бірақ, бағалаудың бұл түрін өз сыныбымызға барып жасадық. Өйткені, бұл сабақта уақыт жетпей қалды. Оған себеп болған берілген тапсырмалардың күрделі болуы және оқушылардың топтық жұмысқа бірден кірісіп кете алмауы. Топпен жұмыс істеуді жетік түсінбеген оқушылар да болды. Міне, бірінші сабақта осындай қиындықтар болды. Осы кедергілерді түзету үшін тағы да топпен жұмыс ережелерін қайталадық. Келесі күннің сабағына өзгертулер енгізу керек деп шештім. Тізбектелген топтамадағы екінші сабағымда бағалаған кезде оқушылар стикерлерге өздерінің көңіл күйлерін жазу арқылы бағалады. Бұл сабақтың тақырыбы: «1218:6, 12018:6 түріндегі бөлу» және алдыма қойған мақсатым: Көрсетілген түрдегі көп таңбалы сандарды бөлуді орындауды үйрену. Ынтымақтастыру ортасын құру бейнетаспада жазылған «Біліммен қаруланған білімпаз, нағыз жеңімпаз!» деген ұранмен балаларға тілек айтудан басталды және жасырынған суретке байланысты сауалдарға жауап бере отырып бірден топқа бөлдім. Мысалы: -Қалай ойлайсыңдар, бұл ненің суреті?, Ол тірі табиғатқа жатады, Бұл өсімдік және өте әдемі болады. Оқушылар суреттегі гүл екенін анықтайды. Гүлдердің түріне қарай «Түймедағы», «Раушан», «Қызғалдақ» болып үш топқа бөлініп отырды. Оқушылармен диалогта ой толғау арқылы жетекші сұрақтарға жауап бере отырып, өткенмен байланыстыра сабағымыздың тақырыбы қандай және неге байланысты болатынын оқушылардың өздерінің ашып айтуларына мүмкіндік берілді. Тапсырмаларды орындау өздеріне жүктелді. Әрине, бұл сәттерде көшбасшылық танытқан дарынды оқушылардың еңбектері бағаланып, смайликтер берілді. Оқушыларға смайликтер алған өте ұнады. Өткен сабақтарда қатыспай отырған Томирис пен Нұржан белсенділік танытып, сұрақтарға жауап беріп, есеп шығаруға тырысты. Оқушылардың сыни және сындарлы ойлаулары «Карусель» ойынында дами түсті. Үш топқа үш түсті фломастер, тапсырма жазылған қағаз берілді. Шапалақтаған кезде тапсырманы орындауды бастады, келесі шапалақтағанымда топтар тапсырмаларын ауыстырып отырды. Осы кезде қағаздарын ауыстырып алып, қателесіп кеткен сәттер де болды. Тапсырманы аяқтаған кезде әр топ өз түсіне қарай қорғауға шықты. Райхан сызып тастаған өрнектің қатесін тауып түзетті. Бұл сәтте де оқушылардың еңбектерін смайликтермен формативті бағалау түрі қолданылды. Оқулықтағы тапсырмаларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай үш деңгейге берілді: І деңгей №6, ІІ деңгей №3, ІІІ деңгей №5. Тез әрі дұрыс орындаған оқушылар бағаланып отырылды. Бейнетаспаның көмегімен сергіту сәтін өткізіп, ары қарай топтар кесте бойынша жұмыс істеді. Сыни ойлай отырып сандарды қандай заңдылықтарға сүйеніп жазылғанын анықтады және өздері жалғастырып жазды. Берілген уақытта тапсырманы орындап, әр топтан бір оқушы шығып қорғады. Екінші топтан көшбасшылық танытқан Нұрбол болды. Ол шығып бірінші қатардағы сандардың өзіне-өзін қосу, яғни арттыру арқылы келесі санның жазылғанын түсіндіріп берді. Сөз кезегі Ильясқа берілді. Екінші қатардағы сандардың азайту, яғни кеміту арқылы келесі санның жазылғанын түсіндіріп берді. Бірінші топтан Қизат шығып, Ильястың сөзін жалғастырды. Бұл топ есептеуден қателесіпті. Қатесі бар ма? деген сауалға Ерсайын бар деп жауап берді де, шығып қатесін түзетті. Қизат қатесін өзі түсініп, келесі сандарды өзі атап берді. Жаңа тақырыптан білгенін пысықтау мақсатымен әр топқа бөлу амалын орындауға екі өрнектен берілді. Барлығына берілген тапсырма бірдей болғандықтан бірінші топтың ғана жауабын тексердік. Басқа топтың жауаптарын тек салыстырып шықтық. Барлығының дұрыс орындағанына қуандым, өйткені, бұл оқушылардың жаңа тақырыпты меңгере алғанын, ендеше олар сыни ойлай білетіндерін көрсетті деп айтуға болады. Жалпы сабақ Блум таксономиясы бойынша қорытындыланды. Білу үшін біз өткенді қайталадық, есептер шығардық, түсіндіру және қолдануды жаңа сабақты өткен кезде жүргіздік, талдау деңгейлік және топтық жұмыстар кезінде болса, соңғы тапсырмада біз жинақтадық. Сабағымыздың соңында әр топтан бір бала сөйлеп, өздеріне және топтарына бағалау жасады. Барлық оқушылар өте жақсы жұмыс істегендіктен, өз алғысымды білдіріп, қызыл жұлдызшалар таратып шықтым. Оқушылар берілген стикерге ойларын жазып, тақтадағы бетбейнелер салынған флипчартқа жапсырды. Барлық оқушылар көңілді бетбейнеге жапсырғаны маған қатты әсер етті. Сабақ бойынша жиынтық бағалау жасалынды. Кезекті сабақ та интербелсенді тақтадан ынтымақтастыру ортасын құрудан басталды. «Жер сілкіну» тренингі оқушылардың қызығушылықтарын арттыра түсті. Ойын ойнай отырып, бірден топқа бөлінді. Әр топ өз көшбасшысын сайлап алды. Оларға бағалау парақтары берілді. Бірінші үй тапсырмасын бағалау, екінші топтық жұмыс, үшінші басқа тапсырмалар. Қатесі жоқ - үш ұпай, бір-екі қате - екі ұпай, жартылай қате болса - бір ұпай. Сабағымызды үй тапсырмасын тексеруден бастадық. Оқушылар өздерін интербелсенді тақтадағы жазылған жауаптармен салыстыра отырып бағалады. Топ басшысы тексеріп өз бағасын қойды. Сабағымыз өткенді пысықтауға байланысты болғандықтан бірден тапсырмаларды орындаудан бастадық. Тапсырма сыни ойлаудың «Мнемоника», яғни көру арқылы есте сақтау тәсілімен орындалды. Үш топқа да берілген тапсырмалар бөлек партаға қойылады. Әр оқушы жүгіріп барып өрнекті көзбен қарап оқып шығып, есінде қалғанын орнына келіп қағазға жазады.Топтың әр мүшесі осы тәсілді қайталайды. Барлық өрнектерді жазып алғаннан кейін есептеуді бастайды. Әр топтан бір бала шығып өз тапсырмаларын қорғайды. Тапсырманы төрт типтік деп те айтуға болады. Өйткені оқушы көреді, қабылдайды, есте сақтайды, ойланып барып есептеуді орындайды. Топтық жұмысты оқулықтағы №3 есепті орындаумен жалғастырады. Келесі кезекте жас ерекшеліктерін ескере отырып берілген деңгейлік тапсырмаларды орындайды. Оған есеп берілген. Есеп баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатымен шығарылды. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытуда әртүрлі есептер, жұмбақтар, ребустарды шешудің әсері зор. Оқушылардың қызығушылығының артуы оны шешумен қатар сол есептерді, жұмбақтарды, сөзжұмбақтар мен ребустарды өздері жасауға, құрастыруға, ұмтылдырады. Балалар бір-бірінің шығарған, құрастырған жұмбақтарының шешуін тауып, ойлау, дәлелдеу арқылы табылған шешім бала есінде ұзақ сақталып, салыстыруға, қорытуға үйренеді. Шығармашылық тапсырманы аяқтағаннан кейін оқушылар сабаққа қорытынды жасап, білімдерін бағалады. Бағалауда үш түрлі смайликтерді таңдады. «5»-қызыл түсті, «4»- жасыл және «3»-сары түсті. Топ басшылары өз бағаларын айтты. Содан кейін жиынтық бағалау жасалды. Сабақтар топтамасының соңғы сабағын халқымыздың «Қара жорға» биін билеуден бастадық. Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау. Білімдерін пысықтау, тиянақтау мақсатымен «Баспалдақ» ойынын ойнатылды. «Білім шыңына» жетуімізге әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындауымыз керек деп оқушыларды ынталандыра түстім. Бірінші, екінші, үшінші баспалдақтардағы А деңгейінің тапсырмалары жеңіл болғандықтан оқушылардың басым бөлігі тез орындап шықты. Келесі баспалдақтарда тапсырмаларымыз күрделене түсті. Сыни және сындарлы ойлай алатын Гүлназ, Қизат, Райхан сияқты оқушыларымыз көзге түсіп, білім шыңына жетті. Бұл оқушыларым былтырғы оқу жылында мектепішілік пәндік олимпиададан І, ІІ орындарға ие болған. Қалған оқушыларым да өзінің жас ерекшеліктеріне сай жұмыс жасады.
- Кім бәрін түсіндім, сабаққа белсенді қатыстым, беске жауап бердім деп санаса, күлімсіреген смайлик «5»-ті алады.
- Кім жауапты толық бере алмадым, дұрыс жауап бердім, жақсы жұмыс істедім деп ойласа, екінші смайлик, яғни, «4»-ті көтереді.
- Кім ойланатын нәрсе бар, бұл сабақта аз жұмыс істедім, бірақ келесі жолы сабақта міндетті түрде тырысамын десе, көңілсіз «3»-ті көтереді.
- Көңілсіз фигураны ешкім таңдап алмады. Бәрің жақсы еңбектендің- дер! Рахмет! - деп өз ризашылығымды айтып өттім. Әрқайсысына болашақта көп еңбек етіп, білім шыңына жетуіне тілек білдірдім.
Балаларға әртүрлі бағалау әдістерін қолданып көрдім. Алғашында бағалау кездерінде кішкене қиындықтар болды, айтар болсам, оқушылар өздеріне жоғары баға беріп, бірін-бірі көтермеледі, бірақ бұл алғашқы кезде ғана орын алды. Сабақ барысында оқушылар бағалаудың маңыздылығын түсінді. Мысалға алар болсам, топтардың бірін-бірі бағалауы, марапаттауы. Олардың сөз мәнері, идеялары, өз ойларын дұрыс жеткізе алуы, тәртіптері қарастырылса, бірін-бірі бағалағанда дәптерде жазылған жауаптарының дұрыстығына, қатесіз жазылуына, яғни критерийлерге сүйене отырып бағаласа, ал өзін-өзі бағалағанда оқушыда әртүрлі сұрақтар туындайды. Мен өз ойымды жеткізе алдым ба?, Жауабымның дұрыстығына нақты дәлелдер келтіре алдым ба?, Қаншалықты?, Мен жаңа тақырыпты қандай деңгейді меңгердім?, Қаншалықты белсенділік таныттым?, Өзгелердің пікірін тыңдай алдым ба?, Неге үй тапсырмасын орындауда салғырттық таныттым?. Оқушыларға білім алу үшін бағалауды үйренуді қажет екенін, ол ары қарай өзінің нәтижесін, білім деңгейін көтеру үшін не істеу қажеттігін түсінуіне мүмкіндік берді. Қорыта келгенде, бағалау оқушылардың өзін-өзі бағалауы, оқуға деген қызығушылығы артып, білім алуға көп көмегін тигізді, өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатынын түсінді. Байқағаным, оқушылардың оқуға деген көзқарастарында пайда болған өзгерістер туралы ойларын ашық айтатын болды, оқуда, үй тапсырмасын орындауда және қосымша мәліметтер жинақтауда жауапкершіліктері арта түсті. Топпен жұмыс кезінде серіктестік қарым-қатынастары артып, өзара ортақ бір шешімге келіп, басқаның пікірін сыйлай білді, өз ойларын ашық айта бастады. Өздеріне деген сенімділігі, шынайы алған білімдерін бағалай білуі артты. Осы нәтижелерім бойынша оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалауды қолдануда төмендегі жағдайларды іске асыру керек деп шештім:
Оқушыларды қателесу қорқынышынан арылту;
Оқушылардың пікірін мұқият тыңдау;
Оқушылардың рефлексиясына көңіл бөлу.;
Смайликтерді, әртүрлі бағалау парақтарын үнемі пайдалану;
Екі жұлдыз, бір тілек рефлексиясын жасап отыру.
Сондықтан да мен болашақта осы бастаған жұмысымның толық нәтижесін көру үшін, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау модулімен жұмысымды жалғастыруды жоспарлап отырмын. Критерийлер арқылы, оқушылардың пікірі мен рефлексиясын ескере отырып бағалауды қолдануды іске асырғым келеді. Осы жеті модульді ықпалдастыра және шебер қолдана отырып, оқушыларымның білім дәрежесін көтеруге тырысамын. Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалаудағы қателіктерімізді түзете отырып, өзімнің және оқушыларымның жетік-жете қолдануына қол жеткізгім келеді.
Сілтемелер:
Мұғалімге арналған нұсқаулық «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»
56 бет.
Категория: Начальная школа | Добавил: bibigul7263
Просмотров: 947 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 8:37 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru