Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Топтық таныстырылымға қатысу туралы есеп
2015-02-10, 4:56 PM
Жас ұрпаққа жан-жақты білім, тәлімді тәрбие беру - әрбір мұғалімнің басты міндеті деп ойлаймын. Сабақтың қызықты өтуі мұғалімнің құзырлығына тікелей байланысты. Сан алуан әрекет арқылы ақыл-ойды ұштау, жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру бүгінгі заман қажеттілігі. Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден-бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа, сол сабақты өткізудің әр түрлі әдіс-тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ. Заман талабына сай білім саласы да жаңаша әдіс-тәсілдерге қарай бет алуда. Қазіргі оқушыларды бұрыңғы дәстүрлі сабақтармен қызықтыра алмайсың. Сондықтан, біз ұстаздар қауымы сабағымызды түрлендіре білуіміз қажет.
Заман талабының өзгеруіне қарай маған да өзгеру жолы ашылды. Сол мақсатпен мен қыркүйектің тоғызы күні Көкшетау қаласының білім жетілдіру институтында өтілетін үшінші базалық деңгей курсына келдім. Мен Рысты Теміртасовнаның тобына түстім. Тобымыз үшінші, оқитын бөлмеміз жетінші екенін біліп, ата-бабамыздың «үш» және «жеті» сандарының «Қасиетті сандар» - деп айтқаны есіме келіп, бұл сәйкестікті сәттілікке баламаладым.
Бірінші апта, бірінші күн. Жан-жағымда бейтаныс ұстаздар... Бұл курстан не аламын?, не үйренемін? - деген ойлар мені мазалап отырды. Сабақта біз ең алдымен тренеріміз Абдрахманова Рысты Теміртасовнамен таныстық. Ол кісі бізге: «Әлем өзгереді біз де өзгереміз» атты бейнефилімін көрсетті. Осы фильмнен курс туралы мәлімет алып, мұғалім не үшін өзгеру керек екенін түсіндім. Ойға түйгенім: мұғалім іс-тәжірибесіне өзгеріс енгізу керек. Осы оқып-үйренгенімізді өз бойымыздан өткізу, сезіну және сыни тұрғыдан ойлай білу керек. Әр ұстаз өзі туралы қысқаша айтып, таныстырып өтті. Бір-бірімізбен танысып, сәл болса да бір-бірімізге жақындай түстік. Келесі бейнефилім құмырсқалардың бірлесіп жасаған еңбегі туралы көрсетілді. Фильм көре отырып, бірлесіп істеген жұмыс нәтижелі болатынын түсіндім. Біз топ болып жұмыс жасап, осында келген мақсатымызға жету жолында еңбектенуге тиіспіз – деп ойладым. Жұмыс жасау барысында тәртіп болу үшін тобымызға «Тамаша» - деп ат қойып, топ ережесін де құрып алдық. Келесі кезекте тренеріміз бағдарламаның негізгі мазмұны жеті модульден тұратынын, сол модульдер жайлы мәліметтерді оқып-үйреніп, тәжірибеде қолданатынымыз жайлы айтып түсіндірді. Осы Бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Осы теорияның дәлелі ретінде Назарбаев зияткерлік мектебінің бір сабағы түсірілген бейнефильмді көрдік. Сабақ бойынша өз пікірлерімізді ортаға салып талқыладық. Бұл сабақтан мен топтық жұмыс кезінде балалардың еркін сөйлеп, өз ойларын толық жеткізе білетінін және мұғалімнің тек бағыт беруші екенін көрдім.
Алғашқы күндері топқа бөлу, сергіту сәтін өткізуді тренеріміз өзі ұйымдастырып отырса, кейін бізге жүктелді. Ынтымақтастыру атмосферасын қалыптастырып, сәргіту сәтін өткізген соң, әр түрлі тәсілдермен топқа бөлініп, берілген тапсырмаларды орындап отырдық. Осындай тапсырмалардың бірі: Мәдениет дегеніміз не? - деген сұраққа жауап беру. Біздің топ мәдениеттің бірнеше түрін талқыладық. Мен өз тарапымнан мәдениет: тіл, өнер, қоғам және жанұя мәдениеті болып бірнеше түрге бөлінеді - деген ойымды ортаға салдым. Топтық жұмысымызға жоба жасап, оны қорғадық. Мұғалім мәдениетті ғана емес құзыретті болу керек. Ал құзыретті мұғалім қандай болуы керек? Менің білгенім: Мұғалім өз пәнін жеткілікті білуі керек. Оқушының жан дүниесін түсіне білуі керек. Жаңашыл, жан-жақты болу қажет. Оқушыларды дамыта отырып, нәтижелерге қол жеткізе білу керек. Сондықтан, мұғалімде Шульман «үш көмекші» (Shulman, 2007) деп атаған қасиеттері болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады. Оқыту жақсы болу үшін, мұғалім жақсы қасиеттерге ие болу керек. Жақсы мұғалімнің қасиеттері қандай? – деген сауалға жауап беру үшін қосқан үлесім, шағын эссе жаздым:
Дүниеде ұстаздықтан асқан құдіретті мамандық жоқ. Мұғалім – мектептің жүрегі. Сондықтан да, ол өз жүрегінің жылуын, өз махаббатын шәкірттеріне арнайды. Ұстаз – рухани дүниесі бай, білімді, талантты, патриот, талғампаз тұлға болса, ол әрбір шәкірттің жүрегіне жол таба біледі.
Ал біз алдымызда отырған оқушыларымыз жайлы не білеміз? Әлі алдымызда әртүрлі жағдайлар болуы мүмкін ғой. Сол кезде дұрыс шешім қабылдай білуіміз керек. Сондай сәттің бірі туындады. Біздің тобымызға «Дәрменсіз Ханна» туралы жағдаятты сахналау және қорытынды жасау тапсырмасы берілді. Сахналауда мен мұғалім рөлінде ойнадым. Қорытынды жасау Еркежанға тапсырылды. Баламен қалай тіл табыса алатынымызды сахналау арқылы көрсете білдік. Топта көшбасшылықты жақсы басқарған мұғалімдер де болды. Бұл мұғалімдердің ұйымдастырушылық қабілетінің жақсы екенін көрсетті. Бұнда біз сахналағанда әр мұғалім өз кейіпкерін жан тәнімен аша білді десем қателеспеймін. Тобымызбен «Құндылық» бейнетаспасын көріп, ең қажетті құндылықтар өмір, денсаулық, отбасы, сүйікті ісің, достарың, жұмысың екеніне көз жеткіздік. Іс-тәжірибе кезінде баланың әркез «менін», құндылығын құрметтеп, оны түсінуге тырысу. Әрбір баланың мінезі, тәртібі, мәдениеті оның жанұядан алған тәрбиесіне байланысты. Өзіме түйгенім: бала барлық құндылықты отбасынан алады. Үйдің дұрыс, орнықты болып салынуына оның негізі дұрыс құрылғаны қажет болса, баланың отбасындағы тәрбиесінің негізі дұрыс болғаны қажет. «Ұяда не көрсе, Ұшқанда соны іледі» - деп ата-бабаларымыз жай айтпаған. «Құмырадағы сызат» филімінен түсінгенім, сызаты бар адамның жақсы жақтарын көре білу керек. Мұндай ой түюге тағы да себеп болған «Қытай балеті» фильмі. Осындай, күнбе-күн топпен жұмыс барысында біз керек барлық мәліметтерді оқып, жобаларымызды қорғап, алдағы тәжірибемізден өтуге дайын болдық. Әр топтық жұмысқа мен өз үлесімді қоса алдым – деп айта аламын. Әсіресе, топқа бөлген кезде естелік ретінде берген сыйлықтарым бәріне өте ұнады және оны Рысты Теміртасовнаның смайликпен бағалағанына балаша қуанғаным әлі есімде.
Мектептегі тәжірибе кезінде өз сабақтарымды жоспарлауда жеті модульді енгізе отырып оқушылармен топтық жұмыс жасау түрлерін қарастырдым. Топтық жұмыс ол - ұжымдық жұмыс. Бұл жерде топ мүшелері жаппай жұмыс істеулері қажет. Бірінші сабағыма келер болсам, бұнда мен оқушыларға «Атом және молекулалар» тренингі арқылы бірден ынтымақтастыру атмосферасын қалыптастырдым және молекула санына қарай топтап отырғыздым. Көптеген топтық тапсырмалар орындаттым. Мысалы: топпен оқулықтағы тапсырмаларды орындау барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып жатты. Бұл жерде оқушылар диалог арқылы бірлесе, ақылдаса жұмыс атқарды. Ал одан кейінгі сабақтарымда оқушылар топтық жұмыс жасауға мүлдем төселіп алды. Бұл оқушылардың топтық жұмыстың не екенін түсініп, оны дұрыс қабылдағандары деп білдім. Дегенмен, тәжірибе кезінде топпен жұмыс жасауда балалардың өз ойларын жинақтай алмау кедергісі кездесті. Кедергіден шығу үшін, ол оқушыларға деңгейіне қарай тапсырма беріп, өз ойларын айтуға көмектесіп отырдым. Олар топтаса отырып көп таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту, бөлу тәсілдерін еске түсіріп, ортаға салып ой бөлісті. Оқушылар осындай топтық жұмыстардан кейін өздерінде көп өзгерістер байқағандарын жасырмады. Бұрынғы сабақтарда енжарлық танытып отыратын оқушылар сабаққа қызығушылық танытып, келесі сабақтарды тағатсыздана күтетіндерін айтты. Әрбір оқушы өзін еркін ұстап, жекеше түрде жұмыс істей бастады. Топтық жұмыс арқылы оқушы мен оқушы арасында, оқушы мен мұғалім арасындағы диалогты тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа қол жеткізе алдым. Оқушылар мен күткеннен де артық әсер алды. Өз ойларын жарыса айтып, қызу пікірталас тудыра алды. Жаңа сабақты өз беттерімен тез меңгере алды.
Сонымен, бастауыш сыныптарда ұжымдық оқыту жұмысы оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану жеке тұлғаның шығармашлық ойлау қабілетін, ел алдына шығып сөйлеуге, талдауға, дәлелдеуге, өзін-өзі басқаруға, мотивациясын, табиғи жағымдық қарым-қатынас, бүкіл сыныпты және әр оқушыны өздік оқу субъектісіне айналдырады.
Болашақта мен: топтық жұмысты жалғастырамын. Оқушылардың топта бір-бірімен пікіралысу, өз ойларын айта білу, дәлелдей білу сияқты қабілеттерін дамыта түсемін. Білімге деген қызығушылықтарын арттыруда топтық жұмыстарды ұтымды пайдалануға тырысамын. Осы курстан алған білімімді жас ұрпақты тәрбиелеуде іске асырамын деген жоспарларым бар.
Сілтемелер:
Мұғалімге арналған нұсқаулық «Табысты оқыту мен құзырлы мұғалім»
8-9 беттер.
Категория: Начальная школа | Добавил: bibigul7263
Просмотров: 1407 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 3:37 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru