Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Тізбектелген сабақтар топтамасы жайлы рефлексивтік есеп
[ Скачать с сервера (23.7 Kb) ] 2015-02-10, 5:01 PM
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай рақат, шын бақытын тапса адам.
Ұстаз жолы қиын, бірақ қызықты жол. Алдыңа келген кішкентай бүлдіршінге оңы мен солын таныту, білімнің терең сырларын ұғындыру – мен үшін үлкен міндет. Өзіме жүктелген міндеттерге мойынсұнып, жұмысымның нәтижесін көруге талаптанамын. Талаптанумен қатар өз білімімді жетілдіріп, заман талабына сай өзгеріп отыруға тырысамын.
Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек? Сіздің өзгеруіңіз қажет, себебі әлемдегі барлық адамдардың ішінен – мұғалімдер ғана үзіліссіз оқудың бағасын түсінеді. Қарым-қатынастың маңыздылығын интуициялы түсінгендіктен, басқа балалар үшін істеген істеріңіз арқылы өз балаларыңызға мұра қылып қалдыруға мүдделі болғандықтан, сіз өзгересіз. Оқу бір жерде тұрмайтынын, өзгерістің болмауы өсудің тоқтағанын білдіретінін түсінгендіктен сіз өзгересіз
(C Бич, 2012 ).
Бүгінгі жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер «Баланы оқуға қалай үйрету керек?, «Ойлауға қалай үйрету керек?» - деген сұрақтарға жауап табатындай, білім нәрін беруге бағытталып отыр. Осы қасиетті істі таңдай отырып, мұның өзімнен қажырлы еңбекті көрсетіп, көрген жанның қызығушылығын арттырар шебер әдіс-тәсілдерді, бала жанына білім нәрін егіп, кемелдендіріп отыруды талап ететіндігін өз тәжірибемде тереңірек түсінгендеймін. Өзгені өсіру үшін өзім де ізденіп, рухани биіктей түсуім қажет екендігін ұғындым. Сондықтан да оқудың және оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін оқып-үйренуді жөн көрдім. Сол мақсатпен мен Көкшетау қаласында өтілетін үшінші(негізгі) деңгей курсына келіп, бір ай бірінші бетпе-бет кезеңінен өтіп, бағдарламадағы жеті модульді оқып үйрендім. Бағдарламаның міндеті:
-Қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу (қалай оқу керектігін үйрету), оқушыларға оқуды өз бетінше білім жинақтап, өз жауапкершілігін түсінуге септігін тигізу(1).
Бірінші бетпе-бет кезеңінен кейін төрт апталық мектеп тәжірибесінен өту кезеңі де келіп жетті. Бізді жылы жүзбен қарсы алған мектеп директорымыз Бейсембаева Кенжетай Аркановна болды. Ол кісі маған сәттілік тілей отыра, алдымен әріптестеріммен кеңескенімді құптады. Барлық әріптестерімді информатика кабинетіне жинап, қызығушылықтарын ояту мақсатында топпен жұмыс кезіндегі көріністерді таныстырылым түрінде көрсеттім. Жалпы осы оқу бойынша жас мұғалімдердің қызығушылықтары басым. Олар жаңашыл мұғалім түрінде сабақтарды жаңаша өткізгілері келетіндерін айтып жатты. Тәжірибеден өту үшін қысқа мерзімді жоспар және орта мерзімді жоспар жасайтынымызды ортаға салып әріптестеріммен бөлістім. Олар өз тараптарынан қандай көмек керек болса да дайынбыз - деген жылы лебіздерін білдірді. Мен үшін бірінші сабақты өткізуде жан–жақты ойланып, жоспарлауды талап етті. Өйткені, мен бірінші рет жеті модульді қолдана отырып, сабағымның әр қадамын, әр тапсырмасын, яғни оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын ояту мақсатында дайындадым. Осы бірінші сабағымды өткізгенен кейін мен өзімнің сыныбымнан мынадай өзгерістерді байқадым; оқушылар арасындағы қарым-қатынастың өзгергергенін көрдім. Оқушылар әр сабақта топтық жұмыстар істегендіктен, олардың бір-біріне деген жанашырлық сезімдері, ұйымшылдықтары нығайды және де олар бірін–бірі тыңдауды, бір–біріне көмектесуді үйренді. Оқушылардың өзін-өзі реттеуі өзгерді. Оқушылар сабақта өздерін еркін ұстаса да, тәртіп сақтап отырды. Олар мұғалімнің көмегінсіз өз беттерінше, жеке, жұпта, топта жұмыс істеуге дағдыланды. Оқушылардың өздеріне деген сенімдері өзгерді. Алдыңғы сабақтарда тәртібі нашар, еш нәрсеге қызықпайтын оқушыларға тапсырманы орында, тым болмаса тақтадан көшіріп жаз деп, қастарына бірнеше рет келіп қадағалап тұратынмын, ал қазір бір таңғалдыратын жағдай осындай балалар ойларын басқалар тыңдағандықтан, басқаларға қарап, өздері де топтық жұмысқа араласып, ойларымен бөлісіп жатты. Сонымен қатар сыныптың психологиялық ахуалын жақсарту мақсатында тренингтер өткізіп отырдым. Бір ай көлемінде оқыған курс бойынша санама жиған білімдерімді әр оқушыма жаңылмай жеткізуге тырысып бақтым. Сондықтан да өз сынып ішімнен дарынды оқушыны анықтап, толықтай жұмыс істеуді жөн көрдім. Сынып ішіндегі дарынды оқушыларым Айтпаев Қизат пен Султанова Гүлназ. Бұл оқушылардың бойларында шапшаң есептеумен қатар логикалық ойлау қабілеттері жақсы дамыған. Мен іс-тәжірибемде Султанова Гүлназды дарынды оқушы ретінде таңдап алып, сырттай бақыладым. Оқушы бойында алғашқы күндері үрей байқалды. Әр күн өте келе бойында бір ерекше қызығушылықты байқадым. Сынып ішіндегі өзге де оқушылар топ бойынша алғашқы күндеріме қарағанда күн сайын оң өзгеріске түсе бастады. Бастапқысы ащы болғанымен, әр сабақты өткізу барысында қиыншылықтарды жою арқылы кейіннен жемісін де көрдім. Бала бойында біртіндеп жауапкершілік, қызығушылық, өзге оқушылармен араласу қылықтары да байқалды. Гүлназ сабақ барысында сыни тұрғыдан берілген тапсырмаға өте қызыға орындау үстінде болды. Топ мүшелері ұжымдасып, ақылдасып, сарапшының ойымен келіспей жатқандықтары да болды. Бірақ бұл мен үшін қуанарлық жағдай. Ал Жансұлу болса, шынын айтқанда сабаққа деген мүлдем қызығушылығы болмаған оқушы, бүгін сабақта өз тапсырмасын орындап қана қоймай жанында отырған Нұржанға көмектесті. Бұл кезде менімен бірге оқушылар да қуанды. Өйткені, Жансұлудың мінезі ауыр, балалармен тіл табыса қоймайтын.
Қашықтықтан тыс оқыту кезінде өз сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлау тапсырмаларын көптеген оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай беруге тырыстым. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау тапсырмаларына қызыға, жауапкершіліктерін таныта отырып орындады. Нәтижесінде, сынып оқушылары тереңірек ойлап, әрбір сөздерін сынып алдында дәлелдей білуге төселді. Жаңа кезең жан-жақты ақпараттар ағынының толассыздығымен танылуда. Оқушыларымыз да жан-жақты тез қабылдауға қызығушылық танытуда. Сондықтан да оқушы сұранысын қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беруде АКТ-ны пайдалану бұл заманауи қажеттілік. Оқу үрдісінде компьютерлік техниканы, ғаламтор желісін, электрондық телекоммуни кациялық құралдарды, бейне және дыбыстық қондырғыларды, интербелсенді тақта мүмкіншіліктерін тиімді пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі артып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесі қалыптасып, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасалатындығына көзіміз жетуде. АКТ-ны өз сабағымда жиі қолданып жүрдім. Жалпы АКТ әр сабақта үлкен рөл атқарады. Әсіресе, бастауыш сынып оқушыларының жылдам қабылдау, пайымдау, есте сақтауына интербелсенді тақтаның өзіндік зор мүмкіндігі бар. Тек білім нәрін себуші ұстаздардың, яғни біздің бойымызда жаңалыққа құмарлық өзімізді-өзіміз жетілдіруге деген ынта жігер болса - деп ойлаймын. Менің түсінігімде мұғалім тек АКТ-ны шебер меңгеруші емес, ол әрекетіне өзгеріс енгізе алатын жүйрік ойлы, бәсекеге қабілетті маман болуға тиіс. Қазіргі таңда жаңа технологиялардың өріс алуына орай оқыту үрдісінде «интербелсенді әдістер» терминін жиі кездестіреміз. Интербелсенді әдістер мұғалімнің оқытуды қандай шеберлікпен ұйымдастырғандығынан байқалады. Бұл әдістерді сабақта қолдануымда байқағандығым оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптасуына жеке-жеке әсер етеді. Ал мұғалімнің рөлі көбінесе ұйымдастырушы, оқушылардың ынта-ықыласын белсенді етуші ретінде көрінеді. АКТ-ны қолдануда мен мынадай ережелерді естен шығармауға тырыстым:
-Сыныпты түгел қатыстыру; Өйткені, бұл әдістің негізгі мәні де оқушыларды түгел танымға жұмылдыру.
-Сабақтағы қандай да болсын жетістіктерін жиі мадақтап, қолпаштап отыру.
-Оқушыларға бір-бірін тыңдауға, тақта, компьютер, көрнекілікпен жұмыс жасауға төселдіре білу. Сонымен АКТ-ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу мен жазу қабілеті сияқты аса маңызды қажеттілік шарты деп есептеймін. Өйткені, мұның барлығы бүгінгі күннің өзекті мәселесі білім сапасын көтеру үшін жасалған маңызды қадам. Қай мемлекеттің де тірегі білімді де білікті, іскер де белсенді ұрпақтар. Сондықтан елімізді көркейтетін, экономикамызды дамытатын жастар тәрбиелеу аса маңызды. «Қазақстан Республикасының білім туралы» заңында да әр баланың интеллектуалдық дамуына, жеке адамның дарындылығын дамытуға ерекше мән беріледі. Жас өркеннің бойындағы табиғат берер ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс. Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу әр ұстаздың парызы. Қабілет іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін адамды тиісті білім жүйесі, икемдік пен дағды болуы тиіс. Жеке тұлғаны қоғам талабына сай, шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту, дарынды жасты даралау бүгінгі күннің талабы.
Осы курс басталғалы бірталай өзгерістер байқап жүрмін. Бұл курсқа келмесем компьютермен жақсы жұмыс жасай алар ма едім, алар емес пе едім. Жоспарды жаңа тәсілмен жазуды үйрендім. Бұрынғы дәстүрлі сабағымыздың қазіргі бағдарлама бойынша берілген сабақтан айырмашылығы өте көп. Қазіргі сабақта топпен отырып, бір-біріне ойларын еркін жеткізе алады және ұйымдасып жұмыс жасайды. Дәстүрлі сабақта сұрақты жай қарапайым етіп қоятынмын, ал қазір қызығушылығын оятатындай күрделілеу қылып қоямын. Бұрын тапсырманы жалпы сыныпқа берсем, енді қазір мәтінді есептерді топтарға бөліп, бірін-бірі үйрететін, бір-біріне ықпал жасайтын жағдай туғызамын. Топтық жұмыс барысында оқушы алдымен жеке жұмыс жасайды. Содан кейін жұппен, топта талқылайды. Осы іс-әрекет барысында оқушылар өз ойларын еркін айтады, қысылмайды. Әсіресе, алдында сабақтарда үндемей отырған оқушылармен жұмыс істеуге көмек көрсетіледі. Олар шағын топта пікірталастарға қатысып, топ ішіндегі тапсырмаларға біртіндеп тартылады. Сабақ үстінде талантты мен дарынды оқушылармен жұмысқа да көңіл бөлетін болдым. Жалпы сыныптағы топтар белгілі бір тапсырма орындағанда, ол оқушыларға бөлек тапсырма беріп отырса, олардың сабаққа деген ынталары одан да жоғарылай түседі. Сабақ соңында бұрын барлығын қорытындылап оқушылардың білімін тек өзім бағалап жүрдім. Ал енді бағалаудың сабақ үстінде формативті мен суммативті бағалау түрлерін қолданатын болдым. Бағалауға оқушыларды да қатыстыратын болдым. Мысалы, бұрын тек қана нақты мазмұнын айтса, соған бағаны журналға қоятынмын, ал енді сабақтың әрбір кезеңінде әртүрлі мадақтаулар айтып отырамын. Бұл уақытта балалар өздеріне деген сенімділік сезімін нығая түседі. Топтық жұмыс барысында оқушыларға бағалау парағы беріледі де, олар бірінші өзіне, содан кейін топтағы басқа мүшелерге баға береді. Баға қойған уақытта олардың топтағы жұмысқа қаншалықты белсенді қатысқанын, ортаға салған жаңа идеяларын ескереді. Сондықтан да оқушылар бағалағанда бір-біріне кемшіліктерін айтып, әділ баға қояды. Ол бағаға мұғалімнің бағасы қосылады да ортақ бір шешімге келеді. Оқушылар өздері қандай бағаны және не үшін алғандарын біліп отырады. Сонымен қатар сабаққа көңіл–күйлерін білу үшін, сабақ соңында кері байланыс жүргізіп, өздерінің ойларын жаздырттым және де сабақтың өту барысында мадақтау, қолпаштау, оқушыларды ынталандыру мақсатында формативтік бағалауды пайдаланып отырдым. Бағалаудың бұл түрі - оқушылардың өз-өзіне деген сенімділіктерін, жауапкершіліктерін, тиянақтылықтарын және де күш– жігер беріп, сабаққа деген ынтасын дамытады. Сонымен қатар мен өз бойымда да өзгерістерді байқадым, себебі оқушылардың ойымен көп жағдайда келіспейтінмін, дұрыс жауап бермей жатса соңына дейін тыңдамаймын, ал қазір шыдамдылық танытып, ойларын айтуға мүмкіндік беремін. Барлығына шыдамдылықпен қарап, оқушылардың ойымен келісіп, оларға сеніммен қарайтын болдым. Осындай өзгертулер енгізгеннен кейін мен оқушыларымның сабаққа деген көзқарастарының өзгергенін байқадым. Оқушылар сабаққа ерекше ықыласпен қарайтын болды. Осы сынып оқушыларының өзгергенін, пәнге деген қызығушылықтарының арта түскенін ата-аналары да байқапты, өйткені кеше сабақта мынадай жұмыс түрлерін орындадық, бүгін не істейміз? - деп ойларымен бөліскендерін естіген екен. Сонымен қатар өзіме келгенде де «бүгін қандай тренинг өткізесіз?», «флипчартпен жұмыс жүргіземіз бе?», «қандай топқа отырамын?», «бүгін ашық сабақ бола ма?» - деп жан–жақтан сұрап жатты. Осыларды есту, өз бойыма қуат беріп, іштей қуанып қаламын. Жалпы сыныптың жауапкершілік пен міндеттілік сезімі байқала бастады. Әрине жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану кездегі сыныптағы оқушылардың берілген тақырыптағы ойды сын тұрғысынан қарай отырып, ой толғау, есептей алу, өткенді еске түсіру, болашақты болжау барысында өздері бір жаңалық ашқандай сезінгендерін байқадым. Сыныптағы оқушыларымның шығармашылық жұмыс жасауларында, топпен жұмыс істегенде, өзін-өзі бағалауда оқушылардың жетістіктері көріне бастады. Оны сабақтағы балалардың жауаптарынан, көңіл-күйлерінен және зерттеудің соңғы күндерінде оқушылардан алған сауалнамадан, тілектерінен байқауға болады. Алдыңғы сабақтарда қырық бес минутты қалай өткіземін деп ойласам, жеті модуль кіріктірілген сабақтарда керісінше уақыт жетпей қалды. Сондықтан уақытты үнемдеп, тиімді қолдануды үйрендім. Сонымен қатар осы жаңа тәсілдермен өткізілген сабақтарда бірнеше жұмыс түрлері жүргізілді және барлық сынып қамтылды, бағалауға да жеңілдеу екені байқалды. Ойымды қорыта келгенде, мен нені, қалай өзгерттім, қалай басқара алдым дегенде, біріншіден өзімнің көзқарасымды өзгерттім, екіншіден сабақ жоспарым мен сабақ өткізудің тәсілін, үшіншіден оқушылардың сабаққа ынтасын ояттым, өзін-өзі реттеуді, төртіншіден бағалауды өзгерттім және әріптестерімнің оқуға деген ынтасын оятқандаймын. Сонымен қатар жеті модульді күнделікті сабақта пайдалану өз нәтижесін берді. Оқушылар үнемі ізденіс үстінде болып, шығармашылықпен жұмыс жүргізді. «Көш жүре келе түзелер» демекші, мен осы курста оқығаныма қуаныштымын. Өйткені қанша жаңа ақпарат алып, сабақ жүргізудің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгердім. Өзімнің бойымда өзгерістер пайда болды: сабақта көп сөйлейтінмін, ал қазір оқушылар жаңа білімді өздері меңгере алатын жағдай туғызуға тырысамын. Мұғалім тек қана бағдар беруші.
Сондықтан да мен болашақта: осы бастаған Бағдарламаның жеті модулімен жұмысымды жалғастыруды жоспарлап отырмын. Критерийлер арқылы, оқушылардың пікірі мен рефлексиясын ескере отырып бағалауды қолдануды іске асырғым келеді. Осы жеті модульді ықпалдастыра және шебер қолдана отырып, оқушыларымның білім дәрежесін көтеруге тырысамын.
Сілтемелер:
Мұғалімге арналған нұсқаулық «Бағдарламаның мазмұны» 12-бет.
Категория: Начальная школа | Добавил: bibigul7263
Просмотров: 3252 | Загрузок: 73 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 3:13 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru