Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан»
[ Скачать с сервера (52.6 Kb) · Скачать удаленно () ] 2015-02-18, 11:34 AM
ШҚО. Аягөз ауданы,Тарбағатай ауылы
«Тарбағатай ЖББОМ»КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Майкенова Құралай Жұматайқызы
Сабақтың тақырыбы: Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан»
« Қайраттың жазу дәптерінен »
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларды Т.Молдағалиевтың «Он алтыншы желтоқсан» өлеңі мен «Қайраттың жазу дәптерінен» мәтінінің мазмұнымен таныстырып, түсіндіріп, жаңа сабақты меңгерту. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау.
2.Оқушылардың ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды батыл, батыр болуға тәрбиелеу.Отанын сүюге, құрметтеуге,
нағыз патриот болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,ой қозғау, шығармашылық тапсырма, көрнекілік.
Көрнекілік: Қайраттың портреті, З.Шүкіров,Т.Молдағалиевтың портреттері, сөзжұмбақ, « Желтоқсан желі » бейнебаян, электронды оқулық.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Шаттық шеңберге тұру.
Көк аспанда күн күлсін,
Бірге күлсін бүлдіршін.
Көк аспанда күн күлсін,
Жерге ұдайы нұр құйсын.
Көк аспанда күн күлсін,
Ұл қолында ту жүрсін.
Қыз қолында гүл жүрсін.
Көк аспанда күн күлсін,
Бірге жүрсін бүлдіршін.

III. Үй тапсырмасын пысықтау.
-Балалар , әдебиеттік оқудан біз қандай бөлімді өтіп жатырмыз? ( Қыста талай қызық бар)
-Қыс мезгілі туралы не білеміз?
- Қыс айларын ата.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
З.Шүкіровтың «Ақша қар» өлеңін жаттау, қыс мезгілі туралы шығарма жазып келу.
1. Зейнолла ата ағашын толықтыру.
2. Қыс туралы жазып келген шығармаларын оқыту.
3. « Ақша қар » өлеңін жатқа айтқызу.
4. Карточка тарату.

Ақын ақша қарды неге теңейді? Теріп жаз.
- Ақ мамықтай.
Ақша қар - Ақ қанатты көбелектей.
- Ақ тауықтың жүніндей.
- Ақ жібектің түріндей.
- Желтоқсан айындағы айтулы мерекелерді айта кету.
- 1-желтоқсан Президент күніне тоқталып кету, өлеңдер оқу.
IV. Жаңа сабақ: сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
1. Рәміз.( ту) Т
2. Қазақтың ханы. (Тәуке) ә
3. Жыл басы. (наурыз) у
4. Киелі сан. ( жеті) е
5. Бұрынғы астана. (Алматы) л
6. Ресей халқы. (орыс) с
7. Алып жануар. (піл) і
8. Қасиетті ай. (рамазан) з
9. Мұз айдыны. (Медеу) д
10. Жыртқыш құс. ( бүркіт) і
11. Қазақстан қаласы. (Өскемен) к
- Балалар, бүгінгі сабақта Тұманбай Молдағалиевтың «Он алтыншы желтоқсан» өлеңімен және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ Қайрат Рысқұлбековпен танысамыз.
Сергіту сәті.
Еркін елміз азаттықты аңсаған
Тәуелсіздік, тәуба дейміз біз саған.
Сақтайық деп тілмен дінді басқадан,
Барша қазақ, мен сендерге жар салам.
Тәуелсіздік – бағымыз
Ең бақытты шағымыз.
Бар әлемге танылып,
Қуанамыз әлі біз.

- Тұманбай Молдағалиев туралы мәлімет айту.
- Слайд көрсету.
- Балалар 16 желтоқсан –Тәуелсіздік күні деп неге айтылады?
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіз мемелекет екенін жариялады.
- Тәуелсіздігімізді биыл неше жыл болды? 23 жыл
- Тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ. 1986 жылы 16- желтоқсанда Орталық комитетінің кезектен тыс пленумы болады. Онда жергілікті жұртшылықтың пікірімен санаспай басшылыққа Г.Колбинді сайламақшы болады. Сол күні қазақ жастары өз елімізден ұлтымызды басқаратын бір адамның болмағаны ма? деген сұраққа жауап іздеп алаңға шығады.
Желтоқсанның ызғарына қарамай
Бас алаңда жастар жүрді тарамай
Кеуделерін намыс оты кернеді
Азаттықты қолдарына ала алмай

Қалың әскер қаумалады жанамай,
Тыныштықтың шырқын бұзды танадай.
Кінәсі жоқ жастар менен санаспай,
Ұрып соқты түгел бәрін аямай.

- « Желтоқсан желі » бейнебаянды көрсету.
- 1986 жылы еліміздің тәуелсіздігін алуға өз үлесін қосқан ерлерімізді, қыздарымызды естен шығармауымыз керек.Себебі,
олардың арқасында азат, тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз.
Сол көтеріліске қатысушыларымыздың бірі Қайрат Рысқұлбековпен танысайық.
- Қ.Рысқұлбеков туралы слайдты көрсету.
- Қысқаша мәлімет айта кету.
- Қ.Рысқұлбеков қандай адам болған деп ойлайсыңдар?(батыл,намысшыл, нағыз ер)
- Оқулықпен жұмыс: Қайраттың жазу дәптерінен үзіндіні тізбектей оқыту.
- Дәптермен жұмыс: қорқақтық дегенді қалай түсінесің? Ойыңды жаз.
Сабақты бекіту: сөзжұмбақ шешу арқылы бекіту.
1. Желтоқсан оқиғасы қай мезгілде болды? (қыс)
2. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты жігіт кім?(Қайрат)
3. Біз қандай ұлтпыз? (қазақ)
4. Біздің еліміз қандай ел? (азат)
5. Тәуелсіздікке қолымыз жеткен ай? (желтоқсан)
6. Қазақстан Республикасының астанасы? (Астана)
7. Желтоқсанда құрбан болған қыздарымыз? (Ләззат)
8. Желтоқсанда құрбан болған қыздарымыз? (Сабира)
9. Он алтыншы желтоқсан өлеңінің авторының есімі кім? (Тұманбай)

Сабақты қорытындылау:
-Балалар, сөзжұмбақтан біздің Республикамыздың аты шықты.Н.Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке аңсап, зорығып жеттік.Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек » деген тебіреніске толы арнау сөзін қазақ елінде тұратын өз Отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түпкірінде сақтап, қашанда жадында ұстау азаматтық борышы деп білемін деген сөзімен аяқтағым келеді.
Аманатын ағалардың ақтайық
Есімдерін сол ағалардың жаттайық
Қан мен келген азаттықты ардақтап,
Еркіндікті ел боп мәңгі сақтайық.
Үйге тапсырма: Т.Молдағалиевтың «Он алтыншы желтоқсан» өлеңін жаттау,Е.Сыпатайұлы, С.Мұхамеджанова, Л.Асанова туралы мәлімет жинастыру.
Бағалау.
Ән « Атамекен »
Категория: Начальная школа | Добавил: Айару | Теги: .начальная школа
Просмотров: 1519 | Загрузок: 283 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 6:48 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru