Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Б дыбысы мен әрпі
2015-02-21, 3:56 AM
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: білімді қалыптастыру. Б дыбысын дұрыс дыбыстату, әрпін таныту,
Б дыбысының айтылу артикуляциясы, Б – дыбысы дауыссыз дыбыс, ол сөздің тек басы мен ортасында кездесетінін, Б – дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату, буынға дұрыс бөлуге үйрету. Б - әрпі бар сөздерді оқи білу.
Дамытушылығы: танымдық қабілеті мен қызығушылығын арттыру. Ойын элементтерін пайдалана отырып, дұрыс, сауатты жазуға үйрету.
Тәрбиелігі: оқушыларды сауаттылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ. аралас
Әдісі: түсіндірме, әңгімелесу, ойын, сұрақ – жауап.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану сабағы.
Көрнекілігі: Б дыбысына арналған плакат, бақа, балық, балапан т. б. суреттер,« Қай әріпті жоғалттым?», «Сөз құрастыр» ойындары, кеспе әріптер, слайд, компьютер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: /Психологиялық дайындық/
а). Амандасу.
ә). сабаққа дайындық.
б). оқушылар назарын сабаққа аудару.
/2 топтағы оқушылар бір-біріне жақсы көңіл күй білдіру./
2. Үй тапсырмасын тексеру:
- Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық
- М дыбысымен.
«Алма теру» ойыны ойналады. Оқулықтағы М дыбысына байланысты бағандағы сөздерді оқу.«Қар»мәтінін Дүниетану сабағымен байланыстыра отырып, неше мезгіл бар екенін атау және қыс туралы әңгімелеу. М дыбысына сөздер ойлап, буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау.
- Сонымен М дыбысы қандай дыбыс екен?
- М дыбысы – дауыссыз дыбыс.
Жаңа сабақ
3. Қызығушылығын ояту:
/екі топқа кезекпен жұмбақ шешкізу арқылы суреттерін тақтаға ілу./
- Балалар, сендерге жұмбақ жасырамын, шешуін табыңдар:
1-топ: Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен ұстайды.
(Балық).

2-топ: Қызықтырып әркімді – ақ,
Суда жүзер жылтылдап
Қайсы әріптен басталған,
Сол жүзгіштің атын тап?
(Бақа ).

1-топ:Туа сала жүзеді,
Суда жүзе біледі.
(Балапан).
2-топБолмайды одан жұрт абай
Суық жақта болатын
Ірі жуас жануар
Мүйіздері бұтадай.
(бұғы)

- Дұрыс, өте жақсы жауап бердіңдер, жарайсыңдар!
- Балық, бақа, балапан сөзінің бірінші дыбысы қандай дыбыс?
- Б дыбысы.
- Ендеше, бүгінгі өтетін дыбысымыз – Б дыбысы.
- Қане, бәріміз осы дыбысты хормен айтайық.
Б дыбысын 2 – 3 рет айтқызу, оның айтылу артикуляциясымен таныстыру.
Б - дыбысын айтқанда еріннің бір – біріне әуелі нық тиіп, артынша кілт ашылуынан пайда болатын, қазақ тіліндегі ұяң дауыссыз дыбысты белгілейтін графикалық таңба. Б – дыбысы сөздің тек басы мен ортасында кездеседі. Б - дыбысының дауыссыз екенін көк пластикадан көрсету.
Баспаша, жазбаша түрімен таныстыру.
Балық, бақа, балапан - сөздерін буынға бөліп, буын санын анықтау, 1 - ші буыны Ба, 2 - ші буыны – лық; бақа сөзіне дыбыстық талдау жасату;
Б - дыбысына сөздер ойлату, айтқызу.
-Балалар б дыьысына а дыбысын қосатын болсақ қандай буын пайда болады екен ба буыны о дыбысын қойсақ бо буындары бүгінгі сабақтағы жаңа буындар.
Ба, бо хормен айту
4. Оқулықпен жұмыс. Кітаптағы суреттермен танысу. Бағандағы сөздерді оқып беру, содан соң оқушыларға оқыту. Сөздердің мағынасын түсіндіру.
Баба – үлкен кісі, ата – бабаларымыз.
Бата – ас қайыру, үлкен тойларда айтылады.
5. Дәптерге жазбас бұрын бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық
Қолымызды созайық
Жоғары бір қарап
Төменге бір қарап
Орнымызға отырып
Әдемі етіп жазайық

6. Дәптермен жұмыс. Б әрпінің жазба түрін тақтаға жазып көрсету. Б әрпінің элементтерін ауада жазу. жазу дәптеріндегі үлгі бойынша Б дыбысын бастырып жазу. Дәптерді көлбеу қойып, әдемі, таза жазамыз.

7. Үлестірмемен жұмыс: мақсаты: Оқушыларды сауаттылыққа, шапшаңдылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

..............

........................................................... /Бүгінгі өткен дыбыстың бас әрпі және
кіші әрпін жазу.
Дауысты ,дауыссыз екенін түспен .......................................................... Жаңа буындарды жазу/

..........................................................

Екі топта компьютерге өткен сабақтардан буындарды еске түсіріп жазу.

Қорытынды:
- Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
- Б дыбысымен.
- Б дыбысы қандай дыбыс?
- Б дыбысы дауыссыз дыбыс.
- Неге дауыссыз дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Себебі созылмайды.
Категория: Начальная школа | Добавил: aitkali
Просмотров: 972 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 6:03 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru