Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Сұраулы сөйлем 2 класс
[ Скачать с сервера (1.39 Mb) ] 2015-02-23, 9:15 AM
Қазақ тілі. 2-класс.

Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: сөйлемнің түрлері (хабарлы, сұраулы, лепті) туралы мағлұмат беру, сұраулы сөйлем туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: оқушылардың сөйлеу қабілеттерін дамыту, сауатты жазуға баулу, ертегі еліне саяхаттау арқылы шығармашылық белсенділіктері мен қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелілігі: оқушыларды адамгершілікке, айналасындағыларға әрқашан көмек қолын соза білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, электронды оқулық, кестелер, «Шалқан» ойыны. Сабақтың түрі: ертегілер еліне саяхат сабақ

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) психологиялық дайындық (2-слайд): Сабаққа 9-да келеміз, Одан қалмаймыз дегенбіз, 4 пен 5-ке оқимыз, Тәртіпті болып жүреміз.

ә) сабақтың мақсатымен таныстыру
Мұғалім: Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ, қонақтар келіп отыр. Оларға бар білімімізді, тәртіптілігімізді көрсете білейік. Бүгінгі сабақта ертегілер еліне саяхаттаймыз, онда сөйлем туралы білімімізді жетілдіріп, сұраулы сөйлем туралы мағлұмат аламыз (3-слайд). Ал, кәнеки, кім «Шалқан» ертегісін біледі екен? Балалар: Ерте, ерте, ертеде бір шал шалқанның тұқымын жерге егіп, «- Өс, шалқаным, өс, үлкен, тәтті болып өс» деп тілепті. Біршама уақыттан кейін әлгі шалқан тәп-тәтті, дәп-дәу болып өскен екен. Шал оны жұлып алмақшы болып тартады келіп, тартады, жұла алмайды. (4,5-слайд)
Мұғалім: Біз де атаға көмектесіп, келесі тапсырманы орындайық -

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру(6-слайд):
а) – Үйге қандай тапсырма берілді? (174-жаттығу)
Оқушыларға жазып келген әңгімелерін оқыту.
ә) Өткен тақырыпты бекіту (7-слайд):
- Біз қандай үлкен тақырыпты өтіп жатырмыз? (сөйлем)
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлем нелерден құралады?
- Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
- Сөйлем қандай әріптен басталып жазылады?
- Хабарлы сөйлем дегеніміз не? Мысал келтіру. Мұғалім: Жарайсыңдар! Ертегімізді жалғастырайық... Балалар: Шал кемпірін шақырады. Кемпір шалды ұстайды, шал шалқаннан ұстап, тартады келіп, тартады, жұла алмайды.
Мұғалім: Біз де оларға көмектесіп, келесі тапсырманы орындайық -

ІІІ. Жаңа сабақ.
а) Көркем жазу минөті: Дәптерімізді ашайық, Қолға қалам алайық. Салақтықтан қашайық, Әдемі етіп жазайық. а) 1-класқа арналған электронды оқулықты пайдалану арқылы әуелі жұмбақ жасырылып (шана), шешуіндегі сөздің қай әріптен басталып жазылғанына назар аудару – ш, енді осы әріпті көркем етіп жазатынымызды хабарлап, әрі қарай электронды оқулықтан әріптің қалай жазылатынын көрсету. Бірінші жолға ш әрпінің бас әрпі мен кіші әрпі жаздырылса, екінші жолға келесі сөйлем жаздырылады – «Шалқан» ертегісін білесің бе? (10, 11-слайд) ә) – Осы көркем жазудағы сөйлем қандай сөйлем деп ойлайсыңдар? (сұраулы сөйлем)
- Неге?
- Сұрақты не үшін қоямыз? (жауап алу үшін)
- Осыдан қандай ереже шығарып алуға болады?
Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз (13-слайд).
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар, сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Сұраулы сөйлем» (13-слайд).
Оқулықтағы ережені хормен оқыту.
б) Кестемен жұмыс.

Мұғалім: Ертегімізді жалғастырайық... Балалар: (14-слайд) Әжесі немере қызын шақырады. Немересі әжесінен, әжесі атадан, ата шалқаннан ұстап, тартады, тартады, жұла алмайды.
Мұғалім: Ендеше, біз де оларға көмектесіп, келесі тапсырманы орындайық -

IV. Оқулықпен жұмыс. 175-жаттығу (15-слайд)
Өлең шумақтарын мәнерлеп оқытып, салыстыру.
- Қай ақын сұраулы сөйлемді пайдаланған?
- Өлеңдерде не туралы айтылған?
- Аққу туралы не білеміз?
Мұғалім: Жарайсыңдар! Бұл тапсырманы да орындап болдық, ертегінің жалғасын кім айтады?
Балалар: (16-слайд) Немере қыз итін шақырды. Иті қыздың етегінен, қыз әжесінен, әжесі атасынан, атасы шалқаннан ұстап, тартады, тартады, жұла алмайды. Мұғалім: Біз де оларға көмектесіп, келесі тапсырманы орындайық -

V. Дәптермен жұмыс. 176-жаттығу (17,18-слайд).
Мәтінді оқытып, не туралы айтылғанын сұрап, сұраулы сөйлемдерді көшіріп жаздырту.
- Көке, мынау не төбешік?
- Илеу деген не?
- Бүкіл құмырсқа бір-ақ үйде тұра ма?
- Олар тату тұра ма?
Құмырсқа туралы не білетіндерін сұрау.

VІ. Сергіту сәті (19-слайд).

Мұғалім: Ал, балалар, шаршаған боларсыңдар. Енді сәл сергіп алайық. Мұғалім: Жарадыңдар, балалар, ертегімізді жалғастырайық. Балалар: (20-слайд) Ит мысықты шақырады. Мысық иттен, ит қыздан, қыз әжесінен, әжесі атасынан, атасы шалқаннан ұстап, тартады, тартады, жұла алмайды. Мұғалім: Ендеше, біз де оларға көмектесіп, келесі тапсырманы орындайық -

VІІ. Тақтамен жұмыс. 177-жаттығу (21,22-слайд).
Мына жағдайларды білу үшін сұраулы сөйлем жаса.
- Сабақтың нешеде басталғанын білу үшін; - Сыныптағы кезекшінің есімін білу үшін;
- Асқардың сабаққа неге кешіккенін білу үшін;
- Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар екендігін сұрау. Мұғалім: Жарайсыңдар! Бұл тапсырманы да орындап болдық, ертегінің жалғасын кім айтады?

Балалар: (23-слайд) Мысық тышқанды шақырады. Тышқан мысықтан, мысық иттен, ит қыздың етегінен, қыз әжесінен, әжесі атасынан, атасы шалқаннан ұстап, тартып жатыр, тартып жатыр. Мұғалім: Кәне, біз де оларға көмектесіп, келесі тапсырманы орындайық -

ҮІІІ. Қорытындылау. ( 24-слайд) Ойын «Шалқан» 1. Бүгін қандай тақырып өттік?
2. Сөйлем дегеніміз не?
3. Сөйлем нешеге бөлінеді?
4. Сұраулы дегеніміз не?
5. Сұраулы сөйлемнен соң қандай тыныс белгісі қойылады? 6. Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? 7. Несімен ұнады?
Мұғалім: Жарайсыңдар! Міне, шалқанды бәріміз тарттық, тарттық, тартып, жұлып алдық. - Мына слайдтағы мақалды қалай түсінесіңдер? (25-слайд)
Бірлік еткен озар, Бірлеспеген тозар.
- Сонымен, бүгінгі сабақта сұраулы сөйлем туралы білдіңдер. Келесі сабақта әлі де үйренетін боласыңдар. Ал, енді үй тапсырмасын жазып алайық. (26-слайд)

ІХ. Үй тапсырмасы.1. 65-бет, ереже жаттау. 2. 179-жаттығу.

Х. Бағалау (27-слайд).
Категория: Начальная школа | Добавил: Асем0114
Просмотров: 1080 | Загрузок: 15 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-18, 5:29 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru