Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Ашық сабақ 2санын қосу және азайту
[ Скачать с сервера (36.9 Kb) ] 2015-03-03, 5:56 PM
1. Сабақтың тақырыбы: 2 санын қосу және азайту

Сабақтың мақсаты:
1) 10 көлеміндегі санға 2-ні қосу және азайту тәсілімен таныстыру
2) Оқушылардың есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін, математикалық тілін дамыту
3)Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ойын әдісі
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта (слайд), жеке суреттер, ойыншықтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Сабаққа әзірлену
Біздер тату баламыз
Өсіп алға барамыз
Есептерді шығарып,
Біз білімді боламыз.
2. Қызығушылықты ояту.
- Балалар терезеге қарайықшы, қазір жылдың қай мезгілі?
Қандай ай?
- Қыс мезгілінде балалардың асыға күтетін қандай мерекесі бар?
- Жаңа жыл мерекесінде ортаға не құрамыз?
- Ендеше бүгін бізде ортаға жасыл шырша құрамыз
Шырша құрастыру арқылы, 10көлеміндегі сандарды қосу және азайту (Устный счет)
– Енді шыршаны безендірейік. Шыршаға ойыншықтар ілу. Ойыншықтардағы тапсырмалар тұрады, соны өздері орындап шығады.
7 + 1 =
9 – 1 =
10 – 3 =
8 + 1 =
2 + 5 =
5 – 4 =
9 + 1 =
4 – 1 = т.б.
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі.
Математикалық жұмбақ
1. 9 сәбіздің жетеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады? ( 2 сәбіз )
Дымбілместе 8құлпынай болды, ол 3құлпынайды жеді, 3құлпынайды досына берді. Дымбілместе неше құлпынай қалды? (2құлпынай қалды)
Ендеше бүгінгі сендермен танысатын тақырыбымыз 2санын қосу және азайту болып табылады.
- 2-екі саны байыпты,
Аққуға ұқсап қалыпты.
Ұзын мойын құйрықты,
Қазды да қатар қойыпты
Міне екі саны тұр ,
Қараңдаршы неткен түр.
Мойнын алға иеді,
Құйрығы еріп жүреді.
Ал енді, осы 2саны дегеніміз не? 2санын қалай шығарамыз?
-2саны екі нәрсені білдіреді.
Мысалы: 1аю оған 1аю қосылады, 1қоян оған 1қоян қосылады,1алма оған 1алма қосылады,2доп т.б.
-қосу,азайту дегеніміз не?
Ол есептер шығаруға арналған амал таңбалары. Қосу көп екендігін табуға арналған, азайту аз екендігін табуға арналған амал таңбасы.
Мысалы: 3бала шығады, 1кетіп қалады. Неше бала қалады? Балалар саны азайды ма, көбейді ме? Т.с.с
-қосу амалының компоненттерін атап өтейікші:
ІV. Жаңа сабақ.
1.Ой қозғау
2санын қосу және азайту. Балалар біз сендермен шыршаны безендірдік, енді осы шыршамызға кім жетіспейді?
-Аяз Ата
-Дұрыс айтасыңдар. Аяз Ата бізге қонаққа келіпті, қараңдаршы Аяз Ата бізге үлкен сеніммен келе жатқандығын айтты. Өйткені ол сендердің сондай ақылды екендеріңді естіген екен. Сондықтан сендерге жай емес, тапсырмаларымен келе жатыр екен.
Аяз атаның көңілінен шығамыз ба? Оның әкелген тапсырмаларын дұрыс орындап береміз бе?
-Өте жақсы. Олай болса,Аяз Атаның тапсырмасын көрейік
Дұрыс орындаймыз ба?
1-тапсырма
Қалдырылған сандарды жаз
Ол үшін 3-топқа бөлінеміз. Әр топ өзіне берілген тапсырманы орынд айды.
1-топ
0 2 4 6 8 10
2-топ
1 3 5 7 9
3-топ
10 8 6 4 2 0
Аяз Атаның әкелген тапсырмаларын өте жақсы орындадыңдар.
Ал енді АязАтаның сыйлығын ала қойыңдар.
2-тапсырма: Ақшақар туралы жұмбақ оқу.
Аяз Ата келеді,
Өзімен бірге ертеді.
Ол кім?
Ал ендеше бізге қонаққа Ақшақар келген екен.Ол да бізге жай келмеген екен, өзінің қызықты ойынын ала келген екен.
Ойнаймыз ба?
-Ия
Ақшақар сендермен қар лақтырып ойнағысы келеді екен. Ендеше 3 топтан бір-бір баладан шығып, шелекке қар жинаймыз.Ол үшін қарды алып онда берілген тапсырманы орындап шелекке лақтырамыз. Сол өрнекті тақтаға жазамыз. Ал біз орнымызда дәптерімізге жазып отырамыз.
3-тапсырма
Жаңа жылда шырша тойына Аяз Ата мен Ақшақарда басқа кімдер қонаққа келеді?
-Аю,қасқыр, түлкі,қоян келеді.Мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Өзі бір қу
Жүрген жері айқай мен шу.(түлкі)
Ал ендеше біздің шырша тойымызға түлкі келіп, өзінің тапсырмаларын ала келген екен. Бірақ ол қу ғой, сондықтан сендерді біраз қинағысы келген екен. Сол себепті сендерге қиындау тапсырма әкелген екен. Орындай аламыз ба?
Есеп құрастырып, оны шығар: Берілгенін оқытып, есепті талдау. Яғни есепте не берілген, не туралы айтылған? Неше өрік ағашы, неше алма ағашы? Барлығы белгілі ме? Нені табамыз? Барлығын табу үшін не істейміз?
Оқушылар 3 түп өрік ағашын және 4 түп шие ағашын отырғызды. Оқушылар барлығы неше түп ағаш отырғызды?
Сергіту сәті: Сендер бағанадан бері барлық тапсырмаларды орындап жатырсыңдар ғой, шаршадыңдар, сендерге қоянның қатты жаны ашып, тойымызға ол келіпті. Бірақ ол тапсырма емес, сендер дем алсын деп сергіту сәтін ала келген екен.
Кәнекей бәріміз тұрып орындаймыз.
4-тапсырма
Балалар бізге қонаққа Аяз Ата мен Ақша қар келді. Олардың тапсырмаларын толықтай орындадық.
-Ал енді мен сендерге сұрақ қойғым келеді. Қазір қыс мезгілі, сендер қандай ойындар ойнағанды жақсы көресіңдер?
Үйдің қасында не жасайсыңдар?
Дұрыс, аққала жасаймыз. Ал енді сыныпта аққала жасағыларың келе ме?
Аққала қандай пішіндерден жасалады?
-Дөңгелектерден және тік төртбұрыштан.
-Дұрыс айтасыздар. Ендеше Аққаланы құрастырамыз. Аққаланы неден жасаймыз?
-Қардан.
-Ендеше мына қарларды алып, ондағы берілген тапсырмаларды орындап, аққалаға жабыстырамыз.
VІІІ. Қорытынды Шығармашылық тапсырма:
Кірпіге көмектес:
2-ден артық және 2-ден кіші санды жаз.
- Балалар, бүгінгі сабақта нені үйрендік? Нені білдік?
- Қандай мерекені есімізге түсірдік?
- Бізге кімдер қонаққа келді?
-Біз на жасадық?
-Сендерге ұнады ма?
Х. Мадақтау.
Сабаққа белсене қатысқан балаларды мадақтау. Смайликтерге өздерінің көңілдерін білдіріп ілу
Қонақтарды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, денсаулық тілеу
Сабағымыз аяқталды. Рахмет! Сау болыңыздар!

Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы
Талшық орта мектебі





Өткізген:БактыбаеваМ.Е
Талшық 2014жыл
Категория: Начальная школа | Добавил: Еслямовна
Просмотров: 858 | Загрузок: 6 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 5:15 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru